Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»



жүктеу 152,26 Kb.
бет12/38
Дата03.11.2022
өлшемі152,26 Kb.
#39988
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
e. Азия-Африка ортағасыр-лекция

Әдебиеттер:
Бутин Ю.В. От древнего Чосона к Трем государствам. Новосибирск, 1984.-458
Ванин Ю.В. Феодальная Корея в Х11-Х1У вв. Москва, 1962. -520 б.
Ванин Ю.В. Аграрный строй феодальной Кореи ХУ-ХУ1 вв. М,1981.-346 б.
Васильев Л.С. Курс лекций по средневековому Востоку (Ближний, Средний, Дальний Восток и Юго- Восточная Азия). М., 1987.-480 б.
Волков С.В. Раняя история буддизма в Корее. М., 1985.-460 б.
Волков С.В. Чиновничество и аристократия в ранней истории Кореи. М., 1987.-376 б.
Гордон А.В. Крестьянство Востока: Исторический субъект, культурная традиция, социальная общность. М., 1989.-380 б.
История Кореи. Москва.1978.- 356 б.
История Кореи( с древнейших времен до наших дней). Т.1. М.,1974.-469б.
Ланьков А.Н. Политическая борьба в Корее ХУ1-ХУ111 вв. М., 1995.-397 б.
Пак М.Н. Очерки ранней истории Кореи. М., 1979.-580 б

5. ЛЕКЦИЯ


«ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДАЙВЬЕТ: МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ»


Дәрістің жоспары:
1.Вьетнам халқының этногенезі.
2.V-ІХ ғасырлардағы Вьет қоғамындағы əлеуметтік экономикалық қатынастар.
3.Вьет-мемлекетінің-тəуелсізді-күшін-күресі.
4.Вьетқоғамының-мəдениеті.

Біздің мыңжылдықтың ішіндегі Вьетнам тарихын екі өркениеттік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңі-X ғасырға жатады. Оған дейін, сонау б.з.б. ІІ ғасырдан бастап Вьетнам аумағы қытайлық Хань əулетінің, ал кейінірек -Суй мен Тан əулеттерінің қол астында болды. Бұл кезеңде Вьетнамның тəуелсіздігін алу мүмкіндіктері жеткілікті-ақ болды. Бірақ Қытайдың қиын-қыстау жағдайын көре тұрып,вьетнамдықтар шет елдік үстемдіктен құтылу үшін белсенді əрекет жасамады. Егер мұндай бірлі жарымды əрекеттер болса, онда олар локалды сипатты болды.Сөйтіпежелгівьетнамдықтарөздерін Аспан асты елінің бір бөлігі ретінде сезінді. Вьетнам халқының бір аумақта,бір тілде, ортақ мəдениет негізінде қалыптаса бастауы X ғасырдан басталады. Б.з.б. 257 ж.


Солтүстік Вьетнамда ерте таптық Аулак мемлекеті құрылды. Ол б.з.б. 207 ж. вьеттік Намвьет мемлекетінің боданына айналды. Ал Намвьет мемлекетіб.з.б.ІІІғасырдың екінші жартысында Сицзян өзенінің бассейнінде құрылған болатын. Б.з.б.111ж.Аулакты Намвьетпен бірге Батыс Хань империясы жаулап алды.
ІІІ ғасырдың орта шенінен бастап лаквьеттіктер базасында вьетнам халқы қалыптаса бастады. Оның толық қалыптасуы X-ғасырдың басына дейін созылды. 541 ж. Қытайдың үстемдігіне қарсы көтеріліс басталды. 544 ж. вьетнамдықтар ірі куан Ли Бонның басшылығымен қытайдың губернаторын елден қуып жіберді. Ли Бон император деп жарияланды. Ол 603 жылға дейін билік құрған Ли əулетінің негізін қалады. Ли Бон таққа отырысымен мемлекет Вансуан - «Сансыз көктем»империясы деп аталды.Көп ұзамай соғыс қимылдары қайта жалғасты. Ли Бон жеңіліп, шағын отрядпен солтүстік-батысқа қашты. Сол жақтағы таулы елдің халқын көмекке шақырды. 546 жылғы күзде Ли Бон елдің орталық ауданында соғыс бастауға əрекет жасады, бірақ онысы сəтсіздікке ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды.
Ли əулетінің билігі жойылғаннан кейін қайтадан қытайлық əкімшілік жүйесі орнады. 622 жылдан бастап Вансуан «Аньнань ду-ху-фу»-яғни«Жуасытылған оңтүстік» облыс деп аталды. Өте маңызды стратегиялық пункттерде қытайлық қытайлық əскерлер тұрды. Дегенмен жергілікті билік вьеттіктердің қолында болған сияқты. Тан империясына қарсы көтерілістер жиі-жиі қайталанып тұрды Оларды Май Тхук Лоан, Фунг Хынг, Зыонг Тхан, т.б.басқарды. IX ғасырдың ортасында Қызыл өзеннің төменгі ағысындағы бөлек-бөлек жерлерге (дельта) Дали (наньчжао)мемлекетінен көшіп келген тай тайпалары қоныстануға тырысты. Вьеттер мен Тан үкіметі тайлықтардың бұл əрекетіне қарсы болды.865 ж. Қытай əскері қоныс аударушыларды талқандады. Жеңіс Тан империясының жағдайынимпериясының жағдайын жақсарта түсуге мүмкіндік туғызды. Осы мақсатпен қытай наместнигі Гао Пян əкімшілік аппаратын ретке келтіріп, салық мөлшерін төмендетті,біркелкі салық жүйесін енгізді.Бұл шаралар елде уақытша тыныштық пен тұрақтылық орнатуға қол жеткізді. Енді қытай əскерлері елдің орталығында емес, шет жақтарында орналасып, сыртқы жаудан қорғады. Қытайлықтар елдің астанасы Латхан қаласының қауіпсіздігін де күшейтті.

жүктеу 152,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау