Лицензиялау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 214 Заңы
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 2, 10-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 26 қаңтар N 20-21; "РЕСМИ ГАЗЕТ" 2007 ж., наурыз, N 9
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.
МАЗМҰНЫ
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 52-баптың 1-тармағынан қараңыз.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
1. Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi.
2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберiнде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
РҚАО-ның ескертпесi!
3-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бiлiктiлiк талаптары - өтiнiш берушiнiң жекелеген лицензияланатын қызмет түрiмен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрiмен айналысу қабiлетiн сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткiштердiң жиынтығы;
2) бiрыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бiр қызмет түрiнiң шеңберiнде өндiрiс процесiнде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйектi iс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;
3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгiленген шара;
4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
4-1) лицензиардың электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгiзген мәлiметтердi қамтитын лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнiң ажырамас бөлiмi;
5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) лицензия - тиiстi лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға беретiн рұқсаты;
7) лицензияланатын қызмет түрi (бұдан әрi - қызмет түрi) - айналысу үшiн осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етiлетiн қызмет түрi (белгiлi бiр iс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
8) лицензияланатын қызмет түрiнiң кiшi түрi (бұдан әрi - қызметтiң кiшi түрi) - тиiстi қызмет түрiн бiр лицензия шеңберiнде нақтылау;
9) (алып тасталды - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен);
9-1) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмi – берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын, лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;
9-2) лицензиялардың сәйкестендiру нөмiрi – лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде генерацияланатын бiрегей код;
10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресiмдеуге, лицензиаттардың тиiстi талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты iс-шаралар кешенi;
11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
12) өтiнiш берушi - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиiстi лицензиарға өтiнiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
13) уәкiлеттi орган - мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен жүргiзудi жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiретiн мемлекеттiк орган;
14) электрондық лицензия – қағаз жеткiзгiштегi лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу ұлттық қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында белгiленедi.
3. Осы Заңда қызмет түрлерiнiң және қызметтiң кiшi түрлерiнiң егжей-тегжейлi тiзбесi белгiленедi.
РҚАО-ның ескертпесi!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптары мен қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерi белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Бiлiктiлiк талаптарын, қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн және экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.
5. Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнiмге қойылатын талаптар, жекелеген өнiм түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.
6. Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
7. Лицензияның күшi, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
РҚАО-ның ескертпесi!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
8. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға тиiс емес.
9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйымдары және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйымдарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Кредиттiк серiктестiктер, өзара сақтандыру қоғамдары, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүргiзетiн қызметтi қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 N 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЖҮЙЕСI
5-бап. Мемлекеттiк лицензиялау жүйесiнiң құрылымы
Мемлекеттiк лицензиялау жүйесi:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiнен;
2) уәкiлеттi органнан;
3) лицензиарлардан тұрады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
РҚАО-ның ескертпесi!
6-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;
2) лицензиарлар тiзбесiн айқындау;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын қоспағанда, бiлiктiлiк талаптарын бекiту;
4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн қоспағанда, қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн бекiту;
5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтетiн өтiнiш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтiнiш нысанын бекiту;
6) өндiрiлуi, өңделуi, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиiс улардың тiзбесiн бекiту;
7) өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау саласында қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы қорытындының бiрыңғай нысанын бекiту;
8) қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсiп, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысы қажет қызмет түрлерiнiң және қызметтiң кiшi түрлерiнiң тiзбесiн бекiту;
9) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн белгiлеу;
10) өзiне Конституциямен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
РҚАО-ның ескертпесi!
7-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) лицензиялау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;
2) лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн дамытуды, оған қол жеткiзу құқықтарын белгiлеудi, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi басқару;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттiк органдардың құзыретi
РҚАО-ның ескертпесi!
8-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Лицензиарлар:
1) бiлiктiлiк талаптарының және қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiнiң жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырады.
Бiлiктiлiк талаптарының және қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiнiң жобаларын әзiрлеудi, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы лицензиар болып табылса, орталық мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады;
2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезiнде өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiлеудi;
3) лицензиялауды;
4) лицензиялық бақылауды;
5) лицензиардың электрондық тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады.
Лицензиардың электрондық тiзiлiмiнде және лицензиялардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiнде мынадай мәлiметтер:
лицензиардың атауы;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берiлген күнi және нөмiрi;
дара кәсiпкер үшiн жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжатының деректерi, сондай-ақ жеке тұлға дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген жағдайда куәлiктiң нөмiрi және оның берiлген күнi;
заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, оны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi және берiлген күнi;
қызмет түрi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi;
лицензияның қолданылу мерзiмi;
РҚАО-ның ескертпесi!
5) тармақшаның тоғызыншы абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2010.07.15 № 337-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
РҚАО-ның ескертпесi!
5) тармақшаны оныншы абзацпен толықтыру көзделген - ҚР 2010.07.15 № 337-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
төлем тапсырмасының нөмiрi және лицензиялық алым төленген күн;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау негiздерi және күнi;
лицензияның қолданылуын тоқтату негiздерi және күнi көрсетiлуге тиiс;
6) өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн сұрап қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсiп, өрт қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдарға сауал жiберудi;
7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып электрондық қызмет көрсетудi;
8) берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды;
9) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
9-бап. Лицензиялардың түрлерi мен қолданысы
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша:
1. Субъектiлер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берiлетiн;
2) шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдiк заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берiлетiн болып бөлiнедi.
2. Қызмет көлемi бойынша:
1) бас лицензия – қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысуға қолданыс мерзiмi шектеусiз берiлетiн;
РҚАО-ның ескертпесi!
2) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2) бiржолғы лицензия – рұқсат етiлген мерзiм, көлем, салмақ немесе саны шегiнде (заттай не ақшалай алғанда) белгiлi бiр шаруашылық операциясымен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiм шегiнде ойын бизнесi саласында қызмет түрлерiмен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген көлем шегiнде үлескерлердiң ақшаларын тарту есебiнен тұрғын үйлердiң құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия – банк қызметiнде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметiнде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берiлетiн болып бөлiнедi.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия – кеден одағына мүше мемлекеттiң шешiмi негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия;
2) ерекше лицензия – сыртқы сауда қызметiне қатысушыға жекелеген тауар түрiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретiн лицензия;
3) бiржолғы лицензия – сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн және белгiлi бiр санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретiн лицензия.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесi!
Заңды 9-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-бап. Лицензияның және лицензияға қосымшалардың нысаны
Лицензияның және оның қосымшаларының нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қызметтiң кiшi түрлерi көрсетiлетiн лицензияға қосымша лицензияның ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Заңның 32-бапта көзделген қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялардың нысандарын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
11-бап. Лицензиялау салалары
РҚАО-ның ескертпесi!
11-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Мынадай:
1) өнеркәсiп; P070626, P080080, P951894
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы; P070493, P070757
4) техникалық қауiпсiздiк;
5) көлiк; P070534
6) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
7) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; P070505
8) жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдар;
9) қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы; P070692
10) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) бiлiм беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары;
14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия және картография; P070449
15) денсаулық сақтау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету; P070601, P070551, P070457, P070454, P070419, P070402, P070480, P070686, P0
17) ойын бизнесi; V074576
18) ветеринария;
19) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерi ескерiле отырып, сот-сараптама;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет; V022062, V011532, V085256
22) сәулет, қала құрылысы және құрылыс; қараңыз.P100607
23) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын дайындау; P040392
24) алынып тасталды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
25) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы;
26) алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
27) тауарлар экспорты мен импорты;
28) тауар биржалары салаларындағы қызметтiң жекелеген түрлерi лицензиялануға тиiс.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
3-тарау. ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРI
12-бап. Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялау
РҚАО-ның ескертпесi!
12-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi: P071311
1) жеке қажеттiлiктерi үшiн жаңартылатын энергия көздерiнен электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудi қоспағанда, электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi электр станцияларын жобалау және пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
кернеуi 35 кВ (киловольт) және одан жоғары электр энергиясы көздерiнен электр энергиясын өндiру;
тұтынушыға дейiн электр энергиясын беру және тарату;
электр станцияларын, электр желiлерiн және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектiлерi мен бiрыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын электр жабдықтау объектiлерiн қоспағанда, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын кiшi станциялардың барлық түрлерiн (трансформаторлық кiшi станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелiк қорғауды және автоматиканы) пайдалану;
өз қажеттiлiгi үшiн жылу энергиясын өндiрудi қоспағанда, елдi мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын өндiру;
елдi мекендердi, өндiрiстiк үй-жайлар мен объектiлердi жылумен жабдықтау үшiн жылу энергиясын беру және тарату жөнiнде қызметтер көрсету;
2) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнiмдерiн сақтау объектiлерiн, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану:
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларын және технологиялық регламенттерiн жасау;
қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстары;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ және су ұңғымаларын, соның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру;
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардың өздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар; ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн:
органикалық және органикалық емес химия, каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсiбiнiң, техникалық көмiртегiн, химиялық талшықтарды, полимерлiк материалдарды және пластмассаларды;
мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнiмдерiн;
октандық санды арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телiмдер, қоспалар және компоненттер енгiзу бойынша;
белгiленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнiмдерiне телiмдер, қоспалар мен компоненттер енгiзу бойынша;
дизель отынына, мазутқа телiмдер мен қоспалар енгiзу бойынша;
мұнай майларына телiмдер енгiзу бойынша;
құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану;
басқа мемлекеттердiң аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгiзiлетiн жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиялық, химиялық өндiрiс саласындағы жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы;
көмiрсутек газы бар газ, мұнай және мұнай өнiмдерiн сақтау объектiлерiн (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, авто жанар-май құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерiн, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерiн пайдалану:
тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бiрыңғай технологиялық процестi қамтамасыз ететiн объектiлердi қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану;
сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-, мұнай өнiмдерi құбырларының резервуарлық парктерi мен желiлiк бөлiктерiн, сондай-ақ жер асты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану;
магистральдық құбырларға, негiзгi және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жiктердiң, қосылыстар мен бекiтпелердiң профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйiн бақылау, жай-күйiнiң диагностикасы);
сорғы-сығымдаушы станциялар жабдықтарының және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiктерiнiң, оның iшiнде су асты өткелдерiнiң диагностикасы;
коррозиядан электр-химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету;
3) минералдық шикiзатты қайта өңдеу (кеңiнен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеудi қоспағанда).
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
пайдалы қазбаларды бөлудiң физикалық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң физика-химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң химиялық тәсiлi;
пайдалы қазбаларды бөлудiң металлургиялық (пирометаллургия, күйдiру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсiлi;
құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсiптiк өндiрiстердiң қалдықтарын өңдеу;
4) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектiлерiн газдандыру жүйесiн пайдалану.
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерiн пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттерi, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желiлерi):
үй iшiндегi газ желiлерi мен газ аспаптарын және жабдықты пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және ұстау;
5) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс iстеу қысымы 0,7 кг/см2 және жылу жеткiзу температурасы 115 0С қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс iстейтiн сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бiрыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жабдықтарды жөндеудi қоспағанда).
Қызметтiң бұл түрi мынадай кiшi қызмет түрлерiн қамтиды:
жобалау (жабдық әзiрлеу үшiн қажеттi техникалық-экономикалық негiздеменi, есептердi, сызбаларды, макеттердi, сметаларды, түсiндiрме жазбаларды қамтитын кешендi техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзiрлеу);
жасау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтердi, түйiндердi, бөлшектердi, бөлiктердi, блоктарды, қосалқы құрылғыларды);
монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықтарды, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйiндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндiрiстi, объектiнi пайдалану кезеңiнде жинау, жөндеу және орнату);
жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйiнiң диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру, элементтердi ауыстыру, бұзылған жерлердi жөндеу, жою);
6) электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу;
7) өлшеу құралдарын өндiру және жөндеу;
8) заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және өткiзуi. P080080
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.04 N 166-IV Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |