Систематикасы.
Ашықтұқымдыларды 6 классқа бөледі: 1/ Тұқымды папоротниктер, 2/ саговниктер, 3/ бенетиттер, 4/ гинколар, 5/ гнеталар, 6/ қылқан жапырақтылар.
Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы
Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.
Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) бөлімі. Бұл бөлімнің өсімдіктері тұқым береді, ол дегеніміз, шын мәнінде, болашақ өсімдіктердің ұрығы болып саналады. Тұқымның негізгі органдары ұрықтық тамыр, ұрықтық сабақша, ұрықтық жапырақшалар болып табылады. Десе де ашықтұқымдыларда тұқым жеміс жапырақшаларымен жабылмаған. Осыған орай оларды ашықтұқымдылар деп атайды. Ашықтұқымдыларға ағаштар, бұталар және лианалар жатады. Түрлердің саны 700-ге жуық. Барлық Жер шарына таралған. Солтүстік жарты шарда өте үлкен алқапты алып жатады, қылқан жапырақты ормандарды құрайды.
Ашықтұқымдылардың көпшілікке белгілі өкілдері қарағай, самырсын, шырша, балқарағай болып саналады. Бұл бөлімнің өсімдіктерінің бағанасы мен тамырының ұлпалары камбий, ксилема, флоэма болып табылады. Көпшіліктерінің жапырақтары — «инелер». Ашықтұқымдылар үшін ұрпақтардың кезектесуі тән, ол гаплоидты және диплоидты күйдің алмасуымен байланысты, бірақта олардың гаметофиттінің кішіреюі айдан анық. Арша, саговник, боз арша (туя), шырша, қарағай, балқарағай — спорофиттер. Барлық тұқымды өсімдіктер сияқты, ашықтұқымдыларда әртүрлі споралылар болып табылады. Көбею мүшелері аналық және аталық бүршіктер, олар гаметофит болатын бір ағаштың өзінде қалыптасады.
Тұқымның пайда болуы — спорофиттің дамуындағы бірінші кезең. Аналық бүршіктер ірі қабыршақтардан құрылған, оларды мегаспорофиллалар деп атайды, олардың әрқайсысының ішкі жағында екіден мегаспорангия орналасады, ал әрбір мегаспорангия өз кезегінде мегаспораға ие, одан көпклеткалы гаметофит дамиды, онда екі немесе үш архегония болады. Әрбір архегония жалғыз ірі жұмыртқа клеткасынан және бірнеше ұзарған кіші клеткалардан тұрады. Мегаспорангия интегумент деп аталатын құрылыммен жабылған. Мегаспорангияны интегументпен қоса ұрық бастамасы (семязачаток) деп атайды.
Аталық бүршіктердің ішкі жағындағы олардың қабыршақтарында (микроспорофиллдерде) екіден микроспорангия болады, онда микроспоралар орналасқан, олардың эрқайсысы гаплоидты тозаңға дамиды. Тозаңдық түйіршектер (дэндер) аталық гаметофитті құрайды. Мегаспорофиллдер мен микроспорофиллдер қысқа споратүзуші жас өркенде мега- және микростробиллдерге (сәйкесінше) жинақталған, ол споротүзуші жапырақшалары бар сабақшаны түзейді.
Тозаңдар аналық бүршіктерге түскенде, ол ұрық бастамасына өтеді, ал эрбір тозаңдық түйіршіктен аталық түтікше мен екі сперма ядросы дамиды, ал аталық түтікше аналық клеткаға өткенде сперма ядросының аналық клетканың ядросымен қосылу жүреді. Бұл дегеніміз ұрықтану. Диплоидты зигота диплоидты ұрыққа айналады. Уақыт өте ұрық бастамасының сыртқы интегументі тұқым қабықшасына айналады, ал мегаспорангия қалдықтарынан эндосперм түзіледі. Осылайша, ұрық бастамасы тұқымға айналады. Тұқым пісіп-жетілгеннен кейін бүршіктен сыртқа түседі.
Жабық тұқымдылар: Даражарнақтылар класы. Дара жарнақтылар класы 4 класс тармағынан , 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000- дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. (бір, екі, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтаылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы флоэмасында тін паренхимасы болмайды., сондықтан да ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік жасушалардан тұрады. Өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары екі қатар түзіп орналасады. Артық қор заттары және метаболизм өнімдері ( эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысцы біршама қарапайым болып келеді. Дара жарнақтылардың ішінде жоғары деңгейлі маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ , бадана, түйнектер, пиязшықтар түрінде өткізеді. Галофиттері батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклі қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. Астық немесе қоңырбастылар тұқымдасы.
Қос жарнақтылар класына гүлді өсімдіктердің 75%-ы жатады. Бұлар бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар, ағаштары да бар.
Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің өспейтін жері жоқ. Оларды климаты қатал, суық арктикадан бастап экваторға дейінгі, таулардың альпы белдеуінен теңіз жағалауына дейінгі аралықтардың барлығынан кездестіруге болады. Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің, дара жарнақтылардан басты айырмасы, олардың ұрығының тұқым жарнағы екеу болады. Сабақтары екінші рет қалыңдап, жуандап өсуге қабілетті келеді. Жапырақтары торлы жүйкеленеді. Негізінен кіндік тамырлы өсімдіктер. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі.
Қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар кластарының деңгейінде жоғарыда айтылған белгілерден аздаған ауытқушылықтар болып тұрады. Кейбір қос жарнақтылардың бір ғана тұқым жарнағы болады (мысалы, фелкария), доға тәрізді жүйкеленеді (бақажапырақ), ал дара жарнақтылардың аздаған түрлерінде сабақтарының екінші рет қалыңдап, жуандауы орын алады (юкка, драцена). Сондықтан да бұл екі кластың өкілдерін ажыратқанда бір ғана белгімен шектелуге болмайды. Тұқым жарнақтарынан басқа да көптеген белгілерін ескеру қажет. Бұл оқулықта қос жарнақтылар класынан Крестгүлділер, Раушангүлділер, бұршақтар, алқалар және күрделігүлділер тұқымдастарына тоқталамыз.
Крестгүлділер тұқымдасына жер бетіндегі құрлықтардың барлығында кең таралған бір, екі және көп жылдық шөптектес өсімдіктер жатады. Аздаған жартылай бұталары да болады. Негізгі өсетін жерлері қоңыржай салқын климаты облыстар, тіптен Арктикаға дейін кездеседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ тақтасы бүтін немесе әр түрлі дәрежеде тілімделгенболып келеді. Тостағанша жапырақшаларының саны 4, олар екі қатар шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 4 бос күлтежапырақшадан тұрады, бірақ олар бір ғана шеңбер түзіп орналасады. Аталықтарының саны 6, оның 4 ұзыны ішкі, ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқы шеңберді түзеді. Екі біріккен аналығы болады, жатыны жоғарғы. Крестгүлділердің гүлінің құрылысынформула түрінде былайша беруге болады: Ж Т2+2 К4 А2+4 Ж(2)
Жемістері бұршаққын, бұршаққынша, сиректеу жаңғақша. Дәндерінің эндоспермі болмайды. Екі жақтаулы бұршаққын жемісі төменнен жоғары қарай қақырап ашылады. Бұршаққынша жемістерінің жақтаулары, қабыршақ түріндегі жалған перделер мен камераларға бөлінген.
Жер бетінде крестгүлділердің 350 туысы, 3000-дей түрлері кездеседі. Көптеген түрлерінің халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олардың ішінде көкөністік және майлы дақылдар бар.
Лекция № 13-14
Достарыңызбен бөлісу: |