Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық



жүктеу 0,56 Mb.
бет9/9
Дата15.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#13883
1   2   3   4   5   6   7   8   9

26. Тестілеу нәтижелерін өңдеу





  1. Бітірушілердің жауап парақтарын сканерден өткізу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  1. Министрлік өкілі жауап парақтары салынған конверттерді сканерден өткізу үшін Министрлік программисіне береді. Конвертте толтырылған және толтырылмаған жауап парақтары болады. Толтырылған және толтырылмаған жауап парақтарының барлығы да сканерден өтеді. Жауап парақтары әрбір аудитория бойынша екі рет сканерден өткізіледі. Тестілеу уақытында аудиториядан тәртіп бұзғандығына байланысты шығарылған бітірушілердің жауап парақтары мен бүлінген жауап парақтары (кейбір ерекше жағдайларда осы нұсқаулықтың 39 қосымшасына сәйкес акт жасалынып жаңа жауап парақтарына ауыстырылған) сканерден өткізілмейді;

  2. Министрлік программисі сканерден өткізуді аяқтағаннан кейін, жауап парақтарын конвертке салады, содан кейін осы нұсқаулықтың 40 қосымшасына сәйкес жауап парағын сәйкестендіру хаттамасын береді;

  3. Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия жауап парақтарын сәйкестендіруге кіріседі, ал программист келесі аудиторияның жауап парақтарын сканерден өткізеді.

  1. Егер жауап парағы:

1) осы аудиторияға бөлінген жауап парақтарының тізімінде болса;

2) ондағы ТЖК өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;



3) ондағы орын нөмірі отырғызу парағындағы орын нөмірімен сәйкес келсе автоматты сәйкестендірілген болып табылады.

  1. Басқа жағдайда, жауап парақтары сәйкестендіру үшін сәйкестендіру хаттамасына түседі.

  2. Егер жауап парағы:

  1. осы аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде болса;

  2. ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

  3. комиссия нақты орынын, нұсқаның нөмірін және таңдауы бойынша пәнді көрсетсе, көзбен шолып сәйкестендірілген болып табылады.

  1. Басқа кез-келген жағдайда, жауап парағы тағы да сәйкестендіру хаттамасына түседі.

  2. Жауап парақтарын сәйкестендіру үшін:

  1. отырғызу парағы;

  2. бітірушілердің жауап парақтары;

  3. бітірушілердің сұрақ-кітапшалары;

  4. жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы қолданылады.



27. Жауап парақтарын сәйкестендіру





  1. Сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады. Ол үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында:

  1. жоғарғы кестеден әрбір бітіруші үшін оған тиісті жауап парақтарын қарап белгілейді;

  2. төменгі кестеден әрбір жауап парақтары үшін бітірушіге тиісті деректерді қарап белгілейді.

  1. Осы аудиториялар бойынша жауап парақтары мен сұрақ-кітапшаларының арасынан сәйкестендірілмеген жауап парақтары мен оларға сәйкес сұрақ-кітапшаларын іріктеп алынады.

  2. Әрбір жауап парағын оған тиісті сұрақ-кітапшасының ішіне салып және сұрақ-кітапшасының мұқабасына осы жауап парағының нөмірі жазылады.

  3. Салынған жауап парағы мен сұрақ-кітапшасы және толтырылмаған жауап парақтары төменгі кестеде келтірілген тәртіп бойынша салынады.

  4. Жоғарғы кестедегі сәйкестікті белгілеу. Жоғарғы кестенің әрбір жолдары үшін бітірушінің аты-жөні бойынша оған тиісті жауап парағы табылады. Содан соң «жауап парағының №» деген бағанға оның нөмірі жазылады.

  5. Төменгі кестемен жұмыс. Бітіруші жауап парағын толтыру кезінде қате жіберілген төмендегі секторлар қою сызықпен қоршалады:

  1. Аты-жөнін сәйкестендіру. Сәйкестендіру үшін төменгі кестенің өңделетін жолында көрсетілген жауап парағы алынып, ондағы бітірушінің қолымен жазылған аты-жөні «жауап парағындағы аты-жөні» бағанына түсіріледі;

  2. ТЖК коды мен орын нөмірін сәйкестендіру. Сәйкестендіру үшін отырғызу парағы алынып, ондағы осы бітірушінің аты-жөні мен оған тиісті ТЖК коды анықталып, «ТЖК дұрыс коды» бағанынан және сұрақ-кітапшасынан оның орнының нөмірін анықталып, «Орнының дұрыс нөмірі» бағанына жазылады;

  3. нұсқаны сәйкестендіру. Сәйкестендіру үшін бітірушінің сұрақ-кітапшасы алынып, ондағы нұсқа «сұрақ-кітапшасындағы нұсқа №» деген бағанға түсіріледі;

  4. таңдауы бойынша пәнді сәйкестендіру. Сәйкестендіру үшін бітірушінің сұрақ-кітапшасы алынып, ондағы таңдауы бойынша көрсеткен пәннің аты «сұрақ-кітапшасындағы таңдауы бойынша пән» деген бағанға жазылады.

  1. Осы қателіктер түзетілгеннен кейін «Шешім» бағанына «Түзету» деп жазылады.

  2. Егер аудиторияға бітіруші қосымша отырғызылса, жүйе оның аты-жөнін осы аудиторияға бөлінген бітірушілердің тізімінен таба алмайды. Сондықтан бітірушінің аты-жөні жоғарғы кестеде жоқ болғандығына қарамастан, оның жауап парағы төменгі кестеде белгіленеді. Отырғызу парағы тексеріледі. Бұл бітіруші қосымша отырғызылған ретінде белгіленеді. «Шешім» бағанына «Қосымша отырғызу» деп жазылады.

  3. Егер берілген аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде жоқ жауап парағы табылса, бұл бітірушінің жұмысы бағаланбайды және оның нәтижесі емтихан ведомосында көрсетілмейді. «Шешім» деген бағанға «Жою» деп жазылады.

  4. Бір аудиторияға бөлінген нұсқалар санынан бірдей нұсқалар саны көп болған жағдайда осы нұсқаулықтың 41 қосымшасына сәйкес, нұсқаларды сәйкестендіру жүргізіледі.

  5. Толтырылған сәйкестендіру хаттамалары деректер базасына енгізілу үшін программиске беріледі.

  6. «Министрлік программисі» АЖО-сында сәйкестендіру хаттамасын толтырып қойғаннан кейін тексерушілердің тарапынан жіберілген қателіктер табылған жағдайда, жауап парақтары қайтадан сканерден өткізіледі. Қайта сканерлеу ҰТО-мен келісіп, пароль алғаннан кейін іске асырылады.

  7. Қайта сәйкестендіру төмендегідей:

  1. ТЖК қате түзетілген;

  2. нұсқа қате түзетілген;

  3. таңдауы бойынша пән қате түзетілген жағдайларда жүргізіледі.

  1. Осы нұсқаулықтың 42 қосымшасына сәйкес қайта сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады.



28. Дұрыс жауаптар кодын ашу және емтихан ведомостарын беру





  1. Министрлік өкілі лектің жауап парақтарын сәйкестендіру процесінің аяқталғандығын ҰТО-ға хабарлайды.

  2. ҰТО Министрлік өкіліне парольді айтып, дұрыс жауаптар кодының файлын телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді.

  3. Дұрыс жауаптар коды жауап парақтары сәйкестендірілгеннен кейін мемлекеттік комиссияның төрағасы және ҰҚКД өкілімен бірлесіп үш парольдің көмегімен ашылады: мемлекеттік комиссия төрағасының паролі, ҰҚКД өкілінің паролі және Министрлік өкілінің паролі (ҰТО-дан алынады).

  4. Дұрыс жауаптар коды екі данада басылады: біреуі көпшіліктің назарына ілінеді, ал екіншісі апелляциялық комиссияға беріледі.

  5. Жұмыстарды бағалау жүргізіледі және апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосы төрт данада басылып шығарылады да, базасында ҰБТӨП орналасқан оқу орнының немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен расталады:

  1. бірінші данасы көпшіліктің назары үшін ілінеді;

  2. екіншісі – Министрлік өкілі үшін;

  3. үшіншісі – апелляциялық комиссия төрағасы үшін;

  4. төртіншісі – ҰБТӨП-те қалады.



29. Апелляция өткізу





  1. Апелляциялық комиссияның құрамы тестіленетін пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдерінен және апелляция өтініштерін қарайтын техникалық қызметкерлерден құрылады. Бір тестіленетін пән бойынша мұғалімдер саны екеуден аспау керек.

Апелляциялық комиссияның жұмысы арнайы бөлмеде (кабинетте) асырылады . Апелляциялық комиссияның мүшелеріне ұялы телефонмен және ақпаратты берудің басқа құралдарымен қолдануға болмайды.

  1. Апелляциялық комиссияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша берілген өтініштерді қабылдау;

  2. тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша апелляцияға берілген өтініштерді ДБ-ға енгізу;

  3. апелляциялық комиссия үшін қажетті құжаттарды басып шығару;

  4. апелляциялық комиссияның отырысы;

  5. апелляция бойынша шешім қабылдау және республикалық комиссиямен байланыс жасау;

  6. апелляциялық комиссияның шешімін енгізу;

  7. осы нұсқаулықтың 43 қосымшасына сәйкес апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын басып шығару.

  1. Жұмыс уақытында апелляциялық комиссия мынадай құжаттарды қолданады:

1) апелляция өтініштерін тіркеу парағы;

2) осы нұсқаулықтың 44 қосымшасына сәйкес апелляцияға берілген өтініштер тізілімі;



  1. осы нұсқаулықтың 45 қосымшасына сәйкес бітірушінің жауаптарын талдау картасы, жауап парағы және сұрақ-кітапшасы;

  2. апелляцияны есепке алмағандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосы;

  3. дұрыс жауаптар коды.



30. Апелляцияға өтініштер қабылдау





  1. Бітірушінің өтініші апелляцияға өтініштерді тіркеу парағына тіркеледі.

  2. Апелляцияға тест тапсырмаларының мазмұны бойынша және техникалық себептерге байланысты өтініштерді Министрлік өкілдер қабылдайды.

  3. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты апелляцияға берілген өтініштерді апелляциялық комиссияның төрағасына беріледі және ол Министрлік программисінің өтініштерді ДБ-ға енгізуін қадағалайды.



31. Апелляциялық комиссияның отырысына дайындық





  1. Министрлік программисі апелляциялық комиссияға бітірушілердің жауаптарын талдау картасы мен апелляцияға берілген өтініштер тізілімін береді.

  2. Министрлік өкілі жауап парағының көшірмесі мен оның түпнұсқасындағы мәліметтің сәйкестігін бақылау үшін бітірушілердің жауап парақтарының түпнұсқаларының көшірмелерін алады.

  3. Министрлік өкілі апелляциялық комиссияның төрағасына:

1) апелляцияға өтініш берген бітірушілердің жауап парақтарын (көшірмесін алғаннан кейін);

2) дұрыс жауаптар кодын;

3) бітірушілердің сұрақ-кітапшаларыннан жасалған апелляцияға өтініш берген тест тапсырмаларының көшірмесін;

4) бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;



5) бітірушілердің апелляцияға берген өтініштерін;

  1. апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін;

  2. апелляцияны есепке алмағандағы емтихан ведомосын береді.



32. Апелляциялық комиссияның отырысы





  1. Апелляциялық комиссия бітірушілердің өтініштерін тестілеу нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 14-00-ден бастап қарайды.

  2. Апелляциялық комиссия әр бітірушімен жеке-жеке жұмыс жүргізеді. Бітіруші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

  3. Жауаптарды талдау картасы бітірушінің 5 пән бойынша нәтижелері көрсетілген бес кестеден тұрады. Әр кесте төмендегідей 4 жолдан тұрады:

  1. бірінші жолда осы пән бойынша 1 мен 25 аралығындағы тапсырма нөмірлері көрсетілген. Бітіруші апелляцияға берген тапсырмаларының нөмірлері қою түспен боялған;

  2. екінші жолда дұрыс жауаптар коды берілген;

  3. үшінші жол бітірушінің жауап парағынан оқылған жауаптардан тұрады;

  4. төртінші жол автоматты түрде екінші және үшінші жолдарды салыстыру нәтижелері бойынша құрылады.



33. Апелляция бойынша шешім қабылдау





  1. Шешім тек бітіруші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қарастырылмайды. Апелляция комиссиясының апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.

Әрбір тапсырма бойынша дәлелдемелері (толық түсініктемесі, есептің қадам бойынша шешімі) көрсетілмеген барлық тест тапсырмаларын қаралуына берілген апелляция өтініштері қарастырылмайды.

  1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

  1. тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;

  2. дұрыс жауабы болмаса;

  3. бірнеше дұрыс жауабы болса.

  1. Бұл жағдайда балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады: апелляциялық комиссия телекоммуникациялық желі арқылы осы нұсқаулықтың 46 қосымшасына сәйкес кестені толтырып, республикалық комиссия үшін ҰТО-ға жібереді. Кестені алғаннан кейін республикалық комиссия шешім қабылдап, өзінің шешімін сол кестедегі бағанға сәйкес енгізеді де, қайтадан ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді. Республикалық комиссияның шешімі соңғы шешім болып саналады.

  2. Егер бітіруші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» шешімін қабылдайды.

  3. Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

  1. дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер 2 дөңгелекше ретінде оқыған;

  2. дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер оқымаған.

  1. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Оң шешім ҰТО-мен келісіледі. Апелляция комиссиясының төрағасы балл қосылған бітірушілердің сұрақ-кітапшаларын ҰТО-ға алып келеді.



34. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу





  1. Апелляциялық комиссия өз шешімін апелляция берген өтініш парағында белгілейді.

  2. Шешімді ДБ-ға міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен Министрлік программисі енгізеді.

  3. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.

  4. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:

1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмеді);

2) жойылды (өтініш жойылды);

3) шешім қабылданды (апелляция қаралды және шешім қабылданды) мағыналарының бірі жазылса ғана жабылады.

35. Апелляциялық комиссиясының хаттамасын басып шығару





  1. Программист апелляция жабылғаннан кейін:

1) апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;

2) апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;

3) ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляцияны есепке алғандағы) екі данада басып шығарады да, оларды базасында ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімінің мөрімен растайды.


  1. Олардың бір данасы қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншісі ҰБТӨП-тің іс-қағаздарына тіркеледі.

  2. Хаттамаға апелляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.

  3. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бергеннен кейін Министрлік программисі ағымдағы лекті жабады.



36. Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы





  1. Жұмыс аяқталғаннан кейін апелляциялық комиссияның төрағасы Министрлік өкіліне жауап парақтарының түпнұсқаларын береді.

  2. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады.

  3. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:

  1. апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағын;

  2. осы нұсқаулықтың 46-1 қосымшасына сәйкес нысандағы лек және әліпби бойынша апелляцияға өтініштерді;

  3. апелляцияда балл қосылған бітірушілердің сұрақ-кітапшаларын;

  4. апелляцияға қатысқандардың жауап парақтарының көшірмесін;

  5. апелляцияға қатысқан бітірушілердің жауаптарын талдау карталарын;

  6. апелляцияға берілген өтініштердің тізілімін (соңғы нұсқасын);

  7. әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын;

  8. апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркейді.

  1. Апелляциялық комиссияның есебі осы нұсқаулықтың 47 қосымшасына сәйкес нысандағы комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады.



37. Сертификаттарды дайындау және беру





  1. Апелляция аяқталғаннан кейін Министрлік программисі сертификаттар файлын құрады.

  2. Сертификаттарды басып шығару үшін, «Министрлік программисі» АЖО-сы орнатылмаған екінші компьютерге «Сертификат» АЖО-сы орнатылады. «Сертификат» АЖО-сында сертификаттардың баспаханалық нөмірін автоматты түрде енгізетін арнаулы интерфейс қарастырылған.

  3. Министрлік программисі:

1) сертификаттардың баспаханалық нөмірлерін ДБ-ға енгізеді және басып шығарады;

2) сертификаттарды тарату тізілімін басып шығарады.



  1. Министрлік программисі нөмірлері қойылған сертификаттар файлын құрып, оны телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

  2. Дайын болған сертификаттарға мемлекеттік комиссияның төрағасы мен Министрлік өкілі қол қойып, базасында ҰБТӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мөрін басады.

  3. Сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізіліміндегі мәліметтерді емтихан ведомосымен салыстырғаннан кейін, Министрлік өкілі тізілімнің әрбір парағына қол қояды.

  4. Дайын болған сертификаттар мен сертификаттарды беру тізілімін Министрлік өкілі ҰБТӨП жетекшісіне береді.

  5. Тестілеу аяқталғаннан кейін мектептің техникалық хатшысы ҰБТӨП жетекшісінен ҰБТ қорытындысы бойынша емтихан ведомосын, сертификаттарды және сертификаттарды беру тізілімін алады.

  6. Сертификаттар бітірушілерге тестілеу аяқталғаннан соң үш күннен кейін беріледі, яғни 1-күні – ҰБТ, 2-күні – апелляция, 3-күні - сертификаттарды даярлау және мөр қою, 4-күні – сертификаттарды тарату.

  7. Бітірушілерге сертификаттар мектепте беріледі және сертификаттарды тарату тізіліміне бітірушілер өз қолдарын қояды.

  8. Сертификаттарды беру аяқталғаннан соң, сертификаттарды тарату тізілімі ҰБТӨП жетекшісіне тапсырылады.



38. ҰБТ сұрақ-кітапшаларын жою





  1. ҰБТӨП жетекшілері ҰБТ сұрақ-кітапшаларын жоюды ұйымдастырады, бірақ апелляция кезінде балл қосылған, тестілеуден алып тасталған және нәтижелері жойылған, сондай-ақ баспалық ақауы бар және тестілеу кезінде қолданылмаған бітірушілердің сұрақ-кітапшалары ҰТО-ға жеткізіледі.

  2. Сұрақ-кітапшаларын жою үшін Министрлік өкілдері мен филиал қызметкерлерінен тұратын комиссия құрылады.

  3. Тестілеудің барлық кезеңі аяқталғаннан кейін сұрақ-кітапшаларын өртеу немесе механикалық ұсақтау жолымен мазмұнын оқуға немесе қайта пайдалануға жол бермейтіндей жағдайға келтіре отырып сұрақ-кітапшаларын жою жүзеге асырылады. Сұрақ-кітапшаларын ары қарай тәжірибелік мақсатта қолдануға рұқсат етілмейді.

  4. Сұрақ-кітапшаларын жою осы нұсқаулықтың 48 қосымшасына сәйкес акт бойынша рәсімделеді.

  5. ҰБТ сұрақ-кітапшаларын жою туралы акттің түпнұсқасы міндетті түрде түгендеме нөмірі көрсетіле отырып, сондай-ақ жою суреті немесе бейнематериалдары ҰТО-ға жеткізіледі.



39. Атқарылған жұмыстар туралы есеп





  1. Барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Министрлік өкілі, апелляциялық комиссияның төрағасы мен Министрлік программисі ҰТО-ға атқарған жұмыстары туралы жазбаша есеп береді.

  2. ҰБТ-ның барлық кезеңі аяқталғаннан кейін, қорытынды статистикалық мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі.

  3. Тестілеу барысының жазбасы алмалы электрондық тасымалдаушы (CD/DVD-дискі, флэш-карта, сыртқы қатты дискі) арқылы ҰТО-ға жеткізіледі.



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау