Жіті ревматикалық қызба
Жіті ревматикалық қызба ауруында қандай ұлпа зақымдалады? **Дәнекер ұлпасы
Жіті ревматикалық қызбаның этиологиясы: **β-гемолитикалық стрептококк А тобы
Жіті ревматикалық қызбаның рецидивтері қандай аурулардан кейін пайда болады? **Ангина, фарингит
Жіті ревматикалық қызбамен қандай жастағы балалар жиі ауырады? **Мектеп жасындағы
Жіті ревматикалық қызба ауруында зақымдалады: **Жүрек, буындар, жүйке жүйесі
Ревматикалық полиартриттің ерекшеліктері: **Симметриялы ірі буындар қабынады, буындардың қабынуы артынан ешқандай өзгерістер болмайды
Жіті ревматизімде теріде болатын өзгерістер: **Сақина тәрізді (аннулярлық) эритема
Кіші хореяда қандай жүйе зақымдалады? **Жүйке
Кіші хореяның негізгі клиникалық белгілері: **Гиперкинездер, гипотония
Гиперкинездер – **Бұлшықеттердің өздігінен жиырылуы
Қыз 13 жаста. Созылмалы тонзиллитпен ауырады. Екі апта бұрын баспамен ауырған, кейін қолдар мен аяқтардың дірілдеуі, жүрістің бұзылуы, эмоциялық беріксіздік пайда болды. Зерттеу кезінде: координацияның бұзылуы және бұлшықет гипотониясы. Болжамды диагноз: **Кіші хорея
Жіті ревматикалық қызбадағы қан талдауындағы өзгерістер:
A. Лейкоцитоз, ЭТЖ артуы
Жіті ревматикалық қызбадағы қанның биохимиялық өзгерістері: **С-реактивті ақуыз шығады
Ревматикалық кардиттің диагностикасында қандай аспаптық зерттеу жүргізіледі? **Фонокардиография
Ревматикалық кардиттің диагностикасында қандай аспаптық зерттеу жүргізіледі? **Эхокардиография
Жіті ревматикалық қызба емдеуінде негізгі қолданылатын дәрі-дәрмек: **Ацетилсалицил қышқылы
Ревматикалық полиартритте тағайындайды: **Диклофенак
Ревматикалық қызба кезiнде ауырсынудың тез тоқтауы қандай препараттарды қолданғанда байқалады? **Қабынуға қарсы стероидты емес
Жіті ревматикалық қызба емдеуінде қолданылатын антибиотиктер: **Бензилпенициллин, бициллин
Хорея емдеуінде қолданылады: **Бром препараттары
Бициллин-5 қалай енгізіледі? **Айына 1 рет
Хорея емдеуінде қолданылатын физиотерапия: **Электроұйқы
Жіті ревматикалық қызба ауруының алдын алу үшін қандай дәрі-дәрмектер тағайындайды? **Бициллин
Жіті ревматикалық қызбаның емдеу сатыларын белгілеңіз: **Аурухана – емхана - санаторий
Жіті ревматикалық қызба ауруында қан айналысы бұзылған жағдайда қандай диета тағайындалады? **№10 диета
Жіті ревматикалық қызбамен ауырған баланың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді? **Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), ревматолог
Достарыңызбен бөлісу: |