№23 (699) 22 маусым 2018 жыл
Естелік
E-mail:
E-mail:
jas_qazaq@mail.ru
jas_qazaq@mail.ru
9
ww
www.ja
w.jasqazaq.kz
sqazaq.kz
ОРАШ
ОРАШ
(. ө .)
Жұмыр басты пенде не ойламайды, есiне не
түспейдi, кз алдына не елестемейдi. Ораш аты
аталған сайын, сремдегi кiтаптарын крген
сайын оның кабинетiме еркелене шайқала
басып кiргенiн, жымыңдап тұрып сйлескенiн,
қиық кзi жұмыла күлiп, қолымды қысып
қоштасқанын, ақын Нұтфолла Шәкенов
жазғандай, кеудемде суретi қалғанын сезiнемiн.
1993 жылғы мамырдың 3-і күнi сағат 12
млшерiнде:
– Можно? – деген ол, есiктi айқара ашып.
Еркелене әзiлдескiсi келгенде әуелi орыстың
осы сзiн алдына сала сйлейтiнi бар едi.
– Всегда можно! – дегенмiн, кңiлiнiң
желпiнiсiн қоштап.
– Құдай қосса, ертең Делиде отыратын
болдым, Ғаба-аға!
– Түркияға қашаннан берi Дели арқылы
ұшатын болыпты?
– Маршрутты згерттiм. Үндiстанға баратын
болдым.
– Е, неге? Түркияға бармайсыңдар ма, ол
кейiнге қалдырылды ма?
– Олар ертең ұшады, ал мен бүгiн кешке
ұшамын.
– Мұның қалай?
– «Адам айдаса – барман, дәм айдаса
– қалман» емес пе, Ғаба-аға? Маған
Үндiстанға жол түстi.
– Ораш-ау, онда қазiр күн күйiп тұр ғой,
қырық градустан асқан ыстық дейдi. Қан
қысымың мазалап, «кк қағазбен» бiр айдай
жүрiп, жұмысқа шыққаның кеше ғана, қалай
болар екен?
– Ештеңе етпес. Үндiстан кне мәдениет елi
ғой, оны бiр кру арманым едi, сәтi түстi, барып
келейiн. Түркия мына тұрған жер, оған әлi
талай барармыз, ол оңай. Осы жаңалығымды
айтып шыққалы келдiм, Ғаба-аға. Сiзге не
сувенир, нендей байғазы әкелейiн?–дедi
күлiмдеп.
– Сауынға жарайтын бiр пiл ала келсең, сол
жетер,–дедiм.
– Самолетке сиса – бiттi! – деп күлдi.
– Ендеше, жолың болсын, бауырым!
Армансыз аралап, рахаттанып, аман-сау орал!
– Сау болыңыз, жеңгейге сәлем айтыңыз!
Орашты соңғы рет круiм сол болды емес
пе?!. Түркия сапарынан айнымаса... Үндiстанға
бармаса… Ей, пендешiлiк-ай, қай-қайдағы
ой қамалағанда қайсысына одан боларымды
бiлмей мүлгiп қаламын…
;кем Қабыш шын құмар аңшы болған едi.
Құсбегiлiк әңгiме етiле қалғанда: «Алтайдың
ақиығы құз жартаста жанып, шыңда снедi»,
– деп отыратын. Бала кезiм ғой, мен ол «жану»
мен «снудi» түсiнбейтiнмiн, кейiн аңдадым.
Оралхан ғұмыры сол бейнелi сздiң мәнiн және
бiр растады-ау!.. Шыңғыстай мен Дели арасын
жалғаған қысқа ғұмыр!..
;дебиетiмiздiң классигi Оралханның бақиға
бет түзегенiне 7 жыл толған күнi – 2000 жылғы
мамырдың 17-сiнде кiтап дүкенiнен «Оралхан»
атты жинақты крiп, сатып алдым да, кеште
оқи бастап, таң қылаңдай тәмәм еттім.
Құйынсезiмнiң құзырында болдым… Жинақты
құрастырған Райхан Мәженқызына, Орашты
еске түсiргендердiң баршасына алғысым
шексiз!..
Жинақта Нұртре Жүсiп iнiмiздiң
Оралханды еске ала айтқан: «Аграда сәл
аялдаған тұс болды. Мәшинеге отыра бергенде
Орекең ойда жоқ әңгiменi қозғады: – Мен
туралы ертең естелiк жазасыңдар ғой, қазiр
«Мен бар, Мұхаң бар» деп жазып жатыр ғой…–
деп аяғын әзiлге бұрып жiбердi. Сол сәтте
мән бергенiм жоқ бұл сзге», – деген сйлемi
жүрегiмдi жұлқып қалды...
Ораштың иегiн иығына бұра ктеріп, кзiн
жұма сылқ-сылқ күлген жайдары бейнесi
санамның сахнасына шыға қалды. «Ғаба-аға,
кейiпкерiңiздiң кім екенiн айтып берейiн бе,
бәстесесiз бе?» – деп еркелене айтқан әзiлiн
қайталап естiгендей сағынышты күй кештiм.
«Бәс!» дегенмiн мен. «Үш жол трынька!»–
дедi ол. «Жарайды!» дедiм. «Bзiмiздiң кршi
ағамыз Нүкең!» дедi ол. Мойындадым. Нүкеңi
– ақын Нұтфолла Шәкенов ағамыз. Ол кiсi
кiм жнiнде, мәселен: Мұхтар ;уезов, Сәбит
Мұқанов… туралы болсын әңгіме айтқанда,
әуелi зiн мәтихтап: «Анау жылы мен бар,
Мұхаң бар», «Бірде мен бар, Сәбең бар» деп
бастайтын. Сол әдетiн арқау етiп сықақ әңгiме
жазғанмын. «Қазақ әдебиетiнде» шыққан.
;рине, онда кейiпкердiң ныспысы басқа, ал
тақырыбы – «Мен бар, Мұхаң бар…». Ораш
Делиде соны аузына алыпты...
Адами тірліктің тіні – естелік. Санаң
кіргеннен дәмің таусылғанға дейін миыңа сенің
еркіңсіз-ақ сіңе береді де, сен жолай керек
еткен сәтте матаның суыртпақ ұшығынша шыға
келеді. Ірісі мен ұсағы, ыстығы мен суығы,
қымбаты мен арзаны... Маған Ораш жайындағы
естеліктерім тым қымбат. Қосымша айтар бір
ерекшесі – Біржан сал мен Ақан серінің...
Ккшесіндегі сәттеріміз.
Жылы үйден салқын
далаға шықтық.
Оншақты кісіміз. Ақшам
әлпеті. Ұйқыға бағынар
алдында
біраз
серуендеу
керек қой.
Орман іші.
1991 жылдың
қарашасы.
Ккше
ңірі. Сыншы,
әдебиетші Есмағамбет
Ысмайыловтың
туғанына 80
жыл толуын
тойлап жүрген
күндеріміз.
Алматыдан
трт-бес
жазушы, сыншы
бармыз.
Той сипаты
тамаша. Есақаңның
аруағын құрметтеуші
жерлестерінің дайындығында,
қызметінде, сз-тілегінде қапы-жаңылыс жоқ.
Жаңсақ жәйт мейман зімізде болмаса... Далаға
шығуымыздың қосымша себебі соңдай бір
жәйттен еді.
– Ораш, менімен бірге қар кешіп қайтуға
қалайсың? – дедім Оралханға дастархан
жиналып, ас қайырылған сәтте. Ол бетіме
барлай қарады да, сәл жымиып:
– Пионер болғанымыз бекер ме, «Всегда
готов!» – деді. Ал далаға шыққан соң мені
қолтықтай бере: – Аға-еке, дауысыңызда...
үніңізде ұсыныс-тініштен грі ұрсыңқырағанға
ұқсас бір кілтипан бар сияқты ғой? – деп
еркелене сйледі.
– Осы саған ренжіп крмеген едім, бүгін
орайы келіп қалды, – деп мен де әзілге
сайдыра бастап: – Жаныңа ерген серігіңе
жұрттың кзінше неге ауыр сз айттың? «Мені
масқаралады, тіл тигізді, барған соң тініш
берем де, жұмыстан шығам, редакциядан
кетем, Оралхан шығарып тұрғанда ол газетке
енді аттап аяқ баспаймын!» деп күйіп-пісіп
шағынды маған. Не болды сендерге? Газеттен
келген екеуіңнің араларыңда бір пәле жүрсе,
несіне бірге шықтыңдар? – дедім.
Орманның әлі із түспеген қалың ақ ұлпа
қарын тізеден кеше оңашалана бергенбіз.
Оқшау салынған үйдің
айналасында, жүз қадамдай жерге
дейін, қол созым биіктіктегі
электр желісі бойында керекұлаш
есеппен орналастырылған шамдар
жарқырап тұрған-ды.
– Аға-еке, сіз маған бұрын
да бір ренжігенсіз, оны неге
ұмытасыз? – деді Ораш сол
еркеленген қалпымен.
– Қашан? – деп қалдым,
миымның «телеграфшылары» сол
әредікте-ақ есімнің мұрағатын
астаң-кестең етіп үлгірсе де, ондай
ештеңе таба алмай.
– Ол бұдан он бес жыл шамасы
бұрын болған. Ақ үйге кіргенде.
Бір кеште есік алдында үш-трт
жігіт тұрып, үйдің салыну сапасын
сз етістік те мен: «мына үйді,
осы қазір он жігіт жиылып, бірден қатты үрлеп
кеп қалсақ, оллаһи, ортасынан қақ блініп,
жиырма пәтері оң жаққа, жиырма пәтері сол
жаққа шашылып қалады! – дедім. Жігіттер ду
күлді. Ал сіз: «;й, бауырым! Білетініңді біл,
білмейтініңе басыңды ауыртпа!» – деп жекідіңіз
де, кетіп қалдыңыз, – деді Ораш, басын
шалқита, мәз боп күліп.
Мен ол жәйтті есіме түсіре алмадым.
– Е, ол миым ашып жүрген кез ғой.
«Менің ;деби қордағы директорлығымды
алып қойды», – деп ( -)
маған жауығып жүрген ;бдірәшит Ахметов
( ): «Қабышев қырық пәтерді
зі біліп бліп, зіне жаққандарды кіргізіп
қойды. Оның партиялылығын қарау керек!»
деп Совет аудандық және қалалық партия
комитеттеріне телефон соғып, Жазушылар
одағының партком мен кәсіподағы менің
тәртібімді қарап, сгіс берді емес пе? Сйтіп
жүргенде сен кекеп-мұқасаң, ондайда шыдау
қиын шығар? – дедім, ткендегі қиянатты
есіме алып, онша кңілдене қоймай.
– Мен үйді шынында нашар салынған
болар деп ойладым. Сіз оны тез салдыруын
тез-ақ салдырдыңыз, қырық пәтерлі үйіңіз
айналасы жарты жылда дайын болды ғой.
Бір күні жұмыстан түскі үзіліске келіп, үйдің
сыртқы қабырғасын кзіммен сүзіп тұрсам,
дәл ортасында тігінен тік саңылау крінді,
теңді буған тәріздендіріп ораған жалпақ
қаңылтырдың жиегінен. Е, мынаның жартысы
қисайыңқырап кеткен екен де, сыммен тартып
орап, ақ қаңылтырмен жауып қойған екен»
деп білгіштігім ұстап, соны ретін тауып сізге
айтпаймын ба?! – деп Оралхан тағы күлді
де: – Сіздің сол ренішіңізден кейін, ертеңінде
әлгі прораб жігіттен – Қырғыз әліден ақ
қаңылтыр белбеудің не екенін сұрасам, ол:
«жердің сілкінісіне қарсы жасалған жік, ол
үлкен үйлердің бәрінде болады» деп, жақсылап
түсіндіріп берді. Білмейтін нәрсеге, тіпті
білудің қажеті жоқ нәрсеге шынында басты
ауыртпаған дұрыс екен. Ал сізге шағынған
Сайлау да кіріспеске кірісіп, әңгіменің ажарын
бұзады, сздің сәнін кетіреді. Былайда іскер,
пысық, адал жігіт, тек артығырақ ішіп қойып,
қыстырылып кеп отырады. Бағана, рас, оқыс
тойтарып тастадым. Ол – зімнің жанторсығым,
таңертең жарасып кетеміз. – деп күлген Ораш
қолын қолтығымнан алып, былғары пальтосын
сықырлата сілкінгендей қимыл жасады.
– Үйге оралайық па, тоңып кетпейсің бе? –
дедім, бұрыла тоқтап.
– Тоңа қоймаспын. Алтайдың ақ
крпесін оранып, аязын жұтып стік қой.
Ккше қысының шымшығаны қайтер
дейсіз, аппақ қарын кеше түсейік, мамықтай
болып моп-момақан жатыр екен...
– Тоңып қалмасаң болды, тоқтышақтың
терісі емес үстіңдегің.
– Аға-еке, адалын айтыңызшы, менің
редакторлыққа тағайындалуыма себепші
болғаныңыз рас па?
– «Себепші болды» деп кім айтты?
– Түйсігім айтты, – деген Оралханның
даусында әлдебір ширығудың шыңылтыр табы
бар сияқтанды.
– Бауырым, Ораш! Сен – исі қазаққа сол
түйсігіңмен танылған жазушысың. Құдай
бергенін алмасын, тіл мен ой жарысында
сенімен үзеңгіқағыстырар қалам иесі сирек.
Мен осыған сүйінемін. Ал соңғы он шақты
жыл бойы тікелей сенің күшіңмен шығып
келе жатқан «Қазақ әдебиетіне» газетші-
журналистік ресі сенен тмен жандардың
бірінен соң бірі жоғарғы жақтың қалауымен
редактор болып келетініне күйінетінмін. Сол
күйінішімді Одақтың жаңа басшысы Қалдарбек
Найманбаевқа айтқаным рас: «Оралхан
Бкеев орынбасар болып отыра берсін
деген қаулы бар ма еді, бұл неткен
жнсіздік? Цекаңмен сйлес, мына
редактор жоғарылайды деседі, орнына
Оралханды бекіттір!» дедім. Қалдарбек
«аға-екелеп» жүрген інілерімнің бірі
ғой, қатты айттым. Ал соным бірден-
бір себеп болды ма, жоқ па, – оны
білмеймін, хатшы маған есеп бермейді
ғой, – деп сзімнің соңын әзілге
сүйедім.
– Сіздің қаныңызда да
жерлесшілдіктің түйіршігі бар болғаны
ма? – деді Ораш ойнақы үнмен.
– Медицина тіліне ойыстың-ау? –
дедім қарымта іздеп.
– Кп ауырған адам дәрігерге
айналатын тәрізді, – деп сәл күрсінді.
– Солай ма?.. Ол да мүмкін...
«Еңбекшілер» ауданы шегіндегі
қалың орман ішінде орналасқан демалыс
үйінің ақ сәуле құйылған аппақ ауласын
қиып кету оңай еместей. Дізені кме
жатқан жұп-жұмсақ мамықтай қарды
кешіп жүре бергің келеді. О тұс пен бұ
тұста күреңденіп крініп тұрған әлде
орыңдықтың, әлде балалар әткеншегінің
арқалығы, әйтеуір, сол күні аспаннан
толассыз тгілген ақ ұлпаның астында
қалған әлдебір ағаш нәрселер крпесін
мықтап қымтанып, ұзақ ұйқыға
кеткендей. Бәсекелескендей жарыса биік
скен қарағайлардың бұтақтары да ақжалданып
тұр. Оралханның шығармаларындағы Алтай
қысының суреттерін еске түсіреді. Оралхан
суретінің бояуы, әрине, бұдан кп қанық. Жыл
мерзімдерінің қайсысын сипаттаса да, кзбен
кргеніңнен әлдеқайда кркем болып шығады.
Адамның жан-дүниесін бейнелеп беруі де ғажап!
Оралханның ой-қаламына іліккен нендей
тірлік, нендей құбылыс болсын тылсымдығынан
айырылып, құпиясын ашып, бірақ оқырманын
тың ойға, тың толғанысқа тартып, жаңа
арнада мың бұралады, жүрегіңе құйылады да,
әрқайсысы зіне тән келбет-кейпін табады.
Мен осындай бір ойға беріліп, жанымдағы
Оралхан інімнің жазушы-суреткерлік
шеберлігіне іштей мақтанышпен марқайған
едім. Кз қиығымды тастасам: Ораш екі
қолын жанқалтасына салып, ақ киіз айыр
қалпағының үшкіл алды ағындағы ақ қайықтың
тұмсығынша ктеріліп, әлдебір алысқа басын
сәл қисайта асқақ қарап келеді екен.
«Тәкәппарсың-ау, бауырым! Бірақ
саған тәкәппарлық жарасады! Еңсеңді биік
ұстағаның жарасады!» деген кптен бергі
ойымды іштей және бір қайталадым. Bзі бір
құлшыныспен, құмарлықпен бейнелеген,
ауызша әңгімелеріңде де қызына жиі айтатын
Кербұғысындай керімсал тұлғалы қаламгер
Оралхан Бкейұлымен Алтай-Алатаудың, енді,
міне, Ккшенің ауасын блісіп жүргеніме
іштей тағы да тәубә еттім. Оның жаңағы
«жерлесшілдіктің түйіршігі» туралы әзіл
сұрағын жауапсыз қалдырғаным есіме түсті.
– Оралхан, жерлесшілдікті әркім әрқалай
ұғады ғой, – дей бергенімде:
– Иә, айта беріңіз, – деді салмақты үнмен.
Сауалына жауап күтіп келе жатқан болды ма?
Менің жауап ұсынарымды тосқан ба?
– Айта берсем: кп сздің қажеті жоқ, мен
– жерлесшілдіктің сырқатына шалдықпаған
адаммын, одақта аралас-құралас, қызметтес
болған үлкен-кішінің ешқайсысы маған онда
кінә таға қоймас. Ал жерлестерімнің жақсы
іс-әрекеттеріне жаңалықтарына, табыстарына
ашық қуана аламын, атап айтамын да. Реті
бар, жні бар кмек күткендеріне қолұшымды
қорғанбай беремін. Шығыс Қазақстанның,
Алтайдың атына кір келтірмегендерге, «кір
келтірмес-ау» деп білгендеріме жәрдемімді
аяған емеспін, әлі де аямаспын. Туған
топырағының қадірін білмейтіндермен,
тңірегін ластап жүретіндермен жерлес
болған емеспін, бола да қоймаспын. Басқа
облыстардың үлкен-кіші жазушыларымен
қарым-қатынаста да әу бастан бағдарым
осындай. ;дебиетімізді силағанды, қаламгер
атын силағанды құрметтеймін, ал керісінше
қылық крсететіндерді суқаным сүймейді...
– Білем, аға-еке, білем! – деп Оралхан
қайтадан ойнақы қалыпқа кше сзімді блді
де: – Литфондта директор болып тұрғаныңызда
зін «тірі классикпін» деп санайтындардың
екеу-үшеуінің дертесін қайырып беріпсіз? – деп
күлді.
– Иығымен үркітіп-қорқытып алуға
тырысқандар болды, здерімен кетсін,
еске алуға тұрмайды, – дедім. Оралхан ақ
қалпағының «тұмсығын» тағы да ктеріп:
– Рас айтасыз. Бұл жалғанға келген соң
аз жасаймыз ба, кп жасаймыз ба, кмусіз
қалмайтын таза тірлік жасағанға не жетсін! –
деп бастап, мен күтпеген шешіліспен сйлеп
кетті.
Қалайда бір қатқыл, тәкәппар үнмен
күрделі, кркем түйіндерді тастап-тастап
жіберді. Мен түсіне алмадым. Не айтқанын
емес, неге ширыққанын, соншама ширығысына
не себеп болғанын түсінбей қалдым. Ал
не айтқаны жадымда. Ол қаламгердің
Ар тазалығын айтты. Жадымда әлі күнге
жаңғырығып тұрса да, оны Оралханның тілімен
беруге құдіретім жетпейді. Bзімнің тіліммен
мазмұндайын:
«Қаламгер қай халықтың қанынан жаралса
– сол халықтың қанымен мір сүруі керек.
Халықтың қаны – таза қан. Қаламгер таза
сйлеуге, таза жазуға тиіс. Қаламгер қаншама
ұлы, даңқты болса да, ол халқынан ұлы,
халқынан даңқты емес. Аспан асып кетсең де –
айтарға ғана; ертең халқыңның алдына қайтып
келесің; кзіңді жұматын, денеңді жуатын,
ахиретке таза арулап орайтын – халқың.
Жарық дүниеге таза келдің – Жарық дүниеден
таза ткін. Осыны ұмытатынымыз бар. Құдай
берген қаламгерлік қабілетіміз бола тұра атаққа,
лауазымға, тіпті таққа да таласамыз. ;дебиет
мерейін мансаптың қанжығасына байлап
береміз. Жарайды: таласайық, болайық. Бірақ
болып алған соң әдебиет мерейінен бұрын жеке
басымыздың қам-қарекетін күйттеп кететініміз
қалай? Bзінен асып тұрған дарын, талант
жоқтай бұ дүниенің кемесіне зі ғана мініп,
басқаны маңына жуытпайтындар бар. Кріп
жүрміз: әдебиет ауылындағы сый-сияпатты
зінің ғана несібесі деп, артылып бара жатқаны
болса, оны зінің дос-жаранына, жерлесіне,
шашбаулаушысына ғана тиесілі, деп білетіндер
бар. Оларға дарын, талант керек емес, оларға
құлқын-қарын, ат-атақ керек. Басқаның
алтын-күмісін «темір» дейді, зінің сілекейін
«бал» дейді. «Бәйгені қазақ әдебиетінің тұлпары
алсын» демейді, «аталас жерлесімнің тулағы
алсын» дейді.
Міне, ар-иманды қаламгердің жолын
кесетін, жігерін құм қылатын, жүйкесін
жұлмайтын, күнінен бұрын қартайтатын,
керек десеңіз, мынау кз қимас ғажап сұлу
табиғаттың ыстық құшағынан ертерек, тіпті
ерте ажырататын имансыздық – осы! Бұдан
арылмайынша, құтылмайынша дәл мына
біздің ортада дара дарын, тарлан талант дәл
мезгілінде, дер уақытыңда, кзі тірісінде
таныла қоюы екіталай немесе тым сирек.
;у дегенде олардың қай жақтан, қай жүзден
екенін згеден де, зінен де сұраймыз,
кңіліміздегі немесе қойын дәптеріміздегі
«зіміздің жігіттердің» тізімінен іздейміз,
оның зіне, кітабына жол ашу-ашпау сол
тізімде бар-жоғына қарай; «згелердің»
сілесін қатырамыз, сйтіп оларды ары
жүр мен бері жүрге саламыз, сәйгүлік пен
сасықтұмсықты әдейі шатастырамыз...
Біздің кешкі серуенімізді, ақтығында
Оралханның ой серуенін: «Ау, жігіттер,
қайдасыңдар, ұйықтамаймыз ба?» – деген
дауыс кідіртті. Bзі барып ұйықтай бермеген
қайсысың едің, ей?!.
,
2009