Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
121
шынайы қарым-қатынастың моделін құрастырамыз. Студенттер Интернетпен қатынас
жасай отырып, тілдік ортада өмірлік жағдаяттарға тап болады. Алғашқысында олар
түсінуге, мазмұнын және мағынасын айтуға көп көңіл бөледі. Интернетті білім алудың
көмекші техникалық құралы екендігін және жетістіктерге жету үшін оны оқу үрдісінде
сауатты қолдану керек екендігін ұмытпау керек. Шетел тілін үйренуде интернет сөйлеу
әрекетінде мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар
сөздер мен грамматиканы меңгеруде де тиімділігін көрсетеді. Интернет әлеуметтік және
психологиялық ахуалдарын жетілдіреді. Олардың өздеріне деген сенімділіктері артады,
ұжымда жұмыс істеу қабілеттіліктері және де білім алуларына жағымды атмосфера
құрады. Интернет қорларын қолдана отырып, оқу үрдісінде біраз дидактикалық
тапсырмаларды ағылшын тілінде шешуге болады. Олар оқу қабілеттерін қалыптастырады,
интернет желісіндегі дыбыстық аутентті мәтіндерді тыңдап, түсінуге тырысады,
монологты және диалогты сөйлеуде мәселелік талқылауды үйренеді, реферат және
шығарма жазуға, жазбаша жауап қайтаруға үйренеді, сөздік қорын дамытады, мәдени
білімдерін толықтырады, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, саясатымен және салт-
дәстүрлерімен танысады. Коммуникативті технологиямен жұмыс істеген кезде
оқытушының рөлі ауысады, оның басты міндеті – студенттің жетілуіне және
творчестволық ізденістеріне бағыт-бағдар беріп отырады. Студенттер өз беттерімен
көбірек ізденуге, білім алуға тырысады. Шетел тілін үйренуде интернет мүмкіндіктерін
пайдалану студенттердің өз бетімен тіл меңгеріп, ізденуіне мол мүмкіндіктер береді.
Интернетті тілдерді оқытуда қолданудың біраз себептері бар. Ең негізгісі интернетте
қатынас жасаудың лингвистикалық табиғаты тілді үйренуде алға жылжу болып табылады.
Келесі мүмкін болып табылатын себеп – жазуға үйренуге жағдай жасайды. Үшінші мүмкін
болатын себеп – студенттердің қызығушылықтарын тудырады. Төртінші себеп –
студенттердің болашақтағы жетістіктеріне компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
керек. Интернетті қолдану бізге мол мүмкіндіктер берсе де, студенттерге сабақ үстінде
тапсырма бергенде көп бостандық берілмеуі керек және оқытушы жағынан бақылау болуы
керек. Интернетті қолдануда қаржылық себеп, яғни шетел тілінде оқитын сыныптарда
компьютердің және интернеттің жоқтығы, тағы бір себебі – кейбір мұғалімдердің
компьютерден үстірт білімдері бар. Оқытушының компьютерлік сауаттылығы болуы керек
және компьютерде жұмыс істей алуы керек. Интернеттің ең басты ерекшелігі – жаңа
ақпараттар алуда және жаңа аутентті материалдардың көптігі, мысалыға, жаңа оқиғалар,
атақты адамдардың өмірінен қызықты деректер, қазіргі заманғы өлеңдердің сөздері,
жарнамалар, мәзірлер, транспорт қозғалысының күнтізбесі, оқу-бағдарламалық
бейнероликтер. Көптеген студенттер тілді тасушылардың екі қабатты коттедж үйлерде
тұрғанды қалайтындығын, сондықтан «downstairs, upstairs» – (бірінші қабатта, үстінде)
оларға тән екендігін, үйлердің айналасында қоршалған шарбақ болмайтындығын «hedge» –
«тірі шарбақ» – яғни тал-шыбық және бұталар мұқият кесілген немесе олар үйлерінің
алдында көкке шығатындығын, онда онша танымал емес адамдар жиналып, ашық отта
(barbeque) ет қуырады, ал қонақтар өздерімен бірге түскі ас (pot luckdinner) әкелетіндігін
біле бермейді. Ал, келесі күні олар үй иелеріне алғыс хаттарын (thankyouletters) жақсы
уақыт өткізгендері үшін жібереді. How do you do біреумен бірінші рет амандасып отырса
қолданылады. Hi, Hello – жақын туыстары мен достарына қолданылады. Интернет
қорларын пайдалана отырып, оқытуды жаңа педагогикалық технологияларға жатқызуға
болады. Оны шетел тілін оқытуда қолдану студенттердің және оқушылардың танымдық
белсенділіктерін жетілдіреді, оқу үрдісі қызықты, тиімді өтеді. Ақпараттың сексен пайызы
интернетте ағылшын тілінде енгізіледі, сондықтан ағылшын тілі сабақтарында интернетті
пайдалана отырып оқу өзекті тақырып болады.