Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттер



жүктеу 6,39 Mb.
бет15/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93
Тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттер
Тұтқырлық қозғалтқыштар, машиналар мен механизмдерді пайдалан-ған жағдайда мұнай өнімдерінің қозғалғыштығын анықтайды, тасымалдаған-да, сүзгілегенде, араластырғанда энергия шығынына елеулі әсер етеді. Динамикалық (), кинематикалық () және шартты (ВУ) тұтқырлыққа бөлінеді.
Шартты тұтқырлық дегеніміз вискозиметрден сынақ температура-сында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық – бұл салыстырмалы, өлшемсіз шама және шартты градуспен өрнектеледі.
Динамикалық тұтқырлық сұйықтықтың физикалық қасиеттеріне тәуелді. Мұнай өңдеуде сан түрінде мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасына тең =/ кинематикалық тұтқырлық кеңінен қолданылады. Динамикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – Пуаз (П) немесе СИ - Пас, мұндағы с – секунд түріндегі уақыт, Па – Паскаль (Па = н/м2, мұндағы н – Ньютон, м2 – прибор капиллярының қимасы). Олардың арасындағы қатынас: 1 П = 10-1 Пас. Кинематикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – стокс (Ст) немесе СИ жүйесінде – м2/с. Олардың арасындағы қатынас: 1 Ст = 10-4 м2/с.
Шартты (ВУ) және кинематикалық тұтқырлық () шамалары арасында келесі эмпирикалық тәуелділік бар:
Кинематикалық тұтқырлық 1 ден 120 сСт болатындар үшін:
17,24ВУ1 -

ал кинематикалық тұтқырлық 120 сСт дан жоғары болатындар үшін:


17,24ВУ немесе ВУ10,1351




мұндағы t – мұнай өнімдерін сынау температурасы, 0С; 1 – мұнай өнімдерін сынау температурасындағы кинематикалық тұтқырлық, сСт (1 сСт  10-2 Ст).


Мұнайдың оптикалық қасиеттері
Мұнайдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау үшін арналған талдаулардың химиялық әдістеріне қосымша түсі, сыну көрсеткіші, оптикалық активтілігі сияқты оптикалық қасиеттерді пайдаланады. Бұл көрсеткіштер кейбір мұнай өнімдері үшін жасалған ГОСТ-ға енгізілген. Одан басқа, оптикалық көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің тазалану тереңдігі, мұнайдың жасы және табиғаты туралы білуге болады.
Мұнайлардың түсі бір кен орны шегінде өзгереді. Жалпы таралған пікірлер бойынша мұнай рәуақта қара түсті бола бермейді. Сонымен бірге «ақ» және «қызыл» түсті мұнайлар болады. «Ақ» мұнай – мөлдір, кіші тұтқырлықтағы түссіз сұйықтық және қағида бойынша газоконденсатты табиғатты болып келеді. «Қызыл» мұнай тығыздау, және ол бензин-керосинді фракцияларға бай келеді. Мұнайлардың барлық түсті гаммаларын Бакуде Сарухан кен орындарынан кездестіруге болады. Онда 200 м тереңдікте «ақ» мұнай, тығыздығы 0,782 г/см3; ал 420 м тереңдікте «қызыл» мұнай, тығыздығы 0,810 г/см3; және одан да тереңдікте мұнайдың түсі қоңырдан қараға дейін жетеді. Мұнай және мұнай өнімдеріне түсті олардың құрамындағы жоғары молекулалық заттар, яғни құрамында көміртегі, сутегі, оттегі, күкірт, азот және металдар бар заттар береді. Әдетте мұнай және мұнай өнімдері неғұрлым ауыр болған сайын олардың құрамында жоғарыда аталған заттар көп және түсі қара болады.
Оптикалық активтілік. Мұнай және оның фракциялары оптикалық активті заттар болып табылады. Оптикалық активтілік дегеніміз заттардың олар арқылы жазықполяризацияланған жарықты өткізген кезде поляризация жазықтығының бұрылуын тудыруы болып табылады.
Сыну көрсеткіші ортаның оптикалық тығыздығын сипаттайды және мұнай және мұнай өнімдерінің топтық көмірсутектік құрамы туралы білуге, сонымен қатар тығыздық және молекулалық массамен бірге алғанда – мұнай фракцияларының құрылымдық-топтық құрамын есептеуге мүмкіндік береді. Сыну көрсеткіші немесе рефракция коэффициенті, және тығыздық дербес заттардың маңызды физикалық константасы болып табылады. Олардың көмегімен мұнайдан синтезделген немесе бөлінген заттар тазалығы анықталады.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау