Лекция мақсаты: Жаратылыстану негіздері пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы және ботаника ғылымы жөнінде түсінік беру



жүктеу 438,57 Kb.
бет6/90
Дата07.01.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37101
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Лекция тезистері Жаратылыстану 3

Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады.

Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады.



Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.

Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі. Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола) діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады.

Ағаш сүрегінің қатты, тығыз немесе жұмсақ жеңіл болуы сүрек талшығы жасушалары қабықшасының қалындауына байланысты. Жасушасы өте қалың қабықшалы ағаштар: емен, талшын, қайың, т.б. Сүрегі өте тығыз, салмақты және берік қабықшасы онша қалыңдамағандарға тал, үйеңкі, шаған, т.б. жатады. Ал сүрегі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, бұл қасиеті әр түрлі өнеркәсіп орындарында түрлі бұйымдар (ыдыс, аспап, уық, кереге, шаңырақ, есік, терезе, т.б.) жасағанда еске алынады.

Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш пайда болған кезде жасушалары тірі болады. Қорыта келгенде тірек ұлпасы өсімдіктің барлық мүшелерінде қаңқа қызметін атқарады, сыртқы қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап, өсімдікке мықтылық, иілгіштік, серпімдік қасиет беріп, морт сынудан сақтайды.

Өткізгіш ұлпа.[өңдеу]


Толық мақаласы: Өткізгіш ұлпа

Өсімдіктің барлық мүшелеріне қоректік заттарды жеткізетін жасушалар тобын өткізгіш ұлпа дейді. Жасушаларының іші қуыс түтікше тәрізді, өткізгіш ұлпа жоғары ағыс жолы және төменгі ағыс жолы деп екіге бөлінеді.

Жоғары ағыс жолымен тамыр түктері арқылы топырақтан сорып алған су мен онда еріген минералды тұздардың ерітіндісі сабақ бойымен жоғары қарай көтеріліп өркендері мен жапырақтарына жеткізіледі. Оның өтетін немесе ағатын жолы сүрек (ксилема) бөлімі. Сүрек жасушалары түтікше тәрізді, оны трахеида деп те атайды. Трахеида деп қабықшасы сүректенген (қатайған), екі ұшы сүйір, өте жіңішке ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге жететін өлі жасушаларды айтады. Алғаш түзіле бастаған кезде жасуша қабықшасы таза целлюлозадан тұрғанымен өсе келе қатайып, сүректеніп беріктік қасиет береді. Әсіресе қылқан жапырақты өсімдіктердің сүректерінің 80-90%-ы трахеид жасушаларынан тұрады. Көктемде түзілген трахеида жасушаларының қабықшасы жұқа, ішкі қуысы кең. Жаздың соңғы айларында түзілгендерінің қабықшасы қалың, ішкі қуысы тар болады. Сондықтан ерте көктемдегі трахеида суды өткізсе, кейінгісі беріктік қызмет атқарады. Трахеида арқылы түйнек пен тамырда қорға жиналатын қант пен басқа да органикалық заттар көктемде жер үсті мүшелеріне жеткізіледі. Жоғары ағыс жолы жасушаларында трахеяда (түтік) жатады. Ол трахеидадан ұзын, себебі жас жасушалар біртіндеп ұзарып, көршілес жасушалардың бір-біріне түйіскен жері алдымен шырыштанып бөрітіп, ақырында еріп кетеді де, жасушалар өзара қосылып трахея (түтік) пайда болады. Оның ішіндегі цитоплазмасы жойылып орнына су толып, ұзындығы (көлденең пердесіне дейін есептегенде) 10 см-ден 5 м-ге дейін (лианаларда), (еменде 2 метрге) жетеді. Көлденең перделерінде көптеген майда саңылаулары болғандықтан бір жасуша екінші жасушамен тығыз байланысады. Түтік жасушалары тозған кезде айналасын қоршаған тірі жасушалар өзекке еніп қабықшасындағы өсінділермен ішін бітеп су жүрмей қалады. Түтік жасушалары трахеидадан да кейін пайда болғандықтан тек гүлді өсімдіктерде өте жақсы дамыған. Қорыта келгенде жоғары ағыс жолы екі түрлі жасушалармен қозғалады, бірі трахеида (ашық тұқымдыларда жақсы дамыған), екіншісі трахея(жабық тұқымдыларда жақсы дамыған). Бұл жасушалар сабақтың сүрек бөлімінде болатындықтан су мен онда еріген минералды тұздары тамырдан бастап, сүрек бойымен жоғаы қарай жер үсті мүшелеріне жеткізіледі.

Төмен ағыс жолымен (флоэма) фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттар жапырақтан басталып, тамыр, сабақ, жеміс, түйнек, т.б. мүшелеріне таралады. Қылқан жапырақтыларда органикалық заттар сүзгі тәрізді жасушалар арқылы, ал гүлді өсімдіктерде сүзгілі түтіктері арқылы қозғалады. Сүзгі тәрізді жасушалар ұзынша, ұшы сүйірленген. Оның серік жасушалары болмайды, майда саңылаулары жасуша қабықшасының жан-жағына орналасқан.

Сүзгілі түтік жасушалары тірі, бірінің үстіне бірі қаланып жатқан жасушалардың көлденең перделерінде сүзгі тәрізді көптеген майда тесіктері болады, сол арқылы көршілес орналасқан жасушаларға органикалық қорек заттары өтеді.

Сүзгілі түтік ағаштар мен бұталарда 3-4 жылдан соң тесіктері бітеліп күзге қарай істен шығады. Кейде көктемде сүзгі тесіктері ашылып, қайтадан органикалық заттар қозғалысы қалпына келеді, мысалы: жүзімнің сүзгілі түтігі 2 жыл, жөкенікі 3-4 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Сүзгілі түтіктің сүзгі тәрізді жасушалардан айырмашылығы оның айналасында қабықшасы жұқа, цитоплазма мен ядросы бар ұзынша бір немесе бірнеше серік жасушаларының (жанама жасушалар) болуында. Сүзгілі түтік пен серік жасушасының бір-біріне жанасқан беттерінде саңылаулары болады, сол арқылы бір-бірімен қатынасады. Екеуі де бір меристемалық жасушадан пайда болады.

Өсімдік сабағында төмен ағыс жолы элементтері (флоэма) ксилеманың (сүрек) сыртында (қабықта) жапырақ тақтасының астыңғы бетіне орналасқан.

Өткізгіш шоқтар сүрек (ксилема) пен қабық (флоэма) өткізгіш элементтерінің шоғырлануы кейде тек ксилемадан немесе тек флоэмадан ғана құралуы мүмкін. Шоқтың айналасында басқа да тірі және өлі жасушалар болады. Дара жарнақты өсімдіктердің (бидай, жүгері, пияз) сабақтарында өткізгіш шоқтар шашырап ретсіз орнасса, қос жарнақтылар мен ашық тұқымдыларда белгілі бір ретпен шеңбер құрып орналасады.

Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің өткізгіш шоқтары түзілген соң құрылысында ешқандай өзгеріс болмайды, ал қос жарнақтыларда шоқтары қалыңдап өсіп, көршілес жатқан шоқтармен тұтасып шеңбер құрады. Ол камбий жасушаларының болуына байланысты. Камбийі жоқ шоқтар ары қарай өспейді. Оны тұйық, ал камбийі барларды ашық шоқ дейді.

Ксилема және флоэма элементтерінде қосымша тірек ұлпасы болса, оны түтік – талшық шоқтары деп атайды. Тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет беріді, әрі қолайсыз жағдайлардан қорғайды. Кейде шоқты айнала қоршай орналасып өткізгіш ұлпа жасушаларының қуысы қабысып қалмауына себепші болады.

Өткізгіш шоқтар өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Жапырақ тақтасындағы әр түрлі пішінде тарамдалып жатқан жүйкелері түгелдей өткізгіш шоқтардан тұрады, ол сабақпен байланысты. Сондықтан жоғары және төмен ағыс жолдарымен қозғалатын қоректік заттардың барлық түрлері. Өсімдіктің бүкіл мүшелерінің бірін қалдырмай бәріне жеткізіледі.

Бөліп шығарушы ұлпа.[өңдеу]


Тіршілік әрекетінің нәтижесінде өсімдік мүшелерінде ақырғы өнімдерді (қалдық заттар) бөліп шығаратын және жиналатын орындар бар, олар: безді түктер, безді қабыршақтар, шайыр жолдары, сүт жолдары, шірнеліктер, жасушааралық кеңістіктер, су жанаспалы жасушалар, т.б. Осылардың барлығын қосып бөліп шығарушы ұлпа дейді. Зат алмасудың ақырғы өнімі жасушаның ішінде немесе арайы орында жиналады. Орналасқан орынына, физиологиялық қасиетіне, сұйық және қатты түріде болуына қарай бөліп шығарушы ұлпалар екі түрлі жолмен пайда болады: а)схизогенді; ә)лизегенді.

Схизогенді жолмен бөліп шығарушы ұлпа ең алдымен бір жасушаның бөлінуі нәтижесінде түзілген жасушалардың бір-бірінен ажырауынан жасушааралық кеңістіктер пайда болып әрі қарай кеңи береді. Жан-жағында орналасқан жасушалардан бөлінген шырыш, шайыр, эфир майы жасушааралық кеңістікте (кейде бөліп шығаратын заттардың «арнаулы орын» деп те атайды) жинала береді, мысалы: қылқан жапырақты ағаштардан (қарағай, балқарағай, шырша, самырсын, т.б.) бөлінетін шайыр жолы созылып едәуір жолды алып жатады. Шайыр жолы қабықтан сыртқа шықпайды. Бірақ көп жағдайда қарағай діңінен мөлдір сарғылт түсті шайырдың ағып, тамшылып тұрғанын жиі көруге болады. Бұл тек шайыр жолы тесіліп, жарақаттанған кезде ғана болатын құбылыс. Қабығы тұтасып жатқан жерден шайыр ақпайды, шайыр сыртқа шығысымен дереу қатып қалады. Шайырдан скипидар камифоль дайындау үшін шайыр жолын кез келген жерінен кесіп барып шайырды ағызып алады. Шайыр жолы сүрек пен қабық бөлімінде ұзындығынан бойлап та, көлденең бағытталып та, кейде өзара бір-бірімен қосылып күрделеніп кетеді.

Сүт жолы бөліп шығарушы ұлпаның ерекше типіне жатады. Ол өсімдіктің барлық мүшелерін қамтиды. Сүт жолын құрайтын жасушалардың вакуольінеде сүт шырыны (латекс) бар. Өсімдік түріне байланысты сүтті шырын ақ (сүттіген, таусағыз, бақбақ, жер сағыз, т.б.), қызғылт-сары (сүйелшөп) түсті болады. Сүтті шырының құрамында алколоидтар, иілік заттар, көмірсулар, майлар, нәруыздар бар. Сондықтан резңке, каучук жасау өнеркәсібіне кеңінен қолданылады.

Лизигенді (еру) жолымен пайда болу кезінде алдымен жасушалар тобы ақырғы өнімдерді (шайыр, эфир майы, т.б.) көп бөледі де ақырында жасушалр тобы еріп бос орын түзіледі.

Безді жасушалар өсімдік түріне қарай әр түрлі болғандықтан ішкі және сыртқы бездер деп екіге бөлінеді. Ішкі бездер өсімдік мүшелерінің ішкі бетінде орналасатын безді жасушалар, оған шірнелік (нектарник) жатады. Шірнеліктер көбінесе гүл тостағанша мен күлтесінің түбінде, аналақ жатынның қабырғасында, гүл табанында, кейде вегетативтік (өсу) мүшелерінде де кездесіп қалады. Пішіні мен құрылысы түтік тәрізді, безді төмпешік жапырықша тәрізді жалпақ, т.б. болады. Шірнеліктен бөлінетін шірне аздаған нәруызы бар қант, спирт, хош иісті зат орналасқан қанттың сұйық ерітіндісі. Шірне тек тозаңдандыратын жәндіктерді ғана еліктірмей, өсімдіктер ондағы қорекік заттарды зат алмасу процесінде пайдаланады.

Эфир майын түзетін безді жасушалар өсімдіктердің жапырақтарында, гүлдерінде (жалбыз, раушан, шайшөп, шалфей, т.б.), жеміс қабығында (лимон, апельсин, манарин) көп болады. Тамақ, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Сыртқы бездерге өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінде кездесетін түктер жатады. Сыртқы бездердің жасушалары тірі, түзілген затты эфир майы немесе эфир майына еріген шайыр. Эфир майы мен шайыр ерітіндісі жасуша қабықша мен өңездің арасына жиналып көпіршіктеніп тұрады. Егер оған бір нәрсе тисе жарылып, іштегі сұйықтық сыртқа ағады да өсімдіктен аңқыған иіс шығады. Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің жапырақтарында ас қорыту бездері болады. Ол безді түктері желім тәрізді сұйықтық пен нәруызды қорытатын фермент бөледі. Жапырақтарына қонған майда жәндіктер (шыбын, маса, шіркей, т.б.) түктен бөлінген желімтек сұйыққа жабысып қалады да фермент жәндіктің құрамындағы нәруызды қорытады, жапырақ жасушаларына сіңеді. Азот жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктер осылайша өзін азотпен қамтамасыз етеді. Жәндіктермен қоректенітін өсімдіктерге непентез, шықшылдық, альдрованда, т.б. жатады.

Сү жанаспалы жасушалары (су устьицесі) - өсімдік денесінен су бөліп тұруға икемделген безді жасушалар тобы. Жапырақ тақтасының өңінде болатын ауа жанаспалы жасушалары сияқты, олар өң жасушаларының бөлінуінен қабықшалары жұқа, жанаспалы жасушалар ірі жапырақ жүйкелерінің ең ұшында жеке-жеке немесе топтанып орналасады. Безді жасушалар рөлін атқаратын су жанаспалы жасушалары арқылы артық сулар жапырақ жиектерінен тамшы болып бөлінеді. Су жанаспалы жасушаларының ішінде суға толы жасушааралық қуыстары көп. Өсімдік ұлпасы арасында әр түрлі зат (шайыр, бальзам, эфир майы, кейбір қышқылдар, минералды тұздар, алколоидтар, су, т.б.) бөліп шығаратын құрылымдар да болады[3].




жүктеу 438,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау