Гендерлік категориялаудың метафоралық табиғаты
Дүниенің тілдік бейнесін эвристикалық, когнитивтік тұрғыдан сипаттайтын тәсіл ретінде метафора тілдік категориялаудың маңызды өлшемі болып саналады.Бұл орайда метафора мен гендер өзара әрекеттес, гендер метафораның дереккөзі, әрі тақырыбы бола алады. Гендерлік метафора мәдени, әлеуметтік және саяси реалийлердің концептуалдануын бейнелейді. Мәселен, қазақ мәдениетінде ана – жерана тәрізді гендерлектіні келтіруге болады.
Гендерлік категориялаудың метафоралық табиғаты (аталық – аналық бастау) жансыз заттар мен құбылыстардың санада еркектік, әйелдік белгілермен ассоциациялануы арқылы айқын көрінеді. Мұны ғалымдардың көпшілігі формалды грамматикалық тек (род) категориясымен байланыстыра қарайды. Дж.Розенталь зерттеулерінде пышақ/шанышқы, тұз/бұрыш, ваниль/шоколадтәрізді сөздердің тегін (ер тегі мен әйел тегі) анықтау көзделген. Нәтижесінде тәжірибеге қатысушылар пышақ, тұз, шоколад сөздерін ер тегіне, ал бұрыш, шанышқы, ваниль сөздерін әйел тегіне жіктеп көрсеткен. Әрине, келтірілген зат есімдер табиғи текке (жыныс өкілдеріне) ешбір қатысы жоқ жансыз заттарды білдіреді.Д.Камерон ілгерідегі тәжірибені талдай келіп, сөз мағынасына гендерлік белгелерді тану мәліметтік (рационалдық) сипат береді және ол екі бірлікті қатар қойып теңестіру арқылы анықталады дейді. Мәселен, ағылшын тілінде сөйлеушіге salt (тұз) сөзі қай текке жатады деген сұрақ қойылса, бұл сұрақ түсінбестік тудырар еді (егер salt (тұз) бен pepper (бұрыш) салыстырған болса, онда басқаша жағдай). Ал салыстырып теңеу үшін knife/fork(пышақ/шанышқы) сөздерінің орнына spoon/fork(қасық/шанышқы) сөздерін алсақ, ондаforkер тегіне қатысты, ал knife/forkжұбынаforkәйел тегіне қатысты таңдалғаны белгілі. Шынында, сөздің (заттың) өзінде әйелдерге не ерлерге лайықты қасиеттер байқалмайды. Мұндай ерекшеліктер, яғни еркектік, әйелдік мәнінің басқа заттарға не құбылыстарға ауысып келуі метафоралық тек (род) болмақ.
С.Ромейн гендер мен метафораның өзара байланысын тұжырымдандыру тұрғысынан талдай отырып, формалдыграмматикалық тек категориясы бар тілдерде жансыз заттарды білдіретін зат есімдерді ер/әйел тегіне қарай еркін топтастырудың емін-еркіндігін құптамайтынын білдіреді. Оның дәйектемесі Ю.С.Степановтың «мәдениеттегі атаулардың шығу тегі кездейсоқ емес» деген пікірімен сабақтасып жатыр. Тілдік таңбалардың тәуелсіздігінің, емін-еркіндігінің негізі тілдік дәстүрде. Қай халықтың тілі болса да атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп ауысып отырады. Көптеген еуропа тілдерінде жер, ел ұғымын беретін зат есімдердің формалды-грамматикалық тегі гендерлік метафора арқылы уәжделген. Мәселен, жер, ел сөздері табиғатты тұжырымдаса (жер-ана, табиғат-ана), оған сәйкес лексемалар әйел тегіне жатқызылады да, аумақ, аймақ, мемлекет мағынасында жұмсалса, ер тегіне қатысты болып келеді.
Қазақ тілінде грамматикалық тек (род) категориясы жоқ. Алайда ілгеріде айтылған ұғымдарға (жер, ел, аймақ, т.с.с.) қатысты қалыптасқан мәдени түсініктер тілімізде ана – жер ана, табиғат – ана, атақоныстәрізді гендерлік метафоралармен бейнеленген.
«Еркектік», «әйелдік» ұғымдары метфоралық ұғымдар ретінде аус мағынаны білдіре отырып, екі түрлі категорияны ассоциациялайды, сондықтан да семантикалық тұрғыдан екіжақты болып саналады. Метафораны атауыш сөз ретінде қолдану санада нысанның екі жағын бейнелейді: біріншісі, теңестірілетін, салыстырылатын нысан түрі, екіншісі, теңелетін нысан түрі. Бұл жағдайда теңестіру теңестірілетін нысандардың ортақ сипаты, белгісі болып отыр [Лингвистический энциклопедический словарь 1990, 296-297 бб.]. Метафоралану барысында антропомоорфизм қағидалары, яғни адамның мәдени тәжірибесі мен сезіну әрекеті («дене метафорасы») негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |