Мұнайдың электрлік қасиеттері
Мұнай өнімдерінің маңызды электрлік қасиеттері болып электр-өткізгіштігі және диэлектрлік өткізгіштігі есептеледі.
Таза (сусыз) мұнай және мұнай өнімдері диэлектрліктер (яғни, оқшаулағыштар) – электр тогын өткізбейтін заттар болып табылады. Оларды кабельдер үшін электроқшаулағыш материалдар, трансформаторлар үшін қорғағыш құймалар және т.б. ретінде қолданады. Сұйық диэлектриктердің өткізгіштігі ылғал мөлшері және температураға байланысты болады. Мұнай өнімдерінің диэлектрлік өткізгіштігінің салыстырмалы мәні (ε) 2 шамасында, яғни шыны (ε7), фарфор (ε5-7), мрамор (ε8-9) оқшаулағыштардан 3-4 есе аз болып келеді. Сусыз, таза мұнай өнімдерінде электрөткізгіштік елеусіз: 2х10-10 нан 0,3х10-18 1/(Ом*см) (парафин). Электрөткізгіштігі төмен болуы салдарынан парафин радиотехникада таптырмайтын оқшаулағыш болып табылады.
Мұнай өнімдері құбырлар қабырғаларына үйкелген кезде туындайтын электрлік зарядттарды аккумуляциялауға (жинақтау) қабілетіне ие. Кейбір шарттарда электрлік зарядтар ұшқындар тудырып және мұнай өнімдерінің балқуына алып келуі мүмкін, және ол өз кезегінде өрттерге және жарылыстарға алып келеді. Статикалық электр зарядының жинақталуымен күресудің сенімді тәсілі болып аппаратуралардың, сораптардың, құбырлар-дың және т.б. барлық жерлерін жермен байланыстыру есептеледі.
Мұнайдың жылулық қасиеттері
Мұнай зауыты аппаратураларын есептеу үшін мұнай мен мұнай өнімдерінің жылулық қасиеттері қолданылады.
Жылулық константаларды (тұрақтыларды) анықтау қиын, сондықтан да іс жүзінде басқа оңтайлы параметрлер бойынша константаларды табуға мүмкіндік беретін жалпылама есептеу теңдеулері немесе графиктерін қолданамыз.
Заттың массалық жылу сиымдылығы – бұл 1 кг затты бір градусқа қыздыруға қажетті жылу мөлшері. Ол орташа (Сp,v ор) және нағыз (Сp,v) жылу сиымдылық болып бөлінеді:
Сp,v ор = Сp,v =
мұндағы q – 1 кг затты қыздыруға жұмсалған жылу, кДж/(кгК); t1 және t2 – заттың бастапқы және соңғы температуралары, К; Сp,vор және Сp,v – тиісінше тұрақты қысым мен көлемдегі орташа және нағыз жылу сыйымдылық.
Буланудың жасырын массалық жылуы – қайнау температурасында 1 кг сұйықтықты буға айналдыруға қажетті (немесе бу конденсацияланғанда бөлінетін) жылу.
Кез келген табиғаттағы мұнай фракцияларының булануының жасырын жылуын мұнай фракцияларының булануының жасырын жылуын олардың орташа қайнау температурасымен, мұнай фракцияларының молекулалық массасы және сипаттаушы фактормен байланыстыратын Трутон-Кистяковский теңдеуі бойынша анықтауға болады:
және
мұндағы - заттың булануының массалық жылуы, кДж/кг; М – заттың молекулалық массасы, кг/кмоль; Т – сұйықтықтың абсолютті қайнау температурасы, К; К – сипаттаушы фактор (көптеген көмірсутектер мен олардың қоспасы үшін қалыпты қысымда 2022).
Балқудың жасырын массалық жылуы – балқу температурасындағы сұйық күйге өткендегі 1 кг қатты дене сіңіретін жылу мөлшері (немесе қатқанда бөлінетін).
Сублимацияның жасырын массалық жылуы – сұйық күйге соқпай бу тәрізді күйге өткендегі 1 кг қатты дене сіңіретін жылу мөлшері. Ол балқудың жасырын массалық жылуы мен буланудың жасырын массалық жылуының қосындысына тең. Өндірісте сублимацияның жасырын массалық жылуын нафталинді майсыздандыру қондырғыларын есептеуде қолданады.
Заттардың жылу өткізгіштігі жылу өткізгіштік коэффициентімен сипатталады және қабаттың екі жағындағы температуралар айырмасы бір градус болғандағы қалыңдығы 1 м , ауданы 1м2 материал қабаты арқылы 1 сағ ішінде өтетін жылу мөлшері ретінде анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |