Аталык,. Қалыпты жағдайда аталық екі бөліктен түрады — аталық жіпшесінен және тозаңқаптан (тозаң- дықтан).
Аталык жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапай- ым, тармақталмаған болып келеді. Алайда олардың кейбіреулерінде, әртүрлі формада, бүйірлік өскіншелер жетіледі немесе бұтақтанады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы аталык деп атайды.
Аналык. Бүл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшалар- дың бірігіп кетуінің нәтижесінде түзілетін, тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс (гүл түйіні, плацента). Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан түрады. Кейде аналықтың мойны болмайды, бұл жағдайда аналықтың аузы отырмалы болып келеді.
Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Жалпақ, дөңес немесе ойыс болып келген гүл түғырына гүлдің қалған мүшелері бос орналасса және гүл түйіні тек жеміс жапы- рақшалардан түзілсе, онда мұндай гүлдің гүл түйіні жо- ғарғы болып келеді
Тозаңцар пісіп-жеіілген соң, тозаңқап (тозаңдық) қақырап ашылады, одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңцану деп атайды. Тозаңданудың екі түрлі жолы бар: оздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану
Өздігінен тозаңдану тек қосжынысты гүлдерге ғана тән. Бұл жағдайда бір гүлдің өзінің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына барып түседі. Ол ашылмайтын гүлдерде (клейстогамных) айқын байқалады. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық (грек, авто-өзін, голос-одақ) өсімдіктер деп атайды (бидай, арпа, сұлы, күріш және т.б.).
Ч. Дарвиннің айтуы бойынша, айқас тозандану эво- люцияның барысында біршама алға басқандықты көрсетеді (прогрессивтік белгі). Айқас тозанданғанда жаңа пайда бо- латын ұрпақ атасы мен анасының екеуінің де кейбір қасиеттерін бірдей қабылдауы мүмкін, ал оның өзі осы ұрпақтың әр түрлі ортаға өмір сүруге бейімделушілік қабілетінің артуына мүмкіндік береді. Өсімдіктердің ба- сым көпшілігі айқас тозанданады. Тозаңның бір гүлдің аталығынан екінші гүлдің аналығына келіп түсуінің мы- надай жолдары бар: анемофилия (жел арқылы), гидрофилия (су арқылы), энтомофилия (насекомдар арқылы), орнитофилия (құстар арқылы), мирмекофилия (қүмырсқа- лармен) және т.б. Гүлдердің өзін тозандандыратын белгілі бір насекомдарға бейімделушілігі жиі байқалады. Мысалы, беденің түрлерінің үзын түтікке біріккен күлте жапырақ- шалары болады, бүл жағдайда тек түкті аралармен (шмель) кейбір ұзын түмсықты аралар ғана одан шірнеліктерді ала алады және айқас тозандандырады. Бүл жағдайда беденің (клевер) және оларды тозаңдандыратын насекомдардың белгілі бір территорияда табиғи жағдайда таралуы (ареалы) сәйкес келуге тиісті.
ҮРЫҚТАНУ
Бүл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық және аналық гаметалардың қосы- луы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын — жүмыр- тқа клеткасы деп атайды
Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше (орган). Ол сырты жеміс қаппен (спермодерма) қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпа- дан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда (салқында, құрғақ- шылықта) тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.
ТҰҚЫМНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты: эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және пе- риспермде, эндоспермде және ұрықта26 тұқымның бес типі болады.
ЖЕМІС
Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, ал кейбір жағдай- ларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрық- тану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады.
Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады.
Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді.
Мұндай жемістерді партено- карпты деп атайды, олар әдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектес- тердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің (соплодие) айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден, немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (тұт, инжир, ананас)
Достарыңызбен бөлісу: |