«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»


«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет4/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 



ӘОЖ 001.41.017 

 

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ – КЕШЕ, БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ 

 

Айдарханова Н.К. 



«Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, Ақсу ауданы,  

Ақсу а., nazym_aiaulum@maіl.ru 

 

«Сурет  салуды  таудың  бұлағынан,  қойдың  құлағынан,  анамның  киізінен,  ешкінің 



мүйізінен  үйрендім»,  –  деген  екен  Қазақстанның  халық  суретшісі,  қазақтың  әйгілі 

кескіндемешісі,  график-суретші,  қазақ  бейнелеу  өнерінің  негізін  салушылардың  бірі                   

Әбілхан  Қастеев. 

Осы  орайда  бейнелеу  өнерімен  айналысу  –  жас  жеткіншектердің  рухани  дамуына  өте 

қажетті  факторлардың  бірі  және  бірегейі  деп  білуіміз  керек.  Себебі,  бұл  өнер  бағыты 

оқушылардың эстетикалық қызығушылығын дамытуға көмектесетіні анық. Шығармашылықпен 

ойлау, қиялдау, көркемөнер қабілетін, қоршаған ортаны сезіну, эстетикалық қарым қатынасын 

жетілдіреді  [1,3  б.].  Бейнелеу  өнері  жас  ұрпақтың  дамуына    өте  зор  мүмкіндік  туғызады.  Бұл 

орайда айтар болсақ сурет салудың орны ерекше. Сурет салу бейнелердің, заттардың формасын 

талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниетанымның өсуіне жәрдемдеседі. Бейнелеу 

өнері  адамның  көру  жадысын,  кеңістікті  ойлауын  дамытып,  образды  елестету  қабілетін 

арттыруда зор үлесі бар. Өйткені ол нақты есептеуге, табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау 

мен сезу икемділігін арттырады [2, 23-24 бб.]. 

Бейнелеу өнері сабақтары өздерінің оқу  – тәрбие жұмыстары бойынша да, түрлеріне 

байланысты да әр түрлі болып келеді. Мектеп бағдарламасында оқу сабақтарының төрт түрі 

қарастырылады. Олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу, 

өнер  туралы  әңгіме.  Нұсқадан  қарап  сурет  салу,  сурет  және  кескіндеме  жұмыстарымен 

айналысуды  көздейді,  сәндік  сурет  салу  –  ою  –  өрнектерді  көркем  конструкциялау,  ою  – 

өрнек элементтерін құрастыру және т.б. жұмыстарын қарастырады [2,23-24 бб.]. 

Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен 

және  сәндік  қолданбалы  өнер  шығармаларымен  танысады.  Бұл  аталған  әрбір  сабақ  жеке 

тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, 

жан – жақты дамуына ықпал етеді [2,23-24 бб.]. 

Ұстаз  шәкіртеріне  өнерді  таныстыруда  үлгерімге  жеткізу  үшін  оқушылардың 

меңгеретін  білімі  мен  дағдыларының  көлемін  біліп  оқушылармен  қандай  жұмыс  әдістерін 

таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында 

қарастырылған.  Бірақ  оқу  бағдарламасы  мұғалім  қызметінің  ерекшеліктерін  толығымен 

көрсете  алмайды.  Ең  бастысы    бағдарлама  туралы  білім  формалды  емес,  ойластырылған, 

теориялық білімдерге сүйенген білім болуы тиіс [2,23-24 б.б.]. 

Сонымен  қатар,  қазіргі  кезде  білім  беру  саласы  заман  талабына  сай  білім  мазмұнын 

ұйымдастыруды, қарым – қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап 

етуде.  Қалыптасқан  дәстүрлі  оқыту  әдістері  жаңа  оқыту  технологияларын  ендірумен 

алмасуда [1,3 б.]. 

Осы  орайда  жаңартылған  білім  беру  бағытында  түрлі  педагогикалық  жүйелермен 

оқыту технологияларын салыстырмалы түрде сынақтан өткізу, зерттеу, талдау, іс-тәжірибеде 

қолдану жүргізілуде[1,3 б.]. 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министірлігінің  қазіргі  даму  бағыты 

жалпы  білім  беретін  мектептерде  жас  жеткіншектерді  нарықтық  заман  талаптары  мен 

мәдениеттің  даму  деңгейіне  сай  дайындауды  қажет  етеді.  Жалпы  білім  беретін  орта 

мектептерде  барлық  оқу  пәндерін  оқыту,  жеке  пәндердің  өзіндік  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  еліміздің  болашақ  азаматтарын  дайындау  мен  тәрбиелеу  мақсатын  қояды. 

Сондықтан  бейнелеу  өнері,  технология    пәндері  жас  ұрпақтарды  іс  –  әрекетке  және  іс  – 

әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс [2,23-24 бб.]. 



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

Бүгінгі  таңда  көпшілік  қауым  мектептегі  бейнелеу  өнері,  технология  пәндерін    жалпы 



білім беретін пәндер емес, олар арнаулы пәндер деп қарастыратынын көріп жүрміз. Әрине,  бұл 

дұрыс  емес,  қате  түсінік  деуге  болады.  Жалпы  білім  беретін  мектептер  физиктерді, 

математиктерді,  биохимиктерді,  ақын-жазушыларды,  композиторларды  дайындамайтыны 

сияқты  кәсіби  суретшілерді  де  дайындамайды.  Жоғарыда  аталған  маман  иелері  арнаулы  оқу 

орындарында дайындалатыны бәрімізге мәлім. Жалпы білім беретін мектептегі әрбір пән  жеке – 

жеке және бірлесе отырып оқушылардың жан – жақты дамуына ықпал етуге тиіс [2,23-24 бб.]. 

Бірақ  өздеріңізге  белгілі  бүгінгі  күні  жалпы  білім  беретін  мектептер  жаратылыстану  

немесе  гуманитарлық  бағыттарында  жүйелі  түрде  білім  беруде.  Байқап  қарасақ,  өнер 

бағытындағы пәндер екінші сатыға ысырылып, кейінге қойылғандай. Оған дәлел ретінде соңғы 

жылдарда бейнелеу өнері және технология пәндері біріктіріліп, жалпы білім беретін мектептерге 

«Көркем еңбек» пәні кіріктірілген пән ретінде кезең-кезеңімен жүйелі түрде енгізіліп жатыр. Бұл 

жаңашылдықтың берері мол. Алайда, осал тұстары да жоқ емес. Ең бір өзекті мәселе, ол сағат 

санының  қысқартылуында.  Қосымша  білім  беру  бағдарламаларымен  жұмыс  жалпы  білім 

беретін мектептерде оңды жүргізілмейді. 

Мысалы,  бастауыштағы  1-4  сыныптарда  еңбекке  баулу  пәні  аптасына  2  сағат  болса, 

бейнелеу  өнері  пәні  аптасына  1сағаттан    болатын.    Сонда  эстетикалық  пәндер  жиынтығы 

аптасына  3  сағат  өткізілетін.  Қазіргі  кезде  көркем  еңбекке  аптасына  1  сағат  қана  берілген. 

Осындай жағдай  жоғары сыныптарда да қайталанып тұр. Айтулы мәселенің өзектілігін,  аудан 

орталықтарында  жаңадан  ашылып  жатқан  немесе  бұрыннан  жұмыс  істейтін  өнер  мектептері 

шеше алмайтындары айдан-анық. Себебі ол мектептердің негізгі бағыт - бағдары сурет салуға, 

ән айтуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, би билеуге ебі-икемі бар, нақтырақ айтсақ дарынды 

балалармен жұмыс істеу.  

Ақпараттық  технологиялар  дамыған  заманда  жаңартылған  білім  беру  жүйесі  оңтайлы 

шешімдердің  бірі.  Бірақ  жалпы  жаһандану  процесінен  қалып  қоймайық  деп  жүріп,  өзіміздің 

ұлттық құндылықтарымыздан айырылып қалмауымыз керек. Керісінше, ата-бабамыздан қалған 

мұраны  дамытуымыз  және  өркендетуіміз  басты  парызымыз.  Ол  үшін  өнер  бағытында  жұмыс 

жасауды басты бағдарға алуымыз қажет. 

Қазақ елінің қазақ ауыз әдебиетінде «Көркемсөз» өте жақсы дамыған. Көркемсөз деп аты 

өзі айтып тұрғандай көркемдеу және суреттеу деген мағыналарды білдіреді. Оқушылардың тіл 

байлығының  өсуіне,  сөздік  қорының  ұлғайуына  бейнелеу  өнері  пәні  зор  үлес  қосатыны  анық. 

Осы  тұста  бейнелеу  өнері  пәнінің  қазақ  тілі  және  әдебиеті  пәндерімен  пәнаралық  байланыста 

екенін жақсы аңғарамыз. 

Бейнелеу өнері тарих пәнімен де тығыз байланыста екенін көруге болады. Себебі атақты 

суретшілер  мен  мүсіншілер  өнер  туындылары  арқылы  өздері  өмір  сүрген  дәуірден,  ғасырдан 

тарихи  оқиғалар  туралы  сыр  шерткізетіндей.  Нақты  тарихи  дереккөздерді  де  суреттер  мен 

мүсіндерден табуға болатынын білеміз. 

Технология  пәні  –күнделікті  тыныс-тіршілікте  қолданыста  болатын  практикалық  және 

теориялық  білім  беретін  пән.  Сондай-ақ,  ұлтымыздың  тұрмыстық  салт-дәстүрлерін  оқытып 

үйрететін ғылым десек артық айтпаймыз.    

Осы орайда Ел басымыздың «Мәңгілік – Ел!», «Рухани жаңғыру!» деген жолдауларымен 

бағдарламаларының іске асырылуы қиындыққа соқпай ма деген ой туындайды. Себебі ұлттың – 

ұлт екенін дәлелдейтін айшықтар, олар қол өнер мен сәндік  қолданбалы өнер. Бұл өнерлердің 

бейнелеу  өнерінен  бастау  алатынын  білеміз.  Сол  себепті  өнер  саласына  тікелей  қатысы  бар 

пәндерді  қыспаққа  алмай,  еркін  тыныстауына  мүмкіндік  беретін  жолдарды  ашсақ  оңтайлы 

шешім болар еді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Қошқарбеков  Н.Қ.  Бейнелеу  өнері  сабақтарының  жаңа  технологиялық  мазмұны. 

Әдістемелік құрал. – Алматы, 2010 ж.  

2. Жаңаша оқыту жолында  // Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал. - №5(6). - 

2016ж. 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау