ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет22/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

102

103


үйдің  барлық  ауыртпалығына  жауапты  шешесі.  Әкесі 

баласына сабағын қалдыра бермеу керектігіне  ескерту 

жасаса, баласы: «Сен жұмыстан қала бергенде, маған 

неге қалуға болмайды? Маған ескерту жасағанша, әке, 

өзіңе  қарамайсың  ба?»  деп  әкесіне  дүрсе  қоя  береді 

екен.  Бұның  соңы  әке  мен  баланың  бір-біріне  ауыр, 

дөрекі сөздер айтуға алып келді. Содан көбіне әкесінің 

тілін алмайтын, сыйламайтын болған.

1.  Осы  әңгімені  де  талдау.  Оспан  туралы  не                                       

ойлайсың?                                                                 

2. Әкесіне мінездеме бер.

3. Оспан жақсы бала бола ала ма?



3-аялдама: 

«Сиқырлы сөздер әлемі».

Оқушыларға  парақшалар  тарату.  Сыпайылықты 

білдіретін  сөздерді  кім  көп  біледі  екен?  (Мысалы: 

«Рахмет», «Кешіріңіз», «Рұқсат па?», т.т.)

Айнагүлдің  жазған  мысалдары:  «Рахмет,  кешіріңіз, 

рұқсат  па?,  сіз,  мархаббат,  өтінемін,  көмектесіңізші, 

айып  етпеңіз,  ренжімеңіз,  көңіліңізге  қаяу  түсірмеңіз, 

т.т.»


4-аялдама: 

«үлкенге құрмет – кішіге міндет».

Өздерің  үлкенді  құрметтеген  сәттерің,  кішіге              

қамқор бола алғандарың туралы шағын эссе жазғызу.

Жайықтың жазған эссесі:

«Менің екінші топтағы мүгедек «Тілес» деген ағам 

бар. Оның жүріп-тұруы өте қиын. Соңғы кездері кейде 

аяғын да мүлде баса алмайды. Мен оған далаға шығып, 

таза  ауамен  дем  алуына  көмектесемін.  Дәретханаға 

да  отырғызамын.  Сабақтан  бос  уақытымда  ағаммен 

дойбы  ойнаймыз.  Қызықты  газет-жұрналдар  оқып 

беремін.  Сол  кездегі  ағамның  қуанышында  шек 

болмайды.  Мен  әрдайым  ағама  көмектесіп,  оның 

жүзінен  ылғи  қуанышты  сәттерді  көрсем  деймін.  Әр 

адам денсаулықтың қадірін білуі керек деп ойлаймын. 

Өзіңді  қоршаған  адамдарға  жақсылық  жасаудан 

тартынба. «Біреуге жасаған жақсылығыңа бірнеше есе 

сауап жазылады» дейді хадистерде. Жақсылық жасауды 

ұмытып кетпейік!



Қорытынды.

- Балалар, бүгін біз «Өмірдің мәні адамгершілікте» 

деген сабақтан біраз мағлұматтар алдық. Адамгершілік 

дегеніміз  сәлем  беруден  басталады  екен.  Жақын 

жандардың көңіліне қаяу келтірмеу керек екен. Өзіңді 

ғана емес, өзгелерді де түсіне білу керек екендігіне көз 

жеткіздік. 

Төле би бабамыз:

Атадан ұл туса игі,                                                                                                  

Ата жолын қуса игі,                                                                                               

Өзіне келер ұятын,                                                                                                            

Өзі  біліп  тұрса  игі,-  деп  толғағандай,  әрқашан  ұят, 

намыс, ар сезімдерін жоғары ұстаңдар.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Ә.Алдамұратов.  Жалпы  психология.  А.,  «Білім», 

1996.

2. М.Жұмабаев. Педагогика. А., «Ана тілі», 1993.



3. Мақал-мәтелдер жинақ. А., 2010.

4.    С.Ахметов.  «Қиын»  балаларды  қалай  тәрбие-

лейміз. Шымкент, 1992.



104

105


Гүлмира АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,

арнайы санаториялық үлгідегі

№15 мектеп-интернат тәрбиешісі.

Алматы облысы,

Қарасай ауданы.

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ

Мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы ілімдерін 

тиянақтау, балалардың шығармашылық ойлау қабілетін 

дамыту,  табиғат  көріністерін  сипаттап,  қыс  қызығын 

тамашалауға, қардан әр түрлі кескіндер жасау арқылы 

жылдың ерекшелігін шын құрметтей білуге үйрену.

Көрнекілігі:  ақ  қоян,  жасыл  шырша,  алдын 

ала  даярланып  қойылған  түрлі-түсті  ойыншықтар. 



Әдіс-тәсілдер:  әңгімелеу,  сұрақ-жауап,  мадақтау, 

жігерлендіру.



Мұғалім:  -  Сәлеметсіздер  ме  ұстаздар  мен 

оқушылар!  Бүгінгі  сыныптан  тыс  сабағымызды  ашық 

деп жариялаймыз. Бүгінгі тақырыбымыз «Қыс қызығы» 

деп аталады.

-  Балалар,  маған  қараңдаршы,  мұнда  менің  үстіме 

бір  сиқырлы  ақ  мамық  қар  бейне  бір  сурет  салып 

жібергендей. Ақ қар өзінің ақ тілектерін айта келіпті.

-  Балалар,  бүгінгі  сендердің  көңіл-күйлерің  осы  ақ 

қардай аппақ болсын, сендерге ақ жол тілеймін.

(Балалар  бір-біріне  ақ  тілектерін  ұлпа  қарды  беріп 

тұрып айтады).

Төлеби: - Аспанымыз ашық болсын! 

Азиз: - Елімізде тыныштық болсын! 

Меруерт: - Әрқашан тату-тәтті болайық! 

Әділбек: - Ниетіміз, тілегіміз ақ болсын! 

Диас: - Қадамымыз нық болсын!

Мұғалім: - Ақылды, саналы азамат болайық (жылы 

тілектерден кейін қолыма ұлпа қарды алып):

- Көрдіңдер ме, балалар? Жылы сөздерді айтып едік 

қар да қолымыздың жылуынан еріп кетті.



Азиз: 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

  Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

  Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 

  Басқан жері сықырлап келіп қалды.



Мұғалім:  -  Балалар,  Абай  атамыз  бұл  өлеңінде 

жылдың қай мезгілі туралы айтқан?



Оқушылар:  Бұл  өлеңде  жылдың  қыс  мезгілі                 

туралы айтылған.



Мұғалім: - Қазір жылдың қай мезгілі?

Данил: - Қыс мезгілі.

Мұғалім: - Қыс мезгілінде қанша ай бар?

Даша:  -  Қыс  мезгілінде  үш  ай  бар:  Желтоқсан, 

Қаңтар, Ақпан.



Мұғалім: - Қыс мезгілін немен салыстыруға болады?

Азиз:  -  Қыс  мезгілі  ақ  көйлек  киген  сұлу  бейнеге 

ұқсайды.


Мұғалім: - Балалар, қыстың қандай жағымды жағы 

бар?


Никита: - Қыста біз қардан аққала жасаймыз.

- Қыста бізге Аяз ата келеді.

- Қыста шана, шаңғы, коньки, сырғанақ тебеміз.

Мұғалім: - Ал қыстың жағымсыз жағы қандай?

Даша: - Аяз болады.

Төлеби: - Боран соғып, жолды жауып тастайды.

Білімжан:  -  Жер  тайғақ  болады,  біз  серуенге 

шыққанда аяғымыз тайып құлап қаламыз.




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау