Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі Сабақ өткізілетін күн



жүктеу 1,12 Mb.
бет1/4
Дата05.03.2018
өлшемі1,12 Mb.
#11435
түріСабақ
  1   2   3   4

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова
Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

19.10.2016

ЛФН-15-3р6 2-курс

31

15-00-16-20




МФН-15-3р6 2-курс









І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Есімдік. Көмекші есімдік. Есімдіктің емілесі. Есімдіктің түрлері:

Лексикалық тақырып: Денесі күйген науқастарды күту.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, сөйлесу әрекеттері арқылы білімгерлердің тақырып бойынша білімін тереңдету.



Ә) Тәрбиелік: Білімгерлердің сөздік қорын молайту. Ой-өрісін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін кеңейту. өз бетімен жұмыс жасауға төселдіру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: білімгерлердің мамандық бойынша арнайы білімдерін қазақ тілінде дамыту, білім-біліктілігін арттыру, логикалық дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндірме –баяндау, сұрақ-жауап, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, мәтінді құрастыру, қиын аудармалармен жұмыс.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: карточка, сөз жұмбақ, тест тапсырмасы.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Орыс тілі, Анатомия, Экология.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  1. Үсігенде көрсетілетін алғашқы көмек.

  2. Үсіктің түрлері.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Есімдік

  • Көмекші есімдік.

  • Есімдіктің емілесі.

  • Есімдіктің түрлері.

  • Денесі күйген науқастарды күту.

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

20.10.2016

ЛФН-15-3р6 2-курс










МФН-15-3р6 2-курс









І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Етіс және оның түрлері. Көсемше және оның түрлері. Есімше және оның түрлері.

Лексикалық тақырып: Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: етістің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Елордамыз туралы ерекше пікір қалдыру.



Ә) Тәрбиелік: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

    2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  1. Денесі күйген адамдарды күту.

  2. Күйіктің түрлері.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Етіс және оның түрлері.

  • Көсемше және оның түрлері.

  • Есімше және оның түрлері.

  • Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек.


1.Етіс және оның түрлері.



р/с

 

Түрі

 

Ереже

 

Жұрнақтары

 

Мысалы:

 

1

 

Өздік етіс

 Іс-қимылды адам өзі істейді

 

-ын/-ін/-н

 

   Аз уақыт ішінде көркі көз қуантар керемет астана салынды

2

Өзгелік етіс

Адам  іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады

 

1. -дыр/-дір, -тыр/-   тір,-ыр/-ір/-р

2. -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз

3. -т

4. -сет

  ЭКСПО-ға дейін әлі де талай таңдай қақтырғызар ғимараттар салынуы мүмкін

3

Ырықсыз етіс

Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді

 

1. -ыл/-іл/-л

2. -ын/-ін/-н

(түбірде «л»әрпі болса)

Осының барлығы елбасының көрегенділік саясатының арқасында жасалынды.

4

Ортақ етіс

 

Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді

 

-ыс/-іс/-с

(жаз-ыс-ты)

 

Қаланың сәулетіне барлық елдердің ең керемет сәулетшілері тартылып, барлығы атсалысты


2.  Көсемше де –етістіктің ерекше түрі.

Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады.                                                   Көсемшенің жұрнақтары

1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й

2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п

3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі

Көсемшенің –а,-е, -й және –ып,-іп,-п  жіктеледі, -ғалы, -гелі,-қалы,-келі жіктелмейді(Ауызша бір-екі етістікті алып жіктету)                                                                                                                                                           



Көсемшелер көптік, септік,тәуелдік жалғауларды қабылдамайды

2.1-2оқушыны тақтаға шығарып, мақалдарды сөз табына талдату. 

Мыс: 1. Әкеге қарап ұл өсер,   Шешеге қарап қыз өсер.

           2.Батыр жауда көрінеді.   

  3. Сыныпта 257-жаттығу көсемшелерді теріп жазыңдар(Дәптерлеріне теріп жазады да, оқиды.)    

№3 Тапсырма.        

№6.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып,мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір.

1.Таң----------------------жымыңда+ п тұр

2.Жұлдыз---------------------ағар+ып атты

3.Ай-----------------------------жау+ғалы тұр

4.Боран------------------------- сыңғырла+й соғылды

5.Қоңырау-----------------------жарқыра+й+ды

6.Жаңбыр------------------------- гуілде+й соқты

№4   «Ойлан, тап!» ойыны(плакатқа 1-бағанның тапсырмасын сызу.Қалғанын оқушылар өздері орындайды.)

 

Көсемшелерді етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістіктер жаса.

Етістік     Көсемше Күрделі етістік

1. Жабу


2. Көрсету

3.Қону


4. Жүру

5.Айту


6.Түсу

7. Сынау


8 Бару

9. Шегіну

10. Сөйлеу
Есімше және оның түрлері.

1. – қан, - кен, - ған, - ген - өткен шақ есімшелері.


2. – ар, - ер, - р - болжалды келер шақ есімше.
3. – мақ, - мек,- пақ,- пек,- бақ,- бек - мақсатты келершақ есімшелері.
4. – атын,- етін, - итІн,- йтын - ауыспалы кңелер шақ
Жазылған қағаз

Оқыған кітап

жиналған үй

болған оқиға

қызған ойын

сынған әйнек

жуылған киім
Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек
1.Байламдардың созылуы.

Оқыс қимылдағанда, буында сүйектердің ығысуы шамадан асып кеткенде байламдар зақымдалады немесе созылады.

Зақымдалған буын айналасы ісіп, қатты ауырады. Байлам созылғанда тамырлар үзіліп, жарақаттанған жерге қан құйылады.

Алғашқы көмек: алдымен, зақымданған жерге мұз, қар немесе мұздай шүберек басу. 20минуттан соң таңғыш салып, медициналық мекемеге жеткізу.

2.Буынның шығуы.

Буын басы буын ойысынан шығып кеткенде беттерінің жанасуы бұзылады.. Мұндай жағдайда зақымданған жерге салқын зат басып, зардап шегушіні қозғалтпай, медициналық мекемеге жеткізу керек.

3.Сүйек сыну. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.

Сүйек сыну ашық, жабық түрлері болады. Ашық сынуда сүйек қана емес, тері, бұлшықет, қан тамырлары да зақымдалады. Алдымен қан кетуді тоқтату керек, шендеуіш салып таңу.

4.Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы.

Бұғана мен жауырын зақымданса, орамалмен қолды мойынға таңып, қолтыққа кез-келген мата қояды.

Қабырға сынса, зардап шегушіні орындыққа отырғызып, терең дем шығартады да, кеуде қуысын қысып дәкемен орап тастайды.

Бассүйек пен омыртқа жотасының сынуы өте қауіпті. Зардап шеккен адамды қозғалтпай, тез жедел-жәрдем шақыру керек. Омыртқа жотасы зақымдалса зардап шегушіні етпетінен тақтайға жайлап жатқызып, басы мен иығының астына матаны бүктеп қояды.



Бассүйек сынса жай зембілге жатқызып апару керек. Басты қозғалмайтындай етіп, жан-жағына киім не көрпе қояды.

Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут

Әдебиеттер: Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Сабақтың аяқталуын хабарлау: құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:____________


  1. «Бойы сергектің – ойы сергек». Анаграмма шешу. «Астана»

  2. Орналасқан бас қала

  3. …… деп аталады бұл дала?   (Сарыарқа)

  4. Астананы қақ жарып ол ағады

  5. Ақындары жырға қосып жазады? (Есіл)

  6. Астананың белгісіне айналған,

  7. Сұлулығы теңдесі жоқ, керемет,

  8. Елорданы айтсақ егер бірденнен,

  9. Еске түсер алып ағаш ….                (бәйтерек)




  1. Кемеңгері қазағымның  данасы,

  2. Даналықпен басқаратын елбасы? (Назарбаев)




  1. Кезінде ол болған қазақ астанасы,

  2. Қазір болса Ресейдің ол бір қаласы…  (Орынбор)




  1. Көне шаһар аталған ғой, ….

  2. Білер ме екен ол атауды көп бала?      (Ақмола)

      

 


 

 

А

 

 

 

 

 

 







 

 

С

 

 

 







 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

24.10.2016ж.

ЛФН-16-13р




10-00-11-20



І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем. Себеп салдар мәнді құрмалас сөйлемдер.

Лексикалық тақырып: Оқ жетпес. Сөйлемнің құрамы. Сөйлемдерден синтаксистік талдау жасау.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Құрмалас сөйлемнің (себеп салдар) түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Оқ жетпес туралы ерекше пікір қалдыру.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Саяхатқа шығайық тақырыбына жазылған бір шығарманы орындату.

  • Біріккен сөз дегеніміз не?

  • Мысалдар келтірту.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Құрмалас сөйлем.

  • Себеп салдар мәнді құрмалас сөйлемдер.


Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б)Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

Мысалы, Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)— түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)— аспан қолданылған, қалғандары — тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)— кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)— мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)— анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)— анықтауыш.

Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)— баяндауыш, қарақұс (не отыр?)— бастауыш және жүр (не істеді?)— баяндауыш, суыр (не жүр?)— бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.


Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Байланысу тәсілдері

Мысалы

Интонация арқылы іргелесе байланысады.

Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей - ақ қойды.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады

Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.


Бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің ішіндегі себеп-салдар салаласқа тоқталамыз. Салалас құрмалас сөйлемдерге:

Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же).

Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный) Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилась, и народ стал расходиться).



Қарсылықты (Противительные союзы): бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, (но, однако, иначе, все-таки). Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады (Я давал ему свою книгу, но он не взял). 2. Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім (Он ушел раньше меня, но я его догнал).

Талғаулықты (Разделительные союзы): (біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде, (или, иногда, то, однажды, либо). Күн біресе жауады, біресе ба-сылады (Дождь то шел, то переставал). Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың (В кино сегодня либо я пайду, либо ты пойдешь).

Кезектес (разделительный) - бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.

       


Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі. 
 Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады.                                                                                                                                          

Тапсырма орындау. (жаттығулар жинағы) Оқ жетпес. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді тап.
Тапсырма. Өзіндік шығармашылық жұмыс. Төменде көрсетілген шылауларды падалана отырып, шығарма құрастыр.

Сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

27.10.2016

ЛФн-16-03р









І. Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Масғұт» дастаны. «Сегіз аяқ». «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа». «Бесінші сөз»

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік:. Білімгерлердің алған білімдерін тереңдету. Қазақ әдебиетіне ерекше үлес қосқан біртуар дана да дар тұлғаның өмірімен шығармалығымен танысу. Қара сөзді мәнерлеп оқуға төселу.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары,

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Ыбырай Алтынсарин кім? Ыбырай Алтынсариннің өмірі. 7 студент

  • Өнер білім бар жұрттар. Жатқа сұрау. 7 студент

  • Ы.Алтынсариннің ұнаған әңгімесін мазмұндап беріңдер.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Абай Құнанбаев.

  • «Масғұт» дастаны.

  • «Сегіз аяқ».

  • «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа».

  • «Бесінші сөз»


Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялықтрактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

     Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бұрын көрмей".

     Бұдан біз ақын өлең-жырла-рывдағы жаңа, соны ой-пікір-лерді жүртшылықтың қалай кдбылдайтынына ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын кдуымнан мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сы-рын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқгаушы болуға тиіс деп са-наған. А-дың өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп түрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Кдлыңелім, қазағым, кайранжүргым", "Жаз", (Жаз-дыгүн шідде болғанда) "Жел-сіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сүрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк түман - алдындағы ке-лер заман" секілді өлендерінің кай-кайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бүларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға көз куаныш", "Сағаттың шықыл-дағы емес ермек", "Нүрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер та биғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолғашықгым біржым-жырт түндежалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім үзын қайың қүлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармалар-ды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты неме-се өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын.



«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа...» - Абайдың 1896 ж. жазған өлеңі. Көлемі 38 жол. 1897 жөне 1898 жылдарда Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан тағы бір тың тақырыбы бар. Ол - қазақтың әніне арналған өлеңдері. Біреуі - «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», екіншісі - «Құлақтан кіріп бойды алар». Осы аталған әрі терең толғаулы, әрі әсем және бар сапасы бөлек соны шығармалар қазақтың әні мен күйіне арналған.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,


Үннің тәтті оралған мәні оятар,
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...
Мұңмен шаққан, оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?
.. Жақсы енді тыңдасаң ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық...
Жарамды әнді тындасаң, жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер...»

«Сегізаяқ» — Абай Құнанбайұлының өлеңі және қазақ өлеңіне қосқан шумақтың үлгісі. Абайдың «Сегізаяқ» атты өлеңінің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең, өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Надандар бәћра ала алмас.

Қиналма бекер, тіл мен жақ,

Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды —

Әдеті надан адамның.

Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз.

Қайнайды қаның,

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде;

Жігерлен, сілкін,

Қайраттан, беркін

Деп насиқат бергенде,

Ұятсыз, арсыз салтынан

Қалғып кетер артынан.

Аулаққа шықпай,

Сыбырлап бұқпай,

Мейірленбес еш сөзге.

Пайдасыз ақыл —

Байлаусыз тақыл,

Атадан бала ойы өзге.

Санасыз, ойсыз жарым ес,

Өз ойында ар емес.

Тасыса өсек,

Ысқыртса кесек,

Құмардан әбден шыққаны.

Күпілдек мақтан,

Табытын қаққан

Аңдығаны, баққаны.

Ынсап, ұят, терең ой

Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

Болмасын кекшіл,

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл.

Орынсыз ыржаң,

Болымсыз қылжаң

Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?

Еңбек қылсаң ерінбей —

Тояды қарның тіленбей.
БЕСІНШІ СӨЗ
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.

Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен.

Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

«Масғұт» дастанын оқып келу. Мазмұнын ашу.



Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.
Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.
Әдебиеттер: Қазақ әдебиеті. Қ. Әбдезұлы., С.Ч.Тұрсынғалиева. Орыс тілінде білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Арман ПВ баспасы.
Оқытушының қолы:____________

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын




МФн-16-03р





















І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем. Оның түрлері.

Лексикалық тақырып: Оқ жетпес. Сөйлемнің құрамы. Сөйлемдерден синтаксистік талдау жасау.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Құрмалас сөйлемнің (себеп салдар) түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Оқ жетпес туралы ерекше пікір қалдыру.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Саяхатқа шығайық тақырыбына жазылған бір шығарманы орындату.

  • Біріккен сөз дегеніміз не?

  • Мысалдар келтірту.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Құрмалас сөйлем.

  • Себеп салдар мәнді құрмалас сөйлемдер.


Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б)Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

Мысалы, Ералы, Ойқұдық үстінде жауынды бүркер сүр аспан жиі түнереді. (М. Әуезов) деген сөйлемде 9 сөз қолданылып, бір ғана ойды білдіріп тұр. Сөйлемде бір баяндауыш (не істеді?)— түнереді, бір бастауыш (не түнереді?)— аспан қолданылған, қалғандары — тұрлаусыз мүшелер: жиі (қалай түнереді?)— кимыл-сын пысықтауыш, Ералы, Ойқұдық үстінде (қайда түнереді?)— мекен пысықтауыш, сұр (қандай аспан?)— анықтауыш, жауынды бүркер (қай аспан?)— анықтауыш.

Төбесінде көзі қанталаған қарақұс отыр, іргесінде ініне жүгірген суыр ғана жүр. (3. Қабдолов) деген сөйлем екі жай сөйлемнен құрылған, өйткені бұнда екі бастауыш және екі баяндауыш бар: отыр (не істеді?)— баяндауыш, қарақұс (не отыр?)— бастауыш және жүр (не істеді?)— баяндауыш, суыр (не жүр?)— бастауыш. Сөйтіп, екі жай сөйлем кұрмаласып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.


Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Байланысу тәсілдері

Мысалы

Интонация арқылы іргелесе байланысады.

Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей - ақ қойды.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады

Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.


Бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің ішіндегі себеп-салдар салаласқа тоқталамыз. Салалас құрмалас сөйлемдерге:

Ыңғайлас (Сочинительные союзы): және, да, де, та, те (и, к, тому же).

Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды. (Он не хотел сегодня уезжать, и к тому же день был холодный) Жиналыс бітті де, халық тарқай бастады. (Собрание закончилась, и народ стал расходиться).



Қарсылықты (Противительные союзы): бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да, (но, однако, иначе, все-таки). Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады (Я давал ему свою книгу, но он не взял). 2. Ол менен бұрын кетті, сонда да мен оны қуып жеттім (Он ушел раньше меня, но я его догнал).

Талғаулықты (Разделительные союзы): (біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде, (или, иногда, то, однажды, либо). Күн біресе жауады, біресе ба-сылады (Дождь то шел, то переставал). Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың (В кино сегодня либо я пайду, либо ты пойдешь).

Кезектес (разделительный) - бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.

       


Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі. 
 Себеп-салдар салаласта бір жай сөйлем екіншісінде айтылған ойдың болу себебін білдірсе, екіншісі білдіретін ой оның салдары болып табылады. Сөйтіп, салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бірі себеп мәнді де, екіншісі салдар мәнді болады.                                                                                                                                          

Тапсырма орындау. (жаттығулар жинағы) Оқ жетпес. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді тап.
Тапсырма. Өзіндік шығармашылық жұмыс. Төменде көрсетілген шылауларды падалана отырып, шығарма құрастыр.

Сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын















І. Сабақтың тақырыбы: Әнші сазгер ақындар шығармашылығына шолу. Біржан сал Қожағұлұлы. «Жамбас сипар». «Ләйлім шырақ». «Жанбота». «Көкек».

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік:. Әнші сазгер ақындар шығармашылығына шолу жасау. ХІХ ғасыр әдебиетінен білімгерлердің білімін шыңдау. Шығармашылық жұмыс жасауға баулу. Жаңа сөздермен таныстыру.



Ә) Тәрбиелік: Сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  • Ыбырай Алтынсарин кім? Ыбырай Алтынсариннің өмірі.

  • Мысалдар келтірту.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Әнші ақындар поэзиясы - қазақ әдебиетіндегі ерекше дәстүр. Әнші ақындар поэзиясының ерекше дамыған кезі - 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басы. Қазақстанның әр өлкесінен шыққан өнерпаздар халыққа өнер көрсете жүріп, әншілік-өнер мектептерін, орта дәстүрін орнықтырды. Әнші ақындар композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын арбап алатын сазы, құдіретті даусымен жұртшылыққа танылған. Көпшіліктің ықыласына бөленген. Біржанның "Әңгіме сегіз дуан таңырқаған", "Пар келмеген еш әнші тіпті маған", Әсеттің "Әсеттей сал, ән салсаң, аңыратып, Орман, тоғай, өзенді жамыратып", "Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, аққумен аспанда тілдеседі" деуі тегіннен тегін шықпаған. Олар қазақ әнінің классик, биікке жетіп, формалық, әуендік жағынан байи түсуіне шексіз үлес қосқан.

Арқадағы үлкен әншілік орта Біржан сал, Батыс 


Қазақстандағы өншілік мектеп Мұхит атымен, Сыр бойындағы гармонмен айтылатын бір мақам дәстүрі Нартаймен байланысты. Әнші ақындар көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын жастық шақ, жігіттік арман, ар-намыс бостандығын жырлауға ден қойды. Оған Ақан сері, Біржан сал, Естай, Балуан Шолақ, т.б. ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел затының әдемі көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан серінің "Ақтоқты", "Мақпал", "Перизат", "Ақсаусақ", "Жамал қыз", "Балқадиша", Үкілі Ыбырай әйғілі "Гәккуі", Естайдың "Қорлан", Қайыптың "Ақбөбек", Сауытбектің "Ақбөбек", т.б. махаббат тақырыбына арналған. Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше, арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы тарихи әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. 19 ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырды. Мәди, Жаяу Мұса, Сары Батақұлы, Иманжүсіп, Қанапия, т.б. ақындар өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздіктерді сынады. Мәселен, Жаяу Мүсаның "Ақсисасы" - теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем топтардың іс-әрекеттеріне деген наразылық пен ызакектің уытты күшін көрсететін әлеуметтік мәні зор туынды. Сол себептерден аталған ақындар шығармашылығы күрескерлік те қасиетімен ерекшеленеді. 

Әнші-сазгер ақындар - ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Әнші-сазгер ақындардың шығармаларының ерекшелігі: әннің мәтінін де, әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып береді, музыкалық аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді.Бірақ бұл ерекшеліктердің бәрі бір дәрежеде бола бермейді. Кейбір әнші-сазгер ақындардың ақындығы басым болса, екінші бірелерінің композиторлығы, яғни сазгерлік қабілеті немесе орындаушылық қабілеті асып жатады.Әнші-сазгер ақындар тек ән шығарумен ғана тынбаған, кейбіреулері айтысқа түскен, енді біреулері ойын-тойларда өлең-жыр айтқан. Әнші-сазгер ақындар жанына бір топ өнерпаздарды ертіп, топтанып жүретін болған.Тұрақты театры жоқ кезде, көшпелі халық театрының ролін атқарған.әнші-сазгер ақындарға халық «сал», «сері» деген атақ беріп, құрмет көрсеткен.Қазір әнші-сазгер ақындардың шығармашылығы тұрақтанып, дәстүрге айналды, идея-мазмұны жағынан қалың бұқара мүддесін көксеп, халықтық сипат алды, ал көркемдік түр стильдік жағынан дамып, толысып жетіле береді.Кейбір әнші-сазгер ақындар ( Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал ) жазба әдебиет саласында белгілі орын алады. Балуан Шолақ,Жарылғапберді, Құлтума, Әсет,Сәтмағамбет, Иманжүсіп, Естай, Шашубай т.б. бірнеше әнші-сазгер ақындардың аты халыққа әйгілі. 


Жыршы– жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар.Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. 
Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. 
Әнші ақындар - ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Әнші ақындардың шығармаларының ерекшелігі: әннің мәтінін де, әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып береді, музыка аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді. Бірақ бұл ерекшеліктердің бәрі бір дәрежеде бола бермейді, кейбір Әнші ақындардың ақындығы басым болса, екінші біреулерінің композиторлығы немесе орындаушылық қабілеті асып жатады. Әнші ақындар тек ән шығарумен ғана тынбаған, кейбіреулері айтысқа да түскен, енді біреулері ойын-тойларда өлең-жыр айтқан. Әнші ақындар жанына бір топ өнерпаздарды ертіп, топтанып жүретін болған. Тұрақты театры жоқ кезде, көшпелі халық театрының ролін атқарған. Әнші ақындарға халық "сал", "сері" деген атақ беріп, құрмет көрсеткен. Қазір Әнші ақындардың шығармашылығы тұрақтанып, дәстүрге айналды, идея-мазмұны жағынан қалын бұқара мүддесін көксеп, халықтық сипат алады, ал көркем түр стильдік жағынан дамып, толысып жетіле береді. Кейбір Әнші ақындар (Ақан сері, Жаяу Мұса, Біржан сал) жазба әдебиет саласында белгілі орын алады. Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Құлтума, Әсет, Сәтмағамбет, Иманжүсіп, Естай, Шашубай, т.б. бірнеше Әнші ақындардың аты халыққа әйгілі. 

Сал-сері — дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым. Сал сөзінің этимологиясы серіктес жігіттерімен ауылға таяғанда әдейі аттан құлап, ауыл қыздары үйге көтеріп алып кіргенше сал болған адамша тырп етпей жата беретін іс-әрекеттен туындаған. Сал айрықша киімдерімен ерекшеленген. Зерттеуші Ә.Диваев “Салдың үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе, оны кимей, қарақұрым киізден киім қылып киеді екен” дейді. Ел аузында салдардың паң жүрісі, тәкаппар мінездері, киім киістері, сән-салтанаты туралы аңыз-әңгімелер көп. Мысалы, Жетісу өңірінде “Дәурен салдың белбеуіндей” деген теңеу қалыптасқан. Ол Ілені кешіп өткенде белбеуінің бір ұшы арғы жағада екінші ұшы бергі жағада қалады екен деген аңыз бар. Арқадан шыққан Қаспақ сал атын шәйі шүберекпен тұсаса, кей салдардың аттарына шөп орнына мейіз, су орнына бие сүтін беретінін ел аңыз қылып айтады. Қазақ халқының ежелгі салттарының бірі — салдық салыстыру. Бәсекеге түскен салдардың іс-әрекет, қылықтары басқа адамдар үшін ақылға сыйымсыз, ерсі көрінуі мүмкін. Бәсеке кезінде астындағы атын әп-сәтте бауыздап тастау, т.б. іс-әрекеттер орындалған. Салдық салыстыру кезінде кісілік, жомарттық, мәрттік, т.б. өнер түрлері сыналған. Мысалы, К.Әзірбаевтан жазып алынған Дәурен мен Қырмызы салдардың бәсекесін айтуға болады. Салдар сайқымазақ, қу-әзілкештер секілді елді күлдіріп, думандатып жүрген. Салдар сияқты серілер де қымбат матадан киім киіп, арғымақ ат мініп, бүркіт баптап, құс салып, қасындағы жігіт-желеңімен ел аралаған. Бірақ салдарға тән ерсі мінез, аттан құлау, елден ерекше күлкілі киімдер кию тәрізді іс-әрекеттер жасамаған. Серілер таза, етек-жеңі жинақы киінген, кербез, паң мінездерімен оқшауланып, жомарттық, алғырлық, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленген, өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық-саятшылықпен айналысқан. Серілер репертуары салдардікінен едәуір аз болған, олар лирикалық әндер, мақтау өлеңдер шығарып, айтыстарға түскен. Серілерді сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа түрі деуге болады. Сал-серілер топтаса жүріп, ауыл-ауылды аралаған, ақын, әнші, балуан, т.б. өнерпаз серіктері қатар жүрген. Серілердің бірдей ат мінуі, біртектес киім киюі, салдардың елден ерек, алабажақ киімі, басындағы үкісі де көшпелі дала әртістеріндей әсер қалдырған. Сал-серілердің іс-қимылы халықтық драма өнеріндегі ойын-сауықтың бір түрі қызметін атқарды. Сал-серілер ақын, композитор, әнші болумен қатар әртістік, бишілік, сиқыршылық, т.б. қасиеттерді бойына жинақтаған өнерпаздар еді. А.Жұбановтың, Ә.Тәжібаевтың естеліктерінде Шашубай Қошқарбайұлы туралы “ат үстінде тұрып баянмен ән салғанда бет-аузын адам танымастай өзгертіп, бас терісін жүгіртіп ойнатқанда қалпағы төбесінде мөңкитін, таяғын сиқыршыдай ойнататын” дейді. Аяғына үлкен сырық байлап өнер көрсеткені үшін “ағашаяқ” деген атқа ие болған Берікбол 6 — 7 түйені қатар қойып, бір жағынан екінші жағына секіріп түсетін болған. Ол қолына ағаш алып, керулі арқанның үстімен жүгірген, шапқан аттың үстінде төбесімен тұрып билеу, шалқалап жерден аузымен тақия алу сияқты цирк ойындарын шебер орындаған. 
Тапсырма орындау. (жаттығулар жинағы) Оқ жетпес. Мәтінді оқып, құрмалас сөйлемдерді тап.
Тапсырма. Өзіндік шығармашылық жұмыс. Төменде көрсетілген шылауларды падалана отырып, шығарма құрастыр.

Сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі
Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут. Өткен сабақты қайталау.

Әдебиеттер: Қазақ тілі мен әдебиеті. М.Е.Омаров. Жаттығулар мен тапсырмалар жинағы. 6-8 сынып. «Таңбалы» баспасы. Алматы. 2011ж.
Оқытушының қолы:____________

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

02.11.2016

ЛФН-15-3р,

МФН-15-3р, 2-курс



31

15-00-16-20



І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақтары. Етістіктің райлары.

Лексикалық тақырып: Улы жыландар шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: Етістіктің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістіктің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету.



Ә) Тәрбиелік: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

    • Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

    • Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Ал, оқушылар енді көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстап, былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, ақылды, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және мен күштімін»
Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

      • Етіс және оның түрлері.

      • Көсемше және оның түрлері.

      • Есімше және оның түрлері.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Етістіктің шақтары.

  • Етістіктің райлары.

  • Улы жыландар шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек.



Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут

Әдебиеттер: Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Сабақтың аяқталуын хабарлау: құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:____________


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау