Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет14/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

стратификациялық 
дефиниция.
Ол саясатты белгiлi бiр қоғамдық топтар, тап, ұлт немесе өз мүддесiн билiк 
арқылы қанағаттандыруға талпынушы мүдделi топтар бәсекелестiгi ретiнде 
тұжырымдайды. Егер саясатты таптар арасындағы күрес ретiнде тұжырымдаушы маркстiк 
дефиниция өз мәнiн жойса, ал мүдделi топтар теориясы өзiнiң ауқымын кеңейттi және әрi 
олар демократияның плюралистiк концепциясындағы демократиялық мемлекет әр түрлi 
мүдделi топтардың бәсекелестiгiн реттеушi саясат жүргiзедi, сол арқылы қоғамда тепе-
теңдiктi сақтайды деп тұжырымдайды. 
3. Саяси iлiмдер тарихында саясаттың 
құқықтық концепциясы
кеңiнен тараған. 
Олар саясат, мемлекет, құқық, ең алдымен адамның табиғи құқығының өнiмi деп санады. 
Оған мысал, Спиноза, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо, Кант өкiлi болып табылатын «қоғамдық 
келiсiм» теориясы болады. Бұл теорияның негiзгi мәнi саясат әрбiр адам өмiрге келгеннен 
берiлетiн негiзгi құқықтарды - өмiр сүру, бостандық, жеке меншiктi қорғау деп 
тұжырымдауы. 
Қазiргi заманғы әдебиеттерде саясат теориясының құқықтық тұжырымы керiсiнше 
берiледi. Олар құқықты саясат өнiмi, оны таратудың негiзгi құралы, тұрақты саяси тәртiп 
құру тәсiлi деп есептейдi. Құқық тiкелей мемлекетпен жасалынады және саяси ерiк пен 
мемлекеттiк мақсатқа негiзделiнедi. 
4. Саясат 
идеологиямен
де тығыз байланысты. Идеология таптардың ең алдымен 
экономикалық, әлеуметтiк т.б. мүдделерiнiң теориялық көрiнiсi. Сондықтан да идеология 
экономикалық-әлеуметтiк т.б. саясаттардың iске асырылуындағы идеялық құрал болып 
есептелiнедi. Идеологиядан бас тарту саясаттың құнсыздануына алып келеді. Идеология 
саяси іс әрекеттердің теориялық негізі. Сондықтан идеологиясыз саясат болмайды Сонымен 
бірге саясат халыққа идеологиялық тәрбие берудегі құрал болып есептелінеді. Өйткені 
оның қолында қоғамдық саяси теорияны жасау үшін барлық жағдай бар. 
Саясатқа бұдан басқа да факторлар ықпал етеді, мәселен, географиялық, 
демографиялық, мәдени тарихи, ұлттық салт дәстүр, әлеуметтік психология т.б. Себебі 
олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңде саясатты айқындаушы факторлардың біріне 
айналуы мүмкін. 
Саясатты, сонымен бірге 
өнер
деп қарастыру керек. Өйткені саясаттың объектісі де 
субъектісі де адам. Сондықтан саясаттың сапасы, деңгейі, тиімділігі, сауаттылығы, әрі 
қуаттылығы көп жағдайда саясаткердің, ел басшысының, сайып келгенде жеке адамның 
қабілетіне, мәдениеттілігіне, білімділігіне, тапқырлығына, іскерлігіне тәуелді. Демек, 
саясаттың дұрыс жүргізілуі саясаткердің қоғамдағы барлық табиғи әлеуметтік 
мүмкіндіктерді пайдалана білуімен, теориялық негіздер мен принциптерді қолдана 
алуымен, саяси шешімдерді қабылдауда шығармашылық батылдықты көрсете алуымен 
және оның қоғамның келешегін болжай алатын логикалық көрегендігіне байланысты.
Саясат қоғамда үлкен өзгертуші, айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам 
дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі қажет. Ол заңдылықтар ғылым арқылы 
айқындалады. Сондықтан да саясат ғылымға негізделуі керек, яғни саясат ғылыми болуы 
тиіс. Саясат қоғамдық даму заңдылықтарына негізделінеді. 

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау