Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»


«ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҚТАНҒАН МЕМЛЕКЕТІ»



жүктеу 152,26 Kb.
бет3/38
Дата03.11.2022
өлшемі152,26 Kb.
#39988
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
e. Азия-Африка ортағасыр-лекция

«ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ ОРТАЛЫҚТАНҒАН МЕМЛЕКЕТІ»


Жоспары
1.Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар өтпелі кезең. Қытай өркениеті.
2.Қытай дамуының циклдық кезеңдері.
3.Көшпенділер және Қытай.


Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы. ІІ ғасыр аяғы мен ІІІ ғасырдың басы Қытай үшін ішкі саяси өзара қырқысу кезеңі болып, күрес барысында ірі әскербасылар ерекшеленіп шықты. Солардың бірі Цао Цао солтүстікте Хуанхе бассейнінде билік құрып, 220 жылы оның баласы Цао Пей өзін Вей мемлекетінің билеушісі деп жариялады. Келесі Лю Бей елдің оңтүстік - батысында Шу мемлекетінің билеушісі деп жарияланды. Ал үшінші Сунь Цюань Қытайдың оңтүстік-шығысындағы У патшалығының негізін қалады. Осы кезең Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” деп аталды.
Вей мемлекеті (220-265 жж.) ­ Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігі батысында Дуньхуаннан шығысында Ляодунға дейін, оңтүстігінде Хуанхе мен Янцзы өзендері аралығы;
Шу мемлекеті (221-263 жж.) ­ Сычуань, Гансу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары, Юньнани мен Гуйчжоудың үлкен бөлігі жіне Гуансидың батысы;
У мемлекеті (222-280 жж.)­бұрынғы Хань империясының оңтүстік-батысында өмір сүрді.
Вей патшалығының орнында 265 жылы Цзинь империясы құрылды да Шу патшалығын қосып алды, ал 280 жылы У мемлекетін бағындырды. Цзинь мемлекетінің негізін салушы Сыма Янь елде реформалар жүргізді.
ІV ғасыр басында солтүстік тайпалар бірінен соң бірі Солтүстік Қытайға шабуыл жасаудың нәтижесінде Цзинь мемлекеті құлап, оның орнына Қытайда оңтүстік және солтүстік патшалықтар құрылды..
ІІІ-VIІІ ғ.ғ. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы. ІV ғасырдан бастап Қытай территориясына солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы жиіледі. Көшпелі монғол-түрік тайпалары Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті. Бүл шабуылдар Қытай шаруашылығына үлкен зиян әкелді. Суғару құрылымдары қирап, түгелдей деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап қалды. Ең алғашқы шабуыл жасағандар ғұндар болды. Олар311 жылы Лоянды, 316 жылы Чананьды алды да Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып, мемлекеттің аты да Шығыс Цзинь (317-420 ж.ж.) деп аталды. Ғұндардан кейін Қытайға сяньби, цян, цзе, ди тағы басқа тайпалары шабуыл жасады. Шабуылдар нәтижесінде Қытай әбден әлсіреп көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. ІV ғасырдың соңы солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби тайпаларының көсемі Тоба Гуй Хуанхе бассейнінің территориясында Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.) мемлекетінің негізін қалады. Тоба әулеттерінің өкілдері барлық қарсыластарын жеңіп, күшті ішкі-сыртқы саясат жүргізе бастады. Ішкі саясатта қытайландыру саясатын жүргізді. ІV- V ғасыр басында астаналық әкімшілікте 2% қытайлықтар болса, 423-452 жылдары оның саны 25% өсті. Императордың өзі фамилиясын Тобадан Юанға өткізді тек қытайша киінуді, тек қытайша сөйлесуді енгіз ді. Елдің астанасы солтүстіктегі Пинченнен ежелгі Қытай астанасы болған Лоянға көшірілді. 485 жылы 2 ғасыр алдын Сыма Ян жүргізген үлестік жүйе жаңартылды. Ол бойынша ер адамдарға 40 му, әйелдерге 20 му берілді. Егер құлдары болсы қосымша үлес берілді. Бұнымен қатар бау-бақша егуге әр отбасыға 20-30 му қосымша үлес берілді. Чиновниктерге қызметіне байланысты үлестік жер берілді. Салықтар мен міндеткерліктер анықталды.

жүктеу 152,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау