«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет30/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

61 


Пәнді  оқыту  әдістемесі  дәстүрлі  дайындық  әдістері  және  дайындықтың  жаңа 

әдістемесі  болып  екіге  бөлінеді.  Дәстүрлі  дайындық  әдістемесі  -  қолданыстағы  әдістеме 

болса,  дайындықтың  жаңа  әдістемесі,  жеке  тұлғаны  жаңа  қызметінің  білімдері  мен  іс 

әрекеттеріне  жету  мақсатындағы  ұстаз  бен  шәкірттің  қарым  қатынастарымен,  дайындық 

бағыттарымен,  дайындаудың  жаңа  әдістемесі,  жаңа  білім  мен  іс  әрекетті  менгеруге 

бағытталған  оқу  мен  тәрбие  үрдісін  ұйымдастыру  мақсатындағы  шәкірт  пен  ұстаздың, 

тәрбиеленуші  мен  тәлімгердің  іс-әрекеттерін  жоспарлау,  өткізу  әдістері  жүйесінің 

жаңашылдық  ұтымдылық  сипатымен  ерекшеленеді.  Жаңа  дайындық  әдістемесі  оқу  мен 

тәрбие  процесінің  ұтымдылығын  арттыру,  жаңа  нәтижелерге  жету  мақсаттарын  көздейтін 

жаңа  идеяны,  жаңа  жобаны,  жаңа  құрылымдық  бағдарлама  мен  әдістер  жүйесін  жасап 

шығарумен айқындалады. 

Оқытуға  дайындау  әдістемесі    ұғымы  оқыту  әдістемесі  ұғымымен  байланысы  да,  

айырмашылықтары  да  болады.  Оқыту  әдістемесі  дайындық  әдістемесінің  құрамына  кіреді. 

Оқыту  әдістемесі  жеке  тұлғаны    белгілі  іс  әрекеттің  білімдері  мен  орындау  әдіс  тәсілдерін 

оқытуды  жоспарлау  әдістерінің  жүйесі,  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  әдістерінің  жүйелері, 

оқыту  үдерісін  тікелей  жүзеге  асыру  әдістерінің  жүйелері,  орындалған  дидактикалық  іс-

әрекеттерді  талдау  әдістерінің  жүйесі  ретінде  танылады.  Оқытуға  дайындау  әдістемесі 

белгілі  бір  дайындықтың  мақсатын,  міндеттерін,  кезеңдерін,  әдістерін,  дайындық 

формаларын, принциптерін, дайындық нәтижелерін жобалау сипатымен ерекшеленеді. 

Оқытуға  дайындаудың  жаңа  әдістемесі  жаңа  да,  ұтымды  дайындық  мазмұнын 

жоспарлау, болашақ мұғалімдердің белгілі бір дайындық саласындағы меңгеретін білімдерін, 

іскерліктері  мен  дағдыларының  жүйесін  болжамдау  функциясымен  танылады.  Бұл  оқыту 

мән  тәрбие  стандартын  жасау,  типтік  оқу  жоспарын  жасау,  типтік  оқу  бағдарламаларын 

жасау,  жұмыс  оқу  бағдарламаларын  жасау,  пәннің  типтік  оқу  бағдарламаларын  жасау, 

күнтізбелік-тақырыптық  жоспар  жасау,  лекциялар  мен  практикалық  дәрістер  жоспарын 

жасау іс-әрекеттерін қамтиды. 

 

ӘДЕБИЕТЕР: 

1.  «Мектептегі технология» // Республикалық әдістемелік журнал №7-8 . 2007 ж. 

2.  «Мектептегі технология» // Республикалық әдістемелік журнал №12 . 2007 ж. 

3.  «Еңбекке үйрету» // Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал  №5-6.2007 ж. 

4.  «Еңбекке үйрету» // Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал  №9-10.2007 ж. 

5.  «Еңбекке үйрету» // Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал  №7-8.2008 ж. 

6.  «Еңбекке үйрету» // Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал  №9-10.2008 ж. 

7.  Технология пәнін оқыту әдістемесі.- Алматы, 2011ж. 

8.  Кәсіптік оқыту әдістемесі.- Алматы, 2017 ж. 

 

 



ӘОЖ 001. 

 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН  КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНДЕ ҚОЛӨНЕРДІ ОҚЫТУҒА 

ДАЯРЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 

 

Оспанов Б.Е. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Этномәдениет» ОҒШО  

 

Қазақстан  Республикасының  білім  стандарттары  мен  тұжырымдамаларының 

жарық  көруі,  осыған  орай  мектеп  бағдарламаларында  болып  жатқан  өзгерістер,  соған 

сәйкес  қолданысқа  енген  жаңа  оқулықтар,  оқушыларды  дамыту  мен  шығармашылыққа 

жетелеуді  міндеттеуі,  болашақ  маман  дайындау  ісіне  жауапкершілікпен  қарауды  талап 

етеді.  Осыған  орай  «Көркем  еңбек»  пәні  мұғалімдерінің  кәсіби  шеберліктерін  жоғары 

деңгейде болуына қойылатын талаптар да күшейді. 



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

62 


Мектептердегі  қолөнерді  оқыту  үрдісі  мұғалімнің  басшылығымен  жүргізіледі. 

Оның  қызметінің  мақсаты  оқушылардың  белсенді,  саналы,  танымды  қызметін  басқару 

болып  саналады.  Мұғалім  оқушыларға  бірте-бірте  күрделі  талаптар  қояды,  соның 

арқасында  баланың  танымдық  ойының  ілгерлеу  қозғалысын  қамтамасыз  етеді.  Мұғалім 

оқытудың  табысты  өтуіне  жағдай  жасайды,  соның  көмегі  арқасында  мазмұн  оқушының 

игілігіне айналатындай әр түрлі әдістерді пайдаланады. 

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептерде қолөнерді оқытуда, бірақ осы пәнді 

өз  деңгейінде  жүргізетін  теориялық,  практикалық  және  пәнді  жүргізудің  әдістемесін 

меңгерген  мұғалім  жоқтың  қасы.  Болашақ  технология  мұғалімдерін  қолөнерді  оқытуға 

дайындау  шеберлігін  қалыптастыратын  теориялық  және  практикалық  біліммен  оны 

оқытудың  әдістемесін  меңгерудің  маңызы  зор.  Сондықтан  кәсіптік  білім  мамандығы 

бойынша  білім  беретін  жоғары  оқу  орындарында  жалпы  «Қолөнер  пәнін  оқудың 

әдістемесі»  атты  элективті  курсты  енгізетін  болсақ,  нәтижесінде  мектептегі  қолөнерде 

көркемдік-эстетикалық білімді жан-жақты үгіттей білетін, жалпы мәдени және көркемдік 

ой-өрісі кең, көркемдік талғамы, эстетикалық мәдениеті биік мұғалім қалыптасады. 

Қолөнер  пәні  графиканы,  кескіндемені,  сәндік  қолөнерді,  монументалдық  өнерді, 

мүсінді  зерттеу  т.б.  бағыттарын  қамтиды.  Өнер  тарихы  пәні  лекция  және  пікір  алысу 

сабақтарының  түріне  жатады.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  қолөнерді  оқудың 

әдістемесі  пәнінде  оқушыларға  лекция  сабақтарының  өтілу  әдістерін,  сабақ  жүргізудің 

әртүрлі формалары, сабақ материалын түсіндіру (лекция, әңгіме), оқушылар баяндамасы, 

коллоквиумдер,  оқушылардың  рефераттары,  ауызша  және  жазбаша  талдаулар, 

көркемөнер 

қайраткерлерімен 

кездесу, 

жергілікті 

өлкетану 

мұражайларымен, 

шеберханаларды аралау арқылы түпнұсқалармен тікелей таныстырудың әдістерін үйрете 

отырып,  оушыларға  үлгілі  сабақтар  жүргізеді.  Оқушылардың  әртүрлі  формада  өткізетін 

сабағына  байланысты  күнтізбелік  жоспарларын  әзірлейді  және  бекітілген  тақырып 

бойынша  күнделікті  сабақ  жоспарын  және  көрнекілігін  дайындайды.  Көрнекілікті 

пайдалана  білу,  қолөнердің  түрлері  мен  жанрлары,  әжелердің  шығармаларының 

иллюстрация  материалдарын  көбірек  талдау  арқылы  өнертанымдық  білімдері 

қалыптасады.  

Оқушыларды  тақырыптар  бойынша  лекция  жазуға,  атап  айтқанда:  конспект 

жазудың  тәсілдерін,  жалпылама  қолданылатын  қысқартулар  мен  белгілеулерді  көрсету, 

лекция  материалдарын  толықтыруға,  керекті  сызбаларды,  кестелерді  пайдалануға 

үйретудің  әдістері,  иллюстрацияны  талдауға,  көркем  шығармамен  өз  бетінше  жұмыс 

істеуге үйретеміз. Көрнекілік әзірлеу, пайдалану әдістерінің шарттары мыналар; 

а) қолөнеріндегі қолданылатын көрнекілік оқушының жасына сәйкес болуы; 

б) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсету; 

в) көрсетілетін көрнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы; 

Сонымен  қатар  оқушыларға  сабақ  барысында  көрнекілікті  шектеулі  пайдалануы 

керектігі және оны бірте-бірте тек сабақтың қажет сәтінде көрсетуін үйрету. 

Оқушыларға  қолөнерін  үйретуге  дайындау  әдістемесі  пәнінен  лекция  сабақтары 

мен  семинар  сабақтары  қатар  жүргізіледі.  Болашақ  технология  мұғалімдеріне  қолөнер 

пәнінде  семинар  сабақтарының  өтілу  әдістерін  семинар  сабақтарында  оқушылардың  әр 

ақпараттарға  терең  талдау  жасауын  және  дәл  баға  беруін,  оны  оқушыларға  өз  бетінше 

атқаруға үйретуге мүмкіндік туғызудың жолдарын қарастырамыз. Егер лекцияда жетекші 

рольді мұғалім атқарса, семинарда жетекші рольді оқушылар атқарады. 

Болашақ  технология  пәні  мұғалімнің  кәсіби  дайындығы  педагогикалық  оқу 

орнында аяқталмайды, ол кәсіби қызметтің барлық кезеңі бойына жалғасады. Мұғалімнің 

кәсіби  білімінің  үздіксіздігі  оның  шығармашылық  қабілеті  дамуының,  оның  қызметінің 

интегративті  элементі  және  жеке  педагогикалық  тәжірибесінің  әрдайым  дамуының  алғы 

шарты болып табылады, олар; 

-  орта  және  жоғары  оқу  орындарындағы  қолөнер  тарихы  курсының  ғылыми  және 

психология-педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұны; 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау