Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


сурет. Ректификациялық колоннаның құрылысы



жүктеу 6,39 Mb.
бет45/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
14.1 сурет. Ректификациялық колоннаның құрылысы


Тарелкалер металдан жасалған, бойында көптеген булардың өтуіне жағдай жасалған тесіктері бар диск. Тесіктер бойында белгілі биіктікте бортиктер-стакандар орналасады, олардың əсерімен тарелкаде белгі сұйық қабаты ұсталып тұрады. Стакандар жоғары жағынан белдеуі мен қақпақтың арасында, төменгі тарелкалерден түсетін буларды өткізу үшін саңылау болады. Жұмыс кезінде қақпақтар сұйық қабатына барып тұрады да, осының əсерінен, гидравликалық кедергі түзеді. Бу сұйықтық арқылы барботаждан өтеді.
Тарелкалердегі сұйықтық деңгейі құйылушы қалқамен реттеледі, оның төменгі бөлігі келесі тарелкаге дейін жетеді. Артық сұйықтық құйылушы қалқамен төмен орналасқан тарелкаге түседі.
Қақпақтың деңгейін қақпақ пен стақанның жоғары ернеуінің арасын өзгертумен реттеуге болады. Қақпақтың конструкциялары əртүрлі: науалы, дөңгелек, алты қырлы, S-тəрізді болады.
МӨЗ-да 1960 жылға дейін науалы-қақпақты тарелкалер қолданылып келді. Олардың конструкциялары қарапайым жəне жеңіл жиналады.
Науалы тарелкалердің негізгі кешіліктіктері – барботаж бетінің аздығы (тарелка бетінің 30 пайызына дейін құрайды), бұл бу жылдамдығын өсіріп, флегманың онымен ілесіп кетуіне əкеледі. Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларында жай жəне күрделі колонналар қолданылады.
Бензинсіздендіруші жəне тұрақтандыру колонналары жай, атмосфералы жəне вакуумды-күрделі колонналарға жатады. Атмосфералы колонна 3-4 секциядан тұрады жəне онда 2-3 бүйірлі айдалым алынады. Ректификациялау колонналарының алғашқы айдау қондырғыларындағы сипаттамасы төменде келтіріледі.
Құбырлы пештер (14.2 сурет) мұнай өңдеу зауыттарындағы қыздырғыш ретінде қолданылатын технологиялық қондырғылардың бірі болып табылады

14.2 сурет. Құбырлы пештің құрылысы


Ең алғашқы құбырлы пештерді зерттеп ашқан орыс инженерлері Шухов пен Гаврилов. Алғаш құбырлы пештер жалынды түтінді газбен қыздыру ретінде қолданылды. Отынды пештерден кейін олардың орнына ирек түтікшесі жану камерасынан бөлек орнатылған пештер қолданылды. Кейін жанғыш камераның көлемі ұлғайтылып, түтікшенің жұмыс жасауы реттелді. Сонымен қатар радиантты құбырлы пештер де қолданылды. Мұнай зауыттарында көбінесе құбырлы пештердің радиантты-конвекциялық түрлері пайдаланылады.
Құбырлы пештер мұнай мен мұнай өнімдерін отынды жағудан бөлінетін жылу арқылы жоғары температураға дейін қыздыруға арналған. Термиялық процестерде пештер əдетте 2 радиация жəне конвекция камераларынан тұрады. Пештің негізгі жылу мөлшері (70-80%) радиантты секциясынан қыздырылып алынады. Радиация камерасында отын (газ немесе мазут) жанатын шілтер болады. Конвекциялы камера қосымша қызмет атқарады. Жылу берудің негізгі 3 түрі бар:

  1. Тікелей қыздыру (жыланша түтік құбырына жалынды тақап қыздырады).

  2. Радиациялық қыздыру (жалыннан шығатын жылулық сəулелері жыланша түтік құбырына тиеді).

  3. Конвекциялы (отын жанып, ыстық түтін газдарын түзеді, газдар конвекциялы секциялардан өткенде жыланша түтік құбырын қыздырады).

Конвекциялы секцияны радиантты секцияның үстіне орнатқанда, түтін газдары шығарылатын құбыр төменде орналасады. Құбырлы пештер біріншілік айдау, мұнайды дайындау процестерінде тек қана қыздырылатын аппарат ретінде қолданылады. Екіншілік процестерде құбырлы пештер салыстырмалы жоғары температураға дейін қыздырылады. Мұнда термохимиялық процестер басталады (пиролиз, термиялық крекинг, кокстену), сондықтан əр процеске арналған пештер бөлек болады. Олардың классификациясы төмендегідей бөлінеді: СКГ1 1050/24 деп көрсетіледі. Шифрдың бірінші əрпі – отынды жағу түрін көрсетеді. Алғашқы цифр – радиантты камераның саны. Бөлқаныққанң алымындағы сан - радиантты құбырдың қыздырылу беті (м2), бөліміндегі сан құбырлар ұзындығы (м). Комбинацияланған отынды вертикалды бос факелмен жағу, пештің формасы қорап тəрізді, құбырдың орналасу түрі горизанталды радиантты камера біреу, қыздырылу беті – 1050 м2, құбырдың ұзындығы – 24 м.
Құбырлы пештер əдетте 2-радиация жəне конвекция камераларынан тұрады. Радиация камерасында отын жанатын шілтер мен сəуле жылуын қабылдайтын радиант құбырлары орналасады. Жану газы (түтін газы) радиация камерасына түседі. Бұл жерде радиация камерасынан 950°С температураға дейін қызған қалдық түтін газдарының жылуын қабылдайтын конвекция құбырлары орналасады.
Суытылған түтін газдары газ жиғыш арқылы түтін құбырына жіберіледі. Құбырлы пештерді төмендегі белгілеріне:


  1. жүктеу 6,39 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау