Лекция. Гендер ұҒымы жайлы түсінік. Тілдің гендерлік жіктелімі: МӘдени-әлеуметтік, тілдік-әлеуметтік мәНІ



жүктеу 194,62 Kb.
бет14/49
Дата01.04.2022
өлшемі194,62 Kb.
#37984
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49
genderlik lingvistika darister

6.Маскулиндік зерттеулер, т.б. [Словарь гендерных терминов,2002,138-139 б.б.].

Гендерлік-лингвистикалық зерттеулерде әлеуметтік лингвистика, психлингвистика, когнитивтік лингвистика, лингво-мәдениеттану, т.б. ғылым салаларының әдіс-тәсілдері өзара байланыста тиімді қолданылады. Тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер бір-бірімен тығыз байланысты диахронды және синхронды қырынан қарастырыла алады.

Әлеуметтік және гуманитарлық білімдер негізінде гендерлік теорияны қалыптастыру жай ғана қарапайым теория енгізу емес,бұл көптеген дағдылы,әдеттенген таным-түсініктерді қайта қарастыруға бағытталған мүлдем жаңа теория (Воронина).Кейбір зерттеушілер гендерлік теорияны жаңа ғылыми зерттеу парадигмасы деп таниды (Рябов).Лингвистикадағы антропоөзектілік бағыт адамның тілдік тұлғасын жан-жақты зерттеуді көздейді.Ал гендер адамға қатысты негізгі өлшемдердің бірі саналады (Кирилина).Бұл ретте ғалым екі жағдайды ескеру қажет деп санайды.Бір жағынан,тілтану білімін дамытудың қазіргі кезеңінде тілдің «антропобағыттылығын» жалпылай қабылдауға әлі ерте,жеткілікті дәрежеде емес,сондықтан олардың гендерлік және метагендерлік деңгейлер шегін ажырату қажет.Екінші жағынан,гендерлік лингвистиканың қалыптасуының бастапқы кезеңінде гендер факторының маңыздылығын әсірелеп көрсету орын алды.Қазірде гендер жеке ғылым салаларының әдіснамалық негізін құрайтын тәсілдердің бірі ретінде қарастырыла бастады.[1999].

Лингвистиканың қай саласын алсақ та (семантика, әлеуметтік психолингвистика, дискурс, тілдік қарым-қатынас теориясы) гендер факторының ықпалын анықтап,тілдік құрылымдарды гендерлік факторының ықпалын анықтап,тілдік құрылымдарды гендерлік тәсілдер арқылы зерттеуге болады.

О.Л.Каменская ғылымдағы салалық,салааралық,ғылымдар түйісіндегі зерттеулерді ажыратып, салалық тәсілде жүйеішілік әдістер қолданылатынын, ғылымдар түйісіндегі зерттеулерде басқа ғылым әдістері пайдаланылатынын бірақ әрқайсысы өзіндік ерекшелігін сақтап отыратынын көрсетеді.Ол тіл біліміндегі гендерлік зерттеулерді салааралық зерттеуге жатқызады,гендердің танылмаған қырларын бір ортаға тұтастыратын жүйелеуші фактор ретінде тілдік тұлғасы деп бөліп қарастыруды негіздейді. [2002, 62б.].

О.Т.Йокояма тілдегі гендерлік зерттеулердің лингвистикалық деңгейіне назар аудара келіп,гендерлект ұғымын енгізуді ұсынады.Гендерлектілер белгілі бір қарым-қатынас жағдайында көрініс табады.Тілді тұтынушы оған өзінің болмысына сай «еніп,араласа алады» [1996,38 б.].Қазіргі уақытта ерекше гендерлік-лингвистикалық әдістер туралы айту қиын.Сол сияқты бұл бағыттың аталуына байланысты мәселелер толық шешілді деп айта алмаймыз.Әлеуметтік ғылымдарда гендеристика, гендерология, гендергетика секілді ғылыми терминдер ұсынылып,пікірталас тудырып жүргені рас,бірақ осы терминдердің нақты біреуі қабылданып,тұрақталған жоқ.Батыстың ғылыми дәстүріне сүйенсек,әр ғылымға қатысты мәселен,философия (психология,әлеуметтану) саласындағы гендерлік зерттеулер делінеді [Халеева 1999, 59б.].

Гендерлік қатынастардың тіл мен сөйлеудегі көрінісін талдау барысында гендер көбінесе әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық фактор ретінде танылады.Алайда тіл білімінің басқа салаларын,лексикон мен грамматиканы,тілдік таңба мен сөйлеуші арасындағы қатынас (референция) теориясының мәселелерін,лингводидактика мен лингвомәдениеттануды,тіл тарихын,психолингвистиканы гендерлік қырынан зерттеп,тіл білімі үшін мәнді деректер алуға болады.Сол сияқты ілгеріде И.Гоффман, М.Фуко еңбектерінде көрсетілгендей,гендердің таңбалар жүйесі (семиотикасы) мен қалыптасқан дәстүрге сәйкестігі қоғамның мәдни ерекшеліктері мен дискурсқа талдау жасау тұрғысынан зерттегенде ғана нәтиже береді.

Гендерлік лингвистика үшін маңызды-әлемнің гендерлік бейнесі ұғымының енгізілуі.Әлемнің гендерлік бейнесі әрбір мәдениетке тән.Әлем бейнесі гендерлік нормалармен,идеалдармен,таптаурындармен байланыстырылады. Гендерлік меафора алуан түрлі қоғамдық және табиғи құбылыстарға баға беруке қатысады,оларға үнемі ықпал етіп отырады.О.В.Рябовтың анықтамасын келтірсек,әлемнің гендерлік бейнесі дегеніміз-адам санасында ақиқаттың,яғни заттардың,қасиеттердің,қатынастардың жұптық қарама-қарсылыға арқылы категориялануы және жұптардың аталық (еркектік),аналық (әйелдік) бастаумен ассоциацияланатынын білдіретін таным-түсініктер жиынтығы.Ендеше,әлем бейнесі,тілдік сана,әлемнің тілдік бейнесі,менталитет ұғымдарына «гендерлік» сын есімін қосып атап,оларды гендерлік қырынан зерттеп-зерделеуге әбден болады [1997, 17б.].

Тілдік сана ретінде ең алдымен,тілдік құралдар арқылы,яғни сөздермен, тіркестермен,фразеологизмдермен, мәтіндермен, ассоциативтік өріспен, сондай-ақ осы өрістің жиынтығы ретіндегі ассоциациялық тезауруспен көрініс табатын сана бейнелері қарастырылады (Караулов).Сөздің ассоциативтік мағынасына зер сала отырып адамның тілдік санасында әлем бейнесінің құрылымдану көрінісін анықтап,адамзаттық ментальдік ерекшеліктерге талдау жасап,гендерлік компонентпен байланысын білуге болады. (Леонтьев).

Көп жылдардан бері ерлер мен әйелдердің сөйлеу әрекетіндегі ерекшеліктерді психолингвичтикалық қырынан зерттеп жүрген ғалым Е.И.Горошко ассоциативтік тәжірибелеріне гендер категориясын негіз етуінің себебін былай түсіндіреді:біріншіден, соңғы он жыл көлемінде әлеуметтік ғылымдар саласында.лингвистикада гендерлік зерттеулер қарқыны күшейе түсті.Қазіргі таңда тіл ғылымында бұл бағыттың бастапқы қалану сатысы толық аяқталды,гендерлік лингвистика тіл білімінің жеке ғылыми бағыты ретінде қалыптасты;екіншіден, әлеуметтік ғылымдар саласында гендерлік зерттеулердің теориялық және әдіснамалық қоры жинақталып,пәнаралық сипат алды;үшіншіден гендерлік фактордың ассоциативтік әрекеттерге ықпалын кешенді зерттеуде жүйеліліктің болмауы себебінен туындап отыр [2003].

Тіл біліміндегі гендерлік зерттеулердің ендігі бір тобы пәнаралық сипатта дамып келеді.Мәселенің маңыздылығы мен күрделілігі,ауқымдылығы ғалымдар назарына іліккен.Сонымен бірге гендерлік белгілердің тіл деңгейінлеріндегі көрінісін сипаттау, «жыныс» ұғымының концептуалдануын сипаттайтын тілдік тәсілдерді анықтау, «әлемнің гендерлік тілдік бейнесін» (гендерлік концепт,гендерлік таптаурындар) белгілеу және соларға сәйкес,мәдениетаралық салыстырулар жүргізу гендерлік зерттеулерде өзекті мәселелер қатарында қарастырылады.

Тілді гендерлік қырынан зерттеудің аксиологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып,мәдени доминанттар рөлін танып-білудің де маңызы зор.Мәдени доминанттарды зерттеу (басқа ғылым салаларының мәліметтерін пайдаланса да) алдымен лингвистикалық білімді игеруді қажет етеді (лексикалық,фразеологиялық бірліктерді жинап-теру,сөздіктерден, мақал-мәтелдер жинағынан,көркем әдебиеттен,бұқаралық ақпарат құралдарынан қажетті мәтіндер жинау).Сол сияқты психолингвистикалық тәжірибелердің нәтижесі ретінде ассоциативтік сөздік материалдарын (әсіресе жаңа функционалдық сипаттағы талдауларға) пайдаланудың тиімділігі басым [Кирилина 1999,79-81бб.].

Гендерлік зерттеулерде қолданылатын әдіс-тәсілдер:салыстырмалы әдіс-тілдің ішкі формаларына талдау жүргізу арқылы түрлі тілдерге тән тұжырымдық ерекшеліктерді айқындау;мәдени маңызды белгілерді сипаттауда «лингвистикалық емес» амалдарды (салт-дәстүрлер,фальклорлық материалдар)пайдалану,олардың Д.О.Добровольский атап көрсеткендей, «бейнелік мәртебесінен» гөрі «таңбалық мәртебесін» жоғары қою керек [1997,41б.]; өзінөзі бақылау әдісі,сапалық,сандық.статистикалық,әлеуметтік-психолингвистикалық зерттеулер,жобалар жасау, т.б.

Гендерлік лингвистиканың ғылым ретіндегі қалыптасуы әлеуметтік мәні зор ірі проблемаларды қамтитынын ерекше айтуымыз керек.Лингвистикалық мәні басым болып келетін материалдар осы ір этносқа гендерлік жорадан қалыатасқан таптаурындарға,дәстүрге байланысты қалыптасып,тілде берік орын алған.




жүктеу 194,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау