Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Мұнайды біріншілік айдау қондырғысы



жүктеу 6,39 Mb.
бет42/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93
Мұнайды біріншілік айдау қондырғысы. Атмосфералы жəне вакуумды, құбырлы қондырғылар бір-бірінен бөлек немесе бір қондырғыда біріктірілген болады. Атмосфералы-құбырлы қондырғылар технологиялық сызбанұсқасы бойынша келесі топтарға бөлінеді:

  1. мұнайды бір рет буландыру қондырғысы;

  2. екі рет буландыру қондырғысы;

  3. жеңіл фракцияларды қайтадан буландыру қондырғысы.

Мұнай аралық парктен немесе ЭТТҚ қондырғысынан шикізат сорапы арқылы жылу алмастырғышқа, одан құбырлы пеш арқылы ректификациялы колоннаға келеді. Эвопорациялық кеңістікте бір рет булану (12.1 сурет) жүреді. Мұнай булары одан əрі жеңіл фракцияларға бөлінеді, сұйықтықтан да ректификация арқылы жеңіл қайнайтын фракцияларды бөледі. Екі рет буландыру қондырғысының сызбанұсқасында жылу алмастырғыштарда қыздырылады.


12.1 сурет. Мұнайды бір рет жəне екі рет буландыру қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы


Мұнай бензинсізденген ректификациялы колоннаға беріледі. Онда мұнай буландырылады. Мұнай тек 200-2200C температураға дейін қыздырылатын болғандықтан, түзілетін булар мөлшері онша көп емес. Буларда, əсіресе жеңіл бензин фракциялары болады. Бензинсіздендіру колоннасының ректификациялы тарел- каларында бензин ауыр фракциялардан бөлінеді жəне бу түрінде колоннадан шығарылады. Бензин бумен бірге су буы да шығады жəне бөлінеді. Мұнда мұнай қайтадан буландырылады жəне ауыр бензинді бөле отырып, булар ректификациясы жүреді. Керосинді жəне дизельді фракция бөлінеді, қалдық мазут болып табылады.
Қайтадан буландыру схемасы аралық орын алады. Мұндай типті қондырғыда қайтадан буландырғыш (эвопоратор) жартылай цилиндрлі аппаратта мұнай бір рет буландырылады жəне жеңіл фракция булары бөлінеді. Сұйық бөлгіш арқылы ректификациялы колоннаға беріледі. Мұнда эвопаратордағы жеңіл фракция булары да келіп түседі. Бұл схемада булану екі рет жүргізіледі жəне ректификация бір рет буландырудағы секілді барлық айдалатын фракциямен бірге жүргізіледі. Бір рет буландырудың жетістігі – жеңіл жəне ауыр фракциялар бірге буландырылады. Бұл ауыр компоненттердің біршама төмен температурада (300-3250С) терең бөлінуін қамтамасыз етеді. Бір рет буландыру қондырғысы компактілі, құбыр өткізгіштерінің күші аз кетеді. Басқа қондырғыларға қарағанда отын аз кетеді. Бір рет буландырудың кемшілігіне келесілер жатады:

  1. Бензин фракциясы көп (16%-дан жоғары), мұнайларды айда- ғанда жылу алмастырғыштардағы жəне құбырлы пештің ирек түтіктеріндегі қысым өседі, нəтижесінде аппаратураларды берік жəне металл сыйымдылығы көп етіп өзгертуге, шикізат сорапындағы қысымды өсіруге тура келеді.

  2. Егер де айдалуға суы нашар бөлінген мұнай берілетін болса, бұл да пештегі қысымды өсіреді жəне пеш құбырларының фланецті қосы- лыстарын зақымдайды.

  3. Егер айдалатын мұнай жеткіліксіз тұзсыздандырылған болса, онда оны жағу кезінде пеш құбырларында минералды тұздар жинала- ды, нəтижесінде пештің ирек түтіктері өртеніп, апатқа əкеледі.

  4. Күкіртті жəне нашар тұзсыздандырылған мұнайды өңдегенде негізгі колоннаны коррозиядан сақтау керек, ол үшін түсті металдар жəне болттар көп шығындалады. Екі рет буландыруда мұнайдан газ, су жəне бензиннің біршама бөлігі пешке түспестен бұрын бөлінеді. Бұл пештің де, негізгі аппараттың да жұмысын жеңілдетеді. Екі рет буландыруда бір рет буландырудағы кемшіліктер жойылған, бірақ бір рет буландырудағыдай дистиляттарды терең бөлу үшін мұнайды біршама жоғары температураға дейін қыздыру керек (36-370°С). Бір рет буландыру қондырғысында ректификациялы колоннаның, сораптардың саны екі еселенеді, конденсациялы аппараттардың саны өседі.

  5. Мазутты бір рет буландырудың вакуумды блогы кең тараған, бірақ эксплуатациялық тəжірибе көрсеткендей, бұл блоктарда сапалы май алуға қажетті дəл бөлінген дистилляттар алу мүмкін емес. Мұндай дəлдік бөлу үшін вакуумды колонна ректификациялы колонналардың санын өсіру керек, бірақ бұл кезде вакуум төмендейді, төменгі тə- рекелердегі температура өседі, дистилляттар сапасы нашарлайды. Сондықтан ең сапалы вакуумды дистиллят алатын процесс – екі рет буландыру сызбанұсқасы.




жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау