Лекция мақсаты: Жаратылыстану негіздері пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы және ботаника ғылымы жөнінде түсінік беру



жүктеу 438,57 Kb.
бет23/90
Дата07.01.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37101
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90
Лекция тезистері Жаратылыстану 3

Систематикасы.

Қырықбуындылар 4 кластан тұрады: гиенилер класы, сынажапырақтылар класы, каламиттер класы, қырықбуындар класы.


Папортниктәрізділердің жалпы сипаттамасы.

Жалпы сипаттамасы. Папоротник тәрiздiлер жоғарғы сатыдағы споралы өсiмдiктердiң iшiндегi ең ерте пайда болған тобы. Ертедегi жойылып кеткен үлкен ағаш тәрiздi түрлерi ылғалды тропикалық орман болып өскен.

Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Папоротник тәрiздiлер тропикалық ормандарда ағаш, лиана (басқа өсiмдiкке оралып өсу), түрiнде өседi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.

Папоротник тәрiздiлер тең споралы және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Қазақстанда кездесетiндерi көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың кең тараған өкiлдерiнiң бiрi еркек усасыр папоротнигi(щитовник мужской – Dryоpteris filix — mass).

Ол ылғалды көлеңкелi жерлерде, орман шетiнде және сайлар мен жыраларда өседi. Еркек усасыр папоротнигi %тамырсабақты өсiмдiк. Тамырсабақтарынан төмен қарай қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседi. Бiзде өсетiн шөптесiн папоротниктердiң жер үстi сабағы дамымаған. Бiрақ олардың жер асты тамырсабағы жақсы жетiлген. Папоротниктердiң тамырсабағы түрi өзгерген қысқарған сабақ дейдi. Еркек усасыр папоротнигiнiң  жапырақтары өте баяу өседi. Мұнда үш түрлi жапырақ бар. Бiрiншi жылғы жапырақтар бүршiк түрiнде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршiктерден екiншi жылғы жапырақтар пайда болады. Екiншi жылғы жапырақтары бүктелiп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшiншi жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып қауырсынды тiлiмделген нағыз жапыраққа айналады.

Папоротниктердiң жапырақтары жоғарғы ұшынан шексiз өсетiндiктен өте iрi болады. Олардың мөлшерi бiрнеше мм-ден 30 м дейiн жетедi. Папоротниктердiң жапырақтары 2 түрлi қызмет атқарады:

1)       фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық зат түзiледi;

2)       споралар түзiлiп көбеюге қатысады. Папоротниктердiң фотосинтез процесi жүретiн жапырақтары қауырсын тәрiздi бiрнеше қайтара тiлiмделген болады. Сондықтанда оны күрделi қауырсынды жапыраққа жатқызады.


Көбеюi. Папоротниктер  вегетативтi,  жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегетативтi көбеюi   тамырсабақтары және өнiм бүршiктерi арқылы жүзеге асады. Өнiм бүршiктерi папоротниктердiң барлығында бiрдей бола бермейдi. Ол талақдәрi (аспленум) папоротнигiнiң  кейбiр түрлерiне ғана тән. Мұндай бүршiктер жапырақтың негiзгi жүйкесiн бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кiшкентай папоротниктер пайда болады. Осы папоротниктер үзiлiп түсiп, тамырланып, топыраққа бекидi де нағыз папоротникке айналады.
Жыныссыз көбеюi былайша жүзеге асады. Жаз кезiнде еркек усасыр папоротнигiнiң жапырағының астынғы бетiнде, орталық жүйкенi бойлай қоңыр төмпешiктер түзiледi. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегенiмiз спорангийлердiң жиынтығы. «Спорангий» — споралар дамып жетiлетiн орын. Спорангийлерi  жапырақтың  астынғы бетiнде ұзын аяқшалары арқылы негiзгi жүйкеге бекiнiп тұрады. Сорустың үстiн жауып тұратын бүйрек тәрiздi жарғақша жамылғысы болады. Пiсiп жетiлген споралар спорангийдiң қабықшаларының жыртылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өнiп өскiншелер бередi. Еркек усасыр папоротнигi тең споралы өсiмдiк. Жыныстық көбею осы өскiншеде жүзеге асады. Өскiнше жүрек пiшiндi, жасыл түстi, диаметрi 4 миллиметрдей табақша (пластинка). Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекидi. Өскiншенiң астынғы бетiнде аталық және аналық жыныс мүшелерi жетiледi. Аталық жыныс мүшесiнен аталық жыныс клеткалары, аналық жыныс мүшесiнен аналық жыныс клеткалары (жұмыртқа клеткасы) пайда болады. Екi әр түрлi жыныстық клеткалардың қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсiмдiктiң сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскiншенiң есебiнен қоректенедi. Кейiн ұрықтан тамыр және жапырақ жетiледi. Папоротниктердiң маңызды түрлерiнiң бiрi кәдiмгi еркек папоротник. Кәдiмгi еркек папоротник тегiстiкте де, таулы жерлерде де (3000 м биiктiкке дейiн) кездеседi. Көп жағдайда ол күн сәулесi жақсы түсетiн, жарық ормандарда немесе орман шеттерiнде өседi. Әсiресе оны қарағайлы ормандардан, биiктеу жерлерден және бұталардың арасынан жиi кездестiруге болады. Кәдiмгi еркек папоротник тамырсабағы арқылы вегетативтi көбейетiн, күресуге қиын арамшөптердiң бiрi. Ол өртшалған, сүдiргеге шыртылған, тыңайған жерлердi, жайылымдарды тез басады. Бұдан кәдiмгi еркек папоротник халықшаруашылығына зиян келтiретiн өсiмдiк деген бiржақты пiкiр қалыптасуы керек. Папоротниктiң бұл түрiнiң пайдалы жақтары да аз емес. Көптеген елдерде ол тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiк ретiнде белгiлi. Мысалы, Жапонияда кәдiмгi еркек папоротниктiң жас жапырақтарын жергiлiктi халық тамаққа пайдаланады. Тек Токио қаласының өзiнде жылына осы өсiмдiктiң 300 000 кг жас жапырағын тамаққа пайдаланады екен. Тiптен Жапонияда кәдiмгi еркек папоротниктiң табиғи қоры жергiлiктi халықтың мұқтаждығын өтеуге жеткiлiксiз болып отыр. Жаңа Зеландияның түпкiлiктi халқы (маоролар), Канар аралдарының аборигендерi, Американың индейстерi осы папоротниктiң кептiрiлiп, ұсақталған тамырсабағынан нан пiсiредi.

Канар аралдары (ис. Islas Canarias) - Атлант мұхитындағы аралдар тобы. Испанияның 17 автономдық облыстарының бірі. Африканың солтүстік-батыс жағалауынан 100 – 120 км жерде. Канар аралдарын мәңгі жасыл орман мен бұталар көмкерген.



Немесе сол күйiнде тамаққа пайдаланады. Ашаршылық жылдары кейбiр Европа елдерiнде де осы өсiмдiктердiң ұнтақталып, кептiрiлгентамыр сабағынан нан пiсiрген. Сонымен бiрге кәдiмгi еркек папоротниктi халық медицинасында және ресми медицинада ертеден қолданады. Одан балалардың iшек-құрт ауруын және сүйектерiнiң қисайғанын (рахит) емдеуге қажеттi препараттар алынады. Англияда осы өсiмдiктiң жапырағын үйдiң шатырын жабуға және малдың астына төсеуге пайдаланған. Оны отынға және тыңайтқыш ретiнде пайдаланған. Осы папоротниктiң күлiнен ертеден өндiрiске қажеттi натрий (калидiң карбонаты) алынады. Оны баяу балқитын шынылар алатын өндiрiсте және сабын жасауға пайдаланады.

Папоротниктәрізділер 7 кластан тұрады: аневрофитопсидтер класы, археоптеридиопсидтер класы, кладоксилопсидтер, зигоптеридопсидтер, офиоглосопсидтер, мартиопсидтер, полиподиопсидтер.

Папоротник тәрiздiлердiң табиғаттағы және халық  шаруашылығындағы маңызы. Папоротник тәрiздiлердiң сәндiк өсiмдiктер ретiнде жылыжайда (оранжереяларда) өсiредi және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиi пайдаланады. Папоротниктердiң кейбiр түрлерi дәрiлiк өсiмдiк болып табылады. Мысалы, еркек усасыр папоротнигi  дәрiлiк өсiмдiк ретiнде көп уақыттан берi белгiлi. Оны iшек құрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрiздi жойылып кеткен папоротниктердiң таскөмiрдiң түзiлуiнде рөлi орасан зор болған.

Қазiргi кездерде папоротниктердiң кейбiр түрлерiнiң саны жылдан жылға азайып келедi. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттiлiгi туындауда. Мысалы, Қазақстанның өзiнде олардың сирек кездесетiн, тiптен жойылуға жақын түрлерi бар. Бұларға мыңжылқы усасыр папоротнигi (щитовник мынжилкенский – Dryоpteris mindshilkensis) мен шолпаншаш сүмбiлi (адиантум венерин волос – Adiantum cappilus — veneris) жатады. Олардың екеуi де Қазақстанның Қызыл кiтабына енген.




жүктеу 438,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау