Лекция бірінші сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесі



жүктеу 44,03 Kb.
бет4/9
Дата19.12.2022
өлшемі44,03 Kb.
#40684
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Doc2

Буын және тасымал
“Дыбыс және әріп” тақырыбын оқытуда буын мен тасымал туралы алғашқы мағлұматтар беріледі. Оқушылар буын деген ұғыммен сауат ашу кезінде-ақ біршама танысып, сөздерді буындап оқуды, одан біртіндеп тұтастыра оқуды үйренген болатын. "Ана тілін” оқу бары-сында оқушылар буын сөз құрамында келіп, оның мәнсіз бөлшегі болатынын, буынның тек дауысты дыбыстар негізінде жасалатынын біледі. Осыған орай оқулықта мынадай анық-тама беріледі: “Сөзде дауысты дыбыс қанша болса, буын да сонша болады: от, а-та, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік”.
Аталған анықтаманы сапалы меңгертуде дыбыстық құрамы әр түрлі сөздерді буынға бөліп оқыту мен буынға бөліп көшіріп жаздыру сиякты жаттығу жұмыстарын жүргізудің көмегі мол.
Қазақ тіліндегі буындар әдетте дауыссыз дыбыстан басталады, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай жүру арқылы жасалынады.


14-лекция
«Сөз» тақырыбын оқыту

Бұл тақырып 1-сыныпта қазақ тілін оқытудың алғашкы лексика-грамматикалық тақырыбы болып табылады. Бұған дейін окушылар казак тілінің фонетикалық жүйесінен бастапқы мағлұматтар алды, яғни сөздің дыбыстық-буындық құрамымен танысса, енді сөздің лексика-грамматикалык мағыналары туралы карапайым практикалык мағлұматтар алатын болады. Алдымен, окушыларға сездiн адам мен когам емiрiндегi манызы туралы карапайым түсініктер берілуі керек.


Сөз арқылы адамдар езара сөйлесіп, карым-катынас жасайды. Сөз - сөйлеудің ең кішкентай мағыналык бөлшегі. Әрбір сөз өзінше дыбысталады, өзiндiк дербес мағынаға ие болады, сойлемде бiр-бiрiнен болек жазылады, т. б. сөз туралы деректер берілген соң, онын мынадай практикалық аныктамасы накты мысалдар арқылы түсіндірілуі тиіс.
Сөз дегеніміз айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды және олардың алуан түрлі кимыл, іс-әрекетiн, сан-сапасын өзара бір-бірінен ажыратып тану үшін қойылған шартты атау


Кім? не? кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін сөздердi окыту

Кім? сұрағы казак тiлiнде тек адамға байланысты койылады. Бұл туралы, әсіресе, орыс тілділер ортасында өскен окушыларға пайымды түсiнiк керек. Бул такырыпты окытуда, ен алдымен кім? сұрағына жауап беретін сөздерді анықтап алу керек. Олар: 1) туысты білдіретін сөздер: ана, апа, әке, әже, шеше, аға, іні, сіңлі, карындас, т. б.; 2) мамандықты білдіретін сөздер: әнші, биші, домбырашы, дәрігер, т. б. ; 3) адам аттарын бiлдiретiн сөздер: Аскар, Айгүл, Мұрат, Асанкул, т. б. ; 4) адамға катысты айтылатын баска сөздер.

Кім? сұрағына жауап беретін сөздерді меңгертуде әр алуан логикалык жаттығулар жүргiзiледi. Ондай жаттығулардың өтімді бір түрі - жалпылаушы және бiрыңғай сөздер аркылы мынадай сөйлемдер кұрастыру: Асан, Сәуле, Мұрат - адам аттары. Ата, ана, аға - туыстыкты бiлдiретiн сөздер . Ұшқыш, дәрігер, шопан - мамандықты бiлдiретiн сөздер.


Мұндай сойлем кұрылымдарын жазу барысында ондағы тыныс белгілерін дұрыс койып отыруды мұғалім тек практикалык жолмен түсiндiрiп кана коймай, тікелей өзі айтып отыру керек.
Не? сұрағына жауап беретiн сездерді үйретуде де ол сөздердің өзіндік ерекшелiктерiмен тiкелей санасу керек болады. Не? сұрағына жауап беретін сөздер адамнан баска заттардын бәріне де бiрдей дәрежеде койылады. Алайда бұл сұраққа жауап беретін сөздердiн мағыналары бірдей емес. Олардын бiр тобы жан-жануарлардын атын бiлдiрсе, баска бiр тобы әр түрлі өсімдіктердің аттарын білдіреді, ал кейбiр түрлері айнала коршаған заттар мен адамға қажетті еңбек құралдарының, әр түрлі шаруашылыкка кажеттi заттардын аттарын бiлдiредi. Осыған орай не? сұрағына жауап беретін сөздердi бiрнеше типтер мен топтарға бөліп үйрету кажет болады. Атап айтсак, не? сұрағына жауап беретін сөздер мынадай логикалык топтарға бөлінеді: 1) жануарлардын аттары; 2) кұс аттары; 3) жәндік аттары; 4) өсімдік аттары; 5) заттын аттары.


Кiмдер? нелер? сұрактары туралы мұғалім ескеретін бір жагдай - ондағы көптік жалғаулар жайлы. Бұл сұрақтардың көптік жалғау формасында келгені туралы оқушыларға айтылмайды. Аталған сұрақтарға жауап беретін сөздер де атау тұлғада келіп, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер сиякты заттың атын білдіреді. Айырмасы сол - кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың біреу (дара) екенін көрсетсе, кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың біреу емес, бiрнеше (көп) екенін білдіреді. Окушыларға берілетін мағлұматта осы тұрғыда болу керек. Кімдер? нелер? сұрақтары аркылы берілетін сөздің көптік мағынасы бір затпен көп заттардын суреттерiн салыстыру немесе ол заттардын өзiн накты көрсету аркылы түсіндіріледі. Жаттығулармен жұмыс істеу барысында адам аттары мен кейбiр жалпылаушы сөздерге аталған көптік формада келген сұрақтардын койылмауы дұрыс. Өйткені адам аттарына кімдер? деп сұрак койылса, бұған жауап беретін сөз бір адамның көптігін көрсетпейді, оның айналасындағы адамдардын коп екенін көрсетеді. Мысалы, "Абайлар калага келдi” деген сөйлемде Абайлар сөзi калага кел- гендер жалғыз Абай емес, бiрнеше адам екенін көрсетеді.

жүктеу 44,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау