9-Лекция: Жоспарлаудың түрі, жоспарлаудың формалары
Жоспарлауды бірнеше критерий бойынша жіктеуге болады:
1.Қамту дәрежесі бойынша: жаллы (осы сұраққа енетін барлық саланы қамтып жоспарлау) және бөлшектеп жоспарлау (саланың белгілі бір бөлігін жоспарлау);
2.Кәсіпкерлік саясат аспектісіндегі жоспарлау мазмұны бойынша стратегиялық (өндіріс өнімдері мен жаңа мүмкіндіктерді іздеу), тактикалық (белгілі мүмкіндіктер мен өнімдердің алғы шартгарын құру) және оперативті (берілген мүмкіндікті іске асыру) жоспарлау;
3.Жоспарлау пәні бойынша (жоспарлау объектілері): мақсатты (стратегиялық, тактикалық, оперативтік мақсаттар меншектеулерге жатады), құралдарды (материалдарды, құралдарды, ақпараттарды жоспарлауға жатады), бағдарламалық (өткізу мен өндіру бағдарламаларын жоспарлау) және іс-қимылды (арнайы сату мен шараларды үгіттеу, т.б.) жоспарлау;
4. Қызмет көрсету саласы бойынша: өткізуді (өткізу мақсатын жоспарлау іс бағдарламаларды өткізу шығындары, өткізуді дамыту), персоналды (персоналды дайындау, персоналқажеттілігін жоспарлау), дайындауды (қажеттілікті жоспарлау сатып алуды жоспарлау), инвестициялық, қаржылық, (төлем құралдарын, капиталдарды жабуды, капитал салымдарын жоспарлау) және кеңейтілген жалпы жоспарлау;
5. Жоспарлау тереңдігі бойынша: берілген шамаға сәйкес шектелген, глобальды, контурлы (агрегатталған өлшемнің макроөлшеммен, учаске сомалары сияқты бөлімшелер, мерзімдік жалпылауды жоспарлау) және бөлшектеп (агрегаттардың жеке компоненттерін, учаскелерді, жоспарлаудың жеке кезеңдерін, шығын түрлерін; нақты анықтама, процестердің егжей-тегжейлі кестесі) жоспарлау;
6. Мерзім бойынша қысқа мерзімді (жарты жылдық кварталдық, айлық, апталық және жылдық жоспарлау) және ұзақ мерзімді бес жылдан жоғары, мысалы, 10, 15, 20 жыл салаға байланысты) жоспарлау;
7.Құрылымдық ұйымның көзқарасы бойынша бұл аспект бойынша, жалпы (жоғарғы өндірістік жоспарлау) және кәсіпорынның орналасу жерін, қызмет көрсету саласын, учаскелер мен бөлімдерін жоспарлау;
8.Жеке жоспардың орындалу уақыты бойынша: тізбектеп (мұндай жоспарлауда жеке жосларлар мен олардың өзгермелері ұзын сәйкес процеске құралады) және бір уақытта (бұнда барлық жоспарлардың өзгермелері жоспарлаудың бір ғана актісінде анықталады) жоспарлау;
9.Берілгендердің өзгерісінің есебі бойынша; қатаң және икемді жоспарлау;
10. Уақыт бойындағы кезегі бойынша реттелген ағымдағы (жоспарлау мерзімі біткенде жаңа мерзім бекітіледі) сырғанақ (жоспарлау мерзімі біткенде жоспарлау келесі кезеңге ұзартылады) және кезектен тыс эвентуальды (мысалы: кәсіпорынның құрылуы, қайта құрылуы) жоспарлау.
Достарыңызбен бөлісу: |