Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет25/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

Қожа 
Ахмет Иссауи
еді. Иссауидің басты еңбегі «Диуани хикмент» («Даналық кітабы»). Ол адам 
мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ислам дінінің өнегелікке, таным-
болмысқа қатысты ақыл-ой, парасат туралы құндылықтарын кең насихаттаған ол бұқара 
халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз істерін сынайды, бұл 
дүниенің жалғандығын сынайды. Оның сопылық ілімінің басты мақсаты адамды жетілдіру, 
адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді сынау. Сондықтан да Иссауи құдай атынан 
парасаттылыққа, әділдікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік ойлары дін 
арқылы түсіндіріледі. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім 
жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады». Жамандықты жасаушы адамдар, оны 
алла да жақтырмайды. 
Адамдардың барлығы құдай алдында тең. Олардың теңсіздігі адамдардың жағымсыз 
іс-әркеттерінен туындаған. Ахмет Иссауи адам бойында кездесетін тойымсыздық, 
ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық сияқты жаман қасиеттердің болатынына 
өкініш білдіреді, мұндай жағымсыз әдеттерден арылуға шақырады, адамдарды бір-бірін 
құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді. 
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы. 
Қазақ мемлекетiнде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке
ханның «Жетi жарғысы» деп аталатын заңдар жүйесi болған. «Жетi жарғы» тек құқықтық
қалыптар жинағы емес. Онда әртүрлi дiни, тәлiмдiк, әдептiлiк, қарым-қатынастық
мәселелер, яғни қоғамның барлық мәдени-әлеуметтiк өмiрi қарастырылған. Оған қоса 
айтарымыз бұл тарихи құжатта алғашқы рет қазақтардың саяси құндылықтары 
стандартталынды, жүйелендi, қалыптандырылды. Бұл өркениеттiлiкке қарай жасалынған 
бiршама қадам болатын. Бiрнеше ғасырлар бойы хандық билiкте болған қазақ жерi «дала 
демократиясының» өзiндiк тәжiрибесiнен өтті, бұл өте құнды рухани-саяси мұра болып 
табылады. 
Бірқатар зерттеуші ғалымдар 
«
Жеті жарғы» заңдар жинағына «дала конституциясы», 
«бірінші қазақ конституциясы» деп баға бергені белгілі. Н.Ә.Назарбаев «Тарих 
толқынында» атты кітабында: «Жеті жарғыға XVII ғасырдағы қазақ қоғамының саяси және 
әлеуметтік өмір қажеттерінен туған қаулылар енді. Осынау құқықтық ескерткіштер қазақ 
халқының дербес мемлекеттік алып, бірлесуге құлшынған сан ғасырлық арманын айқын 
көрсетті» – деп жазады. Жалпы «Жеті жарғының» қазақ мемлекетінің қалыптасу 
тарихындағы орны мен рөлі зор екендігі сөзсіз. 
«Жеті жарғы» заңдар жинағы бойынша мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ал 
ел басқару сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері арқылы жүргізілді. Хандықтың маңызды 
мәселелері халық жиналыстары – Құрылтайда талқыланды. Бұл көшпелі қазақ 
қоғамындағы өкілділік биліктің бір формасы болатын. «Құрылтай» әр түрлі формада өтетін 
болған, мәселен тұтас халық пен ұрпаққа қатысты мәселені талдауда ол сейм формасына 
енген. Формасына қарап қатысатын адамдар да әр түрлі болған. Тағы бір ерекшелігі 
мәселеге қатысты тұрғындар пікірін сұрап, келесі күнге жаңа дәлелдер мен мәліметтер 
жинақталып отырылған. Яғни, көпшілік халық мәселеге қатысты өз пікірін білдіру 
мүмкіндігіне ие болған. Бұл шешім қабылдау процесінде ашықтық қағидасы болғандығын 
дәлелдей түседі. 
Тәуке хан билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Билер кеңесін 
құрып, оның мәжілісінде аса маңызды мәселелерді талқылап шешкен. Ол билер съезі өтетін 
жер мен уақытты белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын Билер кеңесі 
Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам 
қаласы маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі 


Күлтөбеде өткізілген. Зерттеуші ғалымдар билер мен билер кеңесі билігіне қатысты әртүрлі 
пікірлер білдірген. Мәселен, мына пікірлер: билердің сот билігі басқару жүйесіндегі 
биліктің жетекші формасы; билер кеңесі билікті «жекешелендіруге» ұмтылушы мұрагер 
ақсүйектер билігіне қарама-қарсы қою үшін құрылған; билер кеңесі биліктік қатынаста 
тікелей және кері байланысты жүзеге асыратын маңызды мемлекеттік ұйым.
Билер Кеңесі: 
біріншіден, кеңесші ұйым болды, ханмен бірге жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу 
үшін құрылтай шақырып, оның жұмысына қатысты;
екіншіден, халықтың мемлекеттік биліктегі өкілі, билік құрылымындағы қара халық 
арасынан шыққан, әрі оның мүддесін билікті қорғаушы ұйым;
үшіншіден, заң талқылайтын ұйым, қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесінің негізін 
салушы. 
Билер кеңесіне өкілділік билік ретінде мынандай өкілеттіліктер берілді: 
- сыртқы саясатта, яғни көрші елдермен тиімді дипломатиялық қатынасты 
қалыптастыру, елшілік қызметті жетілдіру; 
- ішкі саясатта қоғамда тұрақтылықты орнату, яғни жүздер, рулар арасындағы дау-
жанжалды тоқтату, әкімшілік-шаруашылық жұмыстар мен қоғамның құқықтық жүйесін 
реттеу; 
- ұлттық қауіпсіздігін сақтауға байланысты өкілеттіліктері болды, атап айтсақ, 
сұлтандар сепаратизміне жол бермеу, трайбализмге қарсы шешімдер қабылдау, қоғамның 
жікке бөлінуіне жол бермеу, ел қорғау жүйесін жетілдіру. 
Билер шешімді қабылдау және таратудың өзіндік ұлттық негіздегі механизмін де 
қалыптастырған. Билердің қабылдаған шешімдері дәстүрге, көрегендікке, келісім мен 
сабырлыққа, ыждағаттыққа негізделген және таңдаған әрекеттерінің орындалу 
жауапкершілігі де жоғары. Оған негіз болған себептер: 
- би шешімінің мақсатқа сай келуі. Өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоя білу; 
- уакыт талабына сай келуі, шешімнің уақытында орындалу мүмкіндігін көре білу; 
- сәйкестілік, яғни қоғамда әрекет етуші дәстүрлі құқықтың нормаларға шешімнің сай 
келуі; 
- шешімді халықтың түсінуі, мойындауы, яғни шешімді ашық сұхбаттасу және еркін 
пікірталас арқылы қабылдау; 
- шешім қабылдау процесінде өз шешендігін, өнері мен өнегесін, білгірлігін т.б. халық 
алдында паш ету. 
Билер кеңесіне ең беделді қазақ билері кірді, олардың пікірімен әрбір билеуші хан 
санасуға мәжбүр болды. Беделді билер сөздері қазақ билеушілері үшін маңызды және өтімді 
болды.

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау