Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық


Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру



жүктеу 0,56 Mb.
бет8/9
Дата15.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#13883
1   2   3   4   5   6   7   8   9


21. Рұқсаттамаларды ресімдеу және беру





  1. Рұқсаттамалар мен түбіртектер бітіруші оқитын мектепте ДБ жабылғаннан кейін ресімделеді. Рұқсаттаманы ресімдеу үшін бітіруші (34 көлемді) екі фотосуретін тапсырады. Бітірушінің фотосуреті рұқсаттамаға және түбіртекке желімделеді және оларға мектеп директорының қолы қойылып, мөр басылады.

  2. Рұқсаттама бітірушіге рұқсаттаманы тарату тізіліміне қол қойғаннан кейін беріледі. Бітіруші түбіртекке қол қойғаннан кейін, оны техникалық хатшы ҰБТӨП жетекшісіне береді. Рұқсаттаманы бітірушіге бергенде ҰБТ өтетін орын мен уақыты хабарланады.

  3. Бітіруші рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Егер бітірушінің рұқсаттамасында қате табылған жағдайда, оны түзету үшін техникалық хатшыға хабарлайды.

  4. Бітіруші рұқсаттамасын алу барысында, рұқсаттамада және оның түбіртегінде көрсетілген ҰБТ кезінде тәртіп сақтау ережесімен танысқандығын және өзінің жеке мәліметтерінің дұрыстығын растап қол қояды.


22. Бітірушілерді аудиторияға кіргізу, отырғызу және қосымша отырғызу





  1. Бітірушілерді кіргізу және отырғызу Ереженің 27, 28 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. ҰБТӨП-ке бітірушілерді кіргізу мектеп бойынша жүргізіледі. Техникалық хатшы өзіне бекітілген бітірушілерді осы нұсқаулықтың 16 қосымшасына сәйкес нысанға кіргізу уақыты аяқталғандығын және оларда тыйым салынған заттардың болмауын белгілейді. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған заттар табылған жағдайда олар техникалық хатшыға сақтау үшін беріледі.

  3. Техникалық хатшы мектебінің бітірушілеріне тестілеуге бітірушілерді кіргізу барысында тыйым салынған заттар табылса немесе орнына басқа адамды кіргізу әрекеті анықталған жағдайда оның соңы неге әкелетіні туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

  4. Тестілеуге кіргізу барысында металліздегіштердің бір түрі: қолмен іздейтін немесе рамкалық металліздегіш қолданылады. Тестілеуге кіргізу барасында металіздегіштер қоғамдық тәртіпті және ҰБТ өткізу кезінде халықтың жаппай жиналған жерлерінде бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар ҰБТӨП ғимаратына тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін қолданылады.

  5. Тестілеуге кіргізу барысында металліздегіштерды қолдануды мемлекеттік комиссия жүзеге асырады. Тексеру рәсімін бақылауды Министрлік өкілдері тобының жетекшісі іске асырады.

  6. ҰБТӨП ғимаратына кіргізу барысында бөтен тұлға ұсталған жағдайда осы нұсқаулықтың 37 қосымшасына сәйкес акт жасалады, ұсталған тұлға және орнына заңсыз тұлға кіргізуге әрекет жасаған бітіруші тестілеуге жіберілмейді.

  7. Тестілеу өткізу барысында бөтен тұлға ұсталған жағдайда осы нұсқаулықтың 38 қосымшасына сәйкес акт жасалады, ұсталған тұлға аудиториядан шығарылады, оның нәтижесі өңделмейді.

  8. Бітірушілерді қосымша отырғызу Ереженің 29, 30, 31-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.



23. Емтихан материалдары бар қораптарды ашу





  1. Емтихан материалдары бар қорап осы аудиториядағы үш бітірушінің және ата-аналардан тұратын тәуелсіз бақылаушылар бар болған жағдайда солардың қатысуымен ашылады.

Қорапта осы нұсқаулықтың 25 қосымшасына сәйкес емтихан материалдарын ашу туралы актісі, жауап парақтары салынған конверт, осы нұсқаулықтың 24 қосымшасына сәйкес жауап парақтарының көшірмелері, сұрақ-кітапшалары, қосымша жауап парақтары салынған конверт (тек №1 аудиторияда ғана болады, егер №1 аудитория болмаса, келесі аудиторияда) болады.

  1. Шақырылған бітірушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Қорапты ашып, ішіндегі емтихан материалдарын санап, нәтижелерін емтихан материалдарын ашу актісіне түсіреді және оған қолдарын қояды. Емтихан материалдарының нақты саны сәйкес келмеген жағдайда, Министрлік өкілі өкілдер тобының жетекшісіне ескертеді және ол фактіні емтихан материалдарын ашу актісінде көрсетеді. Қорапты ашқаннан кейін оның ішіндегі сұрақ-кітапшалары осы аудиториядағы емтихан тіліне сәйкес келмесе, Министрлік өкілі өкілдер тобының жетекшісіне ескертеді және акт жасайды.

Бұдан кейінгі шешімді Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия ҰТО-мен біріге отырып қабылдайды.

24. Емтихан материалдарын тарату және олармен жұмыс істеу тәртібі





  1. Бірінші кезекте тек қана жауап парағы мен оның көшірмесі (тестілеуден кейін балдарды өз бетінше санауға арналған арнайы бланк) ғана таратылады. Министрлік өкілі таратып болғаннан кейін, оларды толтыру тәртібін түсіндіреді.

  2. Жауап парағының қызметтік секторлары толтырылып болғаннан кейін №1 отырғызу орнынан бастап, пәндер бойынша тест тапсырмалары бітірушілерге жеткізілетін сұрақ-кітапшаларын таратылады.

  3. Тестілеудің қорытындысы бітірушінің жауап парақтары өңделгеннен кейін шығады, сондықтан бітіруші жауап парағының бір данада ғана берілетінін, қайта ауыстырылмайтынын және бұл білімін айғақтайтын жалғыз құжат екенін есте сақтайды. Бітіруші оны қате жіберуге, жөндеуге жол берместен аса мұқият толтырады.

  4. Жауап парағының қызметтік секторлары мен сұрақ-кітапшасының мұқабасы толтырылып болғаннан кейін барлық сұрақтар мен түсіндіру жұмыстары тоқтататылады. Тест тапсырмасының жауаптарын белгілеу мен жауап парағының көшірмесін толтыру уақыты таза берілген уақытқа кіреді. Тестілеуге берілетін уақыт – 210 минут (3,5 сағат).

  5. Емтихан материалдарымен жұмыс Ереженің 20, 21, 22, 23, 24, 25-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  6. Емтихан біткеннен кейін бітіруші қолындағы жауап парағы көшірмесіндегі өз жауаптарын мемлекеттік комиссияның көпшілік назарына ұсынған дұрыс жауаптар кодымен салыстырады.



25. Тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын және тапсыру





  1. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақ-кітапшасы әр бітірушіден жеке-жеке қабылданады, бітіруші Министрлік өкіліне оларды жауап беруді аяқтауына қарай немесе тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін орынында отырып тапсырады.

  2. Министрлік өкілі бітірушінің жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және сұрақ-кітапшасы мұқабасының толық толтырылуын тексереді, содан кейін бітіруші аудиториядан шығады.

  3. Министрлік өкілі емтихан материалдарын арнайы конвертке және қорапқа салып, бірнеше бітірушілермен бірге мемлекеттік комиссия отырған бөлмеге жеткізеді.

  4. Министрлік өкілі өкілдер тобының жетекшісіне жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған) салынған конверт, отырғызу парағы, емтихан материалдарын ашу актісі, пайдаланылған сұрақ-кітапшалары салынған қорапты және рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізім тігілген папканы тапсырады.




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау