Вьет қоғамының əлеуметтік-экономикалық жағдайы.Вьеттіктер ежелден егіншілікпен айналысты. Елдің негізгі аграрлық ауданы Қызыл өзеннің төменгі ағысы (дельта) болды.Вьеттер күріш, бұршақ тұқымдас дақылдар, көкөніс өсірді; жібек маталар тоқыды; буйволдар мен ірі қара малын бақты. Сондай-ақ балық аулау кең өріс алды. Маржан (жемчуг)жинап, оны тек өздері ғана тұтынбай, сыртқа да шығарып отырды. Сонымен қатар вьеттіктердің жасаған əр түрлі иіс сулары мен майлары, жинаған дəрілік өсімдіктері, сирек кездесетін құстардың қауырсындары басқа елдерде үлкен сұранысқа ие болатын. Таулы жерлерде алтын,күміс,қалайы,темір,цинк,қорғасын өндірілді. Сондай-ақ піл сүйегімен, мүйізтұмсықтың мүйізімен,маржанмен сауда елеулі табыс келтіріп тұрды. Қолөнершілер темірді өңдеді,қоладан көркем бұйымдар жасады.
VІ-ІХғасырларда вьеттікқоғам азиаттық түрдегі ерте феодалдық қатынастарға көшті. IX ғасырға қарай вьеттікжер иеленуші ақсүйектер күшейді. Олар біртіндеп билікті де қолдарына ала бастады. Ал қытай əскері кеткен соң елдегі билік осы ақсүйектердің қолына көшті, олар бұрынғы қытай шенеуніктерінің жер иеліктерін де өз қолдарында қалдырды. Вьеттік ақсүйектердің жер иеліктері оброк төлеп тұрған ерікті шаруалар қоныстанған қауымның аумақтарынан тұрды. Сонымен қатар тікелей тəуелді шаруалардың саны бірнеше мыңға жетіп жатты. Сөйтіп, ақсүйектердің күріштен түсетін артық өнімдерінің көптігі соншалық, оны сақтайтын бірнеше қамбалар керек болатын.Əлеуметтік ұйымның маңызды буыны ру болды. Ол хо деп аталды. Оның ішіндегі ең күштісі ақсүйектер қатарына жатқызылды. Олар қауымныңбелгілі бір топтарынан салық жинаушылар болды. Хоның құрамына сол кездегі ұлттық дін -əруаққа табынудың абыздары да кірді.
Буддизмнің таралуының келесі кезеңі əдетте мұнда дхьян(вьет Тхиен)идеясының пайда болуымен байланысты. V ғасырда вьеттік монах Хюэ Тханг (440-479) үнділік монах Дхармадеваның (вьетнамша Дат-ма-де-ба) шəкірті болған деген пікір бар.Сондыктан да осы екеуі вьеттік тхиеннің негізін қалаушылар болып табылады. 580 ж. Вансуан мемлекетіне бұрын Солтүстік Чжоу патшалығының астанасында қызмет қылған вьетнамдық монах Луйлоудағы Фанван пагодасында будда дінінің мектебін Винитаручи келіп ашты. Сөйтіп, буддизмнің вьетнамдық дəстүрі Винитаручиді дхьянаның бірінші насихатшысы жəне бірінші тхиендік мектептің негізін қалаушы деп санайды. Ол вэньяньға бірнеше сутрларды аударды. Винитаручидің шəкірті аударды. Винитаручидің шəкірті, əрі жолын қуушы вьет монахы Фап Хиен болды.Вьетнамда буддизм кытайдағыдай қуғынға ұшыраған жоқ,керісінше,мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырды.
Оған дəлел алғашқы Ли əулетінен шыққан Вансуан императорының Ли Фат Ты- яғни«Ли Будданың баласы» деген аты. IX ғасырда вьеттерде жаңа тхиен мектебі пайда болды.Оның негізін Во Нгон Тхонг қалаған Ол жартылай вьеттік болған. Гуанчжоуда туып өскен,вьеттіктерге 820 ж.келді.Жаңа мектептің орталығы Киено (қазіргі Хабак провинциясы) болды. Во Нгон Тхонг 826 ж. Қайтыс болды. Оның мұрагері деп вьеттік монах Кам Тхань жарияланды. Ол мектептен патриархтардың 17 ұрпағы шықты. Мектеп XIIIғасырдың шықты. Мектеп XIII ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді. Мектептен шыққан патриархтардың император болғандары да бар. Мысалы мектепті бітірген сегізінші ұрпақтың өкілі, патриарх Ли Тхай Тонг (1028-1058)императорболды.
№6. ЛЕКЦИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |