Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет62/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
128 
баяндама  жасау  сияқты  жаттығуларды  таңдаймын.  Бұл  әрбір  сөйлеу  жаттығуларының 
функциясы әртүрлі. 
Қарым-қатынас  жасау  әдетте,  біздің  түсінігіміздегі  «әңгімелесу»  дегенді  білдіреді 
және  негізгі  әлеуметтік  функциядағы  қарым-қатынас  қызметін  атқарады.  Адамдар  бір- 
бірімен  кездескенде  амандасады,  қысқа    әңгіме-дүкен  құрады,  бастан  кешкен  уақиғалары 
жайлы  әңгімелеседі.  Өйткені  олар  басқалар  мен  достық  қарым-қатынас  жасайды  және 
ыңғайлы  өзара  әрекеттер  орнатқысы  келеді.  Жазба  тілден  өзгешелігі  де  сол:  бұл 
сөйлеушінің  өздерін  қалай  көрсеткісі  келгендігіне  байланысты.  Мұндай  байланыстар 
қандай  жағдайда  орын  алғанына  байланысты  еркін  немесе  формальды  болуы  мүмкін. 
Қарым-қатынас жасаудың төмендегі ерекшеліктерін атауға болады: 
- Негізгі әлеуметтік функцияға ие
- Рольдік қарым-қатынастарды көрсетеді; 
- Сөйлеушінің жеке тұлғалығын көрсетеді; 
- Еркін немесе формальды болуы мүмкін; 
- Әңгімелесу шарттары қолданылады
- Сыпайылық деңгейі көрсетіледі; 
- Көптеген күнделікті өмірде қолданылатын сөздер қолданылады; 
- Сөйлесу мәнері қолданылады; 
- Бірігіп құрастырылады; 
- Қарым-қатынас жасау жаттығулары; 
- Әңгімені бастау немесе аяқтау; 
- Тақырып таңдау; 
- Қысқа әңгімелесулер; 
- Жеке басынан кешкен жағдайларды саралау; 
- Кезектесе әңгімелесу; 
- Жұптардың рольдерді алмасуы; 
- Сөйлеушіні бөлу; 
- Басқалармен қарым-қатынас жасау. 
 
Осындай қарым-қатынас жасау жаттығуларына мысалдар: 
Ұшақта,  көлікте  көршісімен  тілдесу  (болашақтағы  келісімшарттар  жасаудан  аулақ 
сыпайы сөйлесу); 
Түскі  ас  кезінде  досымен  сөйлесу  (достық  қарым-қатынастағы  кездейсоқ 
әңгімелесу); 
Ұстазын  лифтте  не  транспорт  күтіп  тұрғанда кездестірген  студент  пен  оқытушысы 
арасындағы әңгімелесу (екі адамның сыпайы сөйлесуі); 
Досына  қызықты  өткен  демалысы  жайлы  айту  (бастан  кешкен  жағдайлар  жайлы 
ақпараттар алмасу). 
Қарым-қатынас  арқылы  сөйлеу  шеберлігін  арттыру  оңай  емес.  Сөйлеу  шеберлігін 
қажет  ететін  жағдайға  байланысты  сөйлеуде  студенттер  сөз  таба  алмай,  ыңғайсыздыққа 
және  кемшіліктерге  тап  болады.  Бұл  кемшіліктер  қарым-қатынас  жаттығуларын  жасауға 
кедергі  болады.  Сондықтан  мұндай  жаттығулар  барысында  студенттердің  өздерін  еркін 
сезіну үшін жағдай жасауымыз қажет. 
Іс-әрекеттерді  баяндау  жаттығуларында  жағдаятта  не  айтылғандығы  және  не 
істелгендігі  маңызды.  Мұнда  қарым-қатынас  жасаушылардың  қандай  әлеуметтік 
жағдайда  екендігі  маңызды  емес,  маңыздысы  айтылған  ақпараттың  немесе  орындалған 
жұмыстың анықтығы және дәлдігі. 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
129 
 
Іс-әрекетті  баяндау  басқа  іс-әрекеттермен  байланысты.  Студенттер  басқа  пәнде 
жасаған  жаттығуларын,  мысалы  суда  қалқу  немесе  суға  бату  сияқты  түсініктерді 
зерттегендігін  баяндауы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  студенттер  өздерінің  қалай 
түсінгендіктерін айтады. 
Іс-әрекетті  баяндаудың  екі  түрі  бар:  бірі  –  ақпарат  алмасу,  мұнда  сөйлеушілер 
есіткен не жасалған іс-әрекетi жайлы айтады (уақыт сұрау, демалысты қалай өткізгендігі 
жайлы  баяндау).  Бұл  жағдайда  ақпараттың  анық  және  түсінікті  жеткізілуі  маңызды; 
екіншісі – тауарларды жеткізу немесе қызмет көрсету (қонақ үйге орналастыру). 
Іс-әрекетті баяндау жаттығулары: 
- Мәселені талқылау немесе шешуге арналған жаттығулар; 
- Жасаған постерін студенттің қорғауы; 
- Компьютерге қажет жөндеу жайлы техникпен сөйлесу
- Көркем орындар жайлы гидпен сөйлесу; 
- Аэропорттан ақпарат алу үшін қоңырау шалу; 
- Көшеде бағыт жайлы сұрау; 
- Дүкенде сауда жасау; 
- Ресторанда тапсырыс беру; 
- Іс-әрекетті баяндау жаттығуларының ерекшеліктері; 
- Негізінен ақпарат алмасу; 
- Ақпаратты түсінікті жеткізу, 
- Жиі сұрақтар қою, қайталау, тексеру мүмкіндігі; 
- Келісу немесе келіспеушіліктің болуы. 
Іс-әрекетті баяндау жаттығуларын орындаудан қалыптасатын қабілеттілік: 
Қажеттілікті не ниетін білдіре алу; 
- Бірнәрсені сипаттай алу; 
- Сұрақты дұрыс қоя білу; 
- Ақпаратты нақтылай алу
- Өз ойын дұрыс жеткізе алу; 
- Дұрыс шешім қабылдай алу; 
- Түсінгендігін анық жеткізе алу; 
- Салыстыра білу; 
- Келісу не келіспейтіндігін білдіру. 
Баяндама  жасау  жаттығуларына  көпшілік  тыңдаушылардың  алдында  баяндама 
жасау арқылы қандайда бір ақпаратты жеткізу болып табылады. 
Баяндама  жасау  монологтік  формада  болғандығына  қарамастан,  онда  сөйлеу 
тіліндегі тіл бірліктеріне қарағанда формальды тіл бірліктері қолданылады. 
Қарым-қатынас  жаттығулары  және  іс-әрекетті  баяндау  жаттығуларынан  кездесетін 
ұқсастықтар,  нәтижелілігі  мен  тыңдаушыға  әсері  арқылы  бағаланады.  Баяндама  жасау 
жаттығулары: 
- мектеп саяхаты жайлы баяндама жасау; 
- -сыныпта дебат жүргізу; 
- құттықтау немесе алғыс білдіру; 
- сауда-саттық жайлы презентация жасау
- лекция оқу. 
Баяндама жасаудың ерекшеліктері: 
Мұнда жеткізілетін ақпаратпен қатар тыңдаушыға назар аударылады; 
- ұйымшылдық пен ақпараттың ізбе-іздігі (байланыстылығы); 
- нақтылық және жүйеліліктің маңыздылығы; 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
130 
- жазбаша тілдің қолданылуы; 
- монологтік тұрғыда болуы. 
Баяндама жасау жаттығуларын орындаудан қалыптасатын қабілеттілік: 
- дұрыс форматтағы сөйлеу мәнерін қолдана білу; 
- -ақпаратты ізбе-іздікпен жеткізу
- -тыңдаушылар назарын өзіне қарата білу; 
- -дыбыстауды және грамматиканы дұрыс қолдану; 
- -дұрыс сөз бастау және аяқтау. 
Бұл жаттығулардың үш түрі де өте маңызды, тіл үйренуші баяндама жасауда ресми 
тілде,  ал  қарым-қатынас  жасау  және  іс-әрекетті  баяндау  жаттығуларында  ресми  және 
бейресми тілде сөйлеу мүмкіндігіне ие болады.  
Сөйлеу  жаттығуларын  таңдау  осы  сабақ  барысында  қандай  тілдің  (ресми  не 
бейресми) үйретілетіндігіне байланысты болады. 
Қарым-қатынас  жасау  жаттығулары  барысында  дайын  диалог  беріліп,  ондағы 
тыңдаушының  реакциясын  көрсететін  сөздерді,  сөз  тіркесін  алып  тастап,  өз  сезімдерін 
көрсететін  сөздерді,  сөз  тіркестерін  (солай  ма,  қызық  екен,  шын  ба)  қойып  диалогты 
жасауы  тиіс.  Осындай  қарым-қатынас  жаттығуларын  жасаудың  тағы  бір  техникасы  ол, 
жалғастыруды қажет ететін сұрақтарды қою (мен мына көйлекті сатып алдым, қалай екен 
немесе Түндегі қатты нөсер жауын мен найзағай ұйқыңды бұзбады ма?). 
Іс-әрекетті баяндау жаттығуларын жеке немесе топтасып орындауға болады. Топтық 
жұмыс ретінде тақырып беріліп, сол тақырып (Олимпиада ойындары жай ақшаны шашу, 
Емтихансыз  білім  алу)  бойынша  тіл  үйренушілер  өз  ойларын  баяндайды.  Жаттығу 
барысында  қолданылатын  жаңа  сөз  тіркестерін  алдын  ала  беру,  олардың  қолданылуын 
қадағалау, ізбе-іздіктің сақталуын ескеру қажет.  
Баяндама  жасау  жаттығуына  төмендегі  сұрақтарға  жауап  іздей  отырып,  дайындалу 
орынды: 
Сөйлеушінің мақсаты не? 
Тыңдаушылар кім және олар қандай ақпаратты күтеді? 
Баяндама қалай басталады, өрбиді және аяқталады? 
Сөйлеу  жаттығуларының  қай  түрін  таңдасақ  та,  студенттен  не  күтетіндігімізді, 
бағалау критерийлерін алдын ала айтуымыз керек. 
Сөйлеу жаттығуларын ұйымдастыруда материалдарды дұрыс таңдау үшін төмендегі 
сұрақтарға жауап іздеймін, бұл сабақтың қызықты және мазмұнды өтуіне септігін тигізеді. 
- Қарым-қатынас  жасау,  іс-әрекетті  баяндау  және  баяндама  жасау  жаттығуларының 
мақсаты не? 
- Жаттығуды қалай модельдеймін? 
- Жаттығу неше бөлімнен тұрады? 
- Қандай тіл бірліктері қажет болады? 
- Қандай әдебиеттер қажет? 
- Қандай тіл үйрену шарттары қажет? 
- Қандай нәтиже күтіледі? 
- Қалай және қашан кері байланыс орнатылады?  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Pauline Jones. Planning an oral language program. – Melbourne, 1996. 
2. Luoma Sari. Assessing speaking. – Cambridge University Press. 2004. 
3. Gillian  Brown,  George  Yule.  Teaching  the  Spoken  Language.  –    Cambridge  University 
Press, 1983.  


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау