8сынып. 2 .04.08ж
Cабақтытың тақырыбы: . ЖЫЛУ РЕТТЕУДЕГІ ТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ. КИІМ
МЕН АЯҚ КИІМ ГИГИЕНАСЫ.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жылу реттеу үшін терінің маңызымен
және аяқ киім гегиенасымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушынылардың материалды оқып, ой-өрісін тереңдетуге
баулу,ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: Жеке бас гигиенгасын сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: кездесу.
Сабақтың көрнекілігі: кес те,Сызьа нұсқа
Сабақтың әдісі: өздігінен меңгерту.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру
VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Дәрігермен кездесу. Қойылатын сұрақтар.
1. Теріде болатын аурулардың қандай түрлері бар?
2. Күбіртке қандай ауру оның п.б. себебі ?
3. Күйіктің қандай түрлері бар. Ол кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
4.Үсіктің белгілері, ол кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі?
Жылу реттеудегі терінің маңызы. Тері — жылу реттейтін мүше.Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тері аркылы жөне адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға белінш отырады.Жылудын бөлінуі адамның тіршілік ету жағдайына байланысты.
Ауаның температурасы жоғарылағанда — қан тамырларынын қабырғасы кеңейеді, соның нәтижесінде организмнің шеткі аймақтарына канның ағымы көбейеді де, өзіндегі жылудың артық сыртқа бөледі. Егер ауаның ылғалдылығы жоғарыласа, онда жылудың бөлінуіне кедергі туады. Мысалы, мұндай жағдай адамның ыстық, құрғак климат жағдайынан ылғалдылығы жоғары (өне бойы нөсерлеп жаңбыр жауатын тропикалық аймақ) климат жағдайына барғанда байқалады.
Суық ауа райы күндері қан тамырлары тарылып, жылуды ішкі мүшелер қызметіне сақтайды. Тер өте аз мөлшерде ғана бөлінеді. Өте ыстык климат жағдайында бір тәулікте организмнен 12 литрге дейін тер бөлінуі мүмкін. Көп терлегенде жүрек және қан тамырларына күні түседі. Сонымен бірге тердің құрамымен организмдегі маңызды түздар көп бөлініл, онын қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін.
Теріде болатын аурулар. Күбіртке — саусақтағы тырнақ көбесінің іріндеп қабынуы. Бүл Жұмыс үстінде жараланған саусаққа (тырнақ кәбесіне) микроб түсіп, оны іріндетеді, ірің солқылдатып, қатты ауырады. Адам тырнақ алғанда етін жарақаттап алуы мүмкін.Саусақ іріні асқынғанда — тамыр қуалайды, қолтық безі шошиды. жұмыс істегенде, қауіпсіздік ережелерін сақтап, қолдың терісі сыдырылғанда, пышақ кескенде, дереу, йод, бриллиант көгін жағып, таза дәкемен байлайдыКуйік ыстықтан, кайнаған су мен кызған темірден, оттан және химиялык заттардан (кышкыл, сілті, улы заттар және т.б.) болады. Тері кызарып күйеді, қол тигізбей ауырады, қызарған тері күлдіреп, ішіне су толады.
Алғашңы жәрдем: химиялық заттар күйдірсе, күйген жерді салқын сумен жуу керек. Егер денені кышқыл күйдірсе, ас содасы ерітіндісімен, ал сілті күидірсе, онда сірке қышқылынын ерітіндісімен жуады.
165
. Терідегі рецепторлар
.
Үсу — терінің аяздан, үскірік суык желден үсікке шалдығуы. Тері ауруларын зерттейтін ғылым дерматология.
Терінің әр қабатында орналаскан рецепторлар суықты, ыстықты, қысым-ды, т.б. сезеді. Жанасқы денешік қолдың саусақтарында, алаканда, табанда, ерінде, тілде болады. . Тақташалы денешік дененін терісінің тереңінде орналаскан. Негізінен сіңірде, шажырқайда (брыжейка) болады. Ол дірілдеуді, теңселуді және қысымды сезетін рецептор. Жүйкенің бос жатқан тармақтарының үшы да өте сезімтал. Негізінен сипап сезуді, жылуды, суыкты жөне ауырсынуды сезетін терт рецептор терінің рецепторлары
Саусақтың ұшындағы және алақандағы сезгіш нүктелерді меха-никалык өсермен тітіркендіру (козу басталысымен кыл нейрон майысады)
ІІІ. 1. Жылу реттеудегі терініц маңызы кандай? 2. Қандай тері ауруларын білесіңдер және олардың себебі неде? 3. Адам күйіп қалғанда ңандай жедел көмек көрсету қажет? 4. Суыктан үсіп қалғанда кандай өзгеріс болады? Зардап шеккен адамға ңандаіі алғашқы жедел көмек кажет? 5. Тері рецепторларының қандай түрлерін білесіңдер? в. Адам өмірінде тері рецепторларының манызы қандай? 7. Жылы кезде кысқы аяқ киіммен ұзақ жүруге болмайтын себебі неде?
ІV. Үйге §48 оқу.
V.Нефрон шумақтары бүйректің қай бөлімінде орналасқан ? А) Астаушасында.
В) Қыртысты кабатындд. С) Боз затында. Д) Несепағарда. Е) Бүйрек үсті безінде.
1294. Ағзадағы күрделі биологиялык сүзгіштер: А)Бүйрек. В)Өкпе. С)Бауыр. Б)Асказан. Е) Ішек.
1295. Тері қорғаныш қызметін атқарады, себебі теріде:
А) Рецепторлар бар. В) Меланин пигменті бар. С) Май безі бар. О) Тер безі бар. Е) Эпидермис, меланин пигменті бар.
1296. Дерма кандай жасушалардан тұрады?
А) Мүйізденген, ылғи дөрекеленетін. В) Теріге түс беретін пигмент түзетін. С) Көп майы бар. Д) Созылмалы талшықтары бар дәнекер ұлпасынан. Е) Эпителий жасушаларынан.
1297. Ненің әсерінен тер бөліну реттеледі?
А) Жылу әсерінен. В) Түскен ауыртпалықтан. С) Тек эмоциональды жағдайда (суық тер). Д) Жүйке қозу толқыны мен гуморальды реттелуден. Е) Тек гуморальды реттелу эсерінен.
1298. Суығанда:
А) Қан тамырлары рефлекторлы түрде тарыладьг. В) Қан тамырлары рефлекторлы түрде кеңиді. С) Тамыр өзгермейді. Д) Тамыр кеңиді, тарыла да алады. Е) Тамырдың тарылуынан баска да факторлар бар.
1299. Ультракүлгін сәуленің әсерінен адам ағзасында түзіледі:
А) Д дәрумені. В) Тері асты май жасунығы. С) Көп мөлшерде тер.
Е) Қоректенуге қажетті органикалық заттар. Е) Тіршілік өнімдері түзіледі.
1300. Май безінің қызметі:
А) Денені салқындатуға. В) Теріні майлайды. С) Бактерияларды құртады. Д) Анда-санда бүйрек қызметін аткарады. Е) Меланині бар.
1301. Терідегі бактерия тудыратын ірііңі аурудьң себепшісі:
А) Механикалық тітіркендіргіш. В) Күюден. С) Стрептококкалар мен стафилококкалар. О) Химиялық тітіркендіргіштермен. Е) Үсуден.
1302. Эпидермис қабаты түзілген:
А) Беткі қабаты өлі жасушалардан тұратын көп қабатты эпителийден. В) Тері асты майлы жасунығынан. С) Тірі бөлінетін жасушалардан. Д) Онда түк ұяшықтары орналасқан. Е) Көп рецепторлар бар.
1303. Тері бездері шоғырланған терінің қабатын ата;
А) Эпидермис. В) Дерма. С) Тері асты майлы жасунык. Д) Эпидермис, дерма. Е) Дерма, тері асты майлы жасунық.
1304. Тернің сыртқы қабаты неден тұрады:
А) Бір қабатты эпителий. В) Көп қабатты эпителий. С) Кірпікшелі эпителий. Д) Шаршылы эпителий. Е) Безді эпителий.
1305. Терінің ішкі қабаты неден тұрады?А) Дәнекер ұлпасынан. В) Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан. С) Эпителий ұлпасынан. Д) Май ұлпасынан. Е)Жүйке ұлпасынан.
1306. Жылу берілудің реттелуі қай қабатта өтеді? А) Эпидермис.В) Дерма. С) Тері асты жасунык. О) Тері үсті. Е) Қан тамырлары.
1307. Қай мүшеде қаннаң судың артық мөлшері, дәрі, минералдық тұз сүзіліп, несепке айналады?д) Бауыр. В) Бүйрек. С) Тік ішек. 0) Асказан. Е) Ауыз қуысы.
1308. Адам температурасы кетерілгенде, жылу берілуде қай мүше қатысады? А) Өкпе. В) Бүйрек. С) Тері. Д) Бұлшық ет. Е) ішек.
1309. Тері қорғаныш қызметін атқарады, себебі онда; А) Рецептор бар.В) Меланин пигменті, Д дэрумені бар. С) Эпидермис, меланин пигменті бар- Д) май бездері бар. Е) Тері бездері бар.
1310. Қандай ұлпа адамның жүйке жүйесін кұрайды?А) Қан. В) Жүйке ұлпасы. С) Май ұлпасы. Д) Эпителий ұлпасы. Е) Дәнекер ұлпасы.
1311. Қандай жзсушалар жұйке ұлпасының кұрамына кіреді?
А) Лимфоциттер. В) Эритроциттер. С) Глиальды (серік жасушалары). В) Тромбоциггер. Е) Фагоциттер.
1312. Жүйке жүйесі қандай ұрық жапырақшасынан қалыптасады?
А) Эктодермадан. В) Энтодермадан. С) Мезодермадан.
д) Барлық жапырақшалардан. Е) Мезодермадан ж\е энтодермадан.
1313. Орталық жүйке жүйесінің құрымына кіретіндер:А) Ганглиялар.
В) Жұлын. С) Шеткі жүйке жүйесі. Д) Кезбе жүйкесі. Е) Жүйке түйіндері.
1314. Орталық жүйке жүйесінің. құрамына не кіреді? А) Ганглиялар.
В) Вегетативті жүйке жүйесі. С) Шеткі жүйке жүйесі. Д) Бас миы. Е) Жүйке түйіндері.
1315. Дене жүйке жүйесі (соматикалық жүйке жүйесі) қандай мүшелердің қызметін қамтамасыз етеді? А) Бауырдың. В) Қарынның. С) Дене бұлшық еттерінің. Д) Буйректің. Е) Жүректің.
1316. Ми бағанасына қандай бөліктер кіреді?
А) Сопақша ми. В) Шеткі жүйке жүйесі. С) Үлкен ми сыңарлары.Д) Соматикалық жүйкелер. Е) Мишық.
1317. Қазіргі замандагы физиологиялық теорияға академик И.П.Павловтың қосқан үлесі қандай?
А) Тұқымкуалаушылық пен өзгергіштік құбылыстарын ашты.
в) Барлык өсімдіктер мен жануарлардың біртұтастығын дәлелдеді.
С) Ағза онтогенезінде олардың тарихи дамуының филогенездің жаңа жолдары салынатынын көрсетті. Д) Қарын сөлі бөлінуінің нейрогуморальдық жолмен реттелуін көрсетті. Е) Жеке және тарихи
дамудың бір тұтастылығын қайталайтындығын дәлелдеді.
1318. Ағзаның арнаулы қызмет атқару жүйесі туралы теория жасаушысы ағзаның өзін-өзі реттеу идеясын дамытушы академик: А) И.П.Павлов. В) И.И.Мечников, С) П.К.Анохин. Д) И.М.Сеченов.
1319. 1862 жылы И.М.Сеченов қандай ірі жаңапық ашты?
А) жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегінің бір екендігі.
В) Қарындағы сөлдің бөлінуіндегі нейрогумароалдық реттеудің маңызы. С) Вирустың ашылуы. Д) О.Ж.Ж. қозу мен тежеуді ашты.Е) Ж.Д.ж.ж. қызметінің жалпы теориясының негізін қалады.
8сынып. 8 .04.08ж
Cабақтытың тақырыбы:КӨБЕЮДЩ МАҢЫЗЫ. ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МЕХАНИЗМІ
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды көбеюдің маңызымен,жыныстық дамудың каезеңдерімен таныстыру. елік: жыныстық тәрбие,адамгершілік,гигиенгасын сақтауға баулу.
Сабақтың пәнаралық байланысы Валеология,математика Сабақтың көрнекілігі: трек-сызба,
Сабақтың әдісі: пікіңр алмасу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру
VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Көбеюдің маңызы. Көбею — түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялык құбылыс.
Жыныстык көбеюдің функциялык негізінде аталық ж\е аналық клеткалар қосылып ұрықтанады, ұрық анасының организмінде дамиды.Адамның көбеюі ұрыктанудан басталып, бірнеше даму кезеңдерінен өтеді, оны онтогенез (грекше оп (оггіоз) — заты, мөні және §епез (із) — шығу тегі) дейді. Онтогенез деп тірі организмнің жүмыртка клеткасының ұрыктануынан бастап адамның өмірінің соңына дейінгі кезеңдерді айтады. Онтогенез екі үлкен кезеңнен түрады: біріншісі — анасының жатырында даму, екіншісі — анасынан туып, бөлек өмір сүру кезеңі. Екінші кез-е организмде үлкен сапалы жөне сандык езгерістер өтуінен оның денесінің және мүшелерінің салмағы мен көлемі артады, бала өседі. Сапалы өзгерістерге физиологиялык жүйелер мен бүтін организмнің дамуы жатады.. клеткаларында клетканың кобеюін реттеуші химиялык зат пайда болады. Адам организмінің даму барысында ішкі секреция бездернің қызметі ж.жкызметіне бағынышты қалыптасады. Жыныс бездерінде ішкі секрециялык және сыртқы секрециялык кызмет қатар болады.
Жыныс жүйесінің дамып жетілуі нақты генетикалық бағдарлама бойынша етеді. Дегенмен бүған әлеуметтік, климаттық, экологиялык факторлар әсерін тигізеді.Жыныс жүйесінің жетілуінде оның екі жеке функциясын еске алу кажет: екінші жыныстық белгілер функциясы мен көбеюдің жыныс мүіігелерінің функциясы.Жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің функциясының үдемелі болуынан соңғы жыныстык белгілер пайда болады. Олардың барльқ жыныстықбелгілері ересек адамдардың типіне сәйкестенеді. Мысалы, баланың алғашкы 10 жас өмірінде гипоталамустың (аралық ми) қызметі эпифиз безінің тежелтуші әсерінде болады. Эпифиз семген соң гипоталамустың қызметіне тежелту әсер болмағандықтан, ол жыныс жүйесі жетілуінің механизмін іске қосады.Балалық шақта жүйке және эндокриндік жүйелер белгілі мерзімге дейін ішкі фактор (эпифиз) әсерінен тежелуде болады. Эпифиз ми аральпында орналасқан. Ол адамның 7—8 жасына дейін ғана кызмет етеді Эпифиздін бөлетін гормондары ерлердің жыныс бездерінің дамуын баяулатады. Эпифиз. ішкі секреторлык қызметі нашарлағанда — жыныс бездері мерзімсіз өсіп, жетіледі және мұрт шығады. Эпифиздің жұмысы жоғарылағанда адам семіреді.Тимус немесе кеуде ішкі безі адамның 13—15 жасына дейін, яғни жыныс бездерінің дамып жетілуіне дейін қызмет етеді. Тимус организмнің өсуіне әсер етеді. Тимус тимозин деп аталатын гормон боледі. Тимозиннің әсерінен тимуста Т-лимфоциттер дамып, иммундык реакция жүргізу қабілетін меңгереді. Тимус безі жетілмей туған баланың канынын кұрамында ак қан түйіршіктері (лейкоциттер) аз болады.
Гаммаглобулиндер және онымен байланысты антиденелер де болмайды.Сондьщтан мүндай балалар жүкдалы ауруларға карсы түра алмайды да, 2—5 жасында өледі.
Тимустың дұрыс дамуына калқанша безі маңындағы бездер әсер етеді. Бүйрек үсті бездер. глюкокортикоид деп аталатын гормондары оған теріс әсерін тигізеді. Адамның стресс реакциясы (күйзелуі, жүйке қажуы, күш түсу) ұзаққа созылса, жұқпалы аурулардың әсерінен немесе ауыр дене еңбегінен қажығанда иммундык реакциясы тежеледі.
Жыныс бездерінщ гормондары адамньщ жыныс мүшелерінін әсіп, дамуына жэне олардьщ кызметін реттеуге әсерін тигізеді. Ер және әйел адамдардьщ жыныстык белгілерінін пайда болуына эсер етеді. Жыныс белгілері екі түрлі болады: алғашкы және сонғы белгілер. Алғашкьі белгілер ХҮ (ұлда) немесе XX (қызда) хромосомалар болуына байланысты. Жыныс бездерінщ соңғы белгісі кезінде баланьщ дауысы езгеріп, дене бүлшык еттері дамиды, денесінде түктер пайда болады, мұрт, сақал еседі. Жыныс гормоны — тестостерон организм. есуіне және дамуына жауапты, соңғы жыныс белгілерінің (без,) калыптасуына себепші болады. Жыныс гормоны қыз балаларда организмнің есіп дамуына, олардьщ жыныс белгілерінің пайда болуына — дауысының жінішкеруіне, денесінің дөнгеленіп, бәксе бөлігінің иыктан үлкен болуына және төс бездерінің дамуына, жыныс мүшесінің циклдік жүмысын реттеуге жауапты. Әйел адамньщ организмінде жыныс гормоны — фолликул ұрықтанудың, ұрықтың жетілуін жөне баланың тууын қамтамасыз етеді. Жыныс бездерінщ өсіп дамуы қыз балаларда — 8—10 жаста, ер балаларда 10—13 жаста жыныс бездерінің алғашқы даму кезеңі басталады. 2- кезеңі қыз балаларда — 9—12 жаста, ал ер балаларда — 12—14 жаста болады. Бұл кезеңде жыныс гормондары бөлінеді де, 3- кезең қыз балаларда – 10-13 жаста, ер балаларда — 13—16 жаста етеді. Бұл кезеңде жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің жұмысы↑. Жыныс без. толык дамып жетілуі қыз балаларда 11—14 жастан басталып, 15—17 жаста аяқталады. Біздің халқымыз қызды бойжеткен, ал ұлды бозбала деп бекер айтпаған.
ІІІ. Боз баламен бой жеткен кезеңде адам өзін қалай ұстау керек.
ІV. Үйге §49 оқу.
V. Сұрақтарға жауап беру. 1. Терінің атқөаратын қызметтері қандай?
2.Тері ауруларын атау.
3.Терінің құрылысы қандай?
4. Терінің қандай гигиеналары бар? Шаш күтімі.
8сынып. 12 .04.08ж
Cабақтытың тақырыбы: Адам ұрығы және оның дамуы.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды көбеюдің маңызымен,жыныстық дамудың каезеңдерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушынылардың материалды оқып, ой-өрісін тереңдету.
Тәрбиелік: жыныстық тәрбие,адамгершілік,гигиенгасын сақтауға баулу.
Сабақтың пәнаралық байланысы Валеология Сабақтың көрнекілігі: трек-сызба, сызба нұсқа.электронды оқулық.
Сабақтың әдісі: интерактивті.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру
VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу.
ІІ.Көбею мүшелерінін. құрылысы. Көбею мүшелеріне ♂ және ♀жыныстық мүшелер жатады. Аталық жыныс бездері — жұп мүше, екі қызмет аткарады: а) клеткаларда спермийлер пайда болады (сырткы секреция кызметі); ә) клеткаларда
гормон пайда болады ( ішкі секреция кызметі). Ер адамда спермий клетка лары үнемі түзіліп отырады. Спермийдің басы, мойны, жіпше құйрығы болады. Спермийдің басында ядро, тұқым қуалайтын (♂) материал бар. Бас жағында Гольджи аппараты орналаскан, онда ферменттер болады. Ферменттердің маңызы ерекше. Жұмыртқа клеткасы ұрықтанғанда, оның тығыз қабыкшасы арқылы спермийдің етуіне жағдай жасайды. Құйрык бөліміндегі митохондриялар спермийді жылжуына энергия береді.
Аналық жыныс мушелері ішкі және сыртқы мүшелер болып бөлінеді. Ішкі мүшелерге жұмыртка клеткасы, жатыр түтігі, жатыр жатады. Аналық жыныс бездері — қос мүше, екі қызмет аткарады: а) жүмыртқа клеткасын түзеді ( сырткы секреция кызметі); ә) аналык жыныс гормонын түзеді ( ішкі секреция қызметі). Жұмыртка клеткасын түзетін без сопақша пішінді, жатырдың екі жағына орналаскан. Аналық бездер жатырға бекіген. Жұмыртка клеткалары аналык бездерде түзіліп, сонда жетіледі. Әр жүмыртқа клеткасы эпителиймен жене фолликул клеткаларымен қоршалған. Аналык безде, негізінен, жалғыз жұмыртка клеткасы дамып жетіледі.
Дамып жетілген жұмыртка клеткасында ана организмінің бар-лық тұқым қуалайтын ақпараттары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |