Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: өзін-өзі бағалау; өзін-өзі тану, зерттеу; өз ісіне өзінің талдау жасап, есеп беруі, міндеттеме-жүктемелер алуы; өзін-өзі сендіру; өз қызметін өзі ұйымдастыру; өз сенімі; өзін-өзі жаттықтыру; өзін-өзі сынау, жазалау; өзін-өзі қошеметтеу, құрметтеу, мадақтау.
Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі.
Өзін-өзі нақты бағалау өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді. Тұрақты және жаңа ақпараттар әсеріне, жинақтаған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы бағалау болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |