Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»


«ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОҢҒОЛИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ»



жүктеу 152,26 Kb.
бет15/38
Дата03.11.2022
өлшемі152,26 Kb.
#39988
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
e. Азия-Африка ортағасыр-лекция

«ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОҢҒОЛИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ»


Дәрістің жоспары:
1.XI—XІІғасырлардағыМонғолияныңəлеуметтікэкономикалық жағдайы.
2. Монғолдың, Темужиннің арғытегі.
3.Монғолдар державасының құрылуы
4.Монғол жаулап алушылықтары

XІІІғасырдаЕуразияхалықтарыныңтағдырыназорəсер етіп, Монғолияның даңқынбүкіл əлемгешығарған Шыңғысхан мен оныңбалалары, немерелеріболды XІ ғасырдың басында қазіргі Монғолиямонғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекенінеайналды. Онда бұрын тұрғантүркі тілдесхалықтар қонысаударды; жалайыр, керей, қоңырат, найман, қоралас тайпалары монғолдың арулат, барулас, бесут, маңғуыт,м еркіт, найқын, алқұнауыт, оранар, ұраңқой, сукегін, тайшыжұт, т.б.тайпаларымен аралас-құралас тұрып жатты. Монғолдар Байкал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай өзені мен Ертіс өзендері аралығында көшіп-қонып жүрді.


Монғол жеріорман, дала, құба (шөл) болып бөлінеді 1.Солтүстігіндегі монғолдар орман-тоғайларда, ал оңтүстігіндегімоңғолдар — ашық далада, құмда қоныс өзгертіпотырды. Орман-тоғайдағы моңғолдар аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстігіндегілер мал бағып, көшпелі өмір сүрді. Əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени даму деңгейі жағынан солтүстіктегі монғолдар оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып қойған еді.Ол аралғашқы қауымдық қоғамнантаптық қоғамға енді енді өте бастаған болатын. Олардың үйлері ағаштан,киімдері аң терілерінен жасалатын.Бірте-бірте солтүстіктегі монғолдар мал бағумен де айналыса бастады.
Шыңғыс хан [1155 (1162)- 1227] ХІІ ғасырға дейін монғол халқының көпшілігі шамандық дінді ұстанды. Басты құдай деп «мəңгілік көк аспан» саналды. Монғолдар жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды пір тұтып, сыйынды. Керей тайпасының ірі ақсүйектері ХІ ғасырдың басында несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады. Наймандар ара- сында буддизм мен христиан діні тарады. Бұл діндер Монғолияға ұйғырлар арқылы тараған еді. ХІІ ғасырдың аяғына қарай монғол қоғамының таптық сипа- ты айқын көріне бастады. Əрбір рудың өзінің «батыр», «мерген» атанған басшылары байларға айналып, өзінің кедей туыстары қанай бастады. Мұндай ру басшылары «нояндар» деп аталды. Рудың меншігіндегі жерлерді біртіндеп осы нояндар өз қолдарына ала бастады. Олар мал жайылымдарын, жазғы, қысқы қоныстарды бөліп, өздеріне көбірек жақсы жерлерді қалдырып отырды. Монғол жəне Қытай дерекнамалары бұл мəселе бойынша көптеген нақтылы мысалдар қалдырған. Жердің иесі ретінде нояндар бақташылар-араттарды өздеріне тəуелділікте ұстады. Жер үшін араттар белгілі бір өтем /салық/ төледі. Мысалы, ноянның малын өз малымен қоса бақты. Сөйтіп, жұмыспен өтеу рентасы қалыптасты. Монғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рөл атқарды. Құлдар жеткілікті болды. Соғыста тұтқынға түскендер құлға айналды- рылатын. Дегенмен, соншалықты көптігіне қарамастан, құлдар монғолдардың қоғамдық өндірісінде шешуі рөл атқарған жоқ. Құлдарды негізінен ақсүйектер үйлерінде малай ретінде пайдаланды, енді бір үйлерде құлдарды қол өнершілер ретінде пайдаланды. Құлдардың еріксіз еңбегі тиімсіз болды. Ол арнаулы бақылаушы адамдарды қажет етті. Құлдардың еңбегі мал басының өсуін қамтамасыз ете алмады. Монғол қоғамы алғашқы қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай, феодалдық қоғамға көшті.

жүктеу 152,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау