«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет6/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

13 


Қазіргі  таңда  құқықтық  нигилизмді  жеңуіміз  қажет,  оған  көпшіліктің  таң  қалуын 

тоқтатып,  заңға  деген  сый,  құрметтеуге  тәрбиелеу  және  жауапкершілік  сезімдерін  ояту 

қажеттілігі,  яғни  бұл  жерде  коррупция,  заңды  басынушылықтар,  заңды  немқұрайлы  қараудың 

құқықтық  жүйеге  кереғар  екендігін  түсіндіру  және  қоғамдық  моральді  бейтараптық  жаулап 

алуына  жол  бермеу  керек.  Жастардың  құқықтық  нигилизмге  бой  алдырмауы  бірінші  кезекте 

тұруды көздейді. Бұл салада Қазақстанда құқықтық нигилизм профилактикасын дамыту керек, 

яғни осы салада арнайы бағдарламалар қажет. Себебі, жастар арасындағы құқықтық нигилизмге 

бой  алдырушылық  өз  кезеңінде  біршама  қауіп  тудырады.  Сондықтан  қолданылатын  заңның 

қызметті сапалығын қамтамасыз ету, заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығы, соттардың 

мәртебесін  жоғарлату  және  соттарды  уақыт  талабына  сай  соттың  реформаларды,  халыққа 

уақытқа сай етіп құқықтың тәрбие беруге негізделу мәселесі бірінші кезекте тұруы қажет.  

Жастардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастырып,  дамытудың  тікелей  мақсаты  – 

жастардың  белсенділігі,  кәсіпқой  заңгердің  және  басқа  да  мемлекет  қызметкерлерінің 

өкілеттіліктерін  жүзеге  асыру  процесінде  заңдылық  маңызға  ие  жағдайға  байланысты, 

белсенділіктер құқықтық әрекеттер арқылы өз деңгейлерін көрсету болып табылады. Құқықтық 

белсенділік  -  жастардың  әлеуметтік  –  құқық  шеңбердегі  қызметте  белгілі  дәрежеде 

пәрменділікке  жету,  құқықтық  міндеттерді  қарапайым  талаптарға    бейімдеудегі  міндетті 

әрекетке  ие  болу  жағдайы.  Аталмыш  қызметтер  қосымша  уақыт,  күш-қуат  және  материалдық 

шығындармен  байланысты.  Жоғарыда  көрсетілген    мақсаттарға  тек  құқықтық  тәрбие 

жұмысында келесідей негізгі прициптерді  сақтағанда  жетуге  болады:  ғылымилық,  жоспарлық, 

жүйелік,  кезекті  және  дифференциялды  жүйелік,  кешенділікті  қамтамасыз  ету.  Сондай-ақ 

тәжірибеде  құқықтық  сананың  дамуына  қолайлы  жағдайларды  қамтамасыз  ете  отырып,  оны 

тарату, яғни жүзеге асыру қажет. Жастардың құқықтық сана деңгейінің мазмұны құқықтық білім 

алуына  және оның құқықты мойындауына тәуелді. Сендіру жүйесі, сонымен қатар оны сақтау 

қажеттілігін  тәжірибеде  таратудың  дағдысын  қалыптастыру  қажет.  Салыстырмалы  түрде  

жастардың  құқыққа  деген  құрметінің  пайда  болып  заңды  болары  сөзсіз.  Олардың  алған 

құқықтық білімдері жеке өздерінің сеніміне айналуы қажет, ол келесідей: құқыққа бағынулары, 

оларды қатаң сақтаулары, одан барып – ішкі қажеттіліктеріне заңдарды жарату және оны әдетке 

айналдыру, нәтижесінде құқықтық және кәсіпқой заңдылық белсенділіктерін көрсетулері қажет, 

яғни күнделікті өмірде жүзеге асырулары керек. 

Жастардың құқықтық  мәдениетін қалыптастырудың келесідей  амалдары бар: құқықтық 

насихат,  құқықтық  білім  беру,  заңдылық  тәжірибе,  яғни  өзін  -  өзі  тәрбиелеу  немесе  құықтық 

өмірге  бейімделу.  Жоғарыда  көрсетілген  амалдардың  астарында    оның  негізгі  қайнар  көзі 

құқықтық  ақпарат  жатыр.  Ол  арқылы  тұлғаның  оңды  әрекет  етуіне  ықпал  етудің  маңызы  зор. 

Бұл  жерде  ерекше  орынға  «құқықтық  минимум»  проблемасы  ие  болады,  яғни  әлеуметтік 

шеңберде  әрбір  азаматтың  мәртебесіне  қандай  да  болсын  қоғамда  тәуелсіз,  құқықтық  білімді 

міндетті  деңгейде  иеленуі  қажет,  яғни  өзіне  қажетті  деңгейде  иеленуі  ықтимал.  Бұл  процесті 

тиімді басқару үшін нақты құқықтық ақпарат қайнар көзінің жүйесі болуы керек және оларды 

азаматтардың іс – жүзінде қолдануы, сонымен еңбек ұжымдары, топтардың және тұрғындардың 

өмір тәжірибесінде қолдануы жатады. 

Құқықтық  ақпарат  көзінің  жүйесінде  анықтаушы  рөлге  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

иеленеді,  сондай  –  ақ  жалпы  құқықтық  оқыту  бұл  жерде  мемлекет  және  құқық  негіздерін  тек 

заңгерлік мамандықта ғана емес, оны бала – бақшадан бастап барлық оқу орындарында оқыту 

керек. Сайып келгенде, мына амалға көңіл аударуымыз қажет, яғни өзін - өзі тәрбиелеу барлық 

құқықтың  субъектілердің  құқықтық  санасының  құрылуына  тиімді  әсерін  тигізеді.  Өзін  -  өзі 

тәрбиелеудің  астарында  құқыққа  деген  құрмет  қалыптастыру  жатыр,  яғни  қажеттіліктерін 

ұйғарымдарға  байланысты  өзін  -  өзі  оқыта  отырып  және  қатаң  сақтап,  өз  тәжірибесінде  және 

басының  дербестігі  арқылы    талдау  жасауы  керек.  Жастардың  құқықтық  санасын  тәрбиелеу 

табиғи  түрде  жанұядағы  адамгершілік  құндылықтар  нормасын  игерумен,  мектепте  рухани 

қарым-қатынаста, сонымен қатар құрдастарымен,  достарымен және жолдастарымен ойнағанда 

игеріліп  қалыптасып  отырады.  Бұл  жерде  адамгершіліктің  іргетасы  қаланады,  осыған 

байланысты  құқықтық  сана  элементтері  құрылады.  Өмірде  болып  жатқан  қалыпты  ағымдағы 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

14 


жағдайлар  және  тұрмыстық  әлеуметтік  қақтығыстарды  бақылай  отырып  олардың  құқықтық 

нормалармен  байланысын,  заңдалық  бағалықтар,  құқықтық  түсінулерімен,  көзқарастары  жас 

азаматтардың сезімі дами отырып бекиді. 

Жастардың қоғамдық-саяси рөлі ауқымды реформалар кезінде күшейюі барлық халыққа 

тән.  Себебі,  жастардың  жаңа  жағдайға  бейімделуі  немесе  жаңашылдыққа  ұмтылысы  жоғары 

деңгейде болғандықтан  қоғамдағы өзгерістерден шет қала  алмайды. Жалпы  қоғамның дамуы, 

болшағына  деген  сенімді  көзқарастың  қалыптасуы  сол  қоғамдағы  жастар  және  жастардың 

әлеуметтік-мәдени  ұғымдық  болмысымен  тікелей  байланысты.  Осы  орайда  шығыс  елдері  аға 

ұрпақтың тәжірибесіне сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропалық елдер жастарға көп 

үміт  артады.  Сондықтан  жастардың  санасындағы  «құндылық»  ұғымын  дұрыс  қалыптастыру 

елдің  болашағын  айқындайтын  факторлардың  қатарына  жатады.  Адамзат  өркениетінің  бүгіні 

мен  болашағы  көп  жағдайда  жастардың  әлеуметтік  белсенділігіне  қатысты  екені  даусыз. 

Сондықтан  жастардың  жетілуінің  сапалық  деңгейі  де,  жастарға  деген  жаңа  көзқарастың 

қалыптасуы  да  үш  бірдей  фактордың  -  жастар  белсенділігінің  қалыптасуының  әлеуметтік-

мәдени  алғышарттары  мен   жастар  саясаты,   оның  мәдени  бетбұрыстарының  жиынтығынан 

және қазіргі кездегі жастардың белсенділігінің әлеуметтік-мәдени болмысына тәуелді болуымен 

байланыстырылады.  

Жастар  белсенділігі  қоғамдық  жүйенің  дәрежесіне,  елдегі  саяси-әлеуметтік 

реформаларға, демократиялық бетбұрыстарға, мәдени құндылықтарға, ұлттық дәстүрге тәуелді, 

яғни  жастар  белсенділігінің  әр  кезде  мәдени  құндылықтық  негіздерін  анықтап  отырудың 

заңдылыққа  айналуымен  байланыстырылады.  Сонымен  бірге,  жастар  белсенділігі  қоғам  мен 

билік арасындағы алшақтыққа тосқауыл қоймақ ниеттен, құбылмалы әлеуметтік-мәдени ортада 

өз  құқығын  қорғамақ  шешімнен,  жаңа  қауымдастықта  өз  орны  мен  рөлін  қалыптастырмақ 

талпыныстан туындайды. Осындай сыртқы және ішкі әлеуметтік-мәдени бағдарға байланысты 

жастар  туралы  түсінікте,  жастар  белсенділігінің  қалыптасуы  мен  ол  туралы  көзқарастардың 

әрқалай  қабылдауы  және  таралуы  табиғи  құбылыс.  Жастардың  әлеуметтік-құндылықтық 

бағдарына  ықпал  ететін  көптеген  факторлар  бар.  Атап  айтар  болсақ,  олардың 

қызығушылықтары, қалыптасатын ортасы, діни түсініктері, халықтың салт-дәстүрі, мемлекеттің 

ұстанымы  т.б.  –  жас  ұрпақтың  мәдени  бағдарына  әрқалай  ықпал  етуде.  Қазіргі  нарықтық 

жағдайда  құндылық  туралы  түсініктер  мен  бағыттар  өзара  үйлесе  бермейді  де,  сол  алшақтық 

белгілі  бір  деңгейде  жастар  арасында  құлдырауға  тап  болғандығы  да  шындық.  Мұның  басты 

себебі  ретінде,  жастардың  өркениеттілік,  мәдениеттілік  тұрғысынан  өзіндік  үлгісінің 

ауытқушылығы деуге болады.  

Сонымен  бірге,  төл  мәдениетіміз  бен  құндылықтарымыздың  негізін  құрайтын 

салалардың әлсіреуі, ұлттығымызға жат әрекеттердің кеңінен таралуына түрткі болуда. Сонымен 

қатар,  еліміздегі  ұлтаралық,  дінаралық,  конфессияаралық  тұрақтылық  пен  төзімділікті  сақтап 

қалу  да  барынша  маңызды  мәселелердің  қатарына  жатады.  Рухани  тәрбиені  сапалы  негізге 

көшіру  мақсатында  рухани  тәрбие  ошағы  болып  табылатын  діни  оқу  орындары  қызметін  заң 

аясында  дамытуды  назарда  ұстаған  жөн.  Оларға  мән  бермеу  және  негізгі  бақылауды  мүдделі 

мемлекеттік  орган  назарынан  тыс  қалдыру  –  қолдағы  үлкен  күштен  айрылу  және  сол  күшті 

мүдделі  тараптардың  еркін  пайдалануына,  мүдделі  емес  тараптардың  немқұрайды  халге 

түсіруіне жол ашу болмақ. Дінге ықылас  уақыт өткен сайын күшейе түспек  – өйткені ол адам 

болмысында  бар  қажеттілік  әрі  қасиет.  Осы  ықыласты  тиісті  арнаға  бұрудың  пәрменді  тетігі 

ретінде діни оқу орындарын пайдалану қажет. Олардың қызметін реттеу – мемлекеттің мүддесін 

бекіте түсу ретінде қабылданғаны жөн. 

Жастардың  құқықтық  және  рухани  құндылықтары  жастарды  өз  халқының  рухани 

мәдениетіне  бағыттауы,  мемлекетіміздің  тарихи  өткеніне  баулуы,  қоғамдағы  келісім  мен 

бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару  жолында. 

Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. // Дидар, 2005, № 20-21.  



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау