Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
«Қазақ психологтарының қауымдастығы» ҚБ
Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекетін дамыту бағдарламасының аймақтық моделі
(мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушыларға көмекке)
Астана
2009 ж.
УДК 371
ББК 74.26
М74
Пікірсарапшылар: М.Н. Сарыбеков – п.ғ.д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі (Тараз мемлекеттік педагогикалық институты)
Л.А. Шкутина - п.ғ.д., профессор (Е.А.Бөкетов ат. Карағанды мемлекеттік университеті).
М74 Оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекетін дамыту бағдарламасының аймақтық моделі (мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушыларға көмекке). / Р.И. Бурганова, Я.Н. Оспанова, Т.А.Абдрашитова, К.В. Радионова - Астана - 2009. – 89 б.
ISBN 978-601-7060-63-3
Бағдарламада оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттардың әрекеттестік құрылымы мен мазмұны әзірленіп, әлеуметтік институттар әрекеттестігін кезең-кезеңмен жүзеге асыру механизмі ұсынылады.
Бағдарлама білім, мәдениет саласының басқару құрылымдарына, білім беру, денсаулық сақтау, құқықсақтау жүйесінің, әлеуметтік саласының қызметкерлеріне, сондай-ақ, мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушыларға, оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекетін ұйымдастыру саласының маманданған әлеуметтік институттар қызметкерлеріне, аталмыш тақырыпнамамен айналысатын оқытушыларға, аспиранттарға, магистрант пен студенттерге арналған.
УДК 371
ББК 74.26
М 4306000000
00(05)-03
ISBN 978-601-7060-63-3
© Р.И. Бурганова, Я.Н.Оспанова,
Т.А Абдрашитова, К.В. Радионова, 2009ж.
Қысқартулар тізімі
ЖОО – жоғары оқу орны;
ЖМБМС –жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарты;
БмЖС – Балалар мен жастар сарайы;
МШБ – мүмкіншіліктері шектелген балалар;
КТІИ – кәмелетке толмағандардың істері бойынша инспекция;
КТІБ - кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлім;
КТІТ – кәмелетке толмағандардың істері бойынша топ;
КТІбБ – кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімше;
КДМ – жастарға қамқор клиникасы
ПИК – пәтер иелерінің кооперативы;
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйым;
БмЖҰСТЖ – балалар мен жастардың ұлттық сенім телефон желісі;
ОблДЮСШ – областық Балалар-жастар спорт мектебі;
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;
ОЮЛ – Заңды тұлғалар бірлестігі;
КМ – кәсіби мектеп;
ОДА – отбасылық-дәрігерлік амбулатория;
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
ОЖБМ – орта жалпы білім беру мектебі;
ЖПТТС – жүре пайда болатын төтемелілік тапшылығы синдромы;
ОМ – орта мектеп;
УБН ДВД – ішкі істер Департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша Басқармасы;
ІІБ – ішкі істер Басқармасы;
БТҚҚМ – балаға тілектестік қарым-қатынастағы мектеп;
ӨМ – өнер мектебі.
МАЗМҰНЫ
I тарау
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Бағдарлама төлқұжаты
Атауы: Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекеті даму бағдарламасының аймақтық моделі (мектептен тыс жұмысын ұйымдастырушыларға көмек) – мұнан әрі Бағдарлама.
Негіздеме: бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының ережелерін [1], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру.
Негізгі әзірлеуші: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:
Мақсаттары:
- Рухани-адамгершіл, тәндік даму жағынан кемеліне келген көп мәдениетті тұлға қалыптасу үшін жағдай жасау және оқушылардың тұрғылықты жері бойынша бос уақыт тілектерін, мүдделерін түрлі әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы негізінде жүзеге асыру.
Міндеттері:
Оқушының бос уақыттағы бастамасы мен шығармашылығын дамыту үшін, зияткерлік және де басқа қабілеттілігін жүзеге асыру үшін жағдай ұйымдастыру;
оқушылардың тұрғылықты жері бойынша бос уақыттарындағы іс-әрекетер сан алуан түрлері спектрін кеңейту;
девиантты мінез-құлықты оқушылардың бос уақыт тілектері мен мүдделерін жүзеге асыру және қайта бейімдеу, социумда олардың өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі танып білу, өзін-өзі таныту үшін жағдай жасау;
үш тағанда ынтымақтастық қарым-қатынастарын қалыптастыру: бала – бос уақыт іс-әрекетін ұйымдастырушы – ата-ана;
оқушылардың бос уақытын тиімсіз пайдалану келеңсіз салдарының мүмкіншілігін қақпайлау және жеңу;
педагогикалық үш тағанды: құқық – талғау – жауапкершілікті жүзеге асыру арқылы балалар бірлестігіндегі әлеуметтік үрдістерін педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру;
оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекет барысында отбасылардың түрлі топтарының (МШ балалары бар, толық қамтылмаған, көп балалы және т.б.) жағымды қатынас аясын кеңейту;
оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекетін ұйымдастырушылардың алдыңғы қатарлы технологиялармен, жаңашыл идеялармен, туындыгерлік бағдарламалармен алмасу үшін жағдай жасау және т.б.;
оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша идеялар қорын құру, озық тәжірибелерді көпшілікке тарату.
Іске асыру механизмі:
- оқушылардың бос уақыты іс-әрекетін ұйымдастыру саласындағы әлеуметтік институттардың ынтымақтастығын кезең-кезеңмен жүзеге асыру механизмі;
- оқушылардың бос уақыты іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттар әрекеттестігінің құрылымын әзірлеу;
- оқушылардың бос уақыты іс-әрекетін ұйымдастыру кезеңдерін белгілеп, әлеуметтік институттар тәжірибесіне енгізу.
Қаржыландыру көзі: оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекеті даму бағдарламасының аймақтық Моделін (мектептен тыс жұмысын ұйымдастырушыларға көмек) қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен, бюджеттен тыс қаржы есебінен жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтиже:
оқушылардың бос уақыты іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттар әрекеттестігінің біртұтас жүйесін құру;
оқушылардың тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік институттар әрекеттестігінің негізінде бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру;
сан алуан отбасылар тобы (МШ балалары бар, толық қамтылмаған, көп балалы және т.б.) оқушыларының бос уақытындағы мақсатты іс-әрекетін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
оқушылардың бос уақытындағы ұмтылуларын жүзеге асыруда әлеуметті маңызы бар бастамалар саласын кеңейту;
оқушылардың бос уақытын тиімсіз пайдалану келеңсіз салдарының мүмкіншілігін қақпайлау және жеңуге бағдарланған механизмдерді қарқындату;
девиантты мінез-құлыққа бейімді оқушылардың бос уақыты іс-әрекетін ұйымдастыру сапасын жақсарту;
әлеуметтік ойын-сауық орталықтарына, аулалық клубтарға, мектептерге (ауылдық мектептерге) әдістемелік және ұйымдастыру көмегін көрсету;
өзін-өзі реттеуге, маңыздылануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, белсене шығармашылды, көркейту және пайдалы іс-әрекетке қабілеті бар, жан дүниесі бай, рухани-адамгершіл, тәндік даму жағынан кемеліне келген көп мәдениетті тұлға қалыптасу үшін жағдай жасау.
1.2. Терминдерді белгілеу
Бос уақыт – бұл адамда жұмыс уақытын, еңбегіне байланысты көшуін, отбасылық және қоғамдық міндеттерін, тән мұқтаждықтарын есептен шығарып тастағанда қалатын жұмыстан тыс уақытының бөлігі [2].
Жұмыстан бос, дем алу мен сауық құру уақыты – бұл бос уақытты алуан түрлі іс-әрекеттермен маңызды түрде толтыру [2].
Дем алу мен сауық құру уақытының іс-әрекеті – бұл бос уақыттың алуан түрлі іс-әрекеті, адамның мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін: тәндік, бағдарлылық, танымдық, сезімдік және басқа да сипатты (К. Обуховский ұсынған мұқтаждықтар жіктеу жүйесіне негізделген) [2].
Мәдени түрде дем алу мен сауық құру уақытының іс-әрекеті – бұл аталмыш қоғамда қабылданған және бос уақытында рухани мұқтаждықты, өзін-өзі тану, өз тағдырын өзі шешу, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіруге бейімделген мәдени тұрғысынан жүзеге асырылатын тұлғаның дем алу мен сауық құру уақытының іс-әрекеті [2].
Дем алу мен сауық құру уақыты саласындағы әлеуметтік-мәдени іс-әрекет – бұл мәдени түрде дем алу мен сауық құру іс-әрекеті, бос уақыт шегінде қоғам мүдделері мен дербестік мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асырылатын (кейінгі өзара шарттастықпен өзара ықпал негізінде) [2].
Оқушылардың дем алу мен сауық құру уақытын ұйымдастыру саласындағы әлеуметтік институттарының ынтымақтастығы – бұл оқушылардың тұрғылықты жері бойынша бос уақыт тілектері мен мүдделерін іске асыру үшін жағдай жасау бойынша алуан түрлі әлеуметтік институттардың (денсаулық сақтау, білім беру салалары және т.б.) бірлескен іс-әрекеті.
1.3. Нормативтік негіз
Қазақстан 1944 жылғы маусымда бекіткен бала құқықтары туралы Конвенциясында балалардың дем алу мен сауық құруға, мәдени және қоғамдық өмірге қатысуға құқығы бекітілген. 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» № 345 Заңы бойынша әр бала өзінің жасына, денсаулығына және мұқтаждығына сәйкес демалыс пен сауық құру бос уақытына құқықты. Дем алу мен сауық құру уақытын сапалы ұйымдастыру балалар мен жастардың бейімділік, қабілет пен мүдделерін дамыту, әлеуметтік және кәсіби тағдырын өзі шешу, сондай-ақ, бейәлеуметтік мінез-құлықты қақпайлаудың себепші ету факторларының бірі болып танылады.
1.4. Мәселе жағдайына талдау жасау
2009 жылғы 5 қаңтар жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында барлығы 4 735 854 балалар тұрып жатыр, оның ішінде 1 824 608 бала мектепке дейінгі жаста, 2 515 563 бала мектеп жасты, 18 жасқа толмаған жастар 395 683.
2009 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша республикада 601 қосымша білім беретін ұйым қызмет етеді, онда 12 мыңнан астам қосымша білім беру педагогтары жұмыс істейді. 2007-2009 жж. мектептен тыс ұйымдар саны көбейгенін ескерте кеткен жөн, алайда алаңдататын жайт – аталмыш ұйымдарға келетін оқушылар санының азаюы: 2007 ж. - 541 мектептен тыс ұйымдарға қатысатын 300 000 оқушы болса; 2008 ж. - 597 мектептен тыс ұйымдарға 247 300 оқушы қатысады. 2009 жылы 601 мектептен тыс ұйымдар қызмет етеді.
Қосымша білім беру ұйымдары келесі білім беру және дем алу мен сауық құру уақытындағы іс-әрекеті бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді:
Көркем-эстетикалық қосымша білім беру: ұрпақтар арасындағы байланысты қайта жаңғырту өнер арқылы, көркем шығармашылық арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін жеткізу арқылы пайда болады. Республикамызда көркем және музыкалық бағыт бойынша 340 балалар өнер мектебі бар;
Балалардың зкологиялық-биологиялық қосымша білім алуы баланың табиғатты, биологияны, жағрапияны, туған елінің экологиясын зерттеп, қорғауына бағытталған және үздіксіз экологиялық білім берудің негізіг бөлімі болып табылады. Республикамызда 15 табиғат зерттеушілер бекеті бар.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінің басым бағыты құқық бойынша балалар туризмі мен өлкетануының дамуы болып табылады. Республикамызда 18 аталмыш бекет бар.
Оқушылардың ғылыми--техникалық шығармашылығының ұйымдары. Республикамызда - 14 жас техник бекеттері бар.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-көпшілік жұмысы бала денесінің жетілуіне, саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. 415 спорт мектептерінде 225914 бала оқиды.
Республикамызда 23 5қала сыртындағы балалар лагерлері қызмет етеді.
Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беретін ұйымдарда оқушылардың қарым-қатынастық, зияткерлік қабілеттерін түзетіп, дамытатын, озаттық қасиеттерін дамытатын, балалар мен жасөспірімдердің дем алу мен сауық құру уақытын ұйымдастыруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық бейінді бірлестіктер дами бастады. Бұл қызмет өсіп келе жатқан ұрпақтарды әлеуметтік бейімделуге, азаматтық қалыптасуына себеп болады. Республикада 252 балалар қоғамдық ұйымдары қызмет көрсетеді, олар өз қатарында 7 жастан 17 жасқа дейінгі 65 мың оқушыны біріктіреді. Білім беру ұйымдарының тәрбиелік жұмысында балалар ұйымдарының жұмысы кең пайдаланылады. Балалар ұйымдары мен қозғалыстарын, сайып келгенде, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен әдіскерлері басқарады.
Қазақстан Республикасының бүкіл қалаларында жалпы білім беру мектептері мен мектептен тыс ұйымдар, қосымша білім беру мекемелері және т.б. қызмет етеді. Ауылда хал-ахуал біраз басқаша, онда балалар, жасөспірім және жастармен жұмыс жүргізу негізгі орталығы жалпы білім беру мектептері болып табылады, және мектептен тыс ұйымдар, қосымша білім беретін мекемелер аз немесе тіптен жоқ.
Аталмыш мәселе бойынша ғылыми әдебиетті талдау кезінде тұрғындардың бос уақыт саласында селқостық көрсеткені, бос уақытты үйде өткізу беталысы көбейгені, мәдени мекемелер, сауықтыру және басқа да орталықтардың қызметі коммерцияландырылуы, ал жастар ортасында «көшеде өткізген бос уақыт» таралғындығы айқындалды. Өз зерттеулерінде Ю.А. Стрельцов жалпы «көшені ырыққа көндіру» мәселесін көтереді [3]. Яғни ұйымдастырылмаған дем алу және сауық құру жерлерін халықтың түрлі топтарымен (балалар, жастар, жас отаулар және т.б.) жүргізілетін клубтық іс-әрекет жүйесіне қосу қажет. Б.А. Трегубов «оқушы жастар факторлар жиынтығы әсерінен дем алу және сауық құру уақыты жағынан тікелей жоғары қауіпті топтарға ауысып барады» деп белгілеген [4, 28]. Бұған себепші болып тұрған әлеуметтік нормаларға сай келе бермейтін мәдени дем алу мен сауық құру уақыт – өз қалауы бойынша өткізетін уақыт, ғалым жастардың «әлеуметтік жауапкершілігіне» ерекше назар аударады.
Астана қаласында 80 мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мектептері бар находятся, 10 мектептен тыс білім беру ұйымдары: «Балалар көркемөнер мектебі», «Балалар музыкалық мектебі № 2, 3, 4», «Көркемөнер мектебі», «Оқушылар сарайы», "Техникалық шығармашылық орталығы", "Жас туристер бекеті", ""Арман" сауықтыру-спорттық лагері. Бүгінгі күні елордада 3000 балаға ықылас салынып, назарымен қамтылған 17 клуб қызмет етеді, оның ішінде: 11 мектеп негізінде, 6 ПИК негізінде. Оқушылардың дем алу және сауық құру уақытын ұйымдастыруда Павлодар облысының тәжірибесі өнеге тұтарлық (№1 Қосымша), облыста 38 мектептен тыс ұйымдар, (13 мың оқушы қамтылған ), 84 аулалық клуб (7 мың бала қамтылған), 27 спорттық мектеп (15,6 мың бала), 319 балалар бірлестігі (50 мың бала), 2,5 мың спорт секциялары (40 мың оқушы) өз қызметін іске асыруда.
Қарағанды қаласында сабақтан тыс уақытта балалар дем алу және сауық құру уақытын ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылуда (№2 Қосымша). Мектептердің әлеуметтік төлқұжаттары, әр ауланың сипаттамасы жасалған, сабақтан тыс уақытта шұғылдануы бойынша мәліметтер жинақталған және басқа да т.т. Алдын ала жобалау тәжірибесі 2008-2009 оқу жылы басынан қаланың 80 мектебінде қолдануға енгізілген.
Қазақстанда әр түрлі жылдары БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының бірқатар жобалары жүзеге асырылған: «Балаға қамқоршы қала» (2006 жылдан Өскемен қ., Семей қ.), «Балаға тілектестік қарым-қатынасты мектеп» (2005 жылдан Семей қ.), «Жастарға қамқорлық ету клиникасы» (2003 жылдан Астана қ., Өскемен қ., Семей қ.), және де басқа да баланың құқықтары туралы Конвенциядағы балалар құқықтарын іске асыруға бағытталған жобалар. Жұртышылық жағынан – ересек адамдар жағынан – аталмыш уақытты ұйымдастыру амалдарына және олардың осыған ерекше назар аударуына байланысты барлық жобалардың ерекшелігі оқушылардың бос уақытын мағыналы дем алу мен сауық құру алуан түрлерімен толтыру болып табылады (№ 3, № 4, № 5 Қосымшалар).
Бірқатар елдерде әлеуметтік институттар және оқушылар арасындағы тұлғаны нәтижелі түрде әлеуметтендіру үшін жағдай жасау бойынша айтарлықтай ортақ жұмыс тәжірибесі жинақталған (АҚШ «Гайденс» қызметі» [5], Ресей Федерациясы «ВНИКтың эксперименттік алаңдары, «Мектеп-шағынаудан»» [6] және т.б.). (№ 6, № 7 Қосымшалар).
Оқушы тұлғасы бос уақытта қалыптасуына әлеуметтік ортаның айтарлықтай әсерін айта кеткенді жөн көреміз, және осыған лайық бүкіл жас ұрпақтың бүтіндей әлеуметтенуіне де (№8 Қосымша).
Оқушылардың бос уақытын мағыналы толтырылуын анықтау мақсатында социологиялық зерттеу жүргізілді (2009 ж. мамыры) Астана қ., Алматы қ., Алматы облысы, Актөбе облысы, Оңтүстік Қазақстан облысында 29 мектепте. 3 жас ерекшеліктері бойынша топтарының оқушылары, олардың ата-анасы, мектептердің педагогикалық ұжымдары респондент болды. Келесі әдіс-тәсілдер қолданылды: сауалнама алу (респонденттер тобына сай сауалнаманың әр түрі әзірленді), эссе, фактографиялық парақтар мен елді мекен карталары.
Әлеуметтік зерттеу жүргізу әдіс-тәсілдері
Зерттеу қорытындысы бойынша нәтижелер төмендегідей:
Білім беру тіліне (мемлекеттік немесе орыс тілді мектептер) және елді мекен типіне (қалалық немесе ауылдық мектептер) қарамастан жасөспірім және жоғары мектеп оқушыларының бос уақыт өткізу түрлерінде басым болып табылатын «достарымен қатынаста болу» (референттік топ болып құрдастар ортасы танылады) және «ата-аналармен әңгімелесу». Төмен сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес «көшеде қыдыру», «үйде компьютерлік ойындар ойнау» және басқаларын таңдады.
Оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекеттерінің басым түрлері
Қалалық және ауылдық мектеп оқушыларының дем алу және сауық құру маңызды әрекет түрлерінде елеулі өсіңкілік байқалады. Қала оқушылары бос уақытында «интернетке шығу», «үйде компьютерлік ойындар ойнау» сияқты әрекетті жиі таңдайды. Жазғы кезеңде де қалалық (туристік сапарлар, бассейнге, мектеп лагеріне және балалар сауықтыру орталығына/лагерге, туысқандарына бару) және ауылдық (туысқандарына, балалар сауықтыру орталығына/лагерге бару) оқушыларының бос уақыт өткізу талғауының өсуі байқалады.
Оқушылардың дем алу және сауық құру әрекетінде саны ең төмен таңдауларға (25 % дейін) қалалық жасөспірімдер, ауылдық сияқты, театр, мұражай, діни ұйымдарын, сондайақ, компьютерлік клубқа, циркке, хайунттар паркіне бару және парасатты ойындарға қатысуды жатқызды. Жоғары сынып оқушыларының ең төмен таңдауларына әрекеттің келесі түрлері жатады: ауылдық оқушылар – «парасатты ойындар», «мұражайға бару», «түнгі клубқа бару», «театрге бару», «діни ұйымдарына бару»; қалалық оқушылар - «театрге бару», «діни ұйымдарына бару», «бассейн». Қала мен ауылдың түрлі инфрақұрылымдық мүмкіншілігіне қарамастан жасөспірім мен жоғары сынып оқушыларының талғамы бірқатар тұрғыда сәйкестеніп тұр.
Сұрақ-жауап нәтижелерін талдау барысында ауылдық және қалалық оқушыларының мәдениет мекемелерінде, спорттық-сауықтыру және сауық құру орталықтарында бос уақыт өткізуінде айтарлықтай айырмашылық айқындалды. Ауылдарда көп жағдайда театр, цирк, хайуанаттар паркі, бассейн, спорттық-сауықтыру және ойын-сауық орталықтарының жоқтығы ауыл оқушыларының мәдени-дем алу және сауық құру таңдауларын шектеді.
Кей оқушылар, әсіресе ауылдық мектеп оқушылары, бос уақытындағы демалу және сауық құрудың мәнін дұрыс түсінбегенін көрсетті, оған мынадай әрекет түрлерін «қосымша еңбек», «ата-аналарға көмектесу», «дүкенге бару», «қосымша оқу сабақтары», «бауырларына қамқор ету» кірістіре санап, яғни оқушылар отбасылық және қоғамдық міндеттерге апарып тірейді (бос уақытында емес, сабақтан/жұмыстан тыс уақытта жүзеге асырылатын). Егер аталмыш әрекеттің осы түрлері оқушының бір күнінде қалған бос уақытын алса, ол дұрыс ұйымдастырылмаған да ата-аналар баланың демалыс пен сауық құру құқығына шек қойғаны.
Орта және жоғары буын оқушылары тұрғылықты жері бойынша оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде өз ұсынымдарын жасады:
Оқушылар ұсыныстарының қорытынды кестесі
Кесте оқушылар үшін маңызды іс-шара көбінесе сауық құру және спорт екенін көрсетті, парасаттылық талап ететін, танымдық іс-шараларды олар таңдамайды.
Шағынауданында оқушылар тартымды ұсыныстар жасады. Мұнда бос уақытты ұйымдастыру үшін алуан түрлі сайман-құрал (ойын және спорт алаңдары) және қоршаған орта жағдайы – аула мен көшелерді көркейту (сенбіліктер өткізу, парк, гүл бағын және т.б. ашу) қажеттілігін түсінген оқушы жастардың әлеуметтік көзқарасы айқындалды. Өз шығармашылық ниеттерін іске асыруға, демалу және сауық құру уақытын ұйымдастыру тақырыбында «қиялдауға» тырысқан жасөспірімдердің соны пікірлері курсивпен белгіленген.
Сұрақ-жауап нәтижелері респонденттердің басым көпшілігі - әйелдер екекнін көрсетті (80% астам). Балаларды тәрбиелеудегі әйелдердің рөлін төмендетпей-ақ, мектеп тіршілік әрекетіндегі, жекелей жағдайда, балаларды тәрбиелеудегі ер адамдардың селқос көзқарасын ескертсек пе деп едік. Бұған басқа объективті себептер болса да – жалғыз басты ана, ер адамның жұмыс бастылығы және басқа да себептер. Алайда оның пайыз жоғарылығы жеткілікті.
Деректерді оқушылар сауалнамасы қорытындыларымен салыстыра келе, ата-аналар жауаптарынан құптау таптық. Телебағдарлама, кинофильмдер қарау оқушылардың жас бойынша бүкіл топтарының демалу және сауық құру әрекетінің маңызды түрі болып табылғандықтан, ересектердің әрекеттерін екі бағдарда іске асыруын талап етеді:
1. Телебағдарламаны бірігіп қарауға, кинорепертуарды таңдауға жеке сараланған және дәлелді ыңғай табу.
2. Теледидардан көргенді талқылауға салу, қаралған материалдан маңыздысын және мақсатқа сәйкесін талғау және бағалау абзал.
Сұрақ-жауап нәтижесі ата-аналардың балаларымен түрлі тақырыпта жүргізетін әңгімелерінің жеткілікті мөлшерде және жүйелі түрде екенін, тек темекі, ішімдік, есірткі және құрдастарымен өзара қатынас тақырыбындағы әңгімелерімен салыстырғанда, басқа жыныстылармен өзара қарым-қатынас жөнінде әңгімелерге екі мәрте кем уақыт бөлетінін көрсетеді. Ата-аналар назарын осы бір жәйтке аудару абзал, яғни жасөспірімдердің және жоғары сыныптардың жыныстық тәрбие мәселелері оқушы тұлғасының әлеуметтенуінің маңызды тақырыбы болып табылады.
Балалардың жасы үлкен-кішілігіне қарай бөліну топтары бойынша әрекеттерінің кейбір түрлеріне байланысты ата-аналар пікірі негізді бөлінді. Төмен сынып оқушыларының ата-аналары келесі әрекеттер түрін таңдағандары басым болды:
- баламен бірге кітап оқу;
- көшеде бірге қыдыру;
- циркке бару;
- хайуанаттар паркіне бару;
- кинотеатрге бару.
Жоғары сынып оқушылары және жасөспірім ата-аналары балаларымен өткізетін әңгімелерінің келесі түрлеріне назар аударды:
- темекі, ішімдік, есірткі тақырыбында әңгіме;
- құрдастарымен өзара қатынас тақырыбында әңгіме;
- басқа жыныстылармен өзара қарым-қатынас жөнінде әңгіме.
Өкінішке орай, отбасы мүшелерінің бірге спортпен уақыт оздыру пайызы ортадан төмен екенін (жалпы 35% төмен) белгілеуге мәжбүрміз. Ата-аналардың балаларымен парасаттық және жетілдіру ойындарды бірігіп өткізу бойынша талдау төмен (30% дейін) пайыздық көрсеткішке ие болды. Мәдени-демалу және сауық құру әрекетінің аталмыш түрін ұйымдастыру үшін, әдеттегідей, ата-аналардың тиісті даярлығы қажет (мысалы: ересектердің дойбы, шахмат, интеллектуалды лото ойнай білуі), ойын ұйымдастыру үшін арнайы деректемелер (кесетін суреттер, шахмат, кубиктер) болуы және уақыт ресурсы (балалармен ойын өткізу белгілі бір уақыт), осының бәрі ересек адамдарға аталмыш ойындар өткізуде қиыншылық туғызады.
Респонденттер арасында бос уақытта демалу және сауық құру әрекетін жұмыстан тыс уақыттағы әрекетпен шатыстырып, дұрыс түсінбейтін ата-аналар бар. Өз жауаптарында мәдени-демалу және сауық құру әрекетіне «пәтер жинастыру» және «саяжайда жұмыс істеуді» жатқызады, бұл түбірінен теріс пікір.
Ата-аналар және балалардың жауаптарын құптайтын дәлелді педагогикалық ұжымның сұрақ-жауап қорытындысынан табамыз, бүгінгі ауылдың инфрақұрылымда тұратын жері бойынша мәдениет, білім беру және спорт мекемелері, жабдықталған спорт және ойын алаңдары жеткіліксіз. Қаладан айтарлықтай қашықта орналасқан бірқатар ауылдарда мәдениет және спорт мекемелері жоқ.
Ауылда өсіп келе жатқан ұрпақтың өз мүдделерін жүзеге асыруда қиыншылықтары бар. Қалаларда бұл көрініс бағыты ауылға тұра пропорционалды болып келеді. Мәдениет пен спорт мекемелерінің, діни мен қоғамдық бірлестіктердің баршылығы, балаға тек мектеп шегінде ғана емес, өз бетімен де уақыт үрдісінде өзінің демалу және сауық құру мүдделері мен мұқтаждықтарын аталмыш мекеме/ұйымдар арқылы іске асыруға мүмкіндік береді .
Қалалық мектептердің көпшілігі мектеп шағын ауданындағы мәдениет, білім беру және спорт, ҮЕҰ мекемелерімен ынтымақтастықты іске асырады, алайда аталмыш мекемелердің айтарлықтай бөлігі қашықта орналасып, қалалық көлікпен жетуді талап етеді, бұл да ынтымақтастық үрдісін қиындатып, баланы демалу және сауық құру әрекеті барысында өзін-өзі білдіруде және өзін-өзі жүзеге асыруда біршама шектейді. Мектептің жастар ұйымдарымен де ынтымақтастығы тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған.
Қалалық және, мүмкіншілігіне қарай, ауылдық мектептерге мүдделі қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастықты ретке келтіру/күшейту қажет (бейімді ҮЕҰ, жастар бірлестігі, мәдениет пен спорт мекемелері).
Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бірқатар шешім қабылдауға мүмкіншілік берді:
- демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру нәтижелілігі оқушылардың тұратын жері бойынша бос уақытта ермек таңдауда ыңғайлылық пен әр алуандық қағидатын іске асыру мақсатында жағдай жасау болып танылады;
- түрлі топтарға жататын отбасылар оқушыларының демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыруда жекелеген ыңғайын табу қажет (МШ балалары бар, толық қамтылмаған, көп балалы, жайсыз және т.б. отбасылар);
- оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің басым түрі ойын-сауық сипатты іс-шаралар болып табылады, оқушылар мен ата-аналардың дене шынықтыру/сауықтыру әрекетіне және парасаттық-дамыту ойындарына қызығушылығы төмен;
- ауылдың нашар дамыған инфрақұрылымы толық көлемде оқушылармен демалу және сауық құру әрекетін жүргізуге мүмкіншілік бермейді. Қалада спорттық құрылыстар аз, шағын аудандарда спорт және ойын алаңдарының аздығы сезіледі;
- қала мен ауылдарда оқушыларға арналған тегін демалу және сауық құру құрылымдарының ең төмен саны (көп жағдайда ауылдарда тегін аулалық клубтардың жоқтығы);
- оқушылармен жұмыс істейтін демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру және балалардың зиянды, психобелсенді заттарды пайдаланудың алдын алу мәселелерін шешуге және құқықбұзушылыққа қарсы күреске тіптен жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет еткен тұлғалар кәсіби топтарының – білім беру, денсаулық сақтау, құқықсақтау органдарының мамандарының – тарапынан жауапкершілігін жоғарлатуды талап ету қажет;
- оқушылардың демалу мен сауық құру және профилактикалық әрекетін ұйымдастыру үшін түрлі бейінді мамандар ынтымақтастығы қажет;
- оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін нәтижелі ұйымдастыру үшін оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің аймақтық даму бағдарламасының үлгісін (мектептен тыс жұмыстың ұйымдастырушысына көмекке) және басқа әзірлеу қажет.
1.5. Демалу мен сауық құру әрекетінің құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |