|
Лекция «кіріспе. Азия және африка елдерінің ортағасырлар тарихы»X-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы
|
бет | 8/38 | Дата | 03.11.2022 | өлшемі | 152,26 Kb. | | #39988 | түрі | Лекция |
| e. Азия-Африка ортағасыр-лекцияX-XII ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы. Феодалдық қатынастар Жапонияда XI-XII ғасырларда түбегейлі қалыптасты. Осы кезеңде жапон феодалдық иелігі – сёэн құрылады. Ол мұралыққа берілді және кез келген салықтардан босатылды. Үлкен жер мөлшерін будда монастрлары иеленді. Феодалдардың, діни орындардың және ақсүйектердің жерлерін шаруалар өңдеді. Ауыл тұрғындарының маңызды бөлігі император мен оның сарайын бағынып, чиновниктерге салық төлеп тұрушы мемлекеттік шаруалар болды. Жапон феодалдары бірнеше разрядқа бөлінді. Ірі феодалдар - хонкэ, ұсақ иеліктегі феодалдарды – реканы вассалдық тәуелділікте ұстады. Хонке мен рекалардың самурайлардан тұратын жасақтары болды.
Ірі жер иеліктері бар феодалдар жерді сыртқы жаулардан қорғау үшін және ушығып кеткен шаруалар қозғалыстарын басып отыру үшін өздерінің әскери жасақтарын көбейтіп отырды. Нәтижеде дружиниктерден ұсақ иелікті дворяндар –самурайлар тобы құрылды. Олар әскери қызметі үшін өз иелерінен жер үлестерін алып отырды. Буддизм мен конфуцилік принцптерге негізделген самурайлардың этикалық-моральдық кодексі “бусидо” деп аталды. Және самурай өмірінің барлық жақтарын қатал қадағалап отырды. Олар кішінің үлкенге толық бағынуы тиіс деген рухта тәрбиеленді. Құрметті және негізгі қызмет болып, самурайлардың әскери қызметі есептелді. “Бусидоны” бұзғандар қатал жазаланды. Қандай да болмасын іспен шерменде еткен самурай өзін “харакири” (қарнын жару) жасап өлтіруге міндетті болды. Самурайлардың бір бөлігі уақыт өте келе ұсақ иелікті дворяндарға айналды. Ал бір бөлігі жерсіз, тек әскер пайдамен және иесінің қолында самурай күйінде қалды.
Жапонияда өте ертеден-ақ орталық императорлық билік – микадо орнықты. Микадо – бүкіл жердің жоғарғы меншік иесі болып жарияланды. Ру ақсүйектері жеке аудандармен қала бастығы ретінде басқарушы чиновниктерге айналды. Жерден, қолөнерден, саудадан салық жинау Қытай үлгісі бойынша жүргізілді.
Сегундық жүйенің қалыптасуы. Минамото сегунатының құрылуы. Имераторлық билік тез арада өз маңызын жоғалта бастады. Ірі феодалдардың өзара күресінің нәтижесінде императордың қолында тек діни билік қалды. Жоғарғы мемлекеттік билік біршама күшті феодал –сегунның, жоғарғы билеушінің қолына көшті. 1185 жылы Конто ауданынан шыққан Миномото Ёритомо самурайлардан тұратын әскерінің күшімен өзіне қарсы бақталас-феодалдарды жеңіп император астанасы Киотоны бағындырды.
Алғашқы сегундар автократиялық саясат ұстанды. Алғашқы сегун Миномото Ёритомо өлімінен соң және оның мұрагерлері Ёринэ мен Санэтомодан соң билікті олардың туысқаны Ходзё әулеті тартып алды. Олар “сиккен” титулымен ел басқарды. Сиккен тұсында жергілікті феодаолдар арасында қарам-қайшылықтар болғанмен, билеушінің диктатурасы айқын көрініс бермеді, жоғарғы вассалдардың кеңесі пайда болды. Вассалдарды гокэнин деп атады. Камакур сегунаты 1333 жылға дейін өмір сүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|