Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі-білім беру жүйесін ақпараттандыру оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкілəлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі. 1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-əрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тəрбиелеу. 2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мəселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру. 3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту. 4. Оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пəндерде оқыту құралы ретінде пайдалану. Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты. Ал білім беруде компьютерді жəне оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттандыру технологиялары ұғымы пайда болды. Анықтамалық сөздік бойынша: ЖАТ - компьютер құралдарымен оқытуда оны пайдалану əдістері туралы білімдер, жиыны ғалым Н.Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды. В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі жаңа ақпараттық технология - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тəрбие үрдісінде пайдаланудың əдіснамасы мен технологиясы. Сондықтан білім беруді ақпараттандыру жəне оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу керек, соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, əр түрлі ойындар т.б. оқыту үрдесінде компьютер оқыту нысаны жəне құралы болуы мүмкін, яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп жəне оны əр түрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктермен қаруландырса, екіншісі, компьютер оқытудың, тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымалдығы жағынан қызықты əрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс мəселелік - бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім - оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білім мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде болуы тиіс, себебі, əрбір пəн мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие. Ұлттық білім берудегі ақпараттандыру кеңістігін қалыптастыру факторларының бірітарихи білім беру саласына ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды енгізуді кеңейту. Қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолданудың басты мақсаты - оқушылардың сабаққа деген қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы интеллектуалдық қасиеттері, экономикалық құбылыстарды сезіну, оларды тануы, тарихи теорияның түсініктерін игеруі жəне осыларды күнделікті өмірде бағдар ұстана білуге үйрету. Осы мақсатты негізге ала отырып, арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы тарих сабағын жандандырып өткізуге болады. Жасыратыны жоқ, бүгін таңда компьютер оқытудың маңызды бір бөлшегіне айналып келеді. Қазіргі кезде жекелеген пəндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарды теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тестері т.б. болуы тиіс. Бұл сөз жоқ, оқушылардың пəнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады Компьютерді пайдаланып оқуды ұйымдастыруда дидактикалық ұстанымдардың басшылыққа алынатыны түсінікті. Оқытудың компьютерлік технологиясының дидактикалық категорияларының өзіндік ерекшеліктері бар, тіпті кейбір дəстүрлі ұстанымдардың аумағы кеңейіп, осы технология кезінде ғана шын мəнінде іске асуға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |