«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»


«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет3/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

- көшбасшы арқылы жасайтын өрнектерін сезіне біледі. 



- өз бетімен өю –өрнектерді құрастыра алады. 

-  өзін және өзгені бағалай алады.FILA кестесі: 

Аңыз әңгіме айту.  

Қалай оқыту, қалай оқу керектігін үйрету: факт: идея: зертеу:жоспар: нәтиже. 

Сабаққа  оқушылар  кері  байланыс  жасайды.  Кері  байланыс  жасау  арқылы  студент 

оқытушының  кемшіліктерін  ескертіп  айтып  отырады,  ол  оқытушы  үшін  өте  маңызды. 

Оқушы өзінің сабақтан қаншалықты білім алғанына көз жеткізіп отыратын мүкіншілікке ие 

болады.  Сонымен  қатар,  өз  білімдерін  кеңейту  үшін  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды  пайдаланды.  Рефлективті  кәсіпқойды  даярлау  және  тұлғалық,  жалпы 

мәдени  білімділік,  кәсіби  педагогикалық,  тәжірибелік  шеңберлікті,  топта  практикалық 

зерттеу  жүргізу  тәжірибесін  және  әлеуметтік,  мінез  –  құлықтық  ғылымдар  саласындағы 

зерттеулерді қажет етеді.   

Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  оқушылар  толық  меңгеріп 

пайдалана алса, ол да үлкен жетістік болады. Олардың зиянды жақтары да мол, ол интернетті 

тек көшірме ретінде пайдалану, жас ерекшелігіне сай келмейтін бағдарламаларды көру, тек 

ойын  ойнаумен  айналысу,  осының  барлығының  өз  деңгейінен  шығу  шегіне  жеткенде 

баланың  психикасы  бұзылады.  Сондықтан  оқушылардың  ақпараттық  -  коммуникациялық 

технологияларды пайдалану мәдениетіне тәрбиелеуміз қажет. 

Қазақстанның  көркейуі  үшін талантты  да қабілетті  оқушыларды  тауып,  оларға  білім 

беру барысында ой өрісін дамыту өте маңызды.   

Оқушылардың қабілеттілігін анықтау ерекше тапсырма орындауға үйрету; 

Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту. Нәтижеге жеткізе білуге, әдемілікке, 

ұқыптылыққа  тәрбиелеу.  Топпен  жұмыс  істеу  арқылы  талқылау  үшін  ою-өрнек  түрлерінің 

үлгісін сыза білуді үйренеді. 

- Оқушы топпен жұмыс жасауға бірін - бірі жетелейді. 

- Ыдыстарға қандай боя түрін пайдаланатынын біледі. 

-  Өз жұмыстарының нәтижесін көреді. 

-  Өзін және өзгені бағалай алады. 

 Топ бойынша жұмысты орындайды. Әр оқушы өз пікірін қосады 

Міне  осы  кезде  жаңа  туынды  пайда  болады.  Тапсырма  бойынша  оқушылар  жасаған 

жұмыстарын көрсетеді, басқа жұмыстармен саластырады, қорғайды. 

«Ыдыстарды  ою  –  өрнектермен  безендіру»  сабағымды  бағалау  әдісін  негізге  ала 

отырып, сабағымды жоспарладым. 

Сыныптағы  бағалау  тек  қана  техникалық  тәсіл  емес.  Мұғалімдер  жазбаша  немесе 

ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында 

тек  қана  объективті  немес  жеткілікті  дәрежеде  объективті  емес  нормалар  мен  стандарттар 

ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін - 

өзі  бағалау,  қабілеттілік  және  күш  жігер  сияқты  ұғымдарға  қатысты  құндылықтар  жатады. 

Оқушыларға дайын жұмыстарын рольдік ойындар арқылы түсіндіруге үйрету. 

Көшбасшылық қабілетін дамыту 

Оқушыларды өз жүмысытарын бағалауға тәрбиелеу. 

Топпен жұмыс істеу арқылы талқылау үшін ою-өрнек түрлерін сыза білуді үйренеді. 

- Оқушы топпен жұмыс жасауға бірін - бірі жетелейді. 

- Топпен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. 

- Жарнамалау арқылы жұмыстарын көрсете алады. 

-  Өз пікірлерін дәлелдейді. 

-  Өзін және өзгені бағалай алады. 

Оқушылар  таратылып  берілген  дескрипторларды  тарау  бойынша  өздері  бағалайды. 

Жинаған  ұпайлары  бойынша  жиынтық  бағалау  жасалады,  оқушы  өзінің  нақты  бағасын 

алады.  



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

Оқыту  үшін  бағалаудың  маңыздылығы.  «Кез  келген  мұғалім  оқыту  үшін  бағалау 



неліктен оқытуды және білім беруді жетілдіру проблемеларын шешудің маңызды мәселесіне 

айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі 

бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және 

білім  беруден  кейін  болатын  нәрсе  ретінде  қарастырады.  Бағалау  оқыту  мен  білім  берудің 

ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігімізді едәуір өзгертеді талап етеді және 

оқыту үшін бағалау ұғымы дегеніміз осы деп табылады».   

Оқушылардың  кездескен  кедергілерінен  шығу  жолдарын  іздестіріп,  оқушының 

сабаққа деген көзқарастарын өзгерте білдім. 

Ендігі жерде келер жылға өзіме жоспар жасадым. Осы әдістер бойынша жұмыс істеу 

маған  ұнады,  мұғалімдер  үшін  ең  үлкен  жаңалық,  тиімді  әдіс.  Маған  ұнайтын  жері  тіпті 

нашар  оқитын  оқушының  өзі  ынтамен,  аса  үлкен  қызығушылықпен  сабақ  оқиды  және 

оқушылар  осылайша  өз  бетінше  ізденуге,  шығармашылық  жұмыстар  жасауға,  өзін  -  өзі 

бағалауға  қол  жеткізеді.  Осындай  тиімді  әдісті  кеңінен  білім  беру  саласында  қолданатын 

болсақ, келешекте өзіне-өзі сенімді, өз бетінше шешім қабылдай алатын, ғылыми салаға үлес 

қоса  алатын,  болашақ  ұрпақ  тәрбиелеп  шығарамыз  деген  сенімдемін.  Бұл  әдістеменің 

тиімділігі,  оқушының  сабақ  оқымауына  біз  мүмкіндік  бермейді  екенбіз.  Мен  оған  өзімнің 

өткізген  сабақтарымның  барысында  бақылай  отырып,  көз  жеткіздім.  Бағдарламаның 

мүмкіншілігі өте зор. Біз бұрынғы әдістермен жұмыс істеп тек өзіміз ізденіп, өз білімімізді 

шыңдап отырдық. Енді сонымен қатар оқушы да ізденеді, өз білімін шыңдайды. Оқушының 

сөздік  қоры  дамиды.  Өздерін  түрлі  әдістердің  арқасында  әділ  бағалай  алады.  Өзіне    және 

өзгеге  сыни  тұрғыдан қарай алатын  тұлға болып  қалыптасады. 

Оқушылардың диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушылар арасында 

пікірталастар тудырып, оларға өз проблемаларын шешуге, тығырықтан шығуға үйрету болып 

табылады.  Рольдік  ойындар  да  және  шығармашылық  жұмыстар  жасату  арқылы  оқушы  өз 

қабілетін  анықтайды,  өз  ой–өрісін  шыңдайды,  неге  бейім  екеніне  көзін  жеткізеді.  Міне, 

осыдан  кейін  оқушының  бір  салаға  деген  талантын  анықтауға  болады.  Осылайша  дарынды 

бала анықталады және оның дарынын ашу үшін өзін жаңа ізденістерге жетелейтініне сенімім 

мол. Сонымен қатар, технология пәнінің де осы заманға лайықты дамып келе жатқан тұстары 

өте  көп  десек  дәл  болар  еді  себебі,  атадан  балаға  жалғасып  келе  жатқан  мәдениетімізді, 

ырым-наным,  салт-дәстүрімізді,  әдет-ғұрып,  тұрмыс-тіршілік  болмысымызда  қайта 

жаңғыртып қазақ көлөнерін ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілерімен еніп 

оқушыларға  жан-жақты  білім  мен  тәрбие  беруге,  жаңаша  еңбек  етуге  талпындырып  отыр. 

Әрине, бұл халықтық педагогика болып табылады. Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау 

болып  отырған  халықтық  педагогика-бұл  кезде  педагогтар  қауымына  ғана  емес,  бүкіл 

қауымымызға ортақ қозғалыс. Ұлттық педагогика бұл жаңалық емес, ол ежелден  халықпен 

бірге  өмір  сүріп  келе жатқан  тәлім-тәрбие  мектебі.  Болашақ  ұрпақтың  сана-сезімін,  ұлттық 

психологиясын,  оны  ерте  кездегі  салт-дәстүрмен  сабақтастырып  тәрбиелеу  –  қазіргі  күннің 

өзекті мәселесі. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Адамқұлов Н.М. Қолөнер бұйымдарын жобалау негіздері. - А., 2007 ж. 

2.  Нурке М.С. Жүн бұйымдарының технологиясы. – Алматы, 2007 ж. 

3.  Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. –Алматы:Өнер, 996 ж. 

4.  Әбдіқас Т. Шебердің қолы ортақ. – Алматы:Қазақстан, 1977 ж. 

5.  Адамқұлов Н.М. Ұлттық қолданбалы қолөнер. – Алматы, 2006 ж. 

6.  Сарыбаев Б.  Қазақтың музыкалық аспаптары. –Алматы, 1982 ж. 

7.  Адамқұлов Н. Өнімді еңбек.- Талдықорған, 1997 ж.  

 

 

 

 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау