М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 0,84 Mb.
Pdf просмотр
бет22/52
Дата27.01.2020
өлшемі0,84 Mb.
#27386
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52

 
43 
Ағымдағы  құн  -  бұл  негізгі  құралдардың  басты  бір  мезгілдегі  нарықтық  бағасы  бойынша  бағаланған 
құны. 
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте жəне қаржылық есепте беруде көрсетілген жинақталған  тозу 
саласын алып тастағандағы  негізгі құралдардың бастапқы немесе  ағымдағы құны. 
Сату құны - негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік  беретін құн. 
Жою құны  - тиімді қызмет  ету мерзімі біткен  негізгі құралдарды жою  кезінде  пайдалану  мүмкіндігі 
бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің жəне  басқа да материалдық құндылықтардың құны. 
     Амортизацияланған құн - негізгі құралдардың бастапқы жəне  болжанған жою құндарының арасындағы 
айырмашылығы. 
Негізгі  құралдар  кəсіпорынға  пайдалану  үшін  мақсатқа  түседі,  жəне  негізгі  құралдардың  құрамына 
кірістеледі,  ал  сату  үшін  сатып  алынған  негізгі  құралдар  қаржылық  инвестициялардың  құрамында 
есептеледі.  Негізгі  құралдардың  есебін  жүргізу  үшін  типтік  шот  жоспарында  24  бөлімшенің  шоттары 
қарастырылады. 
Негізгі  құралдардың  есебін  жүргізу  үшін    типтік  шот  жоспарында  12  бөлімшенің  шоттары 
қарастырылады.    Негізгі  құралдардың  құрамына  объектілерді  құрастыру  негізгі  құралдарды  қабылдап 
жіберу  актісімен  жабдықталады.  Осы  құжатта  оның  пайдаланудың  мерзімі  көрсетіледі.  Субъектілер 
пайдалану,  тиімді  қызмет  көрсету  мерзімін  өздері  анықтайды,  ал  нормалық  қызмет  көрсету  мерзімі,  ол 
негізгі  құралдарға  тозу,  есептеу  мерзімі  болып  есептеледі.Ол  тозуды  белгіленген  нормалар  бойынша 
есептейді.  Сонымен  қатар  негізгі  құралдар  тозу  құны  болып  табылады,  бұл  тозығы  жеткен  негізгі 
құралдардарды  бұзғанда  түсетін  запас  бөлшектің  құны,  осы  құннан  жойылуға  кеткен  шығындарды  алып 
тастағаннан кейінгі құн. 
 
Негізгі  құралдарды  сатып  алған  кезде  бастапқы  құнмен  қабылданады.  Осы  құнның  құрамына 
келісім  бағасы  кіреді  жəне  соны  алып  келіп,  орнатуға  кеткен  шығындар,  сонымен  қатар  төленген 
мемлекеттік салықтар т. б. барлық шығындар қосылады.  
 
Егер  жер  учаскесін  сатып  алатын  болсақ,  сатып  алу  құны  оған  агенттерге  төлеген  коммерциялық 
сыйақылар, сатып алу, сату шартын жасайтын юристтердің көрсеткен қызметтерінің құны, əртүрлі төленген 
салықтар,  жерді  тазалау,  тегістеу  т.  б.  шығындар  қосылады.  Егерде  үй  немесе  ғимаратты  өзіміз  салсақ 
құрылысқа  кеткен  барлық  шығындар:  шикізаттар,  материалдар,  құрылысшының  еңбекақысы,  бөлініп 
келетін үстеме шығындар, архитектор, юристтердің құндары, сақтандыруға төленген шығындар, құрылысты 
салуға рұқсатнаманың  құны қосылады.  Ал егер  негізгі  құралдарды алып келгенде, орнатуда  болған  кейбір 
бұзылулар  жасалған  жөндеу,  тасу,  түсіру  кезінде  кейбір  бұзушылықтар  болса,  оның  құны  бастапқы  құнға 
қосылмайды, бұл шығындарға жатады. 
Кесте 6 
 
 
Негізгі құрал объектілердің бастапқы құнын табу мысалы.    
№ 
Мазмұны 
Д-т 
К-т 
Сомасы 
1. 
Құрылтайшылардан  жарғылық  капиталға  жарна  ретінде 
негізгі құралдар енгізілсе 
5110 
5030 
1000000 
2. 
Негізгі құралдарды сатып алғанда 
2410 
3310 
324000 
3. 
Егер заңды немесе жеке тұлғалардан əншейін түссе 
2410 
6270 
127800 
4. 
Егер айырбастау операциясы түссе 
2410 
3310 
300000 
5. 
Егер негізгі құралдар жарна ретінде түссе 
2410 
5110 
600000 
    
 
Негізгі  құралдар  негізінен  өндірістік  ғимараттарды  жəне  тұрғын  үйлерді,  құрылғыларды  салудан; 
машиналар,  жабдықтар,  көлік    құралдарын  сатып  алудан;  өз  күшімен  құрал-  саймандарды  дайындаудан; 
малдардың төлдерін  негізгі  табынға ауыстырудан; жас  өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа 
субъектілермен  жеке    тұлғалардан  ақысыз  алынған  негізгі  құралдардың  келіп  түсуінен;  жарғылық  қорға 
қосқан үлес  нəтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. 
Негізгі құралдардың  түсуі мынадай құжаттармен рəсімделеді: 
Негізгі  құралдарды  қабылдау  -  тапсыру  (орын  ауыстыру)  актісі;  негізгі  құралдар      құрамына 
жекеленген объектілерді енгізу үшін, қолданылып жүрген заңға сəйкес олардың енгізілуі ерекше тəртіппен 
рəсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы. Олардың пайдалануға берілуін рəсімдеу үшін; негізгі құралдардың 
бір цехтан  екіншісіне орын ауыстыруын рəсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде 
(жарғылық  капиталға  қосқан  үлестерді,  сатуды,  сыйларды)  негізгі  құралдардың    құрамынан  шығару  үшін 
қолданылады. 


 
44 
Негізгі  құралдарды  рəсімдеу    кезінде  субъект  жетекшісінің  өкілімен  тағайындалған  қабылдау 
комиссиясы  əрбір  жекелеген  объектіге  бір  данадан  акт  жасайды.  Негізгі  құралдардан  бірнеше  объектісін 
қабылдау- тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал - сайманның, жабдықтардың жəне т.б. 
объектілердің  есебін  жүргізген  кезде,  егерде  бұл  объектілер  бір  типті  болса,  құндары  бірдей  болып,  бір  
календарлық ай ішінде қабылданған болса ғана жол беріледі. Рəсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты  
техникалық  құжаттама  қоса  тіркеліп  акт    бухгалтерияға  беріледі,  бас  бухгалтер  қол  қойып,  субъект 
жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар бекітеді. 
Алыс - беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімін жəне болжаудың 
жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық субъектісі дербес анықтай алады, яғни  ол негізгі 
құралдардың техникалық жағдайынан, нормасынан жəне басқа да көрсеткіштерінен шығады. 
Негізгі  құралдардың  кəсіпорын  ішіндегі  орын  ауыстыруын  рəсімдеу  үшін  актіні  екі  дана  етіп 
тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. 
Алушының  жəне  тапсырушының  қолдары  қойылған  1-ші  данасы  бухгалтерияға  тапсырылады,  ал 
екіншісі  тапсырушы  цехта  қалады.  Негізгі  құралдарды  ақысыз  беру  (сыйлау)  кезінде  акт  екі  дана  етіп 
жасалынады. 
Негізгі құралдар кəсіпорыннан  мынадай каналдар бойынша кетеді: 
1. 
Физикалық немесе табиғи тозу бойынша; 
2. 
Негізгі құралдарды  сатуға байланысты; 
3. 
Басқа субъектілердің жарғылық капиталына жарна ретінде берілсе; 
4. 
Заңды жəне жеке тұлғаларға əншейін берсе; 
5. 
Объектілерді ұзақ мерзімге жалға берсе; 
6. 
Төтенше жағдайларға байланысты; 
 
 
Негізгі  құралдарды  əншейін  заңды  немесе  жеке  тұлғаларға  беру  шаруашылық  
субьектілердің жалпы жиналысында шешіледі.  Негізгі құралдардың табиғи немесе моральдік тозуын оның 
жарамсыздығын  анықтайтын  кəсіпорынның    басшысының  бұйрығымен  бекітілген  комиссияның 
шешімімен анықтайды. 
 
                                   
8.3. - сұрақ  
Материалдық емес активтер – кəсіпорынның өзіндік құны бар активтер тобы. Ұзақ мерзімді қолдану 
барысында  кəсіпорынға  табыс  əкеледі,  бірақ  физикалық-материалдық    мазмұнды  формасы  жоқ  активтер. 
Материалдық емес активтердың қасиеттері: 
     1. олар шаруашылық айналымында ұзақ мерзім пайдаланады (1 жылдан жоғары). 
2. олардың кəсіпорынға табыс əкелу қасиеті. 
3. оларды сату немесе жою қабілеті. 
 Материалдық  емес  активтердің  құрамы  əртүрлі  болады.  Сондықтан  материалдық  емес  активтерді 
əртүрлі белгілер бойынша төмендегідей жіктеуге немесе топтастыруға болады : 
1.  пайдалану мерзіміне қарай. 
2.  түріне қарай. 
3.   шапшаң жойылу немесе сатылуына қарай. 
4.  қажеттілігіне қарай 
 
Шаруашылық процесін пайдалану бағытына қарай материалдық емес активтер үш топқа бөлінеді: 
1.  интеллектуалдық меншік 
2.  мүліктік құқық 
3.  басқалай материалдық емес активтер 
Интеллектуалдық  меншік  деген  ұғым  60  жыл  пайда  болған  заңдық  түсініктеме.  Ол  авторлық, 
тапқырлық  немесе  фирмалық  белгісіне  құқық,  өнеркəсіптік  үгісіне  құқық.  Ол  сонымен  қатар  ғылымдағы, 
əдебиеттегі,  кино  тобында  интеллектуалдық  қызмет  көрсетеді.  Қарапайым  сөзбен  айтқанда 
интеллектуалдық меншік адамның ойлап тапқан немесе шығарған шығарма құқын айтады.  
Мүліктік құқыққа жерді пайдалануға берген басқа да берілген құқықтар жатады. 
Басқалай материалдық емес активтерге мыналар жатады: 
1.  лицензиялық келісімдер 
2.  патент 
3.  ұйымдастырушылық шығындар (кəсіпорын пайда болғанда) 
4.  гудвилл (фирманың бағасы, сату бағасы мен сатып алу бағасының айырмашылығы) 
5.  ноу-хау (жаңа технология) 
6.  тауар белгісі 
7.  электронды машиналарды пайдалану үшін жобалау покеті 


жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау