Дели сұлтандығының гүлденуі мен құлдырауы. XІІI ғасырдың ІІ жартысында монғол хандарының жағынан қауіп күшейді де Дели сұлтандары Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып кіруін тоқтатуға мәжбүр болды. Сыртқы жаулардан басқа сұлтанға ірі феодалдармен күресуге тура келді. Сұлтан Алау-ад-Дин Хильджа (1296-1316 ж.ж.) өзінің күшті жалдамалы әскерінің арқасында қауіпті қарсыластарын жойды және монғолдардың үш шабуылына тойтарыс берді. Алау-ад-Дин салық есебінен мемлекеттік кірісті көтеруге, әскерді нығайтуға, феодалдарға өзінің абсолюттік билігін орнатуға бағытталған реформалар бастады.
Виджаянгар мен Бахмани. Дели сұлтандығы өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқанда, Деканда екі мемлекет пайда болды. Бірі Деканның солтүстік бөлігінде мұсылман әулетінің билеушісінің атымен аталған Бахмани мемлекеті болса, екіншісі Тунгабхадр өзенінің қасындағы астанасының атымен аталған - Виджаянгар мемлекеті болды. Бұл индус билеушісінің билігінде болды. Бахмани мемлекетін М.Тоғалаққа қарсы көтерілген Дели сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды. Мемлекет басына ірі жергілікті иктадар – Ала –ад-дин Бахманиді шах титулымен отырғызды. Феодалдық тәртіп бұрынғы Дели сұлтандығындағыдай жүйеде сақталды. Бахмани шахтары өз феодалдарына үлкен билігі болды. Мұндай билікті Дели сұлтандары ең гүлденген кезде де ие болмаған еді. Бахмани мемлеетінде 1469-1492 ж.ж. орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл болып, олардың өмір сүру үрдісі туралы көп деректер қалдырды. Мұхаммед шах (1463-1482 ж.ж.) тұсында оның күшті бас уәзірі Махмуд Гаван декандық феодалдардың кірісінің бір бөлігін алып қояды. Ол облыстарды тарафдарлардан (бұрынғы наместник) тартып алып, өз жақтастарына берді. Гаван тарафдарлардан кірістің бір бөлігін қазынаға беруін, әскер ұстауын талап етті. Ол Виджаянагарға шабуыл жасап, бай Гоа портын тартып алды. Гаван феодалдардың талабымен шахтың келісімімен өлім жазасына кесілді. Махмуд Гаван өлімінен соң мемлекет тез ыдырай бастады.
Джагирлық жүйе ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы сияқты раджпут және басқа жергілікті феодалдық иеліктердің шартты жерлері болып табылады. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. деректерде оларды ватандарлар немесе заминдарлар деп атады. (жер иелері). Бір бөлігі империялық иеліктен тәуелсіз болып, табысты феодалдық рента түрінде иеленді. Енді бір бөлігі делдалдық роль атқарды. Заминдарлар жергілікті индус-феодалдардың жерлері.
Жерге меншіктің категорияларының бірі – мүлік жерлері. Заң жүзінде, іс жүзінде де мүлік жерлері мұраға қалдырылды. Жаңадан игерілген жерлер, сулы жерлер, деревнядағы қауым жерлері, қалалардағы үйлер тұрған жерлер – мүлікке жатты.
Қандай да салық төлеуден босатылған жерлер - мұсылман мешіттері, сопылық монастырь – ханека, медресе, индус храмдары, жеке дінбасылар, абыздар, тұтас діни қауымдар иелігіндегі жерлер. Деректерде оларды сойырғал, мадад - и-мааш, мадад и харадж, инам, вазифа – йе – аима деп атады. Көлемі жағынан ұсақ және орташа жер теліктері болды.
Әдебитеттер:
1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
М.,РАН-1998.
6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88
7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.
8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.
9. История Индии в средние века М.,1967.
10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.
11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.
12.Касты в Индии М.,1965.
13. Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.
14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.
№9. ЛЕКЦИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |