Лекция бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі



жүктеу 44,03 Kb.
бет6/9
Дата19.12.2022
өлшемі44,03 Kb.
#40684
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Doc2

Қай? сұрағы туралы.
Бұл сұраққа байланысты мұғалімнің есінде болатын нәрсе – заттың сынын білдіретін сөздердің бәрі бірдей қай? сұрағына жауап бере бермейді. Кейбір -ғы тұлғалы сын есімдер (соңғы, шеткі, ортаңғы, кешегі, т. б.) мен ауызша сөйлеу тәжірибесінде мәнмәтін мағынасына бағынған сын есімдер ғана қай? сұрағына жауап береді. Мысалы:

- Қай үй?


- Шеткі үй.
- Қай ат?
– Алдыңғы ат.
- Қай бала?
- Кешегі бала.
- Кай болме?
Төргі бөлме, т. б.
Қай? сұрағына, негізінде, сілтеу есімдіктері (мына, ана, бұл, сол, осы, ол, мына бір, ана бір, т. б.) жауап береді. Мұндай сілтеу есімдіктері де, сын есім сияқты, зат есімді анықтай ды. Екі сұрақтың екеуіне де ортақ мағына затты анық - тау. Айырмасы: қай? сұрағына жауап беретін сөздер (сілтеу есімдіктері мен -ғы тұлғалы сын есімдер) затты даралай (нақ ты) анықтаса, қандай? сұрағына жауап беретін сөздер зат ты жалпылап анықтайды. Сол сияқты ауызша сөйлеу тәжірибесінде “Қай алма тәтті? Қандай алма тәтті?” сияқ ты сұрақтарға “Қызыл алма тәтті” деп те, "Мына алма тәтті” деп те жауап бере береді. Сондықтан қай? сұрағы есімдік сұрағы ғана емес, сонымен қатар, сын есім сұрағы ретінде де колданылады.


Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту туралы

Заттың санын білдіретін сөздерді оқыту мазмұны неше? нешінші? сұрақтарына қарай ол сөздерді мағыналық топтар ға бөлу, екі таңбалы сөздердің емлесі, санды білдіретін сөздердің заттың атын білдіретін сөздерді анықтау қызметі сияқты мағлұматтарды қамтиды.


Заттың санын білдіретін сөздер сұрақ түрлеріне қарап әр түрлі мағынада қолданылады. Дәлірек айтқанда, қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздер мен нешінші? сұра ғына жауап беретін сөздер мағына жағынан басқа-басқа болып айтылады. Бұл жағдайды оқулықта берілген мына дай жаттығуларды оқушыларға орындату барысында ай қын байқатуға болады. Жаттығу тапсырмасы неше? және нешінші? сұрағына жауап беретін сөздердің мағыналарын салыстыру максатын көздейдi.


Бірінші сыныптан бастап окушыларға орфографиялық жазу мәдениетін қалыптастыра берудің үлкен мәнi бар, сон дыктан заттын санын бiлдiретiн сөздерге катысты бұл кез дерде окытылатын екі таңбалы сан есімдердің емлесі үйретіледі. Ол үшiн сөздер цифр арқылы беріліп, оларды сөзбен дұрыс жазу талап етiледi. Мысалы, 15 деп цифрмен берілген сөз екі сөзбен (он бес) жазылып, бір сөз ретінде ай тылатыны түсіндіріледі.

Заттың санын білдіретін сөздерді окыту барысында он дай сөздер заттын атын білдіретін сөздерді анықтауы тура лы айтылу керек. Мүмкін болса, сан есімдердің өздiгiнен дербес айтылмайтыны түсiндiрiлу керек. Заттын санын білдіретін сөздер зат есiмдi онын алдында тұрып та, сонын да келiп те аныктайды.



жүктеу 44,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау