Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет17/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Ежелгi Қытай 
қоғамдық-саяси ойында ықпалды ағымның бiрi болған даосизм iлiмi, 
оның негiзiн салған б.з.д. VI ғасырда өмiр сүрген оқымысты Лао-цзы. Еңбегi «Дао және дэ» 
деп аталады. Даосизм iлiмi «дао» ұғымына негiзделедi, ол «алғашқы түпкi негiз» деген 
мағынаны бiлдiредi. Даосизм iлiмi аспан, табиғат, қоғам заңдылықтарын анықтады. Бұл 
заңдылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әдiлдiктi жақтады. Дао iлiмi бойынша барлық 
адамдар тең. Ол теңсiздiктi, әдiлетсiздiктi, қайыршылықты даодан ауытқу деп санады. 
Қытайдың саяси iлiмi тарихында конфуцизм iлiмi маңызды рөл атқарған. Оның 
негiзiн қалаған б.з.д. 551-479ж. өмiр сүрген қытайлық ойшыл Конфуций болды. Оның 
көзқарастары шәкiрттерi құрастырған «Лунь юй» (Әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабында 
жинақталған. Бұл кiтаптағы даналық туралы ойлар өз мәнiн осы уақытқа дейiн жойған жоқ.
Ол даналыққа үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол – санамен саралау, ең оңай жол – 
елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм алу, – деп жазады. Оның негiзгi идеялары: 
1
мемлекеттiң патриархалды-патерналистiк концепциясы; 
2
аристократиялық билiк концепциясы; 
3
қайырымды билiк концепциясы. 
Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің 
басталуы мен аяқталуы болады дейді. «Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. 
Оның басталуы мен аяқталуын анық білген адам ақиқатқа жақын тұрады» – деп жазады. 
Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель, 
Полибий, Тит Лукреций Кар. 
Ежелгi Грецияның саяси iлiмдер тарихында өте бай 
материалдар жинақталған. Антикалық дәуiр ойшылдары қоғамдық өмiрдi, оның саяси 
құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырды. Ежелгi грек ойшылдарының 
көрнектi өкiлiнiң бiрi – 
Платон
б.з.д. 427-347 жылдары өмiр сүрдi. Ол саяси ойларын 
«Саясат», «Мемлекет», «Заңдар» атты еңбектерiнде айтты. Мемлекет пен заңдарға деген 
мұқтаждықты Платон адамдардың өздерiнiң қызығушылықтарын қанағаттандыруға, 
қоғамдық идеалға жақындауға деген талпынуларымен түсiндiрдi. Платон пiкiрi бойынша 
мемлекеттiк құрылыстың «дұрыс» және «бұрыс» формалары кездеседi («Мемлекет» деген 
еңбегінде мемлекеттік құрылыстың бірінші жобасын ұсынды). Мемлекеттiң дұрыс 
формасы – монархия, аристократия, өйткенi олардың қызметi қоғамды келiсiм мен 
байлыққа жеткiзедi деп есептедi. Мемлекеттiң бұрыс формасы – тимократия (байлықты 
иеленуге талпынушы-лардың үстемдiгi), олигархия (азғана ғана бай жауыздардың, 
қылмысқа жақындардың үстемдiгi), демократия (көпшiлiк билiгi), тирания (бiр адам билiгi). 
Платон мемлекеттiң дұрыс және бұрыс формаларына iзгiлiктi мемлекеттi қарсы қояды. 
Оның пiкiр бойынша iзгiлiктi мемлекет мынадай белгiлерге ие болуы тиiс: 1) қорғау 
құралдарының болуы; 2) қоғам мүшелерiн қажеттi материалдармен жүйелi түрде 
жабдықтап тұруы; 3) рухани және шығармашылық қызметтiң жоғары деңгейде дамуына 
жағдайды жасау. Ол мемлекеттегi касталық құрылысты дәрiптейдi. Қоғамдағы адамдарды 
– философ-билеушiлер, сақшылар, тiкелей өндiрушiлер деп бөледi. Әрбiр сословие өзiнiң 
қабiлетi келетiн iспен айналысуы керек деп санаған. Бір әлеуметтік қабаттан екіншісіне 
өтуді жоққа шығарады. Платон саяси iлiмiнде тоталитарлы бағыт анық сезiледi. 

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау