Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»


Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы



жүктеу 152,26 Kb.
бет7/38
Дата03.11.2022
өлшемі152,26 Kb.
#39988
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
e. Азия-Африка ортағасыр-лекция

Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы. VІІ ғасырда Жапонияда орталықтанған мемлекет құрылды. Мұнда тарихта “Тайк төңкерісі” деген атқа ие болған (сөзбе-сөз аударғанда “Ұлы өзгерістер кезі”) саяси төңкеріс үлкен маңызға ие болды. Принц Наканооэ мен Накатоми Камако бастаған ақсүйектер император сарайындағы Сого руының билігін жойды. Бұл төңкеріс және елде жүргізілген реформалар “Тайк реформалары” қоғамдағы дағдарысты жағдайлардан келіп шықты. Халықты алдыңғы басқару құрылымымен қанау мүмкін емес еді.
Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар да әсер етті. Қытайдағы Тан империясы күшейіп Корей түбегін тіпті Жапонияның өзін жаулап алу қаупі күшейді.
645 жылдан бастап-ақ үкіметтік басқару аппаратын қайта құру басталды. Арнайы министрліктер құрылды. Императордың кеңесшілері тағайындалды. Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді. Шығыс облыстарда жерді өлшеу жүргізілді, тұрғындарға тұрақты салық жүйесі енгізілді, провинциялардың губернаторларымен, уездердің басшылары тағайындалды.
VII-X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты. Белсенді сыртқы саясат қарастырып отырған кезеңнің тек бас кезінде ғана жүргілді. 663 жылы Кореяның ішкі істеріне араласу жеңіліспен аяқталды. Аралға Қытай шапқыншылығының қаупі төніп, жапондар жағалауда бекіністер сала бастады. Астана 667 жылы Нанива портыван елдің ішкі Оми ауданына көшірілді. 653, 654, 659, 665 жылдары Қытайға арнайы елшілер жіберілді. 668 жылы император Тэндзи (бұрынғы принц Наканооэ) тұсындағы алғашқы заң кодексі “Омире” кодексінің жарық көруімен және 670 жылы алғашқы бүкіл ел көлемінде тұрғындардың санағының жүргізілгенінен орталықтанған мемлекеттің негізі қаланды.
Ерте орта ғасырлардағы Жапониядағы жер иелену екі формада мемлекеттік үлестік жүйеде және ірі жеке феодалдық вотчина (ірі жер иелеріне рулық мұра есебінде берілген иелік) негізінде (сеэн) берілді. Үлестік жүйені ресми түрде енгізу VІІІ ғасыр жатады. Осы кезде 702 жылғы “Тайхоре” кодексінде ерте феодалдық аграрлық құрылымдардың негізгі принцптері заң жүзінде бекітілді. Әрбір шаруа жерді отбасы мүшелерінің санына қарай 6 жастан асқан баланың есебіне қарай алды. Ер адамдардың үлесінің мөлшері 2 тан (1 тан -0,12 га) болды. Ал әйелдерге 2/3 берілді. Әр 6 жыл сайын отбасы мүшелерінің өзгеруіне байланысты жер қайта бөлініп отырды. Үлестік жері бар шаруалар мемлекетке дән салығын және қолөнер бұйымдарының салығын төлеуге мәжбүр болды. Азық-түлік рентасынан бөлек шаруалар барщиналық міндеткерлік өтеді. Шаруалардың үлестік жерден кетуі немесе одан бас тартуға тыйым салынды. Үлестік шаруалар “Тайхере” кодексі бойынша “қайырымды адамдар” деп аталды, ал құлдар “төменгі адамдар” деп аталды. Сонымен ерте феодалдық заң бойынша құлдық сақталып қалды. Құл иелену қосымша жер иеленуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік құлдарға азат адамға берілетін жер үлесімен бірдей үлес берілсе, ал жеке тұлғалардың құлдарына азат шаруа үлесінің 1/3 бөлігі берілді. Ақсұйектердің құлдары өте көп болды да, ол құлдар есебінен көп жерге ие болды. Билеуші топтар өздерінің құлдарын көбейтуге тырысты. Құлдарды негізінен жаулап алған жерлерінен әкелді десек бұл кезде жаулап алу соғыстарының болмауына байланысты құлға айналдырудың басқа жолдарын қарастыра бастады. Ақсүйектер шаруаларды ұрлауға, күшпен әкетуге, әсіресе кішкене балаларды әкесінен сатып алуға көшті. Салық төлемеген және қылмыс істеген шаруалар құлдарға айналып отырды. VІІ ғасырда бүкіл халық саны 6 миллион болды, оның 10-15 % құлдар құрады. Құлдар еңбегі негізінен құрылыс істерінде қолданылды. Нира қаласын негізінен құлдар салды. IX ғасырдан құл еңбегі сирек қолданылып, кейін мүлде жойылды.

жүктеу 152,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау