Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қыналардың жалпы сипаттамасы.
2. Қыналардың систематикасы.
Лекция № 11-12
Тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама
Жоспары:
Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер
Тұқымды өсімдіктер
Жоғары сатыдағы өсімдіктер құрамына енетін өсімдіктер, оларды жиі жапырақсабақтылар деп атайды, өйткені олардың денесі сабаққа, жапыраққа және тамырға бөлінген. Бұдан басқа оларды ұрықтылар деп те атайды, дебебі оларда ұрық болады. Ақыр аяғында оларды тамырлы өсімдіктер (мүктектестерден басқалары) деп те атайды, өйткені олардың сапрофиттерінің органдарында тамырлар мен трахеидтер болады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарихи даму барысында құрлықта тіршілік етуге бейімделді. Бұл өсімдіктерде жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтар алмасады. Гаметофит гаметалар түзейді және ұрықты қорғайды, ал спорофит споралар өндіреді, олар гаметофиттің келесі ұрпағын қамтамасыз етеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде диплоидты спорофиттер басым келеді, ол және де өсімдіктің сыртқы түрін анықтайды.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалықтармағында жоғары сатыдағы споралылар және жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктерді ажыратады. Жоғары сатыдағы споралылар үшін жыныстық және жыныссыз көбеюдің ажыратылуы тән. Бірінші жағдайда көбею спорофиттердің спорангияларында түзілетін бірклеткалы споралар арқылы жүзеге асады, екінші жағдайда-гаметофиттердің жыныс органдарында түзілетін гаметалар арқылы іске асады. Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктерге көпклеткалы түзіліс-тұқымның болуы тән, ол көбею процесі кезінде пайда болады және тұқымды өсімдіктерге споралылардың алдында маңызды эволюциялық басымдылық береді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалықтармағы бірнеше бөлімдерге жіктеледі. Соның ішінде жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер Риниофиттер (hyniophyta) және Зостерофиллофиттер бөлімдеріне жататын организмдер толықтай жойылып кеткен. Қазіргі кезде кездесетіндер Мүктектестерге (Bryophyta), Плаунтектестерге (Lycopodiophyta), Псилоттектестерге (Psilotophyta), Қырықбуынтектестерге (Eguietophyta), Папоротниктектестерге бөлінеді. Жоғары сатыдағы түқымды өсімдіктер Ашықтүқымдылар (Gymnospermae) және Жабықтұқымдылар немесе Гүлді өсімдіктер (Angiospermae немесе Magnoliophyta) бөлімдері деп жіктеледі. Ашықтұқымдылар мен Жабықтүқымдылар — тұқымды өсімдіктер, қалғандары — Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы споралылардың кейбіреулерінде барлық споралары бірдей (тең споралы өсімдіктер), ал басқаларында спораларының мөлшері әртүрлі ( әртүрлі споралы өсімдіктер) болады. Өсімдіктердің қазіргі бөлімдерінен олардың жекеленгендері ғана қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |