Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет41/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93

Мұнай өңдеудің біріншілік процестері. Мұнайды айдау. Дистилляция, ректификация. Мұнай, жоғарыда айтылғандай, бір-бірінде өзара еритін көмірсутектердің күрделі қоспасы. Оларды аяғына дейін жеке көмірсутектерге бөлу мүмкін емес, бұл өнеркəсіпте мұнай өнімдерін қол- дануда талап етілмейді де. Мұнай өнеркəсібінде мұнайды қайнау температурасы бойынша айдау қондырғысында дистилляция жəне ректификация процестері қолданылады. Алынған фракциялар одан ірі өңдеуде шикізат ретінде немесе тауарлы өнім ретінде қолданылады.


Біріншілік айдау – мұнай өңдеудің бірінші технологиялық процесі. Дистилляция деп бір-бірінде өзара еритін сұйықтардың қайнау температурасы бойынша ерекшеленетін фракцияларға бөлінуін айтады. Қоспаны айдағанда ол қайнатуға дейін қыздырылады жəне біртіндеп буландырылады. Алынған булар конденсацияланады.
Айдау нəтижесінде құрамы бойынша ерекшеленетін дистиллят жəне қалдық алынады. Айдау бір рет, бірнеше рет жəне қайтадан буландыру арқылы өтеді. Бір рет буландыру кезінде өнім қоспаларын соңғы температураға дейін қыздырғанда түзілген булар жүйеден шығарылмайды жəне сұйықтықпен байланыста қалады.
Жылу берілу тоқтағаннан кейін барлық бу-сұйықты қоспа сепараторға шығарылады. Мұнда түзілген булар бір мезгілде сұйықтан бөлінеді. Көп рет буландыруда фазаларды бөлу процесі бірнеше сатыда өтеді. Көп рет буландыру бір рет буландыру процесін бірнеше рет қайталаудан тұрады. Бірінші буды сұйықтан бөледі, содан соң екінші сатыда буды бөлгеннен кейін қалған сұйық қайтадан буландырылады. Бір рет буландыруда түзілген бойда аппараттан шығарылады. Біртіндеп буландыру зертханада мұнайды колбада айдағанда қолданылады. Бір рет буландыру біртіндеп буландыруға қарағанда тиімді. Бір рет буландыруды қайнауы төмен фракциялар буға айналғаннан кейін аппаратта қалады. Қайнау жоғары фракциялардың парциалды қысымын төмендетеді, ал бұл айдаудың біршама төмен температурада өтуіне мүмкіндік береді (50-100°С-ге төмендейді).
Қазіргі қондырғылардағы мұнайды айдау бір рет буландыруды қолданып жүргізіледі. Өте жоғары температурада көмірсутектер крекинг көмірсутектердің ыдырау процесі басталады. Мұны болдырмау үшін олардың қайнау температураларын төмендету керек. Бұл мұнайды вакуум отында айдау арқылы іске асады. Атмосфералық қысымда 450-500°С-де айдалатын фракция вакуум астында 200- 250°С-де айдалады. Сол сияқты температураны төмендету үшін қазіргі қондырғыларда төмен қысым жəне су буын енгізу қолданылады.
Бір рет буландыруда өзара еритін сұйықтардан жəне олардың буларының екі фракциясын алады: жеңіл, яғни қайнау төмен фракциялары көп жəне ауыр, сəйкесінше шикізатқа қарағанда қайнауы жоғары фракциялары көп. Айдау арқылы мұнайдың керекті компоненттерін жəне соңғы өнімдерін алу мүмкін емес. Сондықтан, бір рет буландырудан кейін мұнай булары ректификацияға жіберіледі. Ректификация дегеніміз – бу жəне сұйықтың қайта-қайта қарсы топты байланысуы нəтижесінде сұйықтардың бір-бірінен қайнау температурлары бойынша бөліну процесі. Бу жəне сұйықтардың байланысуы тік цилиндрлі аппарат ректификациялық колоннада өтеді. Ол жоғары қарай көтеріліп жатқан бумен, төмен ағып жатқан сұйықтың арасында тығыз байланыс туғызатын тарелкалермен жəне қондырғылармен жабдықталған колоннаның ортаңғы бөлігінде бу, сұйықтың немесе бу-сұйықты қоспа ретінде шикізат беріледі. Ол қайнауы жоғары жəне қайнауы төмен екі бөлікке бөлінеді, бірақ көбіне шикізат көп компонентті қоспа болып келеді. Шикізат берілетін зона эвопарационды деп аталады, себебі онда эвопарация – пеште немесе жылу алмастырғышта қыздырылған сұйық немесе булы фазаның бір рет буландыруы жүреді. Ректификациялы колоннада əр тарелкадан кейін төрт ағын өтеді:

  1. сұйықтық – флегма, жоғары жатқан тарелкаден ағады;

  2. булар, төмен жатқан тарелкаден көтеріледі;

  3. сұйықтық – флегме, төмен тарелкаге түседі;

  4. булар, жоғары тарелкаға түседі.

Шикізат енгізуден жоғары орналасқан ректификациялық колонна бөлігі концентрациялы, ал төменгі айдау деп аталады. Концентрациялы бөліктің жоғарысынан бу фазасына керекті өнім ректификат шығарылады. Айдау төменгі əлі де қайнауы төмен компоненттермен байытылған сұйықтық шығарылады. Айдау бөлігінде қайнау төмен компоненттер аяғына дейін буландырылады. Бұл бөліктің төменінен екінші компонент – қалдық шығарылады.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау