Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Эксплуатациялық айдау қондырғыларының негізі



жүктеу 6,39 Mb.
бет48/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93

Эксплуатациялық айдау қондырғыларының негізі




Шикізат пен өнім сапасын бақылау. Қондырғылардан жүргізілетін зертханалық байқаудың нəтижесінде технологиялық процесті дұрыс жүргізуге қажетті мəліметтер алынады. Зертханада қондырғыға айдауға түсетін мұнай сапасын жəне қондырғыдан шығатын өнімдер сапасын зерттейді. Мұндай анализдегенде оның тығыздығын, ондағы тұздар, судың, мөлдір фракцияларының мөлшерін анықтайды. Бензин фракциясын анализдегенде, оның октан санын, ондағы белсенді күкірт қосылыстарының барын немесе жоқтығын (мысалы, пластинасына əсеріне қарай) анықтайды. Сонымен қатар бензинді фракцияға бө- леді. Орта дистилляттар керосин жəне дизель фракциялары үшін фракциялық құрамын, тұтқырлығын, тұтану, қатаю немесе лайлану температурасын анықтайды.
Зертханада орындалатын анықтауларға көп уақыт кетеді, анықтау нəтижесі пробаны алғаннан кейін 1,5-2,0 сағ. кейін қондырғыға түседі, яғни қондырғы операторы осы өткен уақытта шығарылған өнімнің сапасын өзгерте алмайды. Одан бөлек зертханалық анықтаулармен көп адам шұғылданады. Сондықтан техникалық прогрестің жəне алғашқы айдау қондырғыларын жетілдірудің негізгі бағыты автоматизациялау дəрежесін өсіру, өнімдердің сапасын автоматикалық бақылауға көшіру болып саналады.
Соңғы кездердегі жасалған ағымдағы сапаны анықтайтын анализаторлар шикізат пен өнімнің алынған пробаларын орталық зертханаға жібермей-ақ, қондырғының өзінде талдап, бірден нəтиже- сін алуға мүмкіндік береді. Келешекте сапа жөніндегі анализаторларды технологиялық режим реттеушісімен байланыстырып, технологиялық процесті толық автоматизациялауға болады.
Жаңа зауыттарда АҚ жəне АВҚ қондырғылары үзіліссіз 1,5-2,0 жыл жəне одан да көп уақыт жұмыс істейді. Ағымдағы немесе капиталды жөндеу алдында қондырғыны жоспарлы тоқтатуды мынадай тəртіпте жүргізеді. Мұнайдың пештен шығар жеріндегі температурасын біртіндеп төмендетеді жəне қондырғының қуатын 50%-ға дейін төмендетеді. Мұнай температурасы пештен шығатын жерде 320°С температураға дейін төмендегеннен кейін қондырғыны ыстық қайта айналымға қояды, шикізатты қабылдау мен өнімдерді шығаруды тоқтатады. Одан кейін колоннаға өткір бу беруді тоқтатады, атмосфера колоннасының бүйірінен шығатын фракциялардың буландыру секциясына өтетін құбыр желісін жабады, буландыру секцияларындағы қалдық мұнай өнімдерін шикізатқа айдайды. Одан кейін қайта айналушы ағынды айдаушы сораптарды тоқтатады. Бірақ өткір ағын беруді біраз тоқтатпай колоннаны біртіндеп суытады. Өткір ағынды беруді жəне барлық сораптар мен ауа тоңазытқыштарының желдеткіштерін үзуді рефлюкс сыйымдылықтарында сұйық деңгейі жоғалғаннан кейін барып іске асырады. Пештен шығатын жердегі температура 250°С температураға дейін төмендеген соң барлық форсункілерді сөндіреді де, отын беру жүйесіндегі құбырды жабады. 8 жəне 16 колонналардың төменгі жағындағы температура 150-160°С-ге дейін төмендегенде, ыстық қайта берілуші ағынды тоқтатады.
Құрылыс монтаждау немесе жөндеу жұмыстары біткеннен кейін алғашқы айдау қондырғысын келесідей тəртіпте іске қосады: қосуға дайындау, суық циркуляциялау, ыстық циркуляциялау, қалыпты пайдалануға көшу. Дайындау кезеңінде барлық аппараттарды, арматураларды, сораптарды жəне қондырғы коммуникацияларын сырттай көзбен бақылайды. Құрал-жабдықтар бүтіндігіне көз жеткізген соң, бақылау-өлшеу құбырлары үшін қондырғыға сығылған ауаны, суды, буды жəне электр энергиясын жібереді. Құбырлардың бүтіндігін тексергеннен кейін аппараттар мен құбырлар желісін сумен жуады жəне жүйедегі қысымның бірқалыпты ұсталуын тексереді.
Қондырғыға мұнайдың түсуі алдында сұйық отын қайта беріледі, электрдегидраторлардың қалпын тексереді, бақылау өлшеу приборларының жүйесін тексеріп іске қосады, қондырғыға реагенттерді қабылдайды.
Мұнайды шикізат сораптарымен резервуарлардан алып, жылу алмастырғыштардан жəне электродегидраторлардан өткізіп, (8) бензинсіздендіру колоннасына береді. Колоннада деңгей тұрақтанғаннан кейін шикізат сорабын тоқтатады, кірер жердегі штуцерді ысырмамен жабады да, жылу алмастырғыштардың жұмыс істеу қысымынан 1,5 есе артық қысымда тексереді.
Содан соң осындай тəртіппен пештер мен колонналар арасындағы пеш жəне құбыр желісін тексереді.
Қосудың келесі этапы – суық циркуляциялау. Бұл процесс кемшіліктерді түпкілікті шешу үшін сораптар жұмысын реттеу жəне бақылау мен автоматтандыру приборларын үйлестіру үшін жүргізіледі. Суық циркуляцияда мұнай шикізаты сораптар мен негізгі аппараттар арқылы өткізіліп, шикізат сорабының сорушы бөлігіне келіп түседі.
Ыстық циркуляцияның мақсаты – аппараттар мен жабдықтарды бірқалыпты қыздыру, жүйеден суды шығару. Ыстық циркуляция алдында аппараттардағы шығын жəне деңгей реттегіштерді, пештен шығатын шикізат температурасын көрсететін потенциометрлерді іске қосады. Одан кейін су буымен жағу камерасын үрлейді жəне қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтай отырып, пешті жағады. Колоннаның жоғары жағындағы температура 85-100°С жеткеннен кейін жүйеден судың буға айналуы басталады. Жоғары температураны автоматты реттеу жүйесін қосады.Ағынның мөлшерін реттей отырып, колоннаның жоғары жағының белгіленген температурасын ұстайды, одан кейін қайта берілуші ағынның жұмысын реттейді. 8,16 төменгі жағының температурасы 200-300°С жеткенде қондырғыға жаңа шикізат береді, атмосфералы жəне буландырушы колонналарының арасындағы ысырманы ашады.
Буландырушы колонналарда сұйықтық деңгейі пайда бола бастағанынан сорушы сораптарды қосады. Бірақ керосин жəне дизельді фракциялары тауар резервуарларына бірден шығарылмайды, оны əуелі қондырғы шикізатына қосады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Мұнай мен газды өңдеу қондырғыларында көп қолданылатын аппараттар мен құрал-жабдықтар

  2. Ректификациялау аппараттары атқаратын қызметіне байланысты бөліну түрлері.

  3. Ректификациялау тарелкалерінің түрлері

  4. Конвекциялы камера қызметі

  5. Жылу берудің түрлері

  6. Құбырлы пештерді түрлері

  7. Жылу алмасу аппараттарының түрлері

  8. Колоннадағы қысым реттелеуі


жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау