лицензиялау
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) тауар биржаларының қызметi;
2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметi.
Ескерту. 3-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.
4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
38-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген, үшiншi елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберiнде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бiрыңғай тiзбесi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшiн осы шектеулер енгiзiлген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлiнше шектеушiлiк немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиiс.
2. Сыртқы экономикалық қызметтiң Бiрыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгiзiлген әрбiр тауарға лицензия берiледi.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерiн бередi:
бiржолғы;
бас;
ерекше.
Лицензиар бас және ерекше лицензиялар берудi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға есеп беруге мiндеттi.
Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның қолданыс мерзiмi өтiсiмен күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге мiндеттi.
4. Бiржолғы лицензияның қолданыс кезеңi оның қолданыла бастаған күнiнен бастап бiр жылдан аспауға тиiс. Бiржолғы лицензияның қолданыс мерзiмi сыртқы сауда шартының (келiсiмшартының) қолданыс мерзiмiмен немесе лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзiмiмен шектелуi мүмкiн.
Сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн лицензияның қолданыс кезеңi квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзiмi ол қолданыла бастаған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс, ал сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.
Ерекше лицензияның қолданыс мерзiмi әрбiр нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде
лицензиялау
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде өтiнiш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн импорттаушы елдiң заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтiнiш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленедi. Лицензия алуға өтiнiштi тауарлар кедендiк тазартылғанға дейiн кез келген жұмыс күнiнде беруге болады. Лицензия алуға өтiнiш пен қажеттi құжаттар тиiстi әрi толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДIҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI
42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру шарттары
РҚАО-ның ескертпесi!
42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (лицензияланатын қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) заңды тұлға үшiн - Жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган да белгiлей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
3) бiлiктiлiк талаптарына (қызметтiң кiшi түрiне) сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
4. Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшiн лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтiнiш берушiнiң құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау саласындағы органдарға өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды ұсыну жөнiнде сауал жiбередi.
Қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау саласындағы органдар лицензиардың сауалының негiзiнде жиырма бес жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн жетi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi және тиiстi лицензиарға өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды жiбередi.
5. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң, беруден бас тартудың, оның қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Ойын бизнесi саласындағы қызметке лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңымен айқындалады.
Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
7. Өтiнiш берушi өтiнiшке қоса берiлетiн электрондық түрдегi құжаттардың көшiрмелерiмен бiрге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiшiн жолдай отырып, электрондық лицензия беру туралы лицензиарға өтiнiш жасай алады.
Мемлекеттiк органдар осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiш берушiнiң ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар арқылы тексерудi дербес жүргiзедi. Мұндай ресурстар болмаған жағдайда мемлекеттiк органдар құжаттардың қағаз жеткiзгiште берiлуiн талап етуге құқылы.
Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 183 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру
туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi
РҚАО-ның ескертпесi!
43-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап - отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн (осы Заңның 19-бабы екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтiнiш берушiнi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Заңда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн және (немесе) кiшi түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған кезден бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруге мiндеттi.
44-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы
үшiн төленетiн лицензиялық алым
Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берiлген (қайта ресiмделген) кезде алынады.
Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен белгiленедi.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.16 N 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тарту
РҚАО-ның ескертпесi!
1-тармаққа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Заңға сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда өтiнiш жалпы негiздер бойынша қаралады;
3) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкiн.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлей алады.
2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.
Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тартуға шағымдану
Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
6-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА
РЕСIМДЕУ, ОНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТА ТҰРУ
47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру
РҚАО-ның ескертпесi!
47-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
1. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.
2. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрiнiң және (немесе) қызметтiң кiшi түрiнiң атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрi шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол күнтiзбелiк отыз күн iшiнде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қызметтiң лицензияланатын түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, бiр немесе одан да көп сақтандыру қызметiндегi класс алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдейдi.
Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтату
1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген түрi және (немесе) кiшi түрi алып тасталса;
7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан алып тасталса;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
6-тарауды 49-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Залалдарды өтеу
РҚАО-ның ескертпесi!
50-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Достарыңызбен бөлісу: |