М. Н. Сарыбеков п.ғ. д., профессор, білім беру Ұлттық Академиясының академигі


Демалу және сауық құру саласы түсініктерінің әрекеттестік иерархиясы



жүктеу 1,45 Mb.
бет2/5
Дата22.05.2018
өлшемі1,45 Mb.
#16418
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Демалу және сауық құру саласы түсініктерінің әрекеттестік иерархиясы

















1-сурет
Үшбұрыш табанында - «демалу және сауық құру әрекеті», бұл әлеуметтік (қайырылымдылық, қоғамдық, мәдени және басқа) және бейәлеуметтік (ештеңе істемеу) сипаттағы қажеттілікті қанағаттандыратын демалу және сауық құру әрекетінің алуан түрін қамтиды. Осында демалу және сауық құру әрекетінің әдепсіз (бұзақылық) түрлерін де кіргізуге болады. Бағдарламада оқушылардың әлеуметтік сипатты қажеттілігін іске асыруға назар аударамыз. Іс-әрекет түрлерін үйлестіру әр адамның тұлғалық ерекшеліктеріне негізінделген, яғни белгілі бір әрекет түрінде әр нақты тұлға өзін-өзі тану, сезіну қажеттілігіне байланысты, оның салыстырмалы түрде еркін талғамы («салыстырмалылық» қоғам мен адамның қоғамдық норма мен әлеуметтік-экономикалық дәлелділікпен белгіленеді). Бос уақыт өткізуде екінші баспалдақ «мәдени демалу және сауық құру әрекеті» болып табылады. Ол әлеуметтік сипатты іс-әрекеттен тұрады. Мұнда бос уақытты әдепсіз және бейәлеуметтік өткізу амалдары қосылмайды. Үшінші баспалдақ – «бос уақыт саласындағы социомәдени әрекет» - қоғам даму игілігіне үшін әлеуметтік сипатты әрекет (қоғамдық, қайырымдылық, қорғау-сақтау және т.б.) [2].




1.6. Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің ерекшеліктері

Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру барысында аталмыш әрекеттің келесі өзгешіліктерін ескеру қажет:

1. Оқушылардың демалу және сауық құру әрекеті балалар мен жастар көбінесе өз бетімен жүретін бос уақыт саласында ұйымдастырылады. Бос уақыттағы оқушылардың әрекетіне әлеуметтік бақылау жасау қиынға түседі, кейде іс жүзінде тіпті қолдан келмейді.

2. Оқушылардың демалу және сауық құру әрекеті еріктік негізінде ұйымдастырылады.

3. Демалу және сауық құру әрекетінде оқушылардың әлеуметтік-психологиялық әрі жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Алуан жас демалу және сауық құру ұжымдарын құрған абзал.

4. Балалар мен жастардың демалу және сауық құру мүдделері мен тілектерін іске асыру мақсатында оқушылардың бүкіл жас бойынша топтарына және елді мекен типіне демалу және сауық құру инфрақұрылымдардың ыңғайлылығы.

5. Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру өткізілу формаларының әр түрлілігін талап етеді.

6. Демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыруда үрдістің айқын реттемесі болмайды, бағдарламалар қозғалмалы және алуан түрлі, тәрбиелік міндеттермен, оқушылардың тілегі мен мүдделерімен белгіленеді.



II тарау
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕМАЛУ ЖӘНЕ САУЫҚ ҚҰРУ ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ИНСТИТУТТАРДЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. Әлеуметтік институттар ынтымақтастығының механизмін жүзеге асыру
Әлеуметтік институттар ынтымақтастығын нәтижелі жүзеге асыруға оның кезеңмен ұйымдастырылуы себепші болады.

1 кезең – оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік институттардың нәтижелі ынтымақтастығын реттеу үшін басқару органын белгілеу;

2 кезең – «Елді мекен инфрақұрылымының карталары» картасын құрастыру (№ 9 қосымша);

3 кезең – шағынаудан, қала (ауыл) әлеуметтік институттар басшыларымен жеке әңгіме жүргізу;

4 кезең – өзара ынтымақтастық мәселесі бойынша әлеуметтік институттар басшыларымен бірлескен кездесулер өткізу;

5 кезең – ұйым атынан (мекеме және т.б.) оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру бойынша алуан түрлі әлеуметтік институттармен (оқушылар тұратын жерде) ынтымақтастықты жүзеге асыратын/жетекшілік ету мүдделі тұлғалар тобын белгілеу, үйлестірмелік орталық белгілеу (2.2. пунктті қара)

6 кезең – оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықтың болжалды жоспарын құру, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу;

7 кезең – нәтижелі ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздеу (дереккөз іздеу: жобаларға қатысу, бизнестің әлеуметтік жауаптылығы және т.б.);

8 кезең – ынтымақтастық жоспары келісіліп, бекітілуі (№10 қосымша);

9 кезең– шағын ауданда (ауылда) әлеуметтік институттың ынтымақтастығын ұйымдастыру;

10 кезең – ынтымақтастық ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттар қызметінің мониторингі (қажеттілік болса – жоспарды түзету).
2.2. Әлеуметтік институттардың ынтымақтастығын ұйымдастыру бойынша үйлестіру орталығы
Әлеуметтік институттар ынтымақтастығының үйлестіру орталығы ретінде, келесі ерекшеліктеріне сүйене, мекеме (ұйым, құрылым) белгілеуге болады:

  • қала шағын ауданында, ауылда аталмыш мекемелер саны;

  • аталмыш мекеменің қызметі балалар, жеткішнектер, жастармен байланысты;

  • шағын ауданда тұратын балалар, жеткіншектер, жастар саны;

  • аталмыш мекеме қызметінің мазмұны балалар, жеткіншектер, жастардың тілектері мен мүдделерін іске асырылуымен байланысты;

Жоғарыда айтылғанға сәйкес әлеуметтік институттардың үйлестіру ынтымақтастық орталықтарына мынаны белгілеуді ұсынамыз:

- қалада – аулалық клуб (басым) не мектеп;

- ауылда – мектеп (егер тегін аулалық клуб жоқ болса).
Аймақтық бағдарлама үлгісін жүзеге асыру барысында келесі сипатты объективті қиыншылықтар пайда болуы ммүкін:


  1. Балалар мен жастарға арналған қаладағы тегін аулалық клубтарының жетіспеушілігі әрі олардың ауылдағы жоқтығы (әлеуметтік-демалу және сауық құру орталықтарының);

  2. Қала шағын аудандарының және ауылдың спорт пен ойын алаңдарымен жеткілікті жабдықтанбауы.

  3. Қаржыландыру көлемі, қосымша қаржыландыру көздерін іздеу.



III тарау

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕМАЛУ ЖӘНЕ САУЫҚ ҚҰРУ ӘРЕКЕТІНІҢ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1. Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру кезеңдері

Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің үрдісі келесі кезеңдерді іске асыруды көздейді:



  1. Нақтамалық кезең – оқушылардың мүдделері мен демалу және сауық құру тілектерінің нақтамасы (әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық құрал-сайман), нақтама қорытындысын өңдеу мен талдау.

  2. Жоспарлау кезеңі – нақтамалық кезең нәтижесін ескере келе, жоспар мен жұмыс бағдарламаларын (мақсат көздеу, жұмыс міндеттері, формалары, жету құралдары (әдістері, амалдары), бағдарламалардың негізгі мазмұны және т.б.) жасау.

  3. Әрекеттікті кезең – балалар ұжымында белгіленген жоспар мен жұмыс бағдарламаларын жүзеге асыру (Ескертпе: ең ұзақ кезең).

  4. Бақылау кезең – демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру мониторингі, қажеттілік бойынша жоспар мен бағдарламаларды түзету (Ескертпе: әрекеттікті кезеңмен, оны аяқтау сатысында, қатар жүзеге асырылуы мүмкін).

  5. Жасалған жұмыстың әрекет соңы (қорытынды кезең) – оқушылардың демалыс және сауық құру әрекетінің іске асырылған ұйымдастыруының қорытынды қимылы (БАҚ-да жариялау, бейнематериал, фотокөрме, қорытынды фестивальдер, концерт, бой жазу, шерулер өткізу және т.б.), оқушылардың демалыс және сауық құру тілектері мен мүдделерін демалыс және сауық құру әрекетін ұйымдастыру барысында нұсқаулар жоспарлаудың мүмкіншілік тудырарлық баламалы іске асырылуы (Ескертпе: бағдарламаның уақыт шегіне байланысты іске асырылады – жыл, тоқсан және т.б..).


3.2. Демалу және сауық құру әрекетінің оралымдық кезеңі

Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін кезеңмен ұйымдастыру оралымдықты талап етеді (2 сурет).



Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің әр кезеңде өз нәтижесі болуы мүмкін:

  1. Нақтамалық кезең. Нәтиже – оқушылардың мүдделері мен тілектерінің нақтамасы.

  2. Жоспарлау кезеңі. Нәтиже – оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің жоспары мен бағдарламасы

  3. Әрекеттікті кезең. Нәтиже – оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің үрдісін жүзеге асыру.

  4. Бақылау кезең. Нәтиже – оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің мониторингі, жоспары мен бағдарламасына түзету енгізу, оқушылардың демалу және сауық құру әрекетінің ең жақсы тәжірибесін көпшілікке тарату және тәжірибе алмасу.

  5. Жасалған жұмыстың әрекет соңы (қорытынды кезең). Нәтиже – оқушылардың демалыс және сауық құру әрекетінің қорытынды қимылы, оны ұйымдастыру бойынша идеялар қорын жасау.


Оқушылардың демалыс және сауық құру әрекетінің кезеңмен ұйымдастыру

2-сурет

IY тарау

Оқушыладың демалу және сауық құру әрекетін

ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы
4.1. Әлеуметтік институттардың ынтамақтастық құрылымы

Әлеуметтік институттардың құрылымы оқушылардың тұратын жері бойынша демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру мақсатындағы ынтымақтастығы келесі түрде болады (3-сурет).



«Ынтымақтастық алаңқайы» ортасында өз тілектерін және мүдделерін мекенжайы бойынша жайғасқан әр сала мен бағытта (мекемелер, ұйымдар) іске асыруға мүмкіндігі бар оқушы және оның отбасы орналасқан. Ынтымақтастық нәтижелілігі әлеуметтік институттар ынтымақтастығы маңызды әрекеттестігіне, олардың алуан түрлілігіне, білікті кадрлардың бар болуына, оқушыларды қызықтыратын әрекет түрлерінің көптігіне және т.б. байланысты болады.


4.2. Оқушылардың демалу және сауық құру әрекетін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастығының мазмұны
Ынтымақтастық мазмұны кез келген әлеуметтік институттарға тән бірқатар ерекшеліктерпен белгіленеді:

  • әлеуметтік институттық көздеулі нысаналары;

  • білікті кадрлардың жеткілікті саны болуы (кәсіби білім, жұмыс өтілі);

  • балалар, жеткіншектер және жастарға байланысты әлеуметтік институттың қызметі;

  • аталмыш әлеуметтік институттың қызмет көрсету кезеңі;

  • елді мекен типінің өзіне тән ерекшеліктері (қала, ауыл); облыстық орталық, елордасынан қашықтығы және т.б.;

  • шағын ауданда (ауылда) аталмыш әлеуметтік институттар саны және басқа.

Осыған орай, ынтымақтастық ұйымдастыру бойынша әлеуметтік институттар әрекетінің мазмұны қаланың әр жекелеген шағын ауданы мен ауылда түрлене береді (1-кесте).

Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатындағы әлеуметтік институттар ынтымақтастығы



1-кесте
Әлеуметтік институттар ынтымақтастығының болжалды мазмұны










Білім беру мекемелері

















































Медициналық мекемелер











































Қосымша білім беру мекемелері





































Құқықсақтау органдары































Балалар мен жастарға арналған әлеуметтік қызметтер








































Бизнес құрылымдар






































жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау