Пневмония (БШАЫЕ)
БШАЫЕ стратегиясының негізгі мақсаттары: **5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімді, аурушаңдықтың жиілігі мен ауырлығын, мүгедектілікті төмендету, физикалық және психикалық дамуын жақсарту.
5 жасқа дейінгі балалардың негізгі өлім себептері (БШАЫЕ): **Пневмония, диарея, малярия, тамақтану бұзылысы, қызылша
2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балаларда міндетті түрде анықталатын жалпы қауіпті белгісіне жатады (БШАЫЕ): **Бала емшек еме алмайды немесе сусын іше алмайды
2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балаларда міндетті түрде анықталатын жалпы қауіпті белгісіне жатады (БШАЫЕ): **Дәл осы ауру кезіндегі тырысу
2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жалпы қауіпті белгілеріне жатады (БШАЫЕ): **Летаргия, ес-түссіз
Астмоидты тыныс (БШАЫЕ) - **Бала демін шығарған кезде естіліп тұрған, ақырын шығатын дыбыс
Стридор (БШАЫЕ)- **Бала дем алған кезде шығатын қатты дыбыс
Стридор және астмоидтық тынысын анықтау үшін (БШАЫЕ): **Баланың аузына құлақты төсеу арқылы тыңдау
2 айдан 12 айға дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ): **1 минутта 50 не одан көп
12 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ): **1 минутта 40 не одан көп
БШАЫЕ бағдарламасы бойынша жөтел немесе тыныс алудың қиындауын бағалаудың бір белгісі: **Кеуде қуысының ішіне тартылуы
Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы 30 күннен артық созылса (БШАЫЕ), қандай ауруға зерттеу жүргізіледі? **Туберкулез
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада ауыр пневмонияның белгілеріне жатады (БШАЫЕ): **Тыныш кезіндегі стридор
Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада пневмония және астмоидты тыныс алуы бар болса, қандай бронхолитик тағайындалады (БШАЫЕ)? **Сальбутамол
Пневмония кезінде 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаға қандай ауыз арқылы берілетін антибиотик тағайындалады (БШАЫЕ)? **Амоксициллин
Ауыр пневмония кезінде стационарға шұғыл түрде жолданатын және бактерияға қарсы дәріні ауыз арқылы қабылдай алмайтын 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаларға қандай антибиотиктерді бұлшықетке енгізеді (БШАЫЕ)? **Ампициллин, гентамицин
2 айдан 5 жасқа дейінгі ауырған баланы шұғыл түрде анасы тез арада қайтып алып келуі тиіс (БШАЫЕ), егер балада: **Сусын іше алмаса немесе еме алмаса
Достарыңызбен бөлісу: |