Тақырыбы: Тірі ағзалардың классфикация жүйесі
Жоспары:
1.Систематика - биологиялық ғылым ретінде.
2. Таксономиялық категориялар.
2. Систематика ғылымы біздің планетамызда кездесетін өсімдіктер түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген, миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастырумен айналысады. Қазіргі кезде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 мыңдай.
Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау) жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады.
1)Түр (species) - морфологиялық жағынан ұқсас даралардың жиынтығы.
2)Туыс (genus) - жақын түрлердің жиынтығы.
3)Тұқымдас (familia) – жақын туыстардың жиынтығы.
4)Қатар (ordo) - жақын тұқымдастардың жиынтығы.
5)Класс (classis) - жақын қатарлардың жиынтығы.
6)Бөлім (divisio) - жақын кластардың жиынтығы.
Бұл таксондардан басқа қосымша таксондарда бар. Олар туыс тармағы, тұқымдас тармағы т.б. жатады.
Өсімдіктер үлкен екі топқа : төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктер болып бөлінеді.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
І.Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы
1.Вирустар
ІІ.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы
2.Дробянкалар
3.Көк жасыл балдырлар бөлімі
ІІІ.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы класс типті тармағы немесе төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер
4.Жылтырауық сары балдырлар бөлімі
5.Сары-жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі
6.Диатомды балдырлар бөлімі
7.Пирофит балдырлар бөлімі
8.Эвгленалар
9.Қоңыр балдырлар бөлімі
10.Қызыл балдырлар бөлімі
11.Жасыл балдырлар бөлімі
12.Хара балдырлар бөлімі
13.Қыналар бөлімі
IV.Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластиттері жоқ өсімдіктер тармағы
14.Кілегейлілер
15.Саңырауқұлақтар
Жоғары сатыдағы өсімдіктер
V.Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялар тармағы
16.Риниофиттер
17.Псилофиттер
18.Мүктәрізділер
VI.Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялар тармағы
19.Плаунтәрізділер
20.Қырықбуындар
21.Папоротниктер
22.Жалаңаш тұқымдылар
VII.Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы
23.Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер
3.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалы болады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонийлері және антиридийлері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеленіп кең таралған.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.Төменгі сатыдағы өсімдіктерде тамыры болмайды, оның орнына ризоид деген арнайы мүшесі болады.
Өте ерте заманда-миллиондаған жылдар бұрын жер шары бетінің көп бөлігін су алып жатқан. Бұл алғашқы теңіздер мен мұхиттар еді.Мұнан миллиардтай жыл бұрын осы теңіздер мен мұхиттарда алғаш тірі ағзалар пайда бола бастады.Олар ұсақ сілемейлі түйіршікке ұқсас болды. Ертедегі ағзалардың қазіргі замандағы жасушалы өсімдіктерден айырмашылығы олардың құрылыстарының өте қарапайымдығы. Осы алғашқы ағзалардан бактериялар мен балдырлар пайда бола болды. Күні бүгінге дейін бактериялардың түрі өте көп. Бұлар өздерінің жаратылысы жағынан өз алдына ерекше, бірақ қайткенмен де өсімдіктер әлемінің қатарына жатқызылатын ағзалар тобы болып саналады. Бактериялар табиғатта да, шаруашылықта да, үлкен рөл атқарады.
Ерте замандағы өсімдіктердің пайда болған орны-су. Балдырлардың күрделене түсуінен жер қыртысы мен атмосфера өзгереді. Өйткені олар күн көзінен жарық энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан, көмірқышқыл газынан және судан алғашқы органикалық қосылыстар түзді.Осындай жағдайда кейбір жасушаларда жасыл пигмент хлорофилл пайда болып, олар су мен көмірқышқыл газын қорекке айналдыру үшін күн сәулесінің энергиясын пайдалануға бейімделеді. Сөйтіп фотосинтез (Фотос-жарық)әрекеті өмірге келді Фотосинтездің нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлінді. Ал, қазіргі өсімдіктердің пайда болуына дейін жер атмосферасында ешқандай да оттегінің болмағандығы дәлелденді. Атмосферада оттегінің көбейе түсуі өсімдіктердің өніп-өсуіне қолайлы жағдайлар жасады. Жер қыртысының қозғалуының әсерінен теңіздердің орнына құрлық пайда болды. Жердің құрғай бастауынан кейбір балдырлар бірте-бірте жер бетінде тіршілік етуге бейімделе бастады. Өсімдіктер біртіндеп құрлыққа шығып, құрылысы күрделене түсті.
5.Жоғары сатыдағы өсімдіктер төменгі сатыдағы өсімдіктерден пайда болған. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерден құрылысының бірқатар белгілерінің күрделі болып келуімен ажыратылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктер алғашқы сулы ортамен тікелей байланысын үзген, жер бетінде ауасы бар ортаны мекендейтін өсімдіктер. Құрлыққа шыққан соң өсімдіктер мүлдем басқа жаңа жағдайға тап болған. Сондықтан олардың бойында көптеген арнайы маманданған белгілері қалыптасқан.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға, тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тамыры болады. Тамыр ризоидтарға қарағанда минералдық тұздар мен суды сору және топыраққа бекіту қызметін әлде қайда жақсы атқарады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің қоршаған ортада суды шамадан тыс жоғалтудан, төменгі температурадан және т.б. жағдайлардан қорғайтын күрделі жүйесі – жабындық ұлпалары мен лептесік аппараттары болады. Лептесік аппараты газдардың алмасуын және транспирация (су булану) кезінде судың булануын реттеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |