Сун мемлекеті. Сун кезеңін – Қытай экономикасының, мәдениетінің, басқарушылық іс-әрекетінің шарықтау шегімен байланыстырады. Бірақ ішкі саясатпен империяның суверенитетіне байланысты біршама мәселелер өз шешімін таба алмады. Хғ. басында Қытай мемлекетінің солтүстік-шығысында өмір сүрген монғол этникалық қоғамынан құрылған қидандар қытайлармен, олардың мәдениетімен ұзақ қарым-қатынас жасап отырған. Қытай империясының басына саяси қиындық туған жылдары Елюя әулетінен шыққан Апока жоғарғы көшпенділердің басшысы және өзін император жариялаған болатын. 947 жылы олардың негізінде құрылған мемлекетке Ляо деген қытайлық мағына берген. Олардың өмір сүруі 916-1125 жылға дейін созылды. Қытайды жаулауға байланысты болған соғыстар жас мемлекетке ірі-ірі жеңістер әкелді. 946 жылы қидандар Кайфын патшалығының астанасын да жаулап алған. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ляо мемлекетінің әскері қытайдың солтүстігін толығымен жаулап алды, олар жаулап алған әрбір аймақ Ляо мемлекетінің қол астына кірді. Қытайлықтар мен корейліктер Ляо мемлекетінің басқарушылық құрылымын біршама ретке келтіріп отырды: қытай иероглифтік базасында қытай элементтерінің жазу үлгісіндегі әрбір иероглифтің мән-мағынасын ашу, бірнеше қалалар, салт-дәстүр, сауда еркін түрде дамып отырды. Мұның барлығы қытайлықтар мен корейліктердің арқасында жүзеге асып отырды.
Тан династиясының артынан 907 жылы империя құлады. Анархияның уақыты туып, Қытай тарихында «бес династия» деген кезең басталды. Бес диктатуралар аз уақыт ішінде елдің солтүстігінде бірін-бірі алмастырып отырды: Кейінгі Лян (907-923); Кейінгі Тан (923-936); Кейінгі Цзинь (936-947); Кейінгі Хань (947-951); Кейінгі Чжау (951-960).Бұл тұрақсыз династияның императорлары болып әскери, соның ішінде варварлық тұқымнан шыққан адамдар болды. Сол кездері басқару ретсіз болған еді, оның себебі тұрақсыз императорлардың салдарынан болды. Бұл ретсіздік елдегі азаматтық соғыстың басталуына әкеп соқтырды.
Әдебиет:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.
10.Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.
11.Китай: между прошлым и будещем. М.1999.
№3. ЛЕКЦИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |