Ұлттық апталық Газет 005 жылдың қаңтарынан шыға бастады



жүктеу 3,85 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата23.11.2018
өлшемі3,85 Mb.
#23944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5555555555 55555555555555555555

E-mail:

E-mail:

jas_qazaq@mail.ru

jas_qazaq@mail.ru

№23 (699) 22 маусым 2018 жыл



Саңлақ

Елбасының бастамасымен 

қолға алынған «Рухани жаңғыру» 

бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып 

келеді. Бағдарламаны сенімді түрде 

қоғамдық сана жаңғыруының өзіндік 

іргесі деуге болады. Қазіргі қоғам 

серпінді дамып келе жатқан әлем 

жағдайында өз мәдениетіне, салт-

дәстүріне, адамгершілік ұстанымына 

сүйене отырып, үнемі дамып, 

жаңғырып отыруы тиіс. Қазақстан 

кейінгі бірнеше жыл қатарынан спорт 

шыңына сенімді көтеріліп, әлемдік 

мәдени кеңістіктің өнер, балет, кино 

және эстрада саласына ерекше үн 

қосып келеді. Геннадий Головкин, 

Қанат Ислам, Жансая Әбдімәлік, 

Динара Сәдуақасова және басқа 

да дарынды тұлғалар жұлдыз болып 

жанды. Бүкіл әлем оларға тәнті. Ал 

біздің өз елімізде отандастарымыз 

үшін қуануымызға не кедергі 

болып отыр? Біз неге көлеңкеге 

тығылып, қорқасоқтап жүреміз. Тіпті 

жеңімпаздарды өз елінде шаттықпен, 

айқара ашылған құшақпен күтетін 

адамдарды кінәлаймыз? Олардың 

жеткен жеңісіне бірге қуануға хақымыз 

жоқ деп санайтындар кімдер? Өз 

арманына деген ұмтылыс, құштарлық 

рухын олар біздің Ұлы Даламыздан 

алды емес пе, бабалар рухын 

бойларына сіңіріп өсті емес пе?

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН

ДИМАШТАН БАСТАЙЫҚ. Ол Ақтбе 

облысында дүниеге келген. "ншінің ата-анасы 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

мәдениет қайраткерлері Қанат пен Светлана 

Айтпаевтар. Ол 6 жасында «Айналайын» 

республикалық сайысының лауреаты атанды, ал 

10 жасында түрлі шараларға қатысып жүргізуші 

ретінде зін танытты. Димаш 2014 жылы Ақтбе 

қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыкалық 

колледжді «Академиялық ән айту» мамандығы 

бойынша тәмамдағаннан кейін, Қазақ 

ұлттық нер университетінің «Эстрада нері» 

факультетіне түседі.

2010 жылы «Байқоңырдың сыңғырлаған үні» 

халықаралық фестивалінің І премия лауреаты, 

ал небәрі екі жылдан кейін «Жас канат» (2012 

.) республикалық жас әншілер байқауының 

бас жүлде иегері, «Восточный базар» (2012 .) 

эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық 

телебайқауының І премия иегері, «Мейкин 

Азия» (2013 .) жас әншілердің І халықаралық 

фестивалінің жеңімпазы атанды.

Димаш осы аталған сайыстарға қатысқан 

сайын бір сатыға жоғарылай түсіп, бірте-бірте 

халықаралық сахнаға қадам басты. Біз оны 

әрдайым мемлекеттік және үкіметтік концерттер 

бағдарламасына қосып отырдық.

Ал 2015 жылдың зінде-ақ ол ( ) 

Витебске қаласында «Славянский базар-2015» 

эстрадалық ән орындаушылардың XXIV 

Халықаралық байқауының Бас жүлдесін жеңіп 

алып, зін дарынды әнші ретінде таныта түсті. 

Сол жылы Димаш Ыстамбул қаласында ткен 

«ABU TV song» Халықаралық Азия-Тынық 

мұхит телефестивалінде алғаш рет Қазақстанның 

атынан нер крсетті.

"рине, әншінің мұндай жетістіктерін 

үкіметте байқады. Ол 2016 жылы «Дарын» 

мемлекеттік сыйлығының иегері атанды, 

сондай-ақ оған мәдениет саласы бойынша 

Ұлт кшбасшысы – Қазақстан Республикасы 

Бірінші Президентінің шәкіртақысы 

тағайындалды және де Қазақстан Республикасы 

Президентінің «Қазақстан елінің бірлігін 

нығайтуға үлес қосқаны үшін» Құрмет 

грамотасымен марапатталып, «Халықтың 

сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

Ендігі кезекте оның бұрын-соңды айтылмаған 

жарқын музыкалық мансап жолының басты 

кезеңі мен кейбір фактілеріне тоқтала кетейік. 

2017 жылы мәдениет және спорт министрлігінің 

қолдауымен Hunan TV атты рейтингі жоғары 

телеарнасында крсетілетін ҚХР-дың I am a singer 

әйгілі жобасына қатысты.

Бұған дейін мен құжаттардың жариялануына 

қарсы едім, бірақ та кейбір «білгіштердің» 

«қараңғылығы» осындай қадамға баруға 

мәжбүрлейді ( .   « » 



   ).

Қытайда ткен осы сайыстағы Димаштың 

жеңісіне бәріміз куәміз. Ол зінің таңғажайып 

даусымен күллі әнсүйер қауымды тамсандырды. 

Қысқа мерзімнің ішінде Weibo кеңістігіне 

даңқы шықты, оның видеосының крсетілімі 

– 2 миллиардтан астам. "ншінің қытайлық 

жанкүйерлері оның салған әндерінің мағынасын 

түсіну үшін белсенді түрде қазақ тілін меңгеруде.

2018 жылғы 1 маусымда Димаш Құдайбергенге 

«Қазақстан Республикасы туризмінің елшісі» 

сертификаты берілді. Оның беделді сахналарда 

берген жеке концерттерінде зал лық толы 

болады, бұл – қуантарлық та, мақтан тұтарлық 

та жайт. Дегенмен Димаш 2017 жылғы 27 

маусымда «Астана Арена» стадионында берген 

алғашқы жеке концертінде 30 мыңдық аудитория 

жинағандығын технологтардың есіне сала кетуге 

тура келіп тұр.

Аудиториясы үлкен отандық әншіге концерт 

ұйымдастыру үшін нар тәуекелге бару керек. Мен 

Димаштың талантына сзсіз сенемін. Біз онымен 

бірге бұрыннан жұмыс жасап келеміз. Иә, біз бес 

мың адамға арналған концерттер ұйымдастырып 

жүрдік. Бірақ Димаштың концерті отандық 

шоу-бизнестегі 30 мың адамға ұйымдастырылған 

алғашқы концерт еді. 

Ол әлем қол соғып, қошеметтеген "міре 

Қашаубаев, Бибігүл Тлегенова, Ермек 

Серкебаевтардың ізін жалғап, нердегі дара 

жолын салып келеді. Димаштың әлемдік ән 

нерінің жарық жұлдызы болары сзсіз! 

Самал туралы мынаны айтуға 

болады.


Самал – Кеңестік және 

посткеңестік кеңістіктегі үздік 

әйел рлін сомдағаны үшін Канн 

кинофестивалінің бас жүлдесін 

жеңіп алған алғашқы актриса. Бұны 

біз кеудемізді керіп тұрып, әлемге 

жар салып, мақтаныш сезіммен 

айтуымыз керек.

Канн фестивалінің басқа да 

жеңімпаздарын оймен шолып, кз 

жүгіртіп крейікші. 

Итальяндықтарға Софи Лорен, 

американдықтарға Барбара 

Бэрри, Мерил Стрип, Джулианна 

Мур, ағылшындықтарға 

Ванесса Редгрейв, Кети Берк, 

испандықтарға Пенелопа Крус, 

немістерге Диана Крюгер 

француздардың арқасында 

танымал болды деп айтсақ, ОЛАР 

НЕ ДЕР ЕДІ?

Yнер әлемі – адам іс-әрекетін, яғни 

болашағына бағдар жасаудың кркем тәсілі. Yнер 

әлемі – ертеңге бастар жол. Сол себепті атақты 

актерлер тегіне қарамастан, шетелдегі танымал 

кинокартиналарға түсуге ұмтылады. 

Самал Есләмованың зі кино неріндегі 

негізі Қазақстанда қаланғанын, «ҚАЗАҚСТАН 

– МЕНІҢ ОТАНЫМ» деп баса айтып жүр. Ол 

шетелде жұмыс істеуге дайын, бірақ азаматтығын 

ешнәрсеге айырбастамайды. 

ДАРЫНДАРЫМЫЗДЫҢ АРЫНЫ

Жалпы алғанда, елімізде спорт та, мәдениет 

те қарқынды дамып келеді деп санаймын. Біз 

Елбасының сарабдал саясатының арқасында 

керемет жетістіктерге жеттік және біздің 

қарыштап дамып келе жатқанымыз бұлтартпас 

айғақ. Yзін қолынан ештеңе келмейтін адам 

санайтын, әлемдік аренадағы спортшылармыз 

бен әртістеріміздің жетістіктеріне «бағы шауып 

кетті» болмаса біреудің кмегі тиді деп қарайтын, 

зін үнемі «екінші орынға» қоятын адамдардың 

психологиясынан арылуымыз қажет. 

«Ел іші – нер кеніші» дейді емес пе! 

Шынымен де, елімізде талантты адамдар мен 

тума дарын иелері те кп. Таланттарымыз 

отандық спорт және нер мектептерінде тәлім 

алып, құнарлы топырақтан шығуда. Мысал керек 

пе, келтірейін!

Біз керемет балерина әрі хореограф Алтынай 

Асылмұратовамен ерекше мақтана аламыз. 

Ол Алматыда театр әртістерінің отбасында 

дүниеге келген. Ата-анасы мен ата-әжесінің 

мірі театрмен байланысты болды. "кесі, 

Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Абдуахим 

Асылмұратов, Абай атындағы мемлекеттік 

опера және балет театрының солисі, кейіннен 

Алматы хореографиялық училищесінің 

кркемдік жетекшісі, атасы Алматы мемлекеттік 

консерваториясының бас балетмейстері болған. 

Алтынайдың балалық шағы Абай атындағы театр 

сахнасының сыртында тті. Ол онда жүріп, асқақ 

нердің рухын бойына сіңіріп, балетке жан-

тәнімен берілді. 

Дәл осы нер ордасы шығармашылық қуат 

беріп, кеңес одағындағы ең үздік оқу орындардың 

бірі – Ленинград хореографиялық училищесіне 

түсуіне кмектесті деп ойлаймын. Осылайша 

балет оның «жол сілтер жұлдызына» айналды. 

Оның әлемнің үздік сахналарындағы 

тәжірибесі мол. Ол кп жылдар бойы 

С.М.Киров атындағы Ленинград опера және 

балет театрының солисі (     

), Ұлыбритания корольдік балетінің 

және Марсель ұлттық балетінің ( ) 

прима-балеринасы, А.Я.Ваганова атындағы орыс 

балеті академиясының кркемдік жетекшісі 

болып қызмет еткен. Қазіргі таңда Алтынай 

Асылмұратова елге оралып, Астанада қызмет 

етіп жүр және оған з 

жұмысы ұнайды. Қазір 

ол – Қазақ хореография 

академиясының 

ректоры әрі «Астана 

Опера» театры 

балет труппасының 

кркемдік жетекшісі. 

Ол зор қуанышпен 

еліне қызмет етіп, 

шәкірт тәрбиелеп 

келеді. Халық оның 

сахналаған «Манон», 

«Бахчисарайский 

фонтан», «Корсар» және 

т.б. қойылымдарын 

сүйсініп тамашалайды. 

Мен де оның отанына 

қызмет ететінін, 

әртістердің жаңа 

буынына тәлім беріп 

жүргенін, сзсіз, 

мақтанышпен айтамын. 

Осы ретте жас әртістер туралы айтқанда, 

«Астана Опера» балет театрының жетекші солисі 

Бақтияр Адамжанды ауызға алмай болмас. Ол 

қандай байқауға қатысса да, гран-при жеңіп 

алады.Бұл, тіптен, заңдылыққа айналды. 

2016 жылы Бақтияр Адамжанның әлемдік 

балетте зін қалай таныстырғаны естеріңізде 

ме? Ол Сеулде ткен XIII халықаралық би 

байқауында жеңіске жетті, онда әлемнің ең 

күшті балет әртістері жүлделі орындар үшін 

таласқан еді. Ол байқаудың әділқазылар алқасын 

зінің асқан шебер техникасымен және шебер 

орындауымен таң қалдырды. Бұдан басқа, 

Бақтияр АҚШ-та, Ресейде, Түркияда және т.б. 

елдерде ткен бірнеше айтулы халықаралық 

жарыстардың жеңімпазы. Айтпақшы, ол – ХІІІ 

халықаралық балет әртістері мен хореографтары 

арасындағы байқауда алтын медальді жеңіп 

алған алғашқы биші. Бүгін ол Алматыдағы 

А.В.Селезнев атындағы хореография мектебінің 

жас түлегі, ҚР Тұңғыш Президенті Н.".Назарбаев 

стипендиясының иегері және «Дарын» 

мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты 

атанды.

Танымал жас әртістеріміз туралы айтқанда, 



«Астана Опера» театрының симфониялық 

оркестрінің бас дирижері және кркемдік 

жетекшісі, бүкіл әлемге әйгілі дирижер Алан 

Брібаевтың есімін атамауға болмайды. 

Сондай-ақ бүгінгі күні ол –Ресейдің Үлкен 

театрына шақырылған дирижер, Ирландиядағы 

радио және телевизия ұлттық симфониялық 

оркестрінің бас дирижері және кркемдік 

жетекшісі.

Ол музыка нерінде зор беделге ие. Загреб 

қаласында Ловро фон Матачича атындағы 

халықаралық дирижерлер байқауында жеңіске 

жетіп, халықаралық деңгейде танымал болды. 

Оның дарыны мен зор әлеуеті Дания мен 

Италиядағы халықаралық жарыстарда жоғары 

бағаланды.

Ол Берлин симфониялық оркестрінің, 

Мадрид Fondacion Excelentia оркестрінің, Токио 

Метрополитен оркестрінің, Малайзияның 

филармониялық оркестрінің және т.б. 

мойындалған, үздік дирижерлерінің бірі.

Оның Осло, Хельсинки, Гамбург, 

Берлин, Милан, Мельбурн филармониялық 

оркестрлерімен және АҚШ, Корея, Жапония, 

Ұлыбритания оркестрлерімен музыкалық 

маусымдарда нер крсетуі крермен қауымның 

және әлемдік музыка сыншылары тарапынан 

жоғары бағаланып келеді. 

Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, ол 

театрдағы жұмысын да қатар алып жүреді.

Yткен жылы айтулы мәдени оқиға – крнекті 

австриялық композитор Густав Малердің 

«Симфония тысячи участников» деп аталатын 

8-симфониясының орындалуы естеріңізде болар. 

Жобаның музыкалық жетекшісі және дирижері 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 

қайраткері Алан Брібаев еді...

Ғажайып қойылым болды! Бұл біздің 

халқымыздың талантты екендігін тағы да 

айғақтай түсті. "ртістеріміз айтулы әлемдік 

сахналарға шығады және мұның бәрі рухани 

жаңғырудың негізі – ҰЛТТЫҢ М"ДЕНИ КОДЫ 

деп санайтын Президентіміздің басты бағыты деп 

білемін.


Шынымды айтсам, біз шетелге қандай 

концерттік, театрлық қойылымдармен немесе 

крме сапарларымен шықсақ та, шетелдік 

әріптестеріміз біздің әртістерімізге, қазақтың 

нер туындыларына және қойылымдарымызға 

тәнті болады және бұны ұжымның әр жетекшісі 

растай алады. Сондай-ақ шетелдіктер «Алтын 

адамды», бірегей артефактілерімізді тамашалау 

үшін мұражайларда үлкен кезекке тұратын болды. 

Данышпан Демокриттің мынадай бір 

жақсы айтылған сзі бар «Мен еш нәрседен 

үміттенбейтін және ештеңеден қорықпайтын 

адамды азат адам деп санамаймын».

Біз де біреудің сезімі мен пікірінен шын 

мәнінде азат бола алмай, алға қарай қадам 

басудан, з жетістігімізге шын қуануға мүмкіндік 

беруден қорқамыз. Бір қорқыныштысы 

құлдық сананың дегенімен басқаларды да 

жүргізіп, бойымыздағы бұл дертті бүкіл қоғамға 

жұқтырғымыз келеді. 

Бұны дер кезінде тоқтатып, әлемдегі дамыған 

алдыңғы қатарлы елдің ішінен зімізді кргіміз 

келсе, болашағымыз үшін жауапкершілік алып, 

азат ойлы елге айналуымыз қажет. Бойымызда 

құлдың емес, жеңімпаздың психологиясын 

қалыптастыруымыз керек.

Мен ғылым, білім, экономика, денсаулық 

сақтау салаларында да осындай үздік 

жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Yйткені, 

біз қасиетті топырақтан тамыр тартқан ғажап елде 

тұрамыз!. 

5

ww



www.ja

w.jasqazaq.kz

sqazaq.kz

«Отандық спортшылар 

жетістіктерінің 

халықаралық деңгейде 

мойындалуы ең маңызды 

нәтиже болып табылады»

(Дене шынықтыру мен 

спортты дамытудың 2025 жылға 

дейінгі тұжырымдамасынан)



ГОЛОВКИН – НАҒЫЗ ПАТРИОТ!



Осындай жарқын тұлғалардың бірі, әрине, 

Геннадий Головкин!

"лемдегі ең айтулы спорт алаңдарында 

Геннадий Головкиннің әрбір жарқын жеңісін 

әйгілеп Қазақстан әнұраны ойналып, туы 

ктеріледі. Ол рингке зінің атақты қазақы 

шапанын киіп шыққанда, миллиардтаған 

телекрермендер мен бүкіл әлем GGG-

ді қошеметпен қарсы алып, біздің ұлттық 

киіміміздің әдемілігі мен нақышына таңырқай 

да, таңғала да қарайды. Оның, тіпті киім 

үлгісінде болсын, з жеріне шын берілгендігіне, 

адалдығына мен де таңданамын, қызығамын 

және сол үшін зор ризашылығымды білдіргім 

келеді. Жекпе-жектен кейін ол қайтадан 

шапанын киеді. Осы сәтте бүкіл әлем біздің 

ұлттық киімімізді кріп отырғаны үшін кеудеде 

мақтаныш сезімі кернейді! Қисық-қыңыр 

кзқарастар мен мысқыл сздерге қарамастан, 

біздің шапанымыз бар әлемге Қазақстанды 

танытатын брендімізге айналды. Геннадий 

Головкин де, зге патриот спортшыларымыз 

да әркез сайын осыны дәлелдеп келеді. 

"лем чемпионының Қазақстан Халқы 

ассамблеясындағы «Ұлтым туралы сұрағанда, 

менің әкем – орыс, анам – кәріс, ал мен 

қазақпын деймін! Барлық жеңісімді з еліме, 

з халқыма, з президентіме арнаймын!» деген 

сзі бәріміздің есімізде.      

        ?! 

Бұл жерде Генаның ата-анасының еңбегі 

зор, әрине. Оның анасы Елизавета Сергеевна 

Головкинаның айтуы бойынша, ол егіз ұлынан 

батыр тәрбиелеп шығаруға ұмтылған емес, 

ең бастысы, ұлдарының ар-ұят, адалдық, 

адамгершілік ұстанымдары болғанын басты 

назарда 


ұстаған. 

Балаларының бойына осы 

қасиеттерді сіңіре білгеніне 

мақтанады: «Менің ұлдарым да, 

мен де жан-тәнімізбен Қазақстанды 

және туған жеріміз – Қарағандыны 

жақсы креміз». 

Орайы келіп жатса, Геннадий 

туған жеріне баруға уақыт 

табатынына, бұқаралық спортты 

дамытуға з қаражатын салып 

жүргеніне куәміз. Майқұдықта з 

қаржысына барлық адам ақысыз 

пайдалана алатын дене шынықтыру-

сауықтыру кешенін ашып беруі 

– оның адал патриоттық сезімінің 

тағы бір дәлелі. 

Қазақстандық боксшы Қарағанды облысы 

Қарқаралы ауданында туристік кешен 

құрылысын да бастады.

Туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің 

жарқын үлгісінің белгісі, міне, осындай болар.

Еліміздегі бокс нері тек Головкин есімімен 

ғана байланысты емес. "лемде ай сайын 

отандастарымыздың қатысуымен қаншама 

титулдық жекпе-жектер тіп жатыр. Қанат 

ИСЛАМ, Бейбіт ШҮМЕНОВ, Батыр 

ЖҮКЕМБАЕВ және тағы басқа керемет 

боксшыларымыз бар. Жақында кәсіби бокс 

әлеміне біздің тағы бір отандасымыз, Олимпиада 

чемпионы – Данияр ЕЛЕУСІНОВ шықты. 

Осындай жаңалықтар 

бізді, әрине, қуантады. 

Мұндай спортшылар аз емес 

және олар отандық бокс 

мектебінің атағын әлемге 

паш етіп келеді. 

Димаш Құдайбергеннің 

орасан зор жетістігін бүкіл 

әлем біледі. Сондай-ақ 

зіміздің қазақстандық 

Самал Есләмованың 

Канн фестиваліндегі Бас 

жүлдеге ие болуы бүкіл 

дүниежүзілік БАҚ пен 

әлеуметтік желілерді желпіндірді. Алайда 

Самал ресейлік режиссердің арқасында 

киножұлдыз бола қалды, ал Димаш болса, 

тіпті қытайлықтар «тапқан олжа», Геннадий 

американдықтар болмаса атақ-даңққа жете 

алмас еді деген пікірлерге куәміз.

Олимпиадалық жарыстар, әлемдік 

чемпионаттар, халықаралық сайыстар мен 

фестивальдер секілді ауқымды шаралар 

жастар здерінің бұғып жатқан дарынын ашу 

үшін ұйымдастырылады. Геннадий Головкин 

олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, бір 

емес бірнеше дүркін әлем чемпионы екенін атап 

тейік.

Біздердің сана сезімімізге әбден сіңіп қалған 



«құлдық», басқалардың бәрі керемет, бізге ондай 

болу қайда деген түсінігімізден әлі күнге дейін 

арыла келмей жатқан сияқтымыз. Ондай ойды 

түбірімен доғаратын уақыт келді. Дворцевый 

Сергейдің зі мен қазақстандық режиссермін, 

Димаш мен Қазақстанда оқығанмын да, оқимын 

да десе, Головкиннің қайдан екендігін біле тұра, 

жоқ бізден ондай «күштілердің» шығуы мүмкін 

емес деп керісінше жазатын қерітартпаларды 

қайтесің. Сондықтан, осы мәселеге егжей-

тегжей тоқтала кетсек.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ,



мәдениет және спорт министрі

ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ 

ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ 

ЖЕҢІСІНЕ ҚУАНА БІЛЕЙІК!

ЖЕҢІСІНЕ ҚУАНА БІЛЕЙІК!

С П О Р Т Т А  

      Ө Н Е Р Д Е  



жүктеу 3,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау